2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 9 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығымен бекітілген |
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында,
сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық
ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған
адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 26.05.2017 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 1-тармағының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық практиканы жүзеге асыруға шетелдік мамандарды жіберу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
клиникалық практика (пациенттермен жұмыс) – орта немесе жоғары медициналық білімі бар мамандар жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қызмет;
мамандардың кәсіби дайындығын және біліктілігінің сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – жеке тұлғаға клиникалық мамандыққа сәйкес келу және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу құқығын беретін құжат;
сертификаттау – медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келуін айқындауға және оларға тиісті маманның сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған міндетті рәсім;
шетелдік маман – Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес маман сертификатын алуға үміткер медициналық білімі бар жеке тұлға.
3. Шетелдік мамандар Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес медициналық мамандықтар бойынша жіберіледі.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес
ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық
ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға
шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу тәртібі
4. Шетелдік мамандар сертификаттаудан өту үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі – аумақтық департамент) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маман сертификатын беру туралы өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) Қазақстан Республикасының аумағында мәлімделген мамандық бойынша білімі туралы, интернатураны немесе резидентураны не клиникалық ординатураны (олар бар болса) бітіргені туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережелеріне сәйкес берілген құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік.
Қазақстан Республикасы аумағындағы білім беру ұйымдарын бітірген шетелдік мамандар медициналық білім туралы дипломды және мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжатты (егер бар болса) ұсынады;
4) шетелдік маман тұрған елде берілген мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практиканың жүзеге асырылуын растайтын құжат;
5) жалпы көлемі 108 сағаттан кем емес, соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттар;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
7) шетелдік маманда қылмыстық құқық бұзушылықтардың және (немесе) медициналық қызметпен айналысудан айырудың (тыйым салудың) жоқтығын растайтын құжат;
8) жұмыс берушіге (денсаулық сақтау ұйымы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
9) білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін өзгерткен адамдар үшін атын, әкесінің атын (егер бар болса), тегін ауыстыру туралы немесе неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік;
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 болып тіркелген) Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларына сәйкес жүргізілетін Бағалаудың оң нәтижесі.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжатты жұмысқа алғаш рет тұратын адамдар ұсынбайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжатты адамдар оқу орнын бітірген күннен бастап бес жыл өткенге дейін ұсынбайды.
Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде бес жылдан астам үзілісі бар адамдар сертификат алу үшін мәлімделген мамандық бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттырудан өтеді.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжатта сағаттар көрсетілмеген жағдайда есептеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген құжатты оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа алғаш рет тұратын адамдар ұсынбайды.
Осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген құжатты Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетел қызметкерлері ұсынбайды.
Осы тармақтың 10) тармақшасында көзделген құжатты медициналық қызметпен айналысуды растайтын лицензиясы не өзге де құжаты болған жағдайда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің шетелдік азаматтары ұсынбайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтінішті қоспағанда, құжаттар түпнұсқасымен салыстыру үшін көшірмелер түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттың түпнұсқасы шетелдік маманға қайтарылып беріледі, салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
Шет тілінде берілген құжатқа қосымша қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасы ұсынылады.
Шетелдік мамандар "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінген кезде осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады.
Шетелдік мамандар сертификат алуға құжаттарды Қағидалардың осы тармағына сәйкес тізбе бойынша қолда бар сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын тапсырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.05.2019 № ҚР ДСМ-81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Шетелдік маман ұсынған құжаттарды қарау нәтижесі оң болған жағдайда аумақтық департамент маман сертификатын осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бес жыл мерзімге Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электронды түрде береді.
Сертификатты беру мерзімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы аумақтық департаментке түскен кезден бастап бес жұмыс күнін құрайды.
Сертификатты беру туралы шешім аумақтық департамент басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.05.2019 № ҚР ДСМ-81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Кімге_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
кімнен__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
пошталық мекенжайы _____________________________________________________________
контактылы телефон ______________________________________________________________
Маман сертификатын алу туралы өтініш
Қазақстан Республикасының аумағында денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеу
үшін____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атын көрсету)
медициналық мамандық бойынша___________________________________________________
(медициналық мамандықты көрсету)
клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беруді сұраймын.
Денсаулық сақтау ұйымы туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны __________________________________________________________
2. Ұйымның мекенжайы_____________________________________________________
(облыс, қала, аудан, көше, үйдің №, телефон)
________________________________________________________________________________
3. Филиалдары, өкілеттіліктері _______________________________________________
(орналасқан жері)
Өтінішке қоса беріліп отырған құжаттар (саны және атауы):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Шетелдік маман __________________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
"__" ______________ 20__ ж. |
Маман сертификаты
________________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандық)
мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберуге рұқсат беру үшін осы маман
сертификатын алды.
Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20_____ жылғы
"___"_____________ № _____ бұйрығы
Сертификат 20 ____ жылғы " ___" ____________ дейiн жарамды
Тiркеу № ___________
Берiлген күнi 20__ жылғы "__"___________
Басшының қолы______________
Мөр орны |