Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 1-тармағына, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Академияның ректоры осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 14.07.2017 № 70 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының | |
Бас Прокуроры | А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығымен бекітілген |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары
Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 14.07.2017 № 70 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына (бұдан әрі – Академия) магистратура мен докторантураға оқуға түсуге үміткерлерді қабылдау тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-1. Магистратурада және докторантурада кадрларды даярлау күндізгі оқыту нысаны бойынша жүзеге асырылады. Білім алушылардың санатына байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, оқытуға жол беріледі.
Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Академияның магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
2) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқыту үшін, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бекітетін қабылдау жоспары арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Академияның магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
4. Магистратураға және докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 3-25 шілде аралығында жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Академияның магистратурасына және докторантурасына түсу емтихандары 10-20 тамыз аралығында, оқуға қабылдау – 25 тамызға дейін жүргізіледі.
6. Құжаттарды және түсу емтихандарын қабылдау мерзімдері Академия ректорының шешімі бойынша ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін.
2-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
7. Академияның магистратурасына жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген, құқық қорғау қызметінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Академияның докторантурасына құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл өтілі бар, ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураны бітірген немесе бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген және педагогикалық бейіндегі бағдарламаларды қосымша игерген жағдайда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қабылданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Академияның магистратурасы мен докторантурасына құжаттарды қабылдауды және оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін Академия ректорының бұйрығымен бекітілетін қабылдау комиссиясы құрылады.
10. Қабылдау комиссияның құрамы төрағадан, хатшыдан және комиссияның кемінде үш мүшесінен құрылады.
Қабылдау комиссиясының төрағасы болып Академияның қызметкері тағайындалады.
11. Қабылдау комиисиясы:
1) осы Қағидалардың 14, 15-тармақтарында көрсетілген оқуға кандидаттардың ұсынған құжаттарын қарауды жүзеге асырады және оқуға үміткерлердің қабылдау шарттарына сәйкестігін анықтайды.
Нұқсан келтіретін мәліметтер болған жағдайда (тәртіптік жауаптылыққа тарту, сот тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тарту, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзу, құқық қорғау қызметінің беделін түсіретін теріс қылықтар жасау, жүргізілетін қызметтік тергеу және т.б.) қабылдау комиссиясы оқуға түсуге үміткерлерге құжаттарды қараусыз қайтарады.
Біруақытта құқық қорғау органының басшысына оқуға түсуге үміткерлерді іріктеу бойынша сапасыз жүргізілген жұмыс туралы көрсетіле отырып, хат жіберіледі.
2) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен арыздарды қарастырады;
3) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін жасайды;
4) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистратурасы мен докторантурасына қабылдау туралы мәселені қарастырады;
5) оқуға үміткерлерді қабылдау нәтижелерін талдайды және жұмысты бұдан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды жинақтайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Қабылдау комиссиясының жұмысы жұмыс жоспарына сәйкес іске асырылады. Қабылдау комиссиясының отырыстары қажеттілікке байланысты жүргізіледі.
13. Қабылдау комиссиясының шешімдері еркін нысандағы хаттамамен рәсімделеді және бекітілген құрамның кемінде үштен екісі болған жағдайда дауыстың қарапайым көпшілігімен қабылданады.
