Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (С.М. Жұманғарин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 43 бұйрығымен бекітілген |
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеудің кемсiтпейтiн әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Әдістеме табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін есептеу тетігін айқындайды.
3. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
бақыланатын шығындар - Субъектінің табиғи монополия субъектілерінен реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуға шеккен және оған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі бекітілетін реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) көрсетуге қажетті шығыстар;
бақыланбайтын шығындар - Субъектінің бәсекелестік нарықта ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуға шеккен және оған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі бекітілетін реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) көрсетуге қажетті шығыстар;
болжанатын тарифтік табыс - Субъектінің тарифтік бақылау қезеңінің әрбір жылында тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі белгіленген реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) көрсетуден түскен табысы;
құзыреттi орган - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және/немесе өз құзыреті шегінде жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруды тиісті аумақта жүзеге асыратын атқарушы орган;
пайданың ұйғарынды деңгейі - Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметті (жұмысты, тауарды) ұсыну бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін алуға құқығы бар тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамына кіретін пайда (таза табыс);
тарифтік бақылау кезеңі - Субъектінің тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі қолданысқа енгізілген сәттен бастап белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру жөніндегі міндеттемелерін ескере отырып, Субъект тарифінің бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін есептеу үшін қабылданатын ұзақ мерзімді кезең;
тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі - ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің есебінде қолданылатын шығындарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібінің (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін
есептеу
5. Тарифтік бақылау кезеңінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі мына формула бойынша анықталады:
мұндағы:
i – тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл;
n – орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезең, жылдар;
ПТДi – тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына болжанатын тарифтік табыстардың сомасы, теңге;
ПОУi – тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына нақты көріністе реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) болжанатын көлемдерінің сомасы.
6. Тарифтік бақылау кезінде әрбір жылға тарифтердің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекітуге жол беріледі және мына формула бойынша анықталады:
мұндағы:
i – тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл:
ПТДi – тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына болжанатын тарифтік табыстың сомасы, теңге;
ПОУі – тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) нақты көріністе болжанатын көлемі.
3. Болжанатын тарифтік табыстарды есептеу
7. Тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына болжанатын тарифтік табыстар мына формула бойынша анықталады:
ПТДi = Сi + ДУПi,
мұндағы:
i - тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл;
Ci - i жылда реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзіндік құны, теңге;
ДУПi - i жылында пайданың ұйғарынды деңгейі, теңге.
8. i жылында реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құны мына формула бойынша анықталады:
Ci = ОИi + КЗi + HЗi + Зi,
мұндағы:
i - тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл;
ОИi - оларға сыйақылар төлеуге арналған шығыстар, қарыз қаражаттарын ресімдеуге арналған шығындар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар, салықтық, төлемдер жататын инвестициялық бағдарламаны іске асыруға байланысты, i жылдағы объективті шығындар;
KЗi – і жылында бақыланатын шығындар, теңге;
HЗi - i жылында бақыланбайтын шығындар, теңге;
Зi - i жылындағы барлық қалған шығындар, теңге.
9. Тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына бақыланатын шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын (инфляция) ескере отырып, орта мерзімді кезеңге реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті өсуінің болжамына сүйене отырып анықталады және мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
i - тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл;
m - Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) түрлері;
Tmi - і жылында болжанатын тарифтік табысты есептеу үшін қабылданған Субъект тұтынатын Субъектілердің m реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі), теңге;
Vmi - і жылында табиғи монополия субъектілерінің нақты көріністе m реттеліп көрсетілетін қызметін (тауарларын, жұмыстарын) Субъект тұтынуының көлемі.
