"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Коса беріліп отырған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрінің | |
міндетін атқарушы | С. Омаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә. Исекешев
2015 жылғы 23 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2015 жылғы 16 шілде
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығымен бекітілген |
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын
жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін анықтайды.
2. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкiмшiлiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұлттық әкiмшiлiк орган;
2) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;
3) Конвенциясы – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция, оған Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 cәуірдегі Заңына сәйкес қосылған болатын;
4) өтiнiш беруші – әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымға үлгiлердi әкелуге және әкетуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
5) рұқсат – әкімшілік органның үлгiлердi әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты;
6) тарап – өзі үшін Конвенция күшіне енген мемлекет;
7) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты.
2. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын
жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртiбi
3. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында ғылыми ұйымға мыналарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш;
2) Қазақстан Республикасының аумағына үлгілерді әкелер кезде үлгі конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын табиғи ортасынан алып қою жағдайында, аң аулауға рұқсат көшірмесі.
4. Ғылыми ұйым үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтiнiш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды және ғылыми қорытынды береді не мынадай:
1) үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;
3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда ғылыми қорытынды беруден бас тартады.
5. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.
6. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтінім беруші қағаз нысанында не "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінің порталы арқылы электрондық нысанда әкімшілік органға:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған өтініш;
2) жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, осы әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесін;
3) Қазақстан Республикасының аумағына үлгілерді әкелер кезде үлгі конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген жағдайда, экспорттауға рұқсаттың немесе кері экспорттауға сертификаттың көшірмесін;
4) ғылыми ұйым қорытындысының көшірмесін;
5) сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекіре балықтарының түрлерін, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын табиғи ортасынан алып қою жағдайында, аң аулауға рұқсат көшірмесін жібереді.
7. Әкімшілік орган үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қарайды. Әкімшілік орган құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Әкімшілік орган өтінішті одан әрі қараудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтердің болуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсат алу үшін кажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптырына сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты оның қызметіне немесе рұқсат алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) оның негізінде өтініш беруші рұқсатты алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2017 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен8. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі және оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.
9. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
10. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 тіркелген) бекітілген "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгiмен бiрге жүредi, рұқсаттың екiншi данасын өтiнiш беруші кеден органына тапсырады, рұқсаттың үшiншi данасы өтiнiш берушіде қалады.
12. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және үлгілерді әкелу мен әкету үшін қолданылу кезеңі берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана.
13. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде-біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.
Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2017 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын
__________________________________________________________________________
(қажеттісінің астын сызу)
1. | Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер) | |
2. | Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі | |
3. | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) | |
4. | Үлгілердің саны және (немесе) салмағы | |
5. | Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды) | |
6. | Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (тің) нөмірі және күні (бар болса) | |
7. | Үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (лардың) нөмірі және күні (бар болса) | |
8. | Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні | |
9. | Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн "___"________________20____жыл.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрдің (болған жағдайда) орны)
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған өтініш
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2017 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын
__________________________________________________________________________
(қажеттісінің астын сызу)
1. | Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер) | |
2. | Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі | |
3. | Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы) | |
4. | Үлгілердің саны және (немесе) салмағы | |
5. | Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды) | |
6. | Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (тің) нөмірі және күні (бар болса) | |
7. | Үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (лардың) нөмірі және күні (бар болса) | |
8. | Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні | |
9. | Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері) |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн "___"________________20____жыл.
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрдің (болған жағдайда) орны)
Нысан
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын
жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік
органның рұқсаттар
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (СИТЕС) | ТҮПНҰСҚA Original | Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora (CITES) | |||||||
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan | Экспорт Export | Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы Административный орган СИТЕС в Республике Казахстан Management Authorities for CITES in the Republic of Kazakhstan
| |||||||
Импорт Import | |||||||||
Реэкспорт Reexport | |||||||||
Прочие Other | |||||||||
Экспорттаушы / Реэкспорттаушы: Exporter / Re-exporter: | Рұқсат №: Permit №: | ||||||||
Дейін жарамды: Valid until: | |||||||||
Импорттаушы: Importer: | Ерекше шарттар: Special conditions: | ||||||||
Тірі жануарлар үшін бұл рұқсат тасымалдау шарттары СИТЕС ұсынымдарына, ал авиатасымалы жағдайында ИAТA қағидаларына сәйкес келгенде ғана жарамды For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA Live Animal Regulations | |||||||||
Жануардың орысша және латынша атауы Russian and scientific name of animal | Салынған енді қоса алғанда, үлгінің сипаттамасы Description of specimens, including identifying marks or numbers | Қосымша Appendix | Көзі Sourc е | Мақсаты Purpos е | Даналар саны немесе салмағы Quantity: number of specimens or weight | ||||
А | |||||||||
Шыққан елі Country of origin | Рұқсаттың нөмірі және күні Permit № and date | ||||||||
В | |||||||||
Шыққан елі Country of origin | Рұқсаттың нөмірі және күні Permit № and date | ||||||||
Осы рұқсат берілді: This permit was issued on: ______________ ___________________________________________ Күні/ Date Қорғаныш маркасы, қолы және мөрі Қазақстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal | |||||||||
Экспортты / реэкспортты растау | Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту бекетінде толтырылады Өткізу бекеті _____________ Күні ______________________ Лауазымды адамның қолы және мөр: _______________________ Коносаменттің/авиақұжаттың нөмірі: _____________________ | ||||||||
Үлгінің атауы | Үлгінің атауы | ||||||||
А | |||||||||
В |
CITES PERMIT/CERTIFICATE № |
Нысан
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын
жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру журналы
Р/с № | Кімге берілді | Үлгінің атауы | Саны | Қайда/қайдан | Рұқсат берілген күні және нөмірі | Алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) сенімхат | Алушының қолы |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |