Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 қарашада № 12267 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. «Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8644 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы «Егемен Қазақстан» газетінің № 282 (28221) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                         А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы 
18-05/928 бұйрығымен   
бекітілген        

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.      

2. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

      2. Су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, бағалы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтау және (немесе) тауарлық өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық өсіру материалы мен балықтарды жіберу.
      3. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарын:
      1) балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – кәсіпорындар);
      2) конкурстық негізде балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – жеке және заңды тұлғалар);
      3) жануарлар дүниесін пайдаланушылар;
      4) шаруашылық және өзге қызметті, оның ішінде балық ресурстарына келтіріліп жатқан, келтірілген және болмай қоймайтын зиянды өтей отырып жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) жүргізеді.
      4. Су айдындарына балық жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) берген ғылыми ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады.
      5. Ғылыми ұсынымдарда:
      1) су айдындарына балық жіберуді жүргізу орындылығының негіздемесі және күтілетін нәтижелердің болжамы;
      2) су айдындарының сипаттамасы, су айдындарына балық жіберу үшін ұсынылып отырған балық отырғызу материалының түрлік және жас құрамы, көлемі (саны) туралы мәліметтер;
      3) су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу ұсынылатын жерлер, мерзімдер, әдістері мен тәсілдері көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірге бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдынына балық жіберу орнын айқындайды.
      Балық жіберу орнын соңғы келісу олардың басталуына кемінде екі жұмыс күні қалғанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді.
      7. Су айдындарына балық жіберуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11898 болып тіркелген) сәйкес берілген ветеринариялық анықтама болған жағдайда жол беріледі.
      8. Кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.
      Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
      Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.
      9. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар немесе субъектілер жүргізетін су айдындарына балық жіберу жұмыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аумақтық бөлімше құратын комиссия қабылдайды.
      10. Кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар, жануарлар дүниесін пайдаланушылар, субъектілер комиссия мүшелеріне олардың басталуына кемінде күнтізбелік бес күн уақыт қалғанда алдағы су айдындарына балық жіберу жұмыстары туралы хабарлайды.
      11. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу актісімен (бұдан әрі – акт) ресімдейді.
      Су айдындарына екі немесе одан да көп партиямен балық отырғызу материалдарымен балық жіберілген жағдайда, акт әрбір партияға ресімделеді.
      12. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарының қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісін (бұдан әрі – жиынтық актісі) ресімдейді.
      13. Кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға су айдындарына балық жіберу жөнінде жүргізген жұмыстардың электрондық жеткізгіштегі фото және видео материалдары қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.
      Жануарлар дүниесін пайдаланушылар мен субъектілер су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөнінде жүргізген жұмыстардың электрондық жеткізгіштегі фото және видео материалдары қоса берілген жиынтық актіні ұсынады. 

3. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі  жұмыстарды жүргізу тәртібі 

      14. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.
      15. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар мыналарды қамтиды:
      1) балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жүргізу, соның ішінде қыс мезгілінде мұз шұңқырларын бұрғылау және мұзойықтарын ою;
      2) қатты өсімдіктерді шабу;
      3) балықтардың уылдырық шашу жерлеріне өтуін қамтамасыз ететін түп тереңдету және басқа жұмыстарды жүргізу;
      4) табиғи уылдырық шашу жерлерін қалпына келтіру және (немесе) жасанды уылдырық шашу жерлерін жайластыру;
      5) балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын қорғау.
      16. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.
      17. Ғылыми ұсынымдарда:
      1) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу орындылығының негіздемесі мен күтілетін нәтижелердің болжамы;
      2) су объектілері, су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізу туралы мәліметтер;
      3) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жүргізу орны, мерзімі, әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныс көрсетіледі.
      18. Су объектілерінде балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетіндігі туралы олар басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын, балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын құтқару олар басталғанға дейін кемінде күнтізбелік бір күн уақыт бұрын аумақтық бөлімшеге хабарланады.
      19. Су объектілерінің балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарының аяқталуы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен (бұдан әрі – жұмыстардың аяқталуы туралы акті)  ресімделеді.
      20. Аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізгені туралы электрондық жеткізгіште фото және видео материалдары қоса берілген су айдындарына балық жіберудің аяқталуы туралы акті үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Су айдындарына балық жіберу, 
су объектілерін балық    
шаруашылық мелиорациялау   
жөніндегі жұмыстарды жүргізу  
қағидаларына          
1-қосымша            

