Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қазанда № 12197 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет–порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2–тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылық министрі

      __________________А. Мамытбеков

      2015 жылғы 23 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      __________________А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 17 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________________И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 8 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________Е. Досаев

      2015 жылғы 3 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________________В. Школьник

      2015 жылғы 20 шілде



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 384 бұйрығымен
бекітілген

Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 16) тармақшасына сәйкес әзiрленген және өнiмнiң транзитiне рұқсат беру тәртiбiн айқындайды.

      1-1. осы Қағидалардың қолданысы егер баратын елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөніндегі міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынған жағдайларда қолданылмайды және өнiмнiң транзитiне рұқсат берілмейді.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитiне рұқсат берудi экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүргізеді.

      3. Осы Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - өтiнiш берушi) таралады.

2. Өнімнің транзитіне рұқсат беру тәртiбi

      4. Рұқсат алу үшiн өтiнiш берушi (не оның сенімхат арқылы өкілі) мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнімнің транзитіне рұқсат алуға арналған өтiнiшті;

      2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжатты – шетелдік заңды тұлға үшін;

      3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжатты – шетелдік жеке тұлға үшін;

      4) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді шығаруға рұқсатының бар екендігі туралы құжатты;

      егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан тиісті растаушы хаты ұсынылады;

      5) оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде міндетті түрде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылардың арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісім-шарт;

      6) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;

      7) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi әрекеттерiне байланысты шығыстарды, сондай-ақ айқындалған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiлігiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісім-шарттың нөмірі мен күні көрсетілген) өтiнiш берушiнің хаты;

      8) егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайтадан қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісім-шарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (уәкілетті органға бағытталған) жүк жөнелтушiнiң хаты;

      9) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің транзиттік тасымалдарды жүзеге асыруы кезінде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер;

      10) әскери (қосарлы) мақсаттағы өнім транзитін әскери қарауылмен алып жүрген кезде - әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қарулары мен әкелінетін қарудың әр бірлігіне оқ-дәрілер туралы деректерді (маркасы (түрі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарауыл туралы ақпарат;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін тұлғалардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды тұлғалары бекіткен әскери қарауыл тұлғаларының атаулы тізімін және әскери қарауалдың тиісті ілеспе құжаттары (жазба бұйрық, наряд, қорытынды) ұсынады.

      2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерімен қоса ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен

      5. Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы өтiнiш берушi болып шығатын жағдайда:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 2), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген келiсiм-шарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады;

      3) осы Қағидалардың 4-тармағы 4) тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетiлген құжатты елдің заңнамасында беру көзделмесе, растаушы хат ұсынылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      6. алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Уәкілетті орган өтініш берушінің рұқсат беруге құжаттарын алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өнiмдi заңсыз алып өтудi болдырмау және оның жолын кесу мақсатында, уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдарға оларға қатысты бөлiгiнде осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн келiсуге жiбередi.

      9. Мемлекеттiк органдар он жүмыс күні iшiнде уәкiлеттi мемлекеттік органды қарау нәтижелерi туралы хабардар етедi.

      Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған жағдайда рұқсат беру келісілді деп есептеледі.

      10. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган рұқсат беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      11. Ұсынылатын мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк өтiнiш берушiге жүктеледi.

      12. Өнімнің транзитіне рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тарту туралы шешiм осы Қағидалардың 4, 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      13. Рұқсат өнiмнiң саны мен номенклатурасына қарамастан, кемiнде он белгiден тұратын деңгейдегi кодты көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) кодына сәйкес тауардың бiр түрiне берiледi.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      14. Рұқсат өтiнiш берушiге рұқсат берiлген күннен бастап күнтiзбелiк бiр жылдан аспайтын мерзiмге олардың бiр транзит операциясын жүзеге асыруы үшiн берiледi.

      Өнімнің транзитіне берілетін рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат беру үшін негіз болатын шарттың немесе құжаттың қолданылу мерзімімен шектеледі

      Егер өнiм транзитi көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырылмаса, онда транзитке берілген рұқсат автоматты түрде жойылады.

      15. Уәкiлеттi орган өнімнің транзитіне рұқсат беруді "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      16. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өту кезінде өнімнің ұрлануын және заңсыз айналымын болдырмау және оның жолын кесу мақсатында мүдделі органдар оларды қызықтырған ақпаратты "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы алады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      17. Транзитке берiлген рұқсат басқа заңды және жеке тұлғаға берiлмейдi.

