Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12450 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 16 мамырдағы № 355 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2020 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________А. Мамытбеков

      2015 жылғы 20 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ____________А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 17 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 3 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      _________И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 9 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      ______________Е. Ыдырысов

      2015 жылғы 23 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________Н. Абықаев

      2015 жылғы 11 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________Е. Досаев

      2015 жылғы 24 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________В. Школьник

      2015 жылғы 10 тамыз



  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 539 бұйрығымен
бекітілген

Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2020 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру" ммлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. "Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру 1 (бір) жыл мерзімге беріледі.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы:

      Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz (бұдан әрі-портал);

      шетелдік заңды тұлғалар үшін:

      1) порталға;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі-30 (отыз) жұмыс күні ішінде.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері портал арқылы жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда қызмет берушінің басшысының немесе оны алмастырушы адамдың электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында портал арқылы жібереді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына сәйкес оларды келісу үшін экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органдарына сұрау салу жібереді.

      Экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.

      Экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда рұқсат беру келісілген болып есептеледі.

      12. Жауапты орындаушы экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органдарына сұрау салумен бір мезгілде оның түпнұсқалылығын тексеруді растау (бұдан әрі-растау) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.

      Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен осындай растауды алғаннан кейін береді.

      13. Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен Растауды алғанға дейін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды тексереді.

      14. Жауапты орындаушы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан жауап қаралғаннан және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен растау алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін-рұқсатты дайындайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондык поштасына жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат береді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі-қолма-қол;

      2) портал-электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өнімді кері экспорттауға рұқсат
беру қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі – шетелдік заңды тұлғаларға арналған.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

30 (отыз) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортау рұқсат немесе дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ койылған электронды құжат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрде


Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және Қазақстан тарапының келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесі (түпкілікті пайдаланушы сертификаты)
4) сыртқы сауда шарты (келісім-шарт), ал ол болмаған жағдайда сыртқы сауда шарттың (келісімшарттың) - ниеттерін растайтын өзге де құжат беріледі.
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен растауы тиіс (болған жағдайда) не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы парақтары көрсетілетін қызметті алушының мөрімен және қолымен расталуы тиіс (болған жағдайда).
2. Порталға:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;;
2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкілікті пайдаланушы сертификатының) импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және Қазақстан тарапының келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы электрондық көшірмесі.
4) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге де құжат.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған болса.

10

Мемлекеттік қызметті, көрсетудің оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті беруші ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - www.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі";
2) көрсетілетін қызметті беруші - www.comprom.miid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.
3) портал - www.egov.kz мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  "Экспорттық бақылауға
жататын өнімнің кері
экспортына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысаны

Экспорттық бақылауға жататын өнімге қайта экспорттауға рұқсат алу үшін өтініш

1. Кімге ___________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)

2. кімнен________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі; заңды (нақты) мекенжайы, телефоны

3. Жөнелтуші ел:

4. Алушы ел:

5. Түпкілікті пайдаланушы (толық атауы, мекен-жайы, телефоны))

6. Рұқсатқа сұрау салу үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):

7. Өнімнің атауы:

8. СЭҚ ТН бойынша өнім коды:

10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша):

12. Келісім шарт валютасы:

13. Құны:

9. Бақылау тізімдері бойынша өнім коды

11. Саны:

14. Басшы ________ _________________________________
қолы (аты-жөні (боланға жағдайда)
М.О.(боланға жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

15. Уәкілетті орган __________________________________
(уәкілетті органның толық атауы))
Өтініш
20__жылғы "____" _________________ қарауға қабылданды

16. Рұқсаттың ерекше шарттары

  "Экспорттық бақылауға
жататын өнімнің кері
экспортына рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысаны

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат алу үшін* мәліметтер нысаны

1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) № және күні.

заңды тұлға үшін:__________________________;

2. Жеке басын куәландыратын құжат № , күні, берген мемлекеттік органның атауы

жеке тұлға үшін:___________

3. Өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің № және

берілген күні - дара кәсіпкер үшін:

__________________________________________________;

4. Бұрын берілген Қазақстан Республикасынан өнімді экспортқа шығаруға рұқсат беру құжаты бойынша ақпарат

Экспортық бықалауға жататын өнімдерді экспортқа арналған лицензияның №

берілген күні

(күні / айы / жылы) __________________________________________________. *

шетелдік заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші, шетелдік адам уәкілетті органға өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжатты – заңды тұлғалар үшін; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін – жеке тұлғалар үшін; дара кәсіпкер ретінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін – дара кәсіпкер үшін ұсынады. Онда көрсетілген құжатттар болмаған жағдайда өтініш беруші туралы ұқсас мәліметтер қамтылған басқа құжаттарды ұсынады

  Өнімнің кері экспортына
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  нысаны
  (Тегі, аты, әкесінің аты
болған жағдайда
(бұдан әрі – аты-жөні),
немесе ұйымның атауы
көрсетілетін қызметті алушы)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өнімді кері экспорттауға рұқсат
беру қағидаларына 3-қосымша
  Нысаны

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті



Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан




Нұр-Сұлтан қ.


Нұр-Сұлтан қ.




Нөмір:[Құжаттың нөмірі]


Берілген күні:
[Берілген күні] жылы






[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]







ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің[күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.
[Бас тарту негіздемесі]




[Қол қоюшының лауазымы]


[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]

  Өнімнің кері экспортына
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша
  нысаны

Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру.

1. Рұқсат №

2. Өтініш білдіруші (заңды (тұрғылықты) мекен-жайы, телефон):

3. Жөнелтуші ел:

4. Алушы ел:

5. Соңғы пайдаланушы (толық атауы, мекен-жайы, телефоны)):

6. Рұқсатты сұрау салу үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні):

7. . Өнімнің атауы және толық сипаттамасы:

8. СЭҚ ТН бойынша өнім коды:

10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша):

12. Келісім шарттың валютасы

13. Құны:

9. Бақылау тізімдері бойынша өнім коды

11. Саны:

14 Келісілді:

15. Уәкілетті орган ______________________________________________________
(құзырлы органның толық атауы)
Басшы (уәкілетті тұлға) ________________________________________
(аты-жөні (болған кезде)
_____________________ қолы
Берілген күні: ____жылғы"___" _________ _________
Қолдану мерзімі: ____ жылғы "___" _________ _________

16. Рұқсаттың ерекше шарттары