"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8644 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газетінің № 282 (28221) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы 18-05/928 бұйрығымен бекітілген |
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.
2-тарау. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарын:
1) балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – кәсіпорындар);
2) конкурстық негізде балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – жеке және заңды тұлғалар);
3) жануарлар дүниесін пайдаланушылар;
4) шаруашылық және өзге қызметті, оның ішінде балық ресурстарына келтіріліп жатқан, келтірілген және болмай қоймайтын зиянды өтей отырып жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) жүргізеді.
4. Су айдындарына балық жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) берген ғылыми ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады.
5. Ғылыми ұсынымдарда:
1) су айдындарына балық жіберуді жүргізу орындылығының негіздемесі және күтілетін нәтижелердің болжамы;
2) су айдындарының сипаттамасы, су айдындарына балық жіберу үшін ұсынылып отырған балық отырғызу материалының түрлік және жас құрамы, көлемі (саны) туралы мәліметтер;
3) су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ұсынылатын жерлер, мерзімдер, әдістері мен тәсілдері көрсетіледі.
6. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірге бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдынына балық жіберу орнын айқындайды.
Балық жіберу орнын соңғы келісу олардың басталуына кемінде екі жұмыс күні қалғанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді.
7. Су айдындарына балық жіберуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11898 болып тіркелген) сәйкес берілген ветеринариялық анықтама болған жағдайда жол беріледі.
8. Кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.
"Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар немесе субъектілер жүргізетін су айдындарына балық жіберу жұмыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аумақтық бөлімше құратын комиссия қабылдайды.
10. Кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар, жануарлар дүниесін пайдаланушылар, субъектілер комиссия мүшелеріне олардың басталуына кемінде күнтізбелік бес күн уақыт қалғанда алдағы су айдындарына балық жіберу жұмыстары туралы хабарлайды.
11. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу актісімен (бұдан әрі – акт) ресімдейді.
Су айдындарына екі немесе одан да көп партиямен балық отырғызу материалдарымен балық жіберілген жағдайда, акт әрбір партияға ресімделеді.
12. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарының қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісін (бұдан әрі – жиынтық актісі) ресімдейді.
13. Кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға су айдындарына балық жіберу жөнінде жүргізген жұмыстардың электрондық жеткізгіштегі фото және видео материалдары қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.
Жануарлар дүниесін пайдаланушылар мен субъектілер су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөнінде жүргізген жұмыстардың электрондық жеткізгіштегі фото және видео материалдары қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.
3-тарау. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
15. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар мыналарды қамтиды:
1) балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жүргізу, соның ішінде қыс мезгілінде мұз шұңқырларын бұрғылау және мұзойықтарын ою;
2) қатты өсімдіктерді шабу;
3) балықтардың уылдырық шашу жерлеріне өтуін қамтамасыз ететін түп тереңдету және басқа жұмыстарды жүргізу;
4) табиғи уылдырық шашу жерлерін қалпына келтіру және (немесе) жасанды уылдырық шашу жерлерін жайластыру;
5) балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын қорғау.
16. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
17. Ғылыми ұсынымдарда:
1) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу орындылығының негіздемесі мен күтілетін нәтижелердің болжамы;
2) су объектілері, су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізу туралы мәліметтер;
3) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жүргізу орны, мерзімі, әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныс көрсетіледі.
18. Су объектілерінде балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетіндігі туралы олар басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын, балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын құтқару олар басталғанға дейін кемінде күнтізбелік бір күн уақыт бұрын аумақтық бөлімшеге хабарланады.
19. Су объектілерінің балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарының аяқталуы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен (бұдан әрі – жұмыстардың аяқталуы туралы акті) ресімделеді.
20. Аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізгені туралы электрондық жеткізгіште фото және видео материалдары қоса берілген су айдындарына балық жіберудің аяқталуы туралы акті үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Келісілген күн __________________________________________________
1. Су айдынының (учаскенің) атауы:________________________________
____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан ауданы және басқа да деректер)
2. Балық ресурстарының өсімін молайтуды жүзеге асыратын кәсіпорынның,
жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы: _______________________________
____________________________________________________________________
3. Жоспарланған балық отырғызу материалы туралы мәліметтер ________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Су айдынындағы нақты балық жіберу орны________________________
____________________________________________________________________
(схемада жіберу нүктесін көрсете отырып, отырғызу орнының (учаскесінің) толық сипаттамасы)
Актіге қол қойғандар:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Су объектілерін балық жіберу, су обьектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Су айдындарына балық жіберу актісі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы акт 20 __ жылы "__"_______________ жасалынды
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорынның, жеке
және (немесе) заңды тұлғалардың, жануарлар дүниесін пайдаланушылардың,
субъектінің атауы _________________________________
____________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу ____________________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік тапсырысты орындау, орман, балық және аңшылық шаруашылықтары
жоспарлары бойынша міндеттемелер, зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)
Балық отырғызу материалының отырғызу орны (орналасқан облысы және
ауданы көрсетілген су айдынының атауы) ________________________________
____________________________________________________________________
Су айдынына жіберілетін балық отырғызу материалының жас мөлшерлік және түрлік
құрамы __________________________________________________
____________________________________________________________________
Су айдынына жіберілетін балық отырғызу материалының саны және
данасының орташа салмағы ___________________________________________
____________________________________________________________________
Отырғызу материалының жай-күйі _________________________________
____________________________________________________________________
Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша
басқа да мәліметтер (жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу
және аяқталу уақыты, судың температурасы, ауаның температурасы, жеткізу
кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны) ________________________
Актіге қол қойғандар:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | Балық жіберу уақыты және акт № | Балықтардың түрлері | Жас құрамы және орташа салмақ | Жалпы саны (мың дана) | Жіберу орны (су айдынының aтауы) | ||||
дернәсілдер (мың дана) | бір жазғылар (мың дана) | орташа салмақ (грамм) | екіжылдықтар (мың дана) | орташа салмақ (грамм) | |||||
1. | |||||||||
2. | |||||||||
Жиыны |
Комиссия мүшелерінің қолдары:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі
жұмыстарды жүргізетін ұйымның атауы _________________________________
____________________________________________________________________
Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды
жүргізу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының
атауы ____________________________________________________
Су объектілеріне балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі келесі
жұмыс түрлері жүргізілді:______________________________________________
____________________________________________________________________
Аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының қолы:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйымның лауазымды адамының қолы:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |
Жергілікті атқарушы орган өкілінің қолы:
_________________ |
__________________________ |
_____________________________ |