Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 131 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 қыркүйекте № 11993 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2015 жылғы 17 шілдедегі  
№ 131 қаулысына қосымша  

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
      1-тарауда:
      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттарының нөмірлері төрт және (немесе) алты белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші цифры Шоттар жоспарының 2-тарауының параграфтарына тиесілігін, екіншісі – топтарға тиесілігін, үшінші және төртінші цифрлары – синтетикалық шоттардың шағын топтарына тиесілігін көрсетеді, бесінші және алтыншы цифрлары қолданылатын шағын топтарды нақтылайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шоттар жоспарында шағын топтардың мынадай нақтылаулары пайдаланылады:
      1) 01-19 «Жалпы шоттар», оларда қызметінің түріне қарамастан барлық ұйымдар жүргізетін операциялар көрсетіледі;
      2) 20-39 «Банктік қызметке байланысты операциялар», оларда банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға байланысты операциялар көрсетіледі;
      3) 40-59 «Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты операциялар», оларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты операциялар көрсетіледі;
      4) 60-79 «Жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметіне байланысты операциялар», оларда жинақтаушы зейнетақы қорларының және инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметіне байланысты операциялар көрсетіледі;
      5) 80-89 «Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметіне байланысты операциялар», оларда бағалы қағаздар нарығындағы қызметке байланысты операциялар көрсетіледі;
      6) 90-99 «Арнайы қаржы компанияларының және исламдық арнайы қаржы компанияларының қызметіне байланысты операциялар», оларда арнайы қаржы компанияларының және исламдық арнайы қаржы компанияларының қызметіне байланысты операциялар көрсетіледі.»;
      2-тарауда:
      1-параграфта:
      1060 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «1060 01 Басқа да ақша қаражаттары»;
      1150 04 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «1150 04 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін
               жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа
               мерзімді салымдар»;
      «Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған басқа да қысқа мерзімді салымдар» 1150 06 шоттың нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      1270 03 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «1270 03 Еншілес, бірлескен және қауымдасқан ұйымдарға
               инвестициялар бойынша есептелген кірістер»;
      2-параграфта:
      2040 01 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «2040 01 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін
               жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ұзақ
               мерзімді салымдар»;
      «Екінші деңгейдегі банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған басқа да ұзақ мерзімді салымдар» 2040 03 шоттың нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      «Жолдағы тазартылған қымбат металдар» 2040 05 шоттың нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      2040 09 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «2040 10 Еншілес ұйымдарға инвестициялар»;
      «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» 2160 шоттың нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      «Қауымдасқан ұйымдардың капиталына инвестициялар бойынша есептелген кірістер» 2170 02 шоттың нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      4-параграфта:
      «Алынған қаржылық жалдау бойынша мерзімі өткен кредиторлық берешек» 4030 06 шоттың нөмірі мен аты алынып тасталсын;
      4030 12 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «4030 13 Ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді
               қарыздар»;
      4430 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «4440 Артықшылықты акциялар бойынша міндеттемелер»;
      6-параграфта:
      6280 48 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «6280 48 Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
               болмаған залалдар резервін төмендетуден кірістер»;
      6280 48 шоттан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:
      «6280 49 Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резервін
               төмендетуден кірістер
      6280 50  Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта
               сақтандыру активтерін қалыптастырудан алынған кірістер
      6280 51  Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша
               қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан алынған
               кірістер
      6280 52  Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
               болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру
               активтерін қалыптастырудан алынған кірістер
      6280 53  Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві
               бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан
               алынған кірістер
      6280 54  Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві
               бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан
               алынған кірістер»;
      7-параграфта:
      7440 50 шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын:
      «7440 50 Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша
               болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру
               активтерін төмендетуден шығыстар»;
      7440 51 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
      «7440 52 Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві
               бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден
               шығыстар»;
      9-параграфта:
      «Залалға есептен шығарылған борыштар» 8730 шотының нөмірі және аты алынып тасталсын;
      3-тарауда:
      1-параграфта:
      1050 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 1060 01 шотының аты мен сипаттамасымен толықтырылсын:
      «1060 01 «Басқа да ақша қаражаттары» (актив).
