Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-274/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабы 1-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12185 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
А. Цой |
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында,
сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық
ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған
адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 1-тармағының 114) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық практиканы жүзеге асыруға шетелдік мамандарды жіберу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
клиникалық практика (пациенттермен жұмыс) – орта немесе жоғары медициналық білімі бар мамандар жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қызмет;
мамандардың кәсіби дайындығын және біліктілігінің сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – жеке тұлғаға клиникалық мамандыққа сәйкес келу және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу құқығын беретін құжат;
сертификаттау – медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келуін айқындауға және оларға тиісті маманның сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған міндетті рәсім;
шетелдік маман – Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес маман сертификатын алуға үміткер медициналық білімі бар жеке тұлға.
3. Шетелдік мамандар Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес медициналық мамандықтар бойынша жіберіледі.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес
ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық
ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға
шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу тәртібі
4. Шетелдік мамандар сертификаттаудан өту үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маман сертификатын беру туралы өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) Қазақстан Республикасының аумағында мәлімделген мамандық бойынша білімі туралы, интернатураны немесе резидентураны не клиникалық ординатураны (олар бар болса) бітіргені туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережелеріне сәйкес берілген құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;
4) шетелдік маман тұрған елде берілген мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практиканы жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
5) жалпы көлемі 108 сағаттан кем емес, соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатудан өткенін растайтын құжаттар;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
7) шетелдік маманда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың және (немесе) медициналық қызметпен айналысудан айырудың (тыйым салудың) жоқтығын растайтын құжат;
8) жұмыс берушіге (денсаулық сақтау ұйымы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары берген, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
9) білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (ол бар болса) өзгерткен тұлғалар үшін тегін, атын, әкесінің атын (ол бар болса) ауыстырғаны, некеге отырғаны немесе некені бұзу туралы куәлік;
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 болып тіркелген) Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларына сәйкес жүргізілетін Бағалаудың оң нәтижесі.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжатты жұмысқа алғаш қабылданатын тұлғалар ұсынбайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжатты тұлғалар оқу орнын тәмамдаған күнінен бастап бес жыл өткенге дейін ұсынбайды.
Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде бес жылдан астам үзілісі бар тұлғалар сертификат алу үшін мәлімделген мамандық бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін жоғарылатудан өтеді.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжатта сағаттар көрсетілмеген жағдайда, есеп Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген құжатты оқу орнын тәмамдаған жұмысқа алғаш қабылданатын тұлғалар ұсынбайды.
Осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген құжатты Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетел жұмысшылары ұсынбайды.
Осы тармақтың 10) тармақшасында көзделген құжатты лицензия не медициналық қызметпен айналысуды растайтын өзге де құжаты болған жағдайда экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елінің шетелдік мамандары ұсынбайды.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтінішті қоспағанда, түпнұсқамен салыстыру үшін құжаттардың көшірмелері түрінде ұсынады, одан кейін құжаттың түпнұсқасы шетелдік маманға қайтарылады, құжаттардың түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда салыстыру үшін нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады.
Шетел тілінде берілген құжатқа қосымша қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы ұсынылады.
5. Шетелдік маман ұсынған құжаттарды қарау нәтижесі оң болған кезде аумақтық департамент осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бес жыл мерзімге сертификат береді.
Сертификатты алу мерзімі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап он жұмыс күнін құрайды.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған немесе осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда аумақтық департамент екі жұмыс күні ішінде сертификат беруден дәлелді бас тартуды жібереді.
Сертификатты беру туралы шешім аумақтық департаменттің басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Кімге_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
кімнен__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
пошталық мекенжайы _____________________________________________________________
контактылы телефон ______________________________________________________________
Маман сертификатын алу туралы өтініш
Қазақстан Республикасының аумағында денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеу
үшін____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атын көрсету)
медициналық мамандық бойынша___________________________________________________
(медициналық мамандықты көрсету)
клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беруді сұраймын.
Денсаулық сақтау ұйымы туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны __________________________________________________________
2. Ұйымның мекенжайы_____________________________________________________
(облыс, қала, аудан, көше, үйдің №, телефон)
________________________________________________________________________________
3. Филиалдары, өкілеттіліктері _______________________________________________
(орналасқан жері)
Өтінішке қоса беріліп отырған құжаттар (саны және атауы):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Шетелдік маман __________________ _______________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
"__" ______________ 20__ ж.
Маман сертификаты
________________________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандық)
мамандығы бойынша клиникалық практикаға жіберуге рұқсат беру үшін осы маман
сертификатын алды.
Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20_____ жылғы
"___"_____________ № _____ бұйрығы
Сертификат 20 ____ жылғы " ___" ____________ дейiн жарамды
Тiркеу № ___________
Берiлген күнi 20__ жылғы "__"___________
Басшының қолы______________
Мөр орны