"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.04.2024 № 188/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 10.03.2020 № 89/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.04.2024 № 188/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленген және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін қосқанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) жасырын мемлкеттік қызмет – мемлекеттік қызмет өлшемшарттарына жауап беретін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;
2) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі.
3. Уәкілетті органның тізілімді жүргізудің және жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтаудың негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, жасырын мемлекеттік қызметтерді есепке алу және тізілімге енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызмет шеңберінде тиісті жағдайды нақтылау үшін электрондық үкімет веб-порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметтің кіші түрлері туралы негізгі мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
4. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
5. Тізілімнің сыныпталуы мыналардан тұрады:
1) қоғамдық қатынастар салаларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын бөлімдер;
2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайларына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді топтастыру болып табылатын кіші бөлімдер;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлері арқылы жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейлерінің кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгі түріндегі сегіз таңбалы жеке жіктелген код беріледі.
Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласының бөлімін білдіреді;
2) екінші бөлім – 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;
3) үшінші бөлім – 3 цифрдан тұрады және кіші бөлім ішіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реттік нөмірін білдіреді.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сыныпталған кодын уәкілетті орган береді.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі
9. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге немесе тізілімнен шығаруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енгізу немесе тізілімінен алып тастау;
4) тізілімнің мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) мәніне мониторинг жүргізу;
5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" веб-порталында өзектендіру (жаңарту).
Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
1) жыл сайын тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге түгендеу жүргізеді;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде өзгерістерді және (немесе) осы Қағидаларға 4-қосымшаға (бұдан әрі – 4-қосымша) сәйкес нысан бойынша тізілімге мемлекеттік және орыс тілдерінде толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға ұсынады.
10. Уәкілетті орган "электрондық үкімет" веб-порталында тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін орталық мемлекеттік органдардан және жергілікті атқарушы органдардан тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың түсуіне қарай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және өзге де түйінді мәліметтерді (көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарының немесе ақпараттандыру объектілерінің атаулары, мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуы, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы) орналастыруды қамтамасыз етеді.
11. Тізілім мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
3-тарау. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізу
12. Жасырын мемлекеттік қызметтің мемлекеттік функцияны іске асыру шеңберінде құжат түрінде және (немесе) іс-әрекет түрінде нақты, үлгілік нысаны болады.
13. Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау тәртібі:
1) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар әр жартыжылдық сайын жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау мәніне талдау жүргізеді;
Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдау негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне ұсыныстар қалыптастырады;
2) орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды ұсынады, ол бойынша жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізіп, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдармен одан әрі келісу үшін тізілім жобасын әзірлейді;
3) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті тізілімге енгізу бойынша келіспеушілектер болған жағдайда, жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізу мәселесі оны тізілімге енгізудің орындылығы немесе орынсыздығы бойынша ұсыныстар шығару үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға шығарылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
Р/с № | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Мемлекеттік қызметті және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы
Бөлім | ||
Ішкі бөлім | ||
Атауы | ||
001 | Құжаттау | |
00101 | Жеке басты куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды және мәртебені алу | |
00102 | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу | |
002 | Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу | |
00201 | Жеке тұлғаларды тіркеу/ мәртебесін, тұрғылықты жерін, тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және басқа деректерін ауыстыру | |
00202 | Шетелде болу | |
00203 | Қазақстан Республикасына келу | |
003 | Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу | |
00301 | Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
004 | Отбасы және балалар | |
00401 | Отбасын құру | |
00402 | Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу | |
00403 | Балаға білім беру және бос уақыт | |
00404 | Баланы бағу және қамтамасыз ету | |
005 | Мүлік және зияткерлік меншік құқығы | |
00501 | Жылжымалы мүлік | |
00502 | Жылжымайтын мүлік | |
00503 | Зияткерлік меншік | |
00504 | Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
006 | Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау | |
00601 | Медициналық көмек | |
00602 | Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00603 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы | |
00604 | Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
007 | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау | |
00701 | Халықты жұмыспен қамту | |
00702 | Халықты жұмыспен қамту саласында рұқсат құжаттарын беру | |
00703 | Әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру | |
00704 | Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау | |
00705 | Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | |
00706 | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
008 | Білім және ғылым | |
00801 | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім | |
00802 | Білім және ғылым саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00803 | Білім және ғылым саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
009 | Бизнес және кәсіпкерлік | |
00901 | Бизнестің немесе жеке кәсіпкерліктің басталуы | |
00902 | Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметінің тоқтауы | |
00903 | Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00904 | Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00905 | Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, өткізуге және сақтауға (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) рұқсат ету құжаттарын беру | |
00906 | Кәсіпкерлік қызметті қолдау | |
010 | Туризм | |
01001 | Туризм саласындағы өзгеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
011 | Көлік және коммуникация | |
01101 | Автомобиль көлігі | |
01102 | Әуе көлігі | |
01103 | Теміржол және су көлігі | |
01104 | Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
012 | Қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін, табиғи ресурстарды қорғау | |
01201 | Қоршаған ортаны қорғау | |
01202 | Су ресурстарын пайдалану | |
01203 | Орман ресурстарын пайдалану | |
01204 | Жануарлар дүниесін пайдалану | |
01205 | Жер қойнауын пайдалану | |
013 | Ауыл шаруашылығы | |
01301 | Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
01302 | Ауыл шаруашылығы саласында рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
014 | Өнеркәсіп, индустрия және технология | |
01401 | Отын және энергетика | |
01402 | Технологиялар | |
01403 | Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01404 | Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
015 | Мұнай-газ саласы | |
01501 | Мұнай-газ саласындағы рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01502 | Мұнай-газ саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
016 | Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет | |
01601 | Салықтық әкімшілендіру | |
01602 | Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік | |
01603 | Аудиторлық қызмет | |
017 | Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау | |
01701 | Банктер қызметі саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01702 | Зейнетақы қорларының қызметі саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01703 | Сақтандыру қызметтері нарығы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01704 | Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
018 | Кеден ісі | |
01801 | Кеден ісі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
019 | Қауіпсіздік, қорғаныс және сот әділдігі | |
01901 | Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01902 | Қауіпсіздік, сот әділдігі және қорғаныс саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
020 | Бәсекелестікті қорғау | |
02001 | Бәсекелестікті қорғау саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
021 | Дін | |
02101 | Дін саласында өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
022 | Жер қатынастары, геодезия және картография | |
02201 | Жер қатынастары | |
02202 | Геодезия және картография | |
023 | Мәдениет, ақпарат және байланыс | |
02301 | Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласында рұқсат беру құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
02302 | Ақпарат | |
02303 | Мәдениет | |
024 | Төтенше жағдайлар | |
02401 | Төтенше жағдайлар саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
025 | Дене шынықтыру және спорт | |
02501 | Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
026 | Сәулет-қала құрылысы қызметі | |
02601 | Сәулет және қала құрылысы саласында рұқсат ету құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
02602 | Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
027 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | |
02701 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
028 | Сыртқы саясат және шетел істері | |
02801 | Сыртқы саясат және шетел істері саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
029 | Табиғи монополияларды реттеу | |
02901 | Табиғи монополияларды реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
030 | Мемлекеттік қызмет | |
03001 | Мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
031 | Басқа | |
03101 | Ғарыш кеңістігін пайдалану | |
03102 | Апостиль қою | |
03103 | Статистикалық ақпаратты ұсыну | |
03104 | Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Р/с № | Құрылымдық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар нысаны
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты | Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар (мемлекеттік қызметтің әрбір кіші түріне) | Ақылы болуы (мемлекеттік көрсетілетінқызметтің әрбір кіші түріне) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
оның ішінде: | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерінің нысаны (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің әрбір кіші түріне) | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі (болжанатын мерзімдер, құжаттар тізілімі және тағыда басқа) | Тізілімге толықтырулар енгізу негіздемесі (нормативтік құқықтық актіге және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сілтеме (болған жағдайда) | |
Құқықтық негіздеме | төлем мөлшері | |||
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |