Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 637 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қазанда № 12158 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығымен.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 637 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімі

      1. "Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9951 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы № 28 (28506) "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымында, құрамы және мазмұнында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) берілген жер учаскесінің алаңын, оның шекаралары мен орналасқан жерін, жер учаскелерінің шектес меншік иелері мен жер пайдаланушыларын, сондай-ақ берілетін жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттарын нақтылайтын жер учаскесіне құқық берілгені туралы жерге орналастыру жобасының көшірмесі.

      Тұрғын үй, саяжай құрылысына және бағбандық үшін бөліп берілетін алаңға жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, ресімделіп отырған жер учаскесінің жер-кадастрлық ісіне жоғарыда аталған жерге орналастыру жобасының үзінді көшірмесі кіргізіледі. Әрбір жер учаскесі үшін жерге орналастыру жобасын әзірлеу талап етілмейді;".

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.12.2017 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:

      8-тармақтың:

      1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;";

      2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;";

      3) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін күнтізбелік 7 күннің ішінде Әкімші, маман және сенім білдірілген өкіл (агент) арасында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй салу үшін бюджеттік кредит беру туралы келісім жасалады.".

      4. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10029 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган жыл сайын, 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін, оның ішінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.".

      5. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10059 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшылар үшін өткізіледі.".

      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.09.2016 № 434 (10.10.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10124 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларда:

      7-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

      "(Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)".

      8. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларында:

      194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "194. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын республикалық БИЖ және жергілікті БИЖ бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, оның ішінде электрондық порталға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.";

      4-қосымшада:

      ескертпенің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджет - республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін кредиттер мен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылуы жоспарланған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ТЭН іс-шараларын іске асыруға сұратылатын сома;";

      17-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жолдың 1-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік органның атауы";

      21-қосымшада:

      23-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жиыны, мың теңге".

      9. "Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10110 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларында:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдауға қатысушының жазбаша түрде білдірген пікірі жеке немесе заңды тұлғаның ресми тұлғаға берген өтінішіне теңестіріледі және міндетті түрде тыңдау хаттамасына енгізуге, одан әрі табиғи монополия субъектісінің қарауына және тиісті шаралар қолдануға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша табиғи монополия субъектісі тыңдауға қатысушыны нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.".

      10. "Жергілікті атқарушы органдардың 2014-2016 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10098 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жергілікті атқарушы органдардың 2014-2016 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың 2014-2016 жылдарға арналған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерінде:

      қазақ тіліндегі оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 156 бұйрығымен бекітілді".

      11. "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидасында:

      41-тармақтың 1) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітіліген Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидаларында:

      4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессионер республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның және/немесе олардың тиісті расталған өкілеттіктері бар сенімді тұлғаларының сұрау салуы бойынша басқару тиімділігін дұрыс және объективті талдау үшін бүкіл қажетті ақпаратты қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынады.";

      11-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоба бойынша шарттық құжаттаманың сақталуын және өзгеруін бақылау: жабдықтарды жеткізушілер, бас мердігерлер, бөгде құрылыс ұйымдары, өңірлік және муниципалдық билік органдары (жобаға жерді жалға алған немесе сатып алған жағдайда), тартылған мамандар және т.б.;";

      көрсетілген бұйрықпен Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларында:

      8-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарда:

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Концессиялық ұсыныстардың сараптамасы концессиялық ұсыныста қамтылған ақпаратты бағалау арқылы концессиялық жобаны іске асырудың мүмкіндігі мен орындылығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

      Концессиялық ұсыныс сараптамасының қорытындысы:

      концессиялық ұсыныс бойынша құжаттама топтамасының құрамын;

      концессия схемасы бойынша концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігін;

      концессия схемасы бойынша концессиялық жобаны іске асыру орындылығын бағалауды қамтиды.

      Бағалау қорытындылары бойынша концессиялық ұсыныс сараптамасының қорытындысында тиісті ұсынымдар мен тұжырымдар келтіріледі.

      Концессия схемасы бойынша жобаны іске асыру мүмкіндігін айқындау:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігін;

      концессиялық ұсыныстарда көрсетілген мемлекеттік қолдау түрлері мен көлемін көрсету, сондай-ақ концессионердің шығындарды өтеу және кірістерді алу мүмкіндігін;

      концессиялық жоба тәуекелдері мен оларды басқару бойынша шараларды;

      институционалдық шешімдерді (тараптардың өзара іс-қимыл тетіктерін, олардың жауапкершіліктерін және басқаларды);

      концессиялық жобаның конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету құнының есептеулер, сондай-ақ қажетті сараптаулар жүргізуді бағалауға негізделеді.