14. Академияның магистратурасына оқуға түсетін үміткерлер қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды жолдайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Академия ректорының атына баянат;
2) жоғары білімі туралы құжат пен оның қосымшасының көшірмесі;
3) осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша шет тілінен тест тапсырғаны туралы сертификатының (ол болған жағдайда) көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, аумақтық немесе орталық құқық қорғау органының жолдамасы;
5) ішкі (өзіндік) қауіпсіздік қызметінің нұқсан келтіретін мәліметтердің болуы не болмауы туралы қорытындысы (сот тәртібімен тәртіптік, әкімшілік жауаптылыққа тарту, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзу, құқық қорғау қызметіне кір келтіретін теріс қылықтар жасау, сондай-ақ жүргізіліп жатқан қызметтік тергеулер);
6) 3х4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
7) жеке басты куәландыратын құжат көшірмесі;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі (олар болған жағдайда);
9) ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар немесе дипломдар (олар болған жағдайда);
10) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестациялық парақ;
11) тиісті құқық қорғау органының тікелей басшысы қол қойған соңғы қызмет орнынан мінездеме;
12) кадр қызметі берген құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы анықтама;
13) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес 086-У медициналық анықтама;
14) соңғы арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбын беру туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;";
15) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақ;
16) шет тілі бойынша тестілеуден өту үшін төлемақы түбіртегінің түпнұсқасы.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Академияның докторантурасына оқуға түсетін үміткерлер қабылдау комиссиясына:
1) осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 3) – 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;
2) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі туралы құжаттардың көшірмесін;
3) педагогикалық бейіндегі бағдарламаларды игергені туралы негізгі дипломға куәліктің көшірмесін (бейінді бағыт бойынша магистратураны бітірген қызметкерлер үшін);
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша болжанатын отандық немесе шетелдік ғылыми кеңесшімен келісіліп жоспарланатын диссертациялық зерттеудің негіздемесін ұсынады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Қабылдау комиссиясының хатшысы үміткерге құжаттарды қабылдағаны туралы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда қолхат береді.
17. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау осы Ереженің 14, 15- тармақтарына сәйкес болған жағдайда іске асырылады.
3-тарау. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
18. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде Академияда емтихан комиссиясы құрылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Емтихан комиссиясы магистратураның және докторантураның тиісті білім беру бағдарламалары бойынша емтихан өткізу үшін құрылады және комиссия төрағасынан, хатшыдан және комиссияның кемінде үш мүшесінен тұрады, олардың екеуі заң ғылымы докторларынан немесе ғылым кандидаттарынан немесе (PhD) философия докторларынан тағайындалады. Емтихан комиссияларының құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Академияға магистратураға және докторантураға түсетін үміткерлер келесі түсу емтихандарын тапсырады:
1) шетел тілінен (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз тілі).
2) мамандығы бойынша.
Мамандығы бойынша емтиханға шетел тілінен кемінде 30 балл алған үміткерлер жіберіледі.
21. Магистратураға түсу емтихандарының бағдарламалары жоғары білім пәндері бойынша үлгілік білім беру бағдарламалары негізінде жасалады.
Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламалары магистратураның кәсіби оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
22. Шетел тілдерін Жалпыевропалық құзіреттілікке (стандарттарға) сәйкес меңгерген, шет тілдерді меңгергендігін куәландыратын халықаралық сертификаттары бар оқуға түсетін үміткерлер магистратураға және докторантураға шетел тілі бойынша мынадай емтихандардан босатылады:
Ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 337 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 60), (TOEFL, шекті балл - кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 5.0);
Неміс тілі: Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі);
Француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В1 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 300 балл).
23. Шет тiлдерi бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің Ұлттық тестiлеу орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.
24. Магистратураға, докторантураға түсушілер үшін білім беру бағдарламалары бойынша емтихан білім берудің алдыңғы деңгейлеріндегі білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі. Түсу емтиханының өткізу нысанын, сондай-ақ білім беру бағдарламалары бойынша пәндер тізбесін Академия дербес анықтайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24-1. Түсу емтихандарының нәтижелері оларды өткізген күні хабарланады.
Ескерту. 3-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
26. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын жүргізу кезінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссияның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссия магистратураға, докторантураға оқуға түсетін үміткерлердің, емтихан материалдарының мазмұнымен, сонымен қатар техникалық себептерге байланысты түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін арыздарды қабылдайды және қарайды.
27. Магистратураға немесе докторантураға оқуға түсетін үміткер апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнгi сағат 13:00-ге дейiн апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр күн iшiнде қарастырады.
27-1. Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіппен жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Ескерту. 3-тарау 27-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.
29. Емтихан және апелляция комиссияларының хаттамалары отырыс өткізілген кезден бір жұмыс күні ішінде Академияның қабылдау комиссиясына беріледі.
4-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі
30. Магистратураға, докторантураға оқуға жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламалары бойынша емтихан нәтижесі бойынша шекті балл (осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша) жинаған үміткерлер қабылданады. Шекті балл жыл сайын Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Балл жиынтығы тең болған жағдайда құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жоғары үміткерлер басым құқыққа ие болады. Одан кейін таңдап алынған бейініне сәйкес келетін ғылыми жетістіктері есепке алынады: ғылыми жарияланымдары, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардағы; ғылыми зерттемелері туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар, гранттар берілгендігі туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар.
32. Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры магистратураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
33. Академияға қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін магистратураға, докторантураға қабылданған қызметкерлермен Келісімшарт жасасады.
Келісімшарт осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және оған Академия ректоры, магистратураға немесе докторантураға оқуға қабылданған қызметкер, қызметкерді оқуға жіберген орталық немесе аумақтық құқық қорғау органдарының басшылары қол қояды.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Қабылдау комиссиясы жұмысын аяқтаған соң Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылдау нәтижелері бойынша қорытынды есепті, сонымен қатар Академияның магистратурасына және докторантурасына қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн жолдайды.
35. Осы Ережеде реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиясы Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіпте шешеді.
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясының ректоры
_______________________________
(ректордың Т.А.Ж. (ол бар болған жағдайда)
_______________________________
(оқуға түсуге үміткердің Т.А.Ж.
(ол бар болған жағдайда),
сыныптық шені/біліктілік
сыныбы/арнайы атағы, лауазымы,
телефоны)
Баянат
Сізден Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясының ________________________________________________________
(шифр және мамандық атауы)
мамандығы бойынша магистратурасына/ PhD докторантурасына (керегінің астын сызу) оқуға
түсу үшін оқуға түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын, шет тілі бойынша
емтихан тапсыру тілі ___________________.
(емтихан тапсыру тілі)
оқуға түсуге үміткердің қолы
күні
Үміткерді магистратураға немесе докторантураға
оқуға жіберуші орган жетекшісінің келісім қолы
Жолдама
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________________
(қызметкерді оқуға жіберетін аумақтық/орталық құқық қорғау органының атауы)
________________________________________________________________________________
((тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
__________________________________________________________ даярлау бағыты бойынша
___________________________________________________білім беру бағдарламасы бойынша
күндізгі нысан бойынша оқыту/қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, күндізгі нысан бойынша оқыту (қажеттісінің астын сызу) оқу мерзімі 1-1,5 жыл / 2 жыл / 3 жыл (қажеттісінің астын сызу)
________________________________________________________________________________
магистратураға / докторантураға оқуға (қажеттісінің астын сызу) жолдайды.
Кандидат оқуға қабылданған жағдайда Академия, жолдап отырған құқық қорғау органы және білім алушы арасында үш жақты келісім шарт жасасуға кепілдік береміз.
20___ ж. " "___________ ____________________________________________
(лауазымы, қолы, аумақтық/орталық құқық қорғау
органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме
1. Оқуға түсуге үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда),
сыныптық шені/біліктілік сыныбы/арнайы атағы, лауазымы.
2. Болжамды отандық кеңесшінің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болған жағдайда),
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс істейтін жоғарғы оқу орны.
3. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы.
4. Жоспарланатын диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі.
5. Ғылыми мәселенің әзірлену деңгейі.
6. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
7. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің объектісі мен пәні.
8. Жоспарланатын диссертациялық зерттеудің әдіснамасы.
9. Диссертациялық зерттеуден күтілетін қорытындылар, олардың теориялық және
тәжірибелік маңыздылығы. Оларды енгізу және апробациядан өткізудің болжанатын
бағыттары.
Ескерту: Жоспарланатын диссертациялық зерттеу бойынша негіздеме компьютерлік
техника құралдарының көмегімен 14 "Times New Roman" шрифті өлшемімен бір жоларалық
интервал арқылы үш парақтан кем емес көлемде басылады.