      Мақсаты: №№ 1010, 1020, 1030 және 1050 баланстық шоттарында есептелмеген ұлттық және шетел валюталарындағы басқа да ақша қаражатының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша уақытша және кездейсоқ сипаты бар, туындаған сәтте басқа баланстық шоттар бойынша жүргізілмейтін ақша сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша оларды есептен шығарылатын кезінде ақша сомасы жазылады.»;
      1150 04 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1150 04 «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа мерзімді салымдар» (актив).
      Мақсаты: банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған, бір жылға дейінгі өтеу мерзімі салымдардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша банкке және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға орналастырылған, қысқа мерзімді салымның сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған қысқа мерзімді салымның сомаларын оны ұйымға қайтарған немесе төлем мерзімі өткен кезде есептен шығару жүргізіледі.»;
      1150 06 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      1260 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» (актив).
      Мақсаты: клиентке берілген операциялық жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша клиентке берілген операциялық жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша берілген жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектің сомаларын оны клиент өтеген немесе төлем мерзімі өткен кезде есептен шығару жүргізіледі.»;
      1270 03 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1270 03 «Еншілес, бірлескен және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша есептелген кірістер» (актив).
      Мақсаты: еншілес, бірлескен және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша еншілес, бірлескен және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша есептелген кірістердің сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша еншілес, бірлескен және қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар бойынша есептелген кірістердің сомаларын оларды төлеген немесе мерзімі өткен кезде есептен шығару жүргізіледі.»;
      1280 46 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1280 46 «Қайта сақтандырушыларға талаптар» (актив).
      Мақсаты: қайта сақтандыру ұйымдарынан алуға жататын талаптардың сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша қайта сақтандыру ұйымынан алуға жататын талаптардың сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша талаптардың сомаларын оларды қайта сақтандыру ұйымы төлеген немесе төлеу мерзімін өткізген кезде есептен шығару жүргізіледі.»;
      2040 01 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2040 01 «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар» (актив).
      Мақсаты: өтеу мерзімі бір жылдан асатын банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар сомаларын оларды ұйымға қайтарған немесе төлемнің мерзімі өткен кезде есептен шығару жүргізіледі.»;
      2040 03 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      2040 05 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      2040 09 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 2040 10 шотының аты мен сипаттамасымен толықтырылсын:
      «2040 10 «Еншілес ұйымдарға инвестициялар» (актив).
      Мақсаты: еншілес ұйымдарға салынған инвестициялардың сомаларын есепке алу (бір жылдан астам мерзімге).
      Шоттың дебеті бойынша еншілес ұйымға салынған инвестициялар сомасы, сондай-ақ қатысу үлесінің өзгерісі жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша еншілес ұйымға салынған инвестициялар соманың оларды іске асыру немесе басқа да шығынға жазу кезінде есептен шығару жүргізіледі.»;
      2160 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      2170 02 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      2310 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2310 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» (актив).
      Мақсаты: жалдау төлемдерін және (немесе) капитал құнының өсімін алу мақсатында иелікте тұрған (қаржылық жалдау шарты бойынша меншік иесінде немесе жалға алушыда) жылжымайтын мүлікке инвестициялар құнын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша жалдау төлемдерін және (немесе) капитал құнының өсімін алу мақсатында иелікте тұрған (қаржылық жалдау шарты бойынша меншік иесінде немесе жалға алушыда) жылжымайтын мүлікке инвестициялар сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде активтің жіктелуінің өзгеруіне байланысты жылжымайтын мүлікке инвестициялар сомаларының оларды іске асыру немесе басқа да шығынға жазу кезінде есептен шығару жүргізіледі.»;
      3050 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      3400 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      4030 06 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      4030 12 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4030 13 шотының аты мен сипаттамасымен толықтырылсын:
      «4030 13 «Ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар» (пассив).
      Мақсаты: ұлттық басқарушы холдингтен бір жылдан астам мерзімге алынған ұзақ мерзімді қарыздардың сомасын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздардың сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша алынған ұзақ мерзімді қарыздардың оларды өтеу кезіндегі сомаларын есептен шығару жазылады.»;
      4170 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      4430 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 4440 шотының аты мен сипаттамасымен толықтырылсын:
      «4440 «Артықшылықты акциялар бойынша міндеттемелер» (пассив).
      Шот мақсаты: келешекте эмитенттің белгіленген немесе айқындалатын күні белгіленген немесе айқындалған сома бойынша міндетті түрде өтеуін көздейтін артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивиденттердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивиденттердің сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша артықшылықты акциялардың немесе артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивиденттердің сомасын олар төленген кезде есептен шығару жазылады.»;
      6240 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      6280 48 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6280 48 «Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резервін төмендетуден кірістер».
      Мақсаты: өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резервін төмендетумен байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резервін төмендетумен байланысты кірістер сомасы жүргізіледі.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.»;
      6280 48 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 6280 49, 6280 50, 6280 51, 6280 52, 6280 53, 6280 54 шоттардың аттары мен сипаттамаларымен толықтырылсын:
      «6280 49 «Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резервін төмендетуден кірістер».
      Мақсаты: аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резервін төмендетумен байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резервін төмендетумен байланысты кірістер сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      6280 50 «Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан алынған кірістер».
      Мақсаты: еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      6280 51 «Болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан алынған кірістер».
      Мақсаты: болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістердің сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша болған, бірақ мәлімделмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      6280 52 «Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан алынған кірістер».
      Мақсаты: өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      6280 53 «Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан алынған кірістер».
      Мақсаты: аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.
      6280 54 «Мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастырудан алынған кірістер».
      Мақсаты: мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін қалыптастыруға байланысты кірістер сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша кірістер сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.»;
      7440 50 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7440 50 «Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар».
      Мақсаты: өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстар сомасы жүргізіледі.
      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.»;
      7440 51 шотының сипаттамасынан кейін мынадай мазмұндағы 7440 52 шотының аты мен сипаттамасымен толықтырылсын:
      «7440 52 «Аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін төмендетуден шығыстар».
      Мақсаты: аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстар сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша аннуитет шарттары бойынша болмаған залалдар резерві бойынша қайта сақтандыру активтерін азайтуға байланысты шығыстар сомасы жүргізіледі.
      Шоттың кредиті бойынша шығыстар сомаларын № 5610 баланстық шотқа есептен шығару жүргізіледі.»;
      2-параграфта:
      8120 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8120 «Қабылданған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар» (актив).
      Мақсаты: ұйым қабылдаған кепілдіктер бойынша ұйымның басқа тұлғаларға ықтимал талаптарының сомаларын есепке алу.
      Шоттың дебеті бойынша ұйым қабылдаған кепілдіктер бойынша ұйымның басқа тұлғаларға ықтимал талаптарының сомасы жазылады.
      Шоттың кредиті бойынша ұйымның қабылданған кепілдіктер бойынша басқа тұлғаға ықтимал талаптарының сомаларын оларды жою кезінде есептен шығару жүргізіледі.»;
      8420 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8420 «Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптарды ықтимал азайту» (пассив).
      Мақсаты: ұйым қабылдаған кепілдіктер бойынша ұйымның басқа тұлғаларға талаптарын ықтимал азайтудың сомаларын есепке алу.
      Шоттың кредиті бойынша ұйым қабылдаған кепілдіктер бойынша ұйымның басқа тұлғаларға талаптарын ықтимал азайтудың сомасы жазылады.
      Шоттың дебеті бойынша жою кезінде қабылдаған кепілдіктер бойынша ұйымның басқа тұлғаларға талаптарын ықтимал азайтудың сомаларын есептен шығару жүргізіледі.»;
      3-параграфта:
      8730 шотының нөмірі, аты және сипаттамасы алынып тасталсын;
      8970 шотының аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8970 «Депо» шоты».
      Мақсаты: брокерлік қызметтерді көрсету жөніндегі шарттар бойынша клиенттерден қабылданған ақша сомаларын және құжаттандырылмаған нысанда көрсетілген және клиенттерге тиесілі бағалы қағаздардың санын есепке алу.