Нысан

Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі

Келісілген күн ______________________________________________________

1. Су айдынының (учаскенің) атауы:___________________________________
_____________________________________________________________________
             (атауы, орналасқан ауданы және басқа да деректер)

2. Балық ресурстарының өсімін молайтуды жүзеге асыратын кәсіпорынның,
жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

3. Жоспарланған балық отырғызу материалы туралы мәлімет______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

4. Су айдынындағы нақты балық жіберу орны ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(схемада жіберу нүктесін көрсете отырып, отырғызу орнының (учаскесінің) толық сипаттамасы)

Актіге қол қойғандар:
______________ ________________________________________ ____________
     Лауазымы      Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)  Қолы Мөр орны
____________ ______________________________________ ________________
    Лауазымы    Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)   Қолы  Мөр орны
____________ ______________________________________ _________________
    Лауазымы    Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)   Қолы  Мөр орны

Су объектілерін балық жіберу, 
су обьектілерін балық      
шаруашылық мелиорациялау     
жөніндегі жұмыстарды жүргізу  
қағидаларына         
2-қосымша           

Нысан

Су айдындарына балық жіберу актісі

Осы акт 20__жылы «__»_______________ жасалынды

Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін
кәсіпорынның, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жануарлар
дүниесін пайдаланушылардың, субъектінің атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Су айдындарына балық жіберу _________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік тапсырысты орындау, балық шаруашылығын дамыту бойынша міндеттерді,
______________________________________________ мақсатында жүргізіледі
     зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)

Балық отырғызу материалының отырғызу орны (орналасқан облысы және
ауданы көрсетілген су айдынының атауы)_______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Су айдынына жіберілетін балық отырғызу материалының жас мөлшерлік
және түрлік құрамы __________________________________________________
_____________________________________________________________________

Су айдынына жіберілетін балық отырғызу материалының саны және
данасының орташа салмағы ____________________________________________
_____________________________________________________________________

Отырғызу материалының жай-күйі ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша басқа
да мәліметтер (жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу
және аяқталу уақыты, судың температурасы, ауаның температурасы,
жеткізу кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны)________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Актіге қол қойғандар:

____________ ______________________________________ ________________
Лауазымы        Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)  Қолы    Мөр орны

____________ ______________________________________ ________________
Лауазымы       Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)   Қолы    Мөр орны

____________ ______________________________________ ________________
Лауазымы       Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)   Қолы    Мөр орны

Су айдындарына балық жіберу,      
су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
3-қосымша                 

Нысан

Су айдындарына балық жіберудің жиынтық акті

р/с

Балық жіберу уақыты және акт №

Балықтардың түрлері

Жас құрамы және орташа салмақ

Жалпы саны
(мың. дана.)

Жіберу орны
(су айдынының
атауы)

дернәсілдер(мың.дана.)

бір жазғылар (мың. дана.)

орташа салмақ (грамм)

екіжылдықтар (мың.дана.)

орташа салмақ (грамм)


1.











2.










ЖИЫНЫ








Комиссия мүшелерінің қолдары:

_____________ ____________________________________  ________________
Лауазымы    Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)   Қолы     Мөр орны

_____________ ____________________________________  ________________
Лауазымы     Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)   Қолы    Мөр орны

_____________ ____________________________________  ________________
Лауазымы Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)       Қолы     Мөр орны

Су айдындарына балық жіберу, 
су объектілерін балық     
шаруашылық мелиорациялау  
жөніндегі жұмыстарды жүргізу  
қағидаларына         
4-қосымша           

Нысан

Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі
жұмыстардың аяқталуы туралы акті

Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды
жүргізетін ұйымның атауы ____________________________________________
_____________________________________________________________________

Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды
жүргізу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының
атауы) ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі келесі
жұмыс түрлері жүргізілді ____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының қолы
____________ ______________________________________ ________________
Лауазымы     Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)   Қолы   Мөр орны

Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды
жүргізетін ұйымның лауазымды адамының қолы
____________ ______________________________________ ________________
Лауазымы     Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)   Қолы   Мөр орны

Жергілікті атқарушы орган өкілінің қолы
____________ ______________________________________ ________________
Лауазымы    Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда)    Қолы   Мөр орны