      18. Уәкілетті орган рұқсат беруден мынадай:

      1) өтiнiш берушiнің рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;

      2) өтiнiш берушiнің және (немесе) рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) уәкілетті мемлекеттік органның рұқсат беру үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) өтiнiш берушiге қатысты оның қызметіне немесе рұқсатты алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) өтiнiш берушiге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтiнiш берушiнің мемлекеттік рұқсат алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы жағдайларда бас тартылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өнiмнiң транзитiне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өнім транзитіне берілетін рұқсат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1. Рұқсат №

2. Өтiнiш берушi (толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны):

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны):

4. Жүк алушы (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны):

5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті
- кіру:
- шығу:

7. Көлiк түрi:

8. Келiсiм-шарттың валютасы:

9. Өнімнің атауы:

10. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды:

12. Өлшем бiрлiгi:

14. Өнімнің жалпы құны:
- төлем валютасымен:
- теңгемен:
- доллармен (USD):

11. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

13. Саны:

15. Сыртқы сауда келiсiм-шарттың нөмірі және күнi:

16. Келiсiлдi:

17. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

18. Рұқсаттың ерекше шарттары:

19. Уәкiлеттi орган _________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Қолы, мөрдің орны ______________ (қағаз тасығыштағы рұқсаттар үшін)
Берілген күні: _____ жылғы "___" _________

 
  Өнiмнiң транзитiне
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

№ __ өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1. __________________________________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)

2. Өтiнiш берушi ______________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі; заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмiрі, шетелдік заңды тұлғаның филиалының немесе өкілеттілігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда; елі, заңды мекен-жайы, телефондар, электрондық мекенжайы)

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы , елi, заңды мекенжайы, телефоны):

4. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті
- кіру:
- шығу:

7. Көлiк түрi:

8. Келісім-шарттың валютасы:

9. Өнімнің атауы:

10. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды:

12. Өлшем бiрлiгi:

14. Өнімнің жалпы құны:
- төлем
валютасымен:
- теңгемен:
- доллармен (USD):

11. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

13. Саны:

15. Сыртқы келiсiм-шарттың нөмірі және күнi:

16. Осымен көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға рұқсатты беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің өтініш берілетін түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші рұқсатты беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

17. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

18. Рұқсаттың ерекше шарттары:

19. Өтініш беруші ________ _______________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" _______________

20. Уәкілетті орган ______________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Өтініш қарауға қабылданды 20___жылғы "____" _________________

 
  Өнiмнiң транзитiне
рұқсат беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 03.03.2017 № 131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Көрсеткіштер

Көрсеткіш мазмұны

Ескертпе

1

Жүктің толық атауы



2

Өлшем бірлігі



3

Саны



4

Қауіптілік сыныбы



5

БҰҰ коды



6

ҮЖН коды



7

ЕЭК СЭҚ ТН коды



8

Өтініш беруші ұйымның толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны



9

ҚР аумағы бойынша экспедитор ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

су көлігімен тасымалданған жағдайда талап етілмейді)

шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

10

Тасымалдаушының ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдауға лицензиясы

лицензияның нөмiрi, берілген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы

ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау кезінде

11

Жүктерді күзету ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны, шарттың нөмірі және күні

(теміржол және су көлігімен тасымалдаған жағдайда талап етілмейді)

күзетілетін өнімнің номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

12

Жүкті физикалық қорғау жөніндегі ұйымының күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжат

күзет қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияның нөмiрi, берген күні, оны берген мемлекеттiк органның атауы


13

Көлік түрі

теміржол, автомобиль немесе су, немесе әуе

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде көлік құралының деректері қосымша көрсетіледі

14

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаттың нөмірі (1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде)

Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 770 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің Пиротехникалық бұйымдары бар қауіпті жүктердің сыныптамасына сәйкес 1.4-ішкі сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды тасымалдау кезінде талап етілмейді

рұқсаттың көшірмесі қоса беріледі

15

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралы жүргізушісінің дайындығы туралы куәліктің (жүргізушіге қауіпті жүктерді автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік) нөмірі

1.4 көлік қауіптілігінің кіші сыныбы бар пиротехникалық бұйымдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде

куәліктің көшірмесі қоса беріледі

16

Жүк жөнелтуші толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны



17

Жүк қабылдаушы толық атауы, заңды мекенжайы, телефоны




Тасымалдау бағыты:



18

Жөнелтуші өткізу бекетінің атауы, елі



19

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы кіру кезіндегі өткізу бекетінің атауы



20

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалу бағыты

темір жол көлігімен тасымалдау кезде толтырылмайды

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде қозғалу бағыты арнайы рұқсатқа сәйкес көрсетіледі

21

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шығу кезіндегі өткізу бекетінің атауы



22

Жеткізілу өткізу бекетінің атауы, елі



23

Тасымалдау мерзімі күні, айы, жылы - күні, айы, жылы


өтініштің 8-бағанына сәйкес

24

Үшінші адамдарға және қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу жөніндегі өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы деректер

сақтандыру компаниясының атауы, заңды мекенжайы, телефондары, шартты жасау нөмірі және күні

сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі шарттың қолданылу мерзімімен сәйкес келеді

25

Авариялық карточканың нөмірі

автомобиль көлігімен 1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат бар болған кезінде талап етілмейді

өтініш берушінің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған авариялық карточканың көшірмесі қоса беріледі

26

Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты)

"Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес химиялық өнімге қатысты

өтініш берушінің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған көшірмесі қоса беріледі

      Өтініш беруші ___________ ________________________________________________________

      лауазымы, қолы                  (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

  Күні ______________