      Шоттың кірісі бойынша брокерлік қызметтерді көрсету жөніндегі шарттар бойынша клиенттен қабылданған ақша сомалары және құжаттандырылмаған нысанда көрсетілген және клиентке тиесілі бағалы қағаздардың саны жазылады.
      Шоттың шығысы бойынша ақша сомасы беріліп қойған жағдайда оларды және клиентке тиесілі бағалы қағаздардың санын эмитент өтеген немесе сатқан не клиентке қайтарған кезде оларды есептен шығару жүргізіледі.».
      2. «Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 100 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5434 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген және арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін толықтырады.».
      3. «Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5635 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және исламдық арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін нақтылайды.»
      4. «Исламдық банктердің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 33 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5687 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Исламдық банктердің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулық 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген) сәйкес әзірленді және исламдық банктердің (бұдан әрі – банк) бухгалтерлік есепті жүргізуін нақтылайды.
      2. Осы Нұсқаулықта «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.».
      5. «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Өткен кезеңдерде құрылған резервтер (провизиялар) есебінен баланстан тыс есептен шығарылған, сату үшін қолда бар бағалы қағаздарды және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды эмитент өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт  1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
      Кт  6240 01 Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын
                  бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді
                  (провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан)
                  кірістер.»;
      69-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) қабылданған кепілдік сомасын есептен шығарған кезде:
      Дт  8420  Қабылданған кепілдіктер бойынша талаптарды ықтимал
                азайту
      Кт  8120  Қабылданған кепілдіктер бойынша ықтимал талаптар.»;
      72 және 73-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Егер заем шартының талаптарында мерзімі өткен сыйақыға тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеу көзделсе, мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт  1280 09  Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)
      Кт  6280 08  Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл).
      73. Берілген заем бойынша мерзімі өткен сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт  1010    Кассадағы ақша қаражаты
          1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
      Кт  1270 29 Сыйақы түріндегі мерзімі өткен кірістер
          1280 09 Есептелген тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл).»;
      79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «79. Заемдарды есептен шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт  1290 21 Клиенттерге берілген заемдар бойынша зияндарды
                  жабуға арналған резервтер (провизиялар)
      Кт  1110 21 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар
          2010 21  Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар.
      80. Борышкер сол кезеңде құрылған резервтер (провизиялар) есебінен балансқа есептен шығарылған заем бойынша берешекті өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт  1010    Кассадағы ақша қаражаты
          1030    Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
      Кт  6240 21 Клиенттерге берілген заемдар бойынша құрылған
                  резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден
                  (жоюдан) түскен кірістер.».
      6. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 тіркелген, 2011 жылғы 2 қарашада «Заң газеті» газетінде № 160 (1976) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-1. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін активтің әділ құны «Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 24 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9274 тіркелген) сәйкес айқындалады.»;
      17-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың таза құнына:
      Дт 1140 61 Әділ құны бойынша бағаланатын қысқа мерзімді қаржы
                 активтері
         2030 61 Әділ құны бойынша бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы
                 активтері
      Кт 1060 61 Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ақша
                 қаражаттары (зейнетақы активтерi)
         1610 02 Брокерлермен есеп айырысу
         3540    Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер;»;
      22-тармақта:
      2) және 3) тармақшалары алынып тасталсын;
      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың таза құнына (оның номиналдық құнынан аспайтын сомаға):
      Дт 1130 61 Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қысқа
                 мерзімді қаржы активтері
         2020 61 Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын ұзақ
                 мерзімді қаржы активтері
      Кт 1060 61 Ағымдағы шоттағы (инвестициялық шот) ақша
                 қаражаттары (зейнетақы активтерi)
         1610 02 Брокерлермен есеп айырысу
         3540    Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер;».
      63-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      69-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алынып тасталсын;
      72-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;
      7. «Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8596 тіркелген, 2013 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде № 133 (2334) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес әзiрлендi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері жүзеге асыратын сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуді нақтылайды.».