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
"Келісілген"
________________________________________________________________________________
(ғылыми кеңесшісінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Магистратураға/докторантураға оқуға түсуге үміткерден құжаттарды қабылдау жөніндегі Қолхат
(2 данада жасалады, 1- данасы құжат тапсырған адамға қол қою негізінде
тапсырылады, 2- данасы оқуға түсуге үміткердің жеке ісіне тіркеледі)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары
академиясы
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылы.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби білім беру бағдарламаларын іске
асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қоғау
органдарының академиясына оқуға қабылдау ережесінің 14, 15 тармақтарына сәйкес
_______________________________________________________________________________,
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
жеке куәлік №________________________________
келесі құжаттар қабылданды:
1. __________________________________________ - ___ парақ саны.
2. __________________________________________ - ___ парақ саны.
3. __________________________________________ ___ парақ саны.
4. __________________________________________ - ___ парақ саны.
5. __________________________________________ - ___ парақ саны.
Құжаттарды қабылдады:
Қабылдау комиссиясының
хатшысы _____________ (Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)
қолы
___ ___________ 20__ жылғы
Қолхатты алдым________ (Тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда)
құжат тапсырушының қолы
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бағалаудың 100-балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесi
Бағалаудың 4-балдық шкаласы бойынша балдар | |
Өте жақсы (5) | |
Жақсы (4) | |
Қанағаттанарлық (3) | |
Қанағаттанарлықсыз (2) | |
Білім беру қызметтерін көрсетуге келісім шарт (магистратура/докторантура)
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 04.12.2018 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_____________________ 20__ жылғы "__" __________
(елді мекені)
Осы Келісімшарт Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім беру қызметтерін көрсетуге (магистратура/ докторантура (қажеттісінің астын сызу) бір тараптан Жарғы негізінде әрекет ететін "Академия" деп аталатын Академия ректоры ____________________________________
(лауазымы, сыныптық шені /арнаулы атағы / біліктілік
сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
атынан, Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қосшы кенті мекен-жайында орналасқан мемлекеттік тіркеу туралы _________________ № __________ анықтама, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі берген _________________ № ____________ лицензия) Академия және екінші тараптан бұдан әрі "магистрант/ докторант" деп аталатын, құқық қорғау органының қызметкері ________________________________________________
(лауазымы, сыныптық шені/арнаулы атағы / біліктілік
сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
________________________________________________________________________________
және екінші тараптан бұдан әрі "Тапсырыс беруші" деп аталатын, ________________________ __________________ негізінде әрекет ететін, __________________________________________ _________________________________________________________________________ атынан ________________________________________________________________________________
(аумақтық құқық қорғау органының атауы)
арасында төмендегілер туралы жасалды:
1. Келісімшарттың мәні
1. Академия күндізгі оқыту нысаны /қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып, күндізгі оқыту нысаны бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарына сәйкес магистратура/докторантура бағдарламалары бойынша білім алушыны оқытуды ұйымдастыру бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдайды.
Білім беру бағдарламасының шифры мен атауы (оқу бағыты):
________________________________________________________________________________
Мерзімі ___________________________________________________________________
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Академия:
1) конкурс қорытындылары бойынша магистрант/докторант мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес/Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілейтін қабылдау жоспарына сәйкес қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес оқытуды қамтамасыз етуге;
3) күндізгі оқыту нысаны бойынша оқитын (қашықтықтан оқыту технологиясын қолданбай) магистрантқа/докторантқа оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы (уақытша атқарылмайтын) штаттық лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн қосымша ақы төлеуге міндетті.
3. Академия:
1) магистранттан/докторанттан осы Келісім шартқа, Ішкі тәртіп қағидаларына және Академия Жарғысына сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды талап етуге;
2) магистрантты/докторантты академиялық үлгермегені, академиялық адалдық принциптерін, Ішкі тәртіп қағидаларын, Академия Жарғысын және осы Келісім-шарттың шарттарын бұзғаны үшін оқудан шығару;
3) магистранттар/докторанттардың оқу жетістіктерін тексеру мақсатында ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысанын анықтауға құқылы.
