Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 қарашада № 12267 болып тіркелді.

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Су қоймаларына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 231-Ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8644 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 желтоқсандағы "Егемен Қазақстан" газетінің № 282 (28221) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы
18-05/928 бұйрығымен
бекітілген

Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарын:

      1) балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – кәсіпорындар);

      2) конкурстық негізде балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – жеке және заңды тұлғалар);

      3) жануарлар дүниесін пайдаланушылар;

      4) шаруашылық және өзге қызметті, оның ішінде балық ресурстарына келтіріліп жатқан, келтірілген және болмай қоймайтын зиянды өтей отырып жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) жүргізеді.

      4. Су айдындарына балық жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) берген ғылыми ұсынымдар негізінде жүзеге асырылады.

      5. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындайтын өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жұмыстарын жүргізу кезінде тиісті облыстың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) немесе жергілікті атқарушы орган ғылыми ұйыммен, сондай-ақ кәсіпорынмен немесе су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жоспарлап отырған жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірге бірлесіп, олардың басталуына кемінде күнтізбелік отыз күн уақыт қалғанда алдын ала су айдынына балық жіберу орнын айқындайды.

      Балық жіберу орнын соңғы келісу олардың басталуына кемінде екі жұмыс күні қалғанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада балық жіберу орнын келісу актісімен ресімделеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.08.2022 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Су айдындарына балық жіберуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 11898 болып тіркелген) сәйкес берілген ветеринариялық анықтама болған жағдайда жол беріледі.

      8. Мемлекеттік кәсіпорындар немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты ұйымдастырушыға байланысты аумақтық бөлімше немесе жергілікті атқарушы орган құрған комиссия қабылдайды.

      Комиссияны аумақтық бөлімше құрған жағдайда оның құрамына аумақтық бөлімшенің (комиссияның төрағасы), жергілікті атқарушы органның, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.

      Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрған жағдайда оның құрамына жергілікті атқарушы органның (комиссияның төрағасы), аумақтық бөлімшенің, балық аулаушылардың және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және ғылыми ұйымның өкілдері кіреді.

      Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстардың ашықтығы мен айқындығы мақсатында олар басталардан кемінде екі жұмыс күні бұрын мерзімді баспасөз басылымдарында және (немесе) әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерін шақырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.08.2022 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аумақтық бөлімше ақпарат (бұдан әрі – ақпарат), сатып алу-сату шарты және төлем құжаттары (балық отырғызу материалын сатып алған жағдайда), сондай - ақ балық аулау орнына тасымалдау және балық отырғызу материалын су айдындарына жіберу үшін тиеу тіркелетін фото-және бейне материалдар негізінде қабылдайды.

      Ақпаратта балық отырғызу материалының түрлері мен жас құрамы, көлемі (саны) және орташа салмағы, су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу орны мен мерзімдері, көлік түрі (мемлекеттік нөмірін көрсете отырып) туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Жануарлар дүниесін пайдаланушылар ағымдағы күн мен уақытты көрсете отырып, 2MP/1080p (1920x1080 пиксель) төмен емес форматта су айдындарына балық отырғызу материалын тиеу мен жіберуді фото және бейне түсіруді қамтамасыз етеді.

      Бейнетүсірілім процесінде нақты уақыт режимінде осы тармақта көрсетілген мәліметтер, су айдындарына балық отырғызу материалын тиеу және жіберу кезінде балық отырғызу материалын есептеу рәсімі айтылады және жазылады.

      Бейнетүсірілім балық отырғызу материалын балық жіберу орнына тасымалдау және оны су айдындарына жіберу үшін тиеу рәсімінің басынан аяғына дейін жүргізіледі. Балық отырғызу материалын су айдындарына тиеу және жіберу бейнетүсірілімі жеке-жеке жүргізіледі.

      Балық жіберу орындарына тасымалдауға бейнетүсірілім қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге осы тармақта көрсетілген құжаттар мен материалдарды жолдайды.

      Ескерту. 2-тарау 8-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Субъектілер жүргізетін су айдындарына балық жіберу жұмыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аумақтық бөлімше құратын комиссия қабылдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар, субъектілер аумақтық бөлімшені және (немесе) жергілікті атқарушы органды су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы олар басталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімше және (немесе) жергілікті атқарушы атқарушы мемлекеттік кәсіпорындардан, жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған күннен бастап комиссия мүшелеріне су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы хабарлайды.

      Аумақтық бөлімшелердің өкілдері балық отырғызу материалын тиеу кезінде есептеу процестеріне және оларды су айдындарына жіберуге қатысады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды комиссия осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша су айдындарына балық жіберу актісімен (бұдан әрі – акт) ресімдейді.

