Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 қазанда № 12197 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 308 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.04.2023 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2020 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет–порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2–тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылық министрі

      __________________А. Мамытбеков

      2015 жылғы 23 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      __________________А. Сәрінжіпов

      2015 жылғы 17 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      __________________И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 8 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________Е. Досаев

      2015 жылғы 3 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________________В. Школьник

      2015 жылғы 20 шілде



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 384 бұйрығымен
бекітілген

Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2020 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Эспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру" және өнімнің транзитіне рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Егер межелі елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынса, осы Қағидалардың күші қолданылмайды және өнімнің транзитіне рұқсат (бұдан әрі - Рұқсат) берілмейді.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, шет мемлекеттердiң және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне жол берiлмейдi.

      3. Рұқсат сыртқы сауда келiсiмшартында (шартта) өнімнің саны мен номенклатурасына қарамастан, кемінде он белгі деңгейінде кодын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодына сәйкес тауардың бір түріне беріледі.

      4. Рұқсат жеке және заңды тұлғаларға оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге беріледі.

      Рұқсаттың қолданылу мерзімі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының және экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың қолданылу мерзімімен шектеледі.

      Егер өнімнің транзиті көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда рұқсат автоматты түрде жойылады.

      Берілген рұқстақа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.

      5. Берiлген рұқсат басқа заңды немесе жеке тұлғаға берiлмейдi.

      6. "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы:

      Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталына www.egov.kz (бұдан әрі-портал);

      шетелдік заңды тұлғалар үшін:

      1) Мемлекеттік корпорацияға;

      2) порталға;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынады.

      9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін шетелдік заңды тұлғалар кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынады, олардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Шетелдік заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз құжат нысанында беріледі.

      Құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында жазылған.

      12. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнімді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің алдын алу және жолын кесу мақсатында оларды "Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысымен көзделген тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді.

      Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өнімнің транзитіне рұқсат беру келісілген болып есептеледі.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Орындаушы құжаттарды қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне не беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – қолма-қол;

      2) портал арқылы - электронды.

      18. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларына
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.05.2022 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Экспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі ‒ портал);
3) шетелдік заңды тұлғалар үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өнімнің транзитіне рұқсат беру не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық қужат нысанда мемлекеттік өызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
мемлекеттік қызмет электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;
3) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Осы өтініш электрондық түрде word немесе excel форматында ұсынылады;
2) жеке куәлік, өкілдің өкілеттігін растайтын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) шетелдік заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат;
4) шетелдік жеке тұлға үшін - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат;
5) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өнімді әкетуге рұқсаттың бар екендігі туралы құжат;
6) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасы мен көлемі физикалық және құндық мәнде көрсетіле отырып, оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнім беруге арналған келісімшарт;
7) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі мәселелері жөніндегі заңнамасы);
8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының өз тарапынан тасымалдаудың нақты жағдайларына, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына тексеру жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу кепілдігін растайтын хаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының, анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру қажеттілігіне және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтаруға байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
9) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып), өнім жүк жөнелтушінің транзитпен өткізілетін өнімді кері қабылдап алуға оның сөзсіз келісімін растайтын хаты (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған);
10) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер.
Осы тармақтың 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар, түпнұсқаларында немесе нотариат куәландырған көшірмелерінде ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
2. Порталға:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
2) шетелдік заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) шетелдік жеке тұлға үшін - жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың бар екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
5) Сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында өнімнің номенклатурасы мен көлемі физикалық және құндық мәнде көрсетіле отырып, оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнім беруге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі қоса беріледі;
6) Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі құзыретті органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуы анықталған жағдайда, тасымалдаудың нақты жағдайларына, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, кері тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажетті іс-қимылдарына тексеру жүргізуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығыстарының өтелуіне өз тарапынан кепілдік берілгенін растайтын көрсетілетін қызметті алушы хатының, анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру және/немесе жүкті экспорт мемлекетіне қайтару қажеттілігіне байланысты (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
8) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, өнімді жүк жөнелтушінің (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) транзитпен өткізілетін өнімді кері қабылдауға оның сөзсіз келісімін растайтын хатының электрондық көшірмесі (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып);
9) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
Осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көрсетілген құжаттар нотариалдық куәландырылған көшірмелерінде ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың бар екендігі туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасындағы өнімнің номенклатурасы мен көлемі физикалық және құндық мәнде көрсетіле отырып, оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып), өнім жүк жөнелтушінің транзитпен өткізілетін өнімді кері қабылдап алуға оның сөзсіз келісімін растайтын хаты (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған);
5) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі қозғалыс маршруты, кіру және шығу шекаралық пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
6) әскери қарауыл адамдарының саны, олардың қару - жарақтары мен оқ-дәрілері (маркасы (типі), калибрі, саны) туралы деректер көрсетілген әскери қарауыл туралы ақпарат-әскери (қосарланған) мақсаттағы өнімнің әскери қарауыл транзитін алып жүру кезінде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген келісімшарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, елдің заңнамасында көзделмеген құжаттың болмауы түсіндірме хат ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының немесе шетелдік мемлекеттік органның және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға немесе шетелдік заңды тұлғаға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
5) көрсетілетін қызметті алушыға немесе шетелдік заңды тұлағаға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлғаға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған болса.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметі көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – www. gov. kz/ mem leke t/ ent itie s/ miid, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – www. comprom. miid. gov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі интернет-ресурсында;
3) www. egov. kz порталында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті алушының ұйымдары)

      __________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атаулары:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3) _______________________________.

      ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті

      (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін

      қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден жасалды.

      ТАӘ (бар болса) ("Азаматтарға арналған үкімет"

      Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы: ТАӘ (бар болса) _________________

      Телефоны _________________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (бар болса)/қолы

      20__ ж. "___" _________

  Өнімнің транзитіне рұқсат
беру қағидарларына
3-қосымша
  Нысаны

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті



Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан




Нұр-Сұлтан қ.


Нұр-Сұлтан қ.




Нөмір:[Құжаттың нөмірі]


Берілген күні:
[Берілген күні] жылы






[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН]







ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ


Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тарту негіздемесі]




[Қол қоюшының лауазымы]


[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]

  Өнімнің транзитіне рұқсат беру
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Өнім транзитіне берілетін рұқсат

1. Рұқсат №

2. Көрсетілетін қызметті алушы (толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны):

3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны):

4. Баратын ел:

5. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны):

6. Тағайындау елі:

7. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi:

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті
- кіру:
- шығу:

9. Көлiк түрi:

10. Келiсiмшарттың валютасы:

11. Өнімнің атауы:

12. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды:

14. Өлшем бiрлiгi:

16. Өнімнің келісімшарт валютасындағы жалпы құны:

13. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды:

15. Саны:

17. Сыртқы сауда келiсiмшартының нөмірі және күнi:

18. Келiсiлдi:

19. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні:

20. Рұқсаттың ерекше шарттары:

21. Уәкiлеттi орган _________________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________
тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Берілген күні: _____ жылғы "___" _________