Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қазанда № 12197 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет–порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2–тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылық министрі
      __________________А. Мамытбеков
      2015 жылғы 23 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      __________________А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 17 тамыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      __________________И. Тасмағамбетов
      2015 жылғы 8 қыркүйек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________Е. Досаев
      2015 жылғы 3 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      __________________В. Школьник
      2015 жылғы 20 шілде

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 384 бұйрығымен  
бекітілген     

Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 16) тармақшасына сәйкес әзiрленген және өнiмнiң транзитiне рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсат берудi экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүргізеді.
      3. Осы Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) таралады.

2. Өнімнің транзитіне рұқсат беру тәртiбi

      4. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің транзитіне рұқсат алуға арналған өтiнiш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттың көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
      3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
      4) экспорттаушы - елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті берген органның өнімді шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжат;
      5) өтініш беруші - мемлекеттің заңнамасына сәйкес өнімнің транзитімен байланысты қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
      6) сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары, сондай-ақ өнiмнiң номенклатурасы және көлемi (заттай және құндық мәндегi) көрсетілген өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
      7) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
      8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда өтiнiш берушi тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi әрекеттерiне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiлігiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын құжат;
      9) өтiнiш берушiнiң транзитпен ауысатын өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi көрсетілген (заттай және құндық мәндегi) жеке қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенiн растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат;
      өнімді физикалық қорғауды әскери көлікпен алып жүретін қарауыл жүзеге асырған жағдайда, мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде әскери көлікті алып жүретін карауыл қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, қаруының түрі (маркасы), қарудың нөмірі және калибрі әр әкелінетін қару бірлігіне оқ-дәрі саны көрсетіле отырып, әскери көлікпен алып жүретін қарауыл туралы ақпаратты ұсыну қажет;
      10) егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, өнiмдi жүк жөнелтушiнiң бұл жүктi қайтадан қабылдауға келiсiмiн растайтын құжат;
      11) қауіпсіздік паспорты («Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты);
      12) осы Қағидаларға 3–қосымшаға сәйкес нысан бойынша қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
      13) қауіпті жүктерді тасымдау бағытының бланкісі – қауіпті жүктердің транзиттік тасымалын автомобиль көлігімен жүзеге асырған кезде;
      2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) 9), 10), 11) және 12) тармақшаларда көрсетiлген құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасымен, сондай-ақ 8) және 10) тармақшаларды қоспағанда, нотариалдық куәландырылған көшірмелерімен қоса ұсынылады.
      5. Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы өтiнiш берушi болып шығатын жағдайда:
      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнiмдi жеткiзу қажеттiлiгiн негiздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады.
      6. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар  консулдық заңдастыру туралы немесе «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы бiрыңғай қағиданы бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1536 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығына сәйкес апостильмен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес апостиль қою талаптары сақтала отырып ұсынылады.
      7. Уәкілетті орган өтініш берушінің рұқсат беруге құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өнiмдi заңсыз алып өтудi болдырмау және оның жолын кесу мақсатында, уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдарға оларға қатысты бөлiгiнде осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн келiсуге жiбередi.
      9. Мемлекеттiк органдар он жүмыс күні iшiнде уәкiлеттi мемлекеттік органды қарау нәтижелерi туралы хабардар етедi.
      Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда рұқсат беру келісілді деп есептеледі.
      10. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган рұқсат беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      11. Ұсынылатын мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк өтiнiш берушiге жүктеледi.
      12. Өнімнің транзитіне рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту туралы шешiм осы Қағидалардың 4, 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
      13. Рұқсат өнiмнiң саны мен номенклатурасына қарамастан, кемiнде он белгiден тұратын деңгейдегi кодты көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық кеңестің Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕЭК-тің СЭҚ ТН) кодына сәйкес тауардың бiр түрiне берiледi.
      14. Рұқсат өтiнiш берушiге рұқсат берiлген күннен бастап күнтiзбелiк бiр жылдан аспайтын мерзiмге олардың бiр транзит операциясын жүзеге асыруы үшiн берiледi.
      Өнімнің транзитіне берілетін рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат беру үшін негіз болатын шарттың немесе құжаттың қолданылу мерзімімен шектеледі
      Егер өнiм транзитi көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда транзитке берілген рұқсат автоматты түрде жойылады.
      15. Уәкiлеттi орган өнімнің транзитіне рұқсат беруді «Е-рұқсат» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады
      16. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өту кезінде өнімнің ұрлануын және заңсыз айналымын болдырмау және оның жолын кесу мақсатында мүдделі органдар оларды қызықтырған ақпаратты «Е-рұқсат» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      17. Транзитке берiлген рұқсат басқа заңды және жеке тұлғаға берiлмейдi.
      18. Уәкілетті орган:
      1) өнімнің транзитіне рұқсатты беру үшін негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың күші жойылған немесе тоқтатылған;
      2) өтініш берушінің өнімнің транзитіне рұқсат алу үшін тапсырған құжаттарда толық емес және дәйексіз мәліметтердің болуы;
      3) тиісті келісетін мемлекеттік органның келісуінен бас тарту;
      4) егер баратын елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынған жағдайларда, рұқсат беруден бас тартады.
      Егер рұқсат осы Қағидаларда белгіленген мерзімде берілмесе немесе рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз ұсынылса, ол осы іс-әрекеттерге сот тәртібімен шағымдана алады.