      Су айдындарына екі немесе одан да көп партиямен балық отырғызу материалдарымен балық жіберілген жағдайда, акт әрбір партияға ресімделеді.

      12. Су айдындарына балық жіберу жұмыстарының қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісін (бұдан әрі – жиынтық актісі) ресімдейді.

      13. Кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, субъектілер су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға су айдындарына балық жіберу жөнінде жүргізген жұмыстардың электрондық жеткізгіштегі фото және видео материалдары қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау – су айдындарының балық өнімділігін сақтауға және арттыруға, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының мекендеу және көбею жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені.

      15. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар мыналарды қамтиды:

      1) балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жүргізу, соның ішінде қыс мезгілінде мұз шұңқырларын бұрғылау және мұзойықтарын ою;

      2) қатты өсімдіктерді шабу;

      3) балықтардың уылдырық шашу жерлеріне өтуін қамтамасыз ететін түп тереңдету және басқа жұмыстарды жүргізу;

      4) табиғи уылдырық шашу жерлерін қалпына келтіру және (немесе) жасанды уылдырық шашу жерлерін жайластыру;

      5) балықтың қырылу қаупі бар және бөлшектенген су айдындарынан балықтар мен олардың шабақтарын қорғау.

      16. Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады.

      17. Ғылыми ұсынымдарда:

      1) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялауды жүргізу орындылығының негіздемесі мен күтілетін нәтижелердің болжамы;

      2) су объектілері, су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізу туралы мәліметтер;

      3) су объектілеріне балық шаруашылық мелиорациялау жүргізу орны, мерзімі, әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныс көрсетіледі.

      18. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Су объектілерінің балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарының аяқталуы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен (бұдан әрі – жұмыстардың аяқталуы туралы акті) ресімделеді.

      20. Аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізгені туралы электрондық жеткізгіште фото және видео материалдары қоса берілген су айдындарына балық жіберудің аяқталуы туралы акті он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Су айдындарына балық жіберу,
су объектілерін балық
шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Су айдындарына балық жіберу орнын келісу актісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Келісілген күн __________________________________________________

      1. Су айдынының (учаскенің) атауы:________________________________

      ____________________________________________________________________

      (атауы, орналасқан ауданы және басқа да деректер)

      2. Балық ресурстарының өсімін молайтуды жүзеге асыратын кәсіпорынның,

      жеке және (немесе) заңды тұлғаның атауы: _______________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Жоспарланған балық отырғызу материалы туралы мәліметтер ________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Су айдынындағы нақты балық жіберу орны________________________

      ____________________________________________________________________

      (схемада жіберу нүктесін көрсете отырып, отырғызу орнының (учаскесінің) толық сипаттамасы)

      Актіге қол қойғандар:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

 
  Су объектілерін балық жіберу,
су обьектілерін балық
шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Су айдындарына балық жіберу актісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.01.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы акт 20 __ жылы "__" ______________ жасалынды

      Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорынның,

      жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, субъектінің атауы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Су айдындарына балық жіберу _______________________________________

      _______________________________________________________________________

      (мемлекеттік тапсырысты орындау, зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)

      Балық отырғызу материалының жіберу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының атауы)

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының жас мөлшері және түрлік құрамы

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының саны және данасының орташа салмағы

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Балық отырғызу материалының жай-күйі______________________________

      ______________________________________________________________________

      Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша басқа да мәліметтер

      (жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу және аяқталу уақыты, судың температурасы,

      ауаның температурасы, жеткізу кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны)

      ______________________________________________________________________

      Актіге қол қойғандар:

_________________
Лауазымы

_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

  Су айдындарына балық жіберу,
су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Су айдындарына балық жіберудің жиынтық актісі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Балық жіберу уақыты және акт №

Балықтардың түрлері

Жас құрамы және орташа салмақ

Жалпы саны (мың дана)

Жіберу орны (су айдынының aтауы)

дернәсілдер (мың дана)

бір жазғылар (мың дана)

орташа салмақ (грамм)

екіжылдықтар (мың дана)

орташа салмақ (грамм)

1.










2.










Жиыны









      Комиссия мүшелерінің қолдары:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)


  Су айдындарына балық жіберу,
су объектілерін балық
шаруашылық мелиорациялау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстардың аяқталуы туралы акті

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 25.06.2020 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі

      жұмыстарды жүргізетін ұйымның атауы _________________________________

      ____________________________________________________________________

      Су объектілері балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды

      жүргізу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының

      атауы ____________________________________________________

      Су объектілеріне балық шаруашылығын мелиорациялау жөніндегі келесі

      жұмыс түрлері жүргізілді:______________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының қолы:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

      Су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйымның лауазымды адамының қолы:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

      Жергілікті атқарушы орган өкілінің қолы:

_________________
Лауазымы

__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

_____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)