4. Магистрант / докторант:
1) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары көлемінде білімді, іскерлікті және практикалық дағдыларды меңгеруге;
2) Академиялық адалдық принциптерін сақтауға және Академия ректорының бұйрықтары мен өкімдерін, Ішкі тәртіп қағидалары мен Жарғысын және осы Келісім-шарттың шарттарын орындауға;
3) отбасы жағдайы, тұрғылықты жері, телефоны өзгерген кезде жоғарыда көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы хабарлауға;
4) оқуды аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл жұмыс істеуге;
5) магистратурада/докторантурада оқу кезеңінде:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі мен нысаны);
практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі мен нысаны);
негіздемесі мен құрылымы бар диссертация (жоба) тақырыбы;
диссертацияның (жобаның) орындалу жоспары;
ғылыми жарияланымдардың жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық конференцияларға) қатысу және т.б.
белгіленген мерзімде орындалуы туралы белгі;
диссертацияны (жобаны) дайындау;
диссертацияның (жобаның) нәтижелерін практикалық, педагогикалық және ғылыми қызметке енгізу;
аралық және қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, диссертацияны (жобаны) қорғау және т.б. бөлімдерді қамтитын: жеке жұмыс жоспарын орындауға міндетті.";
5. Магистрант / докторант:
1) магистратураның/докторантураның білім беру бағдарламасында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында білім беру ұйымының материалдық-техникалық жарақтандырылуын пайдалануға;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне қатысу, өз жұмыстарын жариялауға, оның ішінде Академия басылымдарына ұсынуға;
3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша кез келген нысанда (жазбаша, ауызша) ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Тараптардың жауапкершілігі
6. Осы Келісімшартта көзделмеген жағдайларда, тараптардың өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін олар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Академия Жарғысына сәйкес жауапты болады.
7. Магистрант/докторант мемлекеттік тапсырыс бойынша/Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры белгілеген қабылдау жоспарына сәйкес оқудан шығарылған немесе ауыстырылған жағдайда оқу құқығынан айырылады.
8. Тапсырыс беруші магистрантты/докторантты оқуды аяқтағаннан кейін оқуға жіберілгенге дейін атқаратын лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органының кадр резервіне алынады.
9. Осы Келісімшарттың 4-тармағының 4) тармақшасын орындамағаны үшін магистрант/докторант Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға, стипендия төлеуге жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығындарды мемлекетке өтеуге міндетті.
10. Магистратурадан/докторантурадан теріс себептер бойынша, оның ішінде академиялық үлгермегені және Академияның Ішкі тәртіп қағидалары мен Жарғысын бұзғаны үшін шығарылған жағдайда магистрант/докторант Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға, стипендия төлеуге жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығындарды мемлекетке өтеуге міндетті.
Ұстауға жататын сома Академияда болған әрбір толық айға барабар есептеледі.
11. Кейіннен құқық қорғау органдарынан босатыла отырып, магистратурадан/докторантурадан өз еркімен шығарылған жағдайда магистрант/докторант Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен стипендия төлеуге жұмсалған бюджет қаражатын және оны оқытуға байланысты өзге де шығындарды өтеуге міндетті.
4. Дауларды шешу тәртібі
12. Осы Келісімшартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында тікелей қарайды.
13. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе сот тәртібімен шешіледі.
5. Келісімшарттың қолданылу мерзімі, талаптарын өзгерту тәртібі және оны бұзу
14. Осы Келісімшарт тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және оқу аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдарында үш жыл қызмет атқару уақыты өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
15. Осы Келісімшарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
16. Осы Келісімшарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік/орыс тілдерінде 3 данада жасалады. Бір данасы Академияда қалады, екінші данасы магистранттың/докторанттың жеке ісіне тігіледі, үшінші данасы магистранттқа/докторанттқа беріледі.
Магистрант/докторант | Академия |
Тегі, аты-жөні (бар болған жағдайда) | Академия ректоры _________________ |
жеке басын куәландыратын құжаттың |
Ақмола облысы, |
ЖСН _______________________________ | БСК __________________________ |
Тұрғылықты жері_____________________ | БСН___________________________ |
Телефоны ___________________________ | Қолы __________________________ |
Электрондық пошта | |
Қолы _______________________________ | |
Орталық/аумақтық құқық қорғау органы |
Академияның Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиямен, Ішкі тәртіп қағидаларымен, осы Келісімшартпен таныстым _________________________________ (магистранттың/докторанттың қолы)