Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-274/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 9 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығымен бекітілген |
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2020 № ҚР ДСМ-27/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 114) тармақшасына, 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық практиканы жүзеге асыруға шетелдік мамандарды жіберу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) клиникалық практика (пациенттермен жұмыс) - орта немесе жоғары медициналық білімі бар мамандар жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қызмет;
2) мамандардың кәсіби дайындығын және біліктілігінің сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) - маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
3) маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) - жеке тұлға біліктілігінің клиникалық мамандыққа және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған белгіленген үлгідегі құжат;
4) семинар, тренинг (мастер-класс) – кадрлардың біліктілігін теориялық немесе практикалық арттырудың формалары;
5) сертификаттау - медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келуін айқындауға және оларға тиісті маманның сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған міндетті рәсім;
6) шетелдік маман - Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес маман сертификатын алуға үміткер медициналық білімі бар жеке тұлға.
3. Шетелдік мамандар Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес медициналық мамандықтар бойынша жіберіледі.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналықұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу тәртібі
4. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Университетінде" немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды (бұдан әрі - қызмет алушы) клиникалық практикаға жіберуді (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі- қызмет беруші) жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу" мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет электрондық түрде www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы және қағаз түрінде "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетіледі.
6. Семинарлар, тренингтер (мастер-кластар) шеңберінде шақырылмаған клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін шетелдік мамандарды жіберу үшін):
1) маман сертификатын беру туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық алған үміткердің білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат.
Қазақстан Республикасының аумағында білім беру ұйымдарын бітірген қызмет алушылар медициналық білімі туралы дипломын және өтініш берілген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжатты (болған кезде);
4) шетелдік маман тұрған елде берілген мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практиканы жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
5) жалпы көлемі 108 сағаттан кем емес, соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттырудан өткенін растайтын құжаттар;
6) 2016 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
7) жұмыс берушіге (денсаулық сақтау ұйымы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары берген, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
8) атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін ауыстыру туралы немесе неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін өзгерткен шетелдік тұлғалар үшін білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол болған кезде), тегін ауыстыру туралы құжат.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжатты жұмысқа алғаш қабылданатын тұлғалар ұсынбайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжатты тұлғалар оқу орнын тәмамдаған күнінен бастап бес жыл өткенге дейін ұсынбайды.
Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде бес жылдан астам үзілісі бар адамдар сертификат алу үшін мәлімделген мамандық бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттырудан өтеді.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген құжатта сағаттар көрсетілмеген жағдайда есептеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарының 15-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген құжатты оқу орнын тәмамдаған жұмысқа алғаш қабылданатын тұлғалар ұсынбайды.
Осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген құжатты Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетел жұмысшылары ұсынбайды.
Шет тілінде берілген құжатқа қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариалдық куәландырылған аудармасы ұсынылады.
Қызмет алушы қолданыстағы сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей Қағидалардың осы тармағына сәйкес тізбе бойынша сертификат алуға арналған құжаттарды береді.
7. Қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау нәтижелерін алады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінен қызмет алушының медициналық қызметпен айналысқанын растайтын лицензиясы не өзге құжаты болған жағдайда бағалануға жатпайды.
8. Семинарлар, тренингтер (мастер-кластар) шеңберінде шақырылған клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін шетелдік мамандарды жіберу үшін:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес толтырылған мәліметтер нысаны;
3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
4) көрсетілетін қызметті алушы шетелде алған медициналық қызметпен айналысуға құқық беретін құжат.
5) көрсетілетін қызметті алушы мен соның негізінде іс-шара өткізілетін медициналық ұйым арасындағы семинар, тренинг (мастер-класс) өткізу туралы шарт және/немесе келісім.
Бұл ретте, келісім шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуге тиіс.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аударма қосымша ұсынылады.
Қызмет алушы порталға жүгінген кезде осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмелер түрінде ұсынады.
Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынған жағдайда:
портал арқылы қызмет алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі;
Мемлекеттік корпорацияға - қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тиісті маман сертификаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық түрде портал арқылы не қағаз түрінде Мемлекеттік корпорация арқылы қолхат негізінде, жеке куәлігін көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүзеге асырылады.
Шетелдік маман ұсынған құжаттарды оң қараған кезде маман сертификаты өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бес жыл мерзімге беріледі.
Сертификат беру туралы шешім аумақтық департамент басшысының бұйрығымен ресімделеді.
10. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін үміткердің ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) үміткердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) үміткерге қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;
4) үміткерге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса негіз болып табылады.
11. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақщшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қызмет берушінің, денсаулық сақтау саласындағы және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі уәкілетті органдары басшысының атына шағым беріледі.
Шағымдарды қарау мерзімдері тіркелген күннен бастап:
1) қызметті берушімен – 5 (бес) жұмыс күн;
2) денсаулық сақтау саласындағы және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі уәкілетті органдармен- 15 (он бес) жұмыс күн.
"Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншілес ұйымдарында, сондай-ақ Назарбаев Университетінде немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған тұлғаларды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттері |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1)www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күн |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық/қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Жұмыс кестесі |
1)қызмет беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
1) өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) қызмет алушы ұсынған құжаттарының және (немесе) ішінде (мәліметтер) анық еместігі болса; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Қызмет алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Кімге_____________________________________________________________
мемлекеттік органның толық атауы)
____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Пошталық мекен-жайы __________________________________
Байланыс телефоны _____________________________________
Маман сертификатын беру туралы өтініш
Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беруіңізді сұраймын.
медициналық мамандық _____________________________________
Денсаулық сақтау ұйымында жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында (медициналық мамандығын көрсету)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Денсаулық сақтау ұйымының атауын көрсету))
Денсаулық сақтау ұйымы туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны ________________________________________
2. Ұйымның мекен-жайы _______________________________________
(облыс, қала, аудан, көше, үйдің №, телефон)
___________________________________________________________________
3. Филиалдары, өкілдіктері ________________________________
(орналасқан жері)
Өтінішке қоса берілетін құжаттар (саны және атаулары)): _____________________
Шетел маманы __________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
"__" ______________ 20__ г.
Маман сертификатын алу туралы өтініш
Қазақстан Республикасының аумағында 20___ "___"____________ бастап
20___ "___"____________ дейін денсаулық сақтау ұйымдарында ____________
____________________________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымының атын көрсету)
медициналық мамандықбойынша_______________________________________
(медициналық мамандықты көрсету)
клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын мынадай жұмыс істеуүшін беруді сұраймын:
терапиялық бейіні бойынша семинар, тренингтерді (мастер-класстарды) жүргізу (қажетті бейінді қанатшамен ☑ белгілеңіз )
хирургиялық бейіні бойынша семинар, тренингтерді (мастер-класстарды) жүргізу (қажетті бейінді қанатшамен ☑ белгілеңіз)
Шақырушы тарап (медициналық ұйым) туралы мәлімет мәліметтер:
1. Меншік нысаны _______________________________________________
2. Ұйымның мекенжайы__________________________________________
3. Филиалдары, өкілеттіліктері ____________________________________
(орналасқан жері)
4. семинар, тренинг (мастер-класс) өтетін жердің мекенжайы___________
________________________________________________________________
5. Медициналық қызметке лицензиясы және оған мынадай кіші түрі бойынша қосымша
бар _____________________________________________________
____________________________________________________________________
(медициналық қызметтің кіші түрін көрсету)
Шақырылып отырған тарап семинар, тренингті (мастер-класстартарды) сапалы жүргізу
үшін барлық талаптарға сәйкес келеді.
Өтінішке қоса беріліп отырған құжаттар (саны және атауы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мен көрсетілген мәліметтердің растығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптымын.
Шетелдік маман _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
________
(қолы)
20____жылғы "___"_______
Мәліметтер нысаны
1: Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________
____________________________________________________________________
2. Азаматтығы___________________________________________________
(ел)
3. Білімі________________________________________________________
3.1. Білімі туралы құжатты берген білім беру ұйымының толық атауы____
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3.2. Оқытқан ел__________________________________________________
3.3. Оқуға түскен жыл____________________________________________
3.4. Оқуды бітірген жыл__________________________________________
3.5. Дипломы бойынша мамандығы_________________________________
3.6. Дипломы бойынша біліктілігі__________________________________
4. Шетелде шетел маманымен алған медициналық қызметпен айналысуға құқық
беретін құжат бойынша мамандығы, берілген күні және мерзімі_____________
____________________________________________________________________
5. Шетелде шетел маманымен алған медициналық қызметпен айналысуға құқық
беретін құжатты берген ұйымның атауы___________________________________
____________________________________________________________________
6. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі_____________________
7. Ғылыми дәрежесі (ол болған жағдайда)
Мен көрсетілген мәліметтердің растығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптымын.
Шетелдік маман _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________
(қолы)
20____жылғы "___"___________
Маман сертификаты
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
шын мәнінде осы маман сертификатын алды.
практика мамандығы бойынша
_________________________________________________________________________.
(номенклатура бойынша мамандық)
Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы бастап "____" ___________ 20 ____ Қазақстан Республикасы ________
Сертификат дейін жарамды "____" ___________ 20____ жыл
Тіркеу № ____
Берілген күні "____" ___________ 20 ___ жыл
Басшының қолы_____________
Мөр орны
Маман сертификаты
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
шын мәнінде мамандық бойынша клиникалық қызметпен байланысты (пациенттермен жұмыс) семинар, тренинг (мастер-класс) өткізуге рұқсат беру үшін осы маман сертификатын
алды ________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандық)
мерзімге "___" _________ 20___ бойынша "___"__________ 20___ жұмыс үшін
жыл______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(семинар, тренинг профилін көрсету (мастер-класс)))
Оны беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы
"____" ___________ 20 ____ Қазақстан Республикасы ________
Сертификат дейін жарамды "____" ___________ 20____ жыл
Тіркеу № ____
Берілген күні "____" ___________ 20 ___ жыл
Басшының қолы_____________
Мөр орны