      Концессия схемасы бойынша жобаны іске асыру орындылығын айқындау:

      жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін;

      жобаны іске асырудың коммерциялық тиімділігін;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ концессиялық жобаның болжамды соңғы нәтижесінің бар-жоғын;

      маркетингтік зерттеу нәтижелерін, оның ішінде концессиялық жобаны іске асырудың нәтижесінде түзілетін өнімдерге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) сұранысты;

      концессия схемасы бойынша, оның ішінде балама схемалар кезінде жобаны іске асыру кезіндегі мемлекеттің пайдалары мен шығындарының және жобаны қаржыландыру көздерінің (мемлекеттік қарыз, бюджеттік инвестициялар немесе басқалар) арақатынасын;

      концессиялық жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланған физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын;

      концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізудің таңдап алынған тәсілін (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып немесе екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай), сондай-ақ концессия шартының түрін бағалауға негізделеді.".

      12. "Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10148 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларында:

      16-тармақтың үшінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      13. "Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10170 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) атқарушы агенттік - байланысты емес гранттарды пайдалануды мониторингілеу процесін жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті орган - байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдалану тиімділігін бағалау процестерін үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық атқарушы орган.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Атқарушы агенттіктер тиісті қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірмей немесе уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде уәкілетті органға алдағы қаржы жылында байланысты емес гранттарды тарту мақсатында басым жобалардың тізбесін қалыптастыру үшін өтінімдер береді. Атқарушы агенттіктердің көрсетілген мерзімдерден кейін берілген өтінімдерін уәкілетті орган қарамайды.

      Атқарушы агенттіктердің өтінімдері оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.

      Барлық деңгейдегі мәслихаттар аппараттарының өтінімдері тиісті облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің өтінімдерінде көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:

      "8-1 Донорлар ұсынған және уәкілетті орган мен атқарушы агенттіктермен келісілген жобалар келуі бойынша тізбеге қосылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Атқарушы агенттіктердің өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей алдағы қаржы жылына арналған, мемлекеттік органдардан өтінімдердің түсуі бойынша жыл бойы жаңартылуға жататын басым жобалардың тізбесін бекітеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Уәкілетті орган алдағы қаржы жылына арналған басым жобалар тізбесін бекіткеннен кейін донорларға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланысты емес гранттарды тарту туралы өтінім жібереді.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Байланысты емес гранттардың пайдаланылуын бағалауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган қажет болған жағдайда:

      1) атқарушы агенттіктерден және/немесе бенефициарлардан беру мерзімін көрсете отырып қосымша ақпарат сұратады;

      2) атқарушы агенттіктер беретін ақпаратты растау үшін жоба іске асырылатын жерге уәкілетті тұлғаларды жібереді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шараларды қабылдайды.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Атқарушы агенттік жыл сайын тиісті қаржы жылының 15 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының байланысты емес гранттарды пайдаланғаны туралы ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.";

      осы Қағидамен бекітілген Байланысты емес гранттарды тартуға өтінімінің оң жақтағы жоғары бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына қосымша";

      көрсетілген Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына қосымшаның 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аралас қызмет (осы тақырыпқа зерттеулер жүргізілген бе, осы іс-шараға басқа донорлардан грант тартылған ба)".

      14. "Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10181 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) тарифтік квота көлемін тарихи өнім берушілер арасында бөлуді осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыруды;

      2) еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квота көлемдері (бекітілген, қолданылған, бөлінбей қалғандары) туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды, тиісті ақпаратты орналастыруды және осы Қағидаларда көрсетілген басқа рәсімдерді қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларында:

      2-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Импортқа арналған лицензияны жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдері таусылғанға дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган береді.";

      көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында:

      1-бағанның 3 жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пісірілген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сарделькалар".

      15. "Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін болжау әдістемесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жоспарлы кезеңге арналған бюджетке түсетін түсімдерді болжау кезінде қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістер ескеріледі.";

      13-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықтың 24-қосымшасында:

      1-бағанының реттік нөмірі 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келісімшартта көзделген шегерімдер".

      16. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10354 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеу әдістемесінде:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Субъект тұтынатын Субъектілердің m реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған, і жылы болжанатын тарифтік табысты есептеу үшін қабылданған тариф (баға, алым мөлшерлемесі) мына формула бойынша анықталады:

      Тmі = Тml х ИПР2 х ИПР3 х... х ИПРі,

      мұндағы:

      і - тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл;

      Тml - тарифтік бақылау кезеңінің бірінші жылына арналған тарифтік кірісті есептеу үшін қабылданған Субъекті тұтынатын табиғи монополия субъектілерінің т реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі), теңге;

      ИПР2,3..і. - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (инфляция) көзделген тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына арналған Субъект тұтынатын Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті өсу индекстері.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтер олар консервациялауда немесе бір жылдан артық жөндеуде, техникалық қайта жабдықтауда (реконструкциялауда), жалдауда болған жағдайда және ұзақ мерзімді қолданыста болмаған өзге жағдайларда, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының құрамына кірмейді.

      Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылында белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес ұзақ мерзімді активтерді пайдаланудан шығаруды және пайдалануға енгізуді ескере отырып есептеледі.".

      17. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10323 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде:

      20 тармақтың 1-тармақшасының екінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      702, 705, 706-тармақтардың орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      18. "Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10411 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидаларында:

      қазақ тіліндегі мәтінде 74-тармақ алынып тасталады, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.