"Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2020 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________А. Мамытбеков
2015 жылғы 20 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________А. Сәрінжіпов
2015 жылғы 17 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 3 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
_________И. Тасмағамбетов
2015 жылғы 9 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
______________Е. Ыдырысов
2015 жылғы 23 қазан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
___________Н. Абықаев
2015 жылғы 11 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________Е. Досаев
2015 жылғы 24 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________В. Школьник
2015 жылғы 10 тамыз
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығымен бекітілген |
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.07.2020 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 19) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру" ммлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру 1 (бір) жыл мерзімге беріледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың немесе уәкілетті өкілдің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб - порталына (бұдан әрі - портал) жүгінуі арқылы көрсетеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация қызметкеріне осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты) сәйкес құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және қабылдау және беру күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттардан электрондық көшірмелерді шығарады және өтінімге тіркейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі-30 (отыз) жұмыс күні ішінде.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері портал арқылы жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
10. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда қызмет берушінің басшысының немесе оны алмастырушы адамдың электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат нысанында портал арқылы жібереді.
11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына сәйкес оларды келісу үшін экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органдарына сұрау салу жібереді.
Экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.
Экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда рұқсат беру келісілген болып есептеледі.
12. Жауапты орындаушы экспорттық бақылау жүйесінің тиісті мемлекеттік органдарына сұрау салумен бір мезгілде оның түпнұсқалылығын тексеруді растау (бұдан әрі-растау) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жібереді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен осындай растауды алғаннан кейін береді.
13. Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен Растауды алғанға дейін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды тексереді.
14. Жауапты орындаушы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан жауапты қарағаннан және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен растауды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат немесе дәлелді бас тарту мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!15-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру мыналар арқылы:
1) Мемлекеттік корпорация - қолма-қол;
2) портал-электронды жүзеге асырылады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!18-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
19. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мыналармен қарауға жатады:
уәкілетті орган, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
20. Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша |
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 30 (отыз) жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін | |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына 1-қосымша |
|
Нысаны |
Экспорттық бақылауғажататын өнімге қайта экспорттауға рұқсат алу үшін Өтініш
1. Кімге_________________________________________________________________________ | |||||
2. кімнен_________________________________________________________________________________ | |||||
3. Жөнелтуші ел: | |||||
4. Алушы ел: | 5. Түпкі пайдаланушы (толық атауы, мекен-жайы, телефоны)) | ||||
6. Рұқсатты сұрау салу үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні): | |||||
7. Өнімнің атауы және толық сипаттамасы: | 8. СЭҚ ТН бойынша өнім коды: | 10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша): | 12. Келісім шарт валютасы: | 13. Құны: | |
9. Бақылау тізімдері бойынша өнім коды | |||||
11. Саны: | |||||
14. Басшы ________ __________________________________________ | |||||
15. Уәкілетті орган ____________________________________________________ | |||||
16. Рұқсаттың ерекше шарттары |
"Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына 2-қосымша |
|
нысаны |
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат алу үшін* мәліметтер нысаны
1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) № және күні)
заңды тұлға үшін:__________________________;
2. Жеке басын куәландыратын құжат № , күні, берген мемлекеттік органның атауы
жеке тұлға үшін:___________
3. Өтініш берушіні және кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің № және
берілген күні жеке кәсіпкер үшін:
____________________________________________________________________;
4. Бұрын берілген экспортқа рұқсат беру құжаты бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасынан өнімді: № экспортқа лицензия экспорттық
бақылауға жататын өнімнің берілген күні
(күні / айы / жылы) __________________________________________________. *
шетелдік заңды тұлға болып табылатын өтініш беруші,
туралы анықтаманы уәкілетті органға ұсынады.
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
өтініш беруші-заңды тұлға үшін;
тұлға - жеке тұлға үшін; туралы куәліктің көшірмесі
өтініш берушіні жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу
кәсіпкер (нотариалды куәландырылған жағдайда үшін) –
дара кәсіпкер үшін кәсіпкер.
Онда көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда,
туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады. өтініш беруші.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-қосымша алып тастау көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
|
нысаны | |
(Тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда (бұдан әрі – аты-жөні), немесе ұйымның атауы көрсетілетін қызметті алушы) ___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ________________________________________________________....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т. а. ә.)
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты _____________
Телефон _______________________
Алды: ______________________
Көрсетілетін қызметті алушының т. а. ә. / қолы
20__ жылғы "___" _________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларына 3-қосымша |
|
нысаны |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан | |
Нұр-Сұлтан қ. | г. Нур-Султан | |
Нөмірі: [құжат нөмірі] | Дата выдачи: [Дата выдачи] год | |
[Наименование организации, юридический адрес, БИН/ИИН] | ||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ | ||
"Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, сіздің[күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.: | ||
[Қол қоюшының қызметі] | [Қол қоюшының аты-жөні (бар болса)] | |
Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша |
|
нысаны |
Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру.
1. Рұқсат № | |||||
2. Өтініш білдіруші (заңды (тұрғылықты) мекен-жайы, телефон): | 3. Жөнелтуші ел: | ||||
4. Алушы ел: | 5. Соңғы пайдаланушы (толық атауы, мекен-жайы, телефоны)): | ||||
6. Рұқсатты сұрау салу үшін негіздеме (сыртқы сауда шарты (келісімшарт), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарт) болмаған жағдайда - тараптардың ниетін растайтын өзге құжат, № және қол қойылған күні): | |||||
7. . Өнімнің атауы және толық сипаттамасы: | 8. СЭҚ ТН бойынша өнім коды: | 10. СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі және қосымша): | 12. Келісім шарттың валютасы | 13. Құны: | |
9. Бақылау тізімдері бойынша өнім коды | 11. Саны: | ||||
14 Келісілді: | |||||
15. Уәкілетті орган ______________________________________________________ | |||||
16. Рұқсаттың ерекше шарттары |