Өнiмнiң транзитiне  
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша      

Нысан

Өнім транзитіне берілетін рұқсат

1. Рұқсат №

2. Өтiнiш берушi (заңды мекенжайы, телефоны)

3. Жүк жөнелтушi (заңды мекенжайы, телефоны)

6. Жүк жөнелтушiнiң елi

4. Жүк алушы (заңды мекенжайы, телефоны)

7. Бару елi

5. Өтiнiш берушiнiң елi

8. Қолданылу мерзiмi

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары
кіру
шығу

10. Көлiк түрi

11. Төлем валютасы

12. Өнімнің
атауы және толық сипаттамасы

13. Тауардың ЕЭК СЭҚ ТН
бойынша коды

15. Өлшем бiрлiгi

17. Жалпы құны
(мың):
төлем
валютасымен,
теңгемен,
доллармен (USD)

14. Тауардың бақылау тiзiмдерi
бойынша коды

16. Саны

18. Рұқсат сұрау үшiн негiз (келiсiмшарттың №, оған қол
қойылған күнi)

19. Келiсiлдi

20. Өтiнiш берушi ұйымнан (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, қолы, МО (болған жағдайда), күнi)

21. Уәкiлеттi орган
Өтiнiш 20__ жылы «___»____ қарауға қабылданды

22. Сақтандыру полистерiнiң нөмiрлерi, сақтандыру компаниясының
атауы

23. Рұқсаттың ерекше шарттары

Өнiмнiң транзитiне  
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша      

Нысан

Өнiмнiң транзитiне рұқсат беруге арналған өтiнiш

1. Рұқсат №

2. Өтiнiш берушi ____________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, орналасқан орны).

3. Жүк жөнелтушi (заңды мекенжайы, телефоны)

6. Жүк жөнелтушiнiң елi

4. Жүк алушы (заңды мекенжайы, телефоны)

7. Бару елi

5. Өтiнiш берушiнiң елi

8. Қолданылу мерзiмi

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары
кіру
шығу

10. Көлiк түрi

11. Төлем валютасы

12. Өнімнің
атауы және толық сипаттамасы

13. Тауардың ЕЭК СЭҚ ТН бойынша коды

15. Өлшем
бiрлiгi

17. Жалпы құны
(мың):
төлем
валютасымен,
теңгемен,
доллармен (USD)

14. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

16. Саны

18. Рұқсат сұрау үшiн негiз (келiсiмшарттың №, оған қол
қойылған күнi)

19. Келiсiлдi

20. Өтiнiш берушi ұйымнан (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, қолы, МО (болған жағдайда), күнi)

21. Уәкiлеттi орган
Өтiнiш 20_____ жылы « »_____ қарауға қабылданды

22. Сақтандыру полистерiнiң нөмiрлерi, сақтандыру компаниясының атауы

23. Рұқсаттың ерекше шарттары

Өнiмнiң транзитiне  
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша      

Нысан

Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде
қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік
түрі туралы мәліметтер

Көрсеткіштер Көрсеткіш мазмұны Ескертпе

Жүктің толық атауы



Өлшем бірлігі



Саны



Қауіптілік сыныбы



БҰҰ коды



ҮЖН коды



ЕЭК СЭҚ ТН коды



Өтініш беруші
ұйымның толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефоны



ҚР аумағы бойынша экспедитор
ұйымның толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефоны

(әуе және су көлігімен тасымалдау кезінде қажет етілмейді)

Шарттың көшірмесі қоса беріледі

Жүктерді күзету
ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, келісімшарттың нөмірі және күні, жүктің осы түрін күзетуге беру туралы мәліметтер

(әуе және су көлігімен тасымалдау кезінде қажет етілмейді)

Шарттың көшірмесі қоса беріледі

Көлік түрі
көрсетілсін:



Жүк жөнелтуші
ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны



Жүк қабылдаушы
ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны



Тасымалдау бағыты:



- Жөнелтуші станцияның (бекеті, айлағы, әуежайы) атауы, елі



- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу бекетінің (станцияның, айлақтың, әуежайдың) атауы



- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу бағыты



- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу бекетінің (станцияның, айлақтың, әуежайдың) атауы



- Жеткізілу станциясының (бекеттің, айлақтың, әуежайдың) атауы, елі



Тасымалдау мерзімі
күні, айы, жылы - күні, айы, жылы



Зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы деректер
сақтандыру компаниясының толық атауы, толық заңды мекенжайы, телефондары, сақтандыру полисінің күні және №



Авариялық карточканың нөмірі


Авариаялық карточка қоса беріледі