10. Субъект тұтынатын Субъектілердің m реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған, і жылы болжанатын тарифтік табысты есептеу үшін қабылданған тариф (баға, алым мөлшерлемесі) мына формула бойынша анықталады:
Тmі = Тml х ИПР2 х ИПР3 х... х ИПРі,
мұндағы:
і - тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл;
Тml - тарифтік бақылау кезеңінің бірінші жылына арналған тарифтік кірісті есептеу үшін қабылданған Субъекті тұтынатын табиғи монополия субъектілерінің т реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі), теңге;
ИПР2,3..і. - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (инфляция) көзделген тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына арналған Субъект тұтынатын Субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті өсу индекстері.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 № 637 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына бақыланбайтын шығындары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) негізгі көрсеткіштеріне сүйене отырып, анықталады және мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
i - тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл;
k - бәсекелестік нарықтағы қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері;
Цki - і жылында болжанатын тарифтік табысты есептеу үшін қабылданған, реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін оған қажетті, Субъект қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттардың негізінде айқындалған Субъект тұтынатын k қызметтің (тауардың, жұмыстың) құны, теңге;
Vki – нақты көріністе Субъектінің k қызметті (тауарды, жұмысты) тұтыну көлемі.
12. і жылында болжанатын тарифтік табысты есептеу үшін қабылданған k қызметтің (тауардың, жұмыстың) құны мына формула бойынша анықталады:
Цki = Цkl х ИПЦ2 х ИПЦ3 х... х ИПЦi,
мұндағы:
Цkl – тарифтік бақылау кезеңінің бірінші жылына есептеу үшін қабылданған k қызметтің (тауардың, жұмыстың) құны;
ИПЦ 2,3..i - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (инфляция) айқындалған тарифтік бақылау кезеңінің жылдарына тұтыну бағаларының индекстері.
13. Тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына Субъектінің барлық қалған шығындары мына формула бойынша анықталады:
Зi = З1 x ИПЦ2 x ИПЦз х... х ИПЦi,
мұндағы:
Зl – тарифтік бақылау кезеңінің бірінші жылына есептеу үшін қабылданған шығындар, теңге.
14. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында (инфляция) қамтылмаған орташа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңнің жылдарына бақыланатын және бақыланбайтын шығындарды анықтау Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) соңғы жылғы болжамдарының, тұтыну бағалары индекстерінің және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті өсу индекстерінің негізінде жүзеге асырылады.
15. Ұзақ мерзімді кезеңдерге реттеліп көрсетілетін қызметті (тауарды, жұмысты) ұсынудың болжанатын көлемдерін құзыретті орган растайды.
16. Болжанатын тарифтік табыстарды қалыптастыру кезіндегі объективті шығындар толық көлемде ескеріледі.
17. Субъект тұтынатын Субъектілердің m реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тариф (баға, алым мөлшерлемесі) (Tml), Субъекті тұтынатын k қызметтің (тауардың, жұмыстың) (Цkl) құны және тарифтік бақылау кезеңінің бірінші жылына тарифтік кірісті есептеу үшін қабылданған шығындар (Зl) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен4. Пайданың ұйғарынды деңгейін есептеу
18. Тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылына пайданың ұйғарынды деңгейі мына формула бойынша есептеледі:
ДУПi = СПi х РБЗАi,
мұндағы:
i - тарифтік бақылау кезеңінің жылы, жыл;
СПi - қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі;
PБЗAi - қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы, теңге.
19. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастас өзге қызмет бойынша қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы уәкілетті органның ведомствасы бекіткен табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің есебі бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес анықталады.
20. Өндірістік мақсаттағы негізгі құралдар мен материалдық емес активтер олар консервациялауда немесе бір жылдан артық жөндеуде, техникалық қайта жабдықтауда (реконструкциялауда), жалдауда болған жағдайда және ұзақ мерзімді қолданыста болмаған өзге жағдайларда, қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының құрамына кірмейді.
Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы тарифтік бақылау кезеңінің әрбір жылында белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген инвестициялық бағдарламаға сәйкес ұзақ мерзімді активтерді пайдаланудан шығаруды және пайдалануға енгізуді ескере отырып есептеледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 № 637 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.