Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11935 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Коса беріліп отырған Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 23 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 16 шілде


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/143 бұйрығымен
бекітілген

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртібін анықтайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкiмшiлiк орган – Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұлттық әкiмшiлiк орган;

      2) ғылыми ұйым – Конвенция бойынша ғылыми қорытынды беру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындаған ұйым;

      3) Конвенциясы – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция, оған Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 cәуірдегі Заңына сәйкес қосылған болатын;

      4) өтiнiш беруші – әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымға үлгiлердi әкелуге және әкетуге өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;

      5) рұқсат – әкімшілік органның үлгiлердi әкелуге және әкетуге ресми рұқсат құжаты;

      6) тарап – өзі үшін Конвенция күшіне енген мемлекет;

      7) үлгi – Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгiзiлген кез келген тiрi немесе өлi жануар немесе олардың оңай танылатын кез келген бөлiгi немесе дериваты.

2-тарау. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алу үшін өтініш беруші ғылыми ұйымға қағаз нысанында мыналарды жібереді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш;

      2) Қазақстан Республикасының аумағына үлгілерді әкелу кезінде, егер, үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген болса, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын табиғи ортасынан алу жағдайында, аң аулауға арналған рұқсаттың көшірмесі;

      4) аушы жыртқыш құстарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және (немесе) аумағынан әкету кезінде сақиналары (микрочиптері) бар фотосуреттер, сондай-ақ аушы жыртқыш құс паспортының көшірмесі;

      5) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және (немесе) аумағынан әкету кезінде аталған іс-қимылды жасау ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі, сондай-ақ әкелінетін және (немесе) әкетілетін өнімнің саны мен көлемі, жынысы, өнім түрі мен оның сипаттамасы (тірі, консервіленген, ұрықтандырылған, криоконсервіленген) туралы мәліметтер көрсетілген құжат;

      6) Қазақстан Республикасында қолдан өсірілген үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның көшірмесі және (немесе) Конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік органда тіркелуі туралы куәлік, аралық бонитирлеу актілері, сондай-ақ сатып алған жағдайда, үлгілерді сатып алу туралы құжаттардың (жүкқұжат, шарт, актілер) көшірмелері.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ғылыми ұйым үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтiнiш келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды және ғылыми қорытынды береді не мынадай:

      1) үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш белгіленген нысан бойынша берілмеген;

      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер болған;

      3) үлгілерді әкелу және әкету олардың тірі қалуына қатер төндіретін жағдайларда ғылыми қорытынды беруден бас тартады.

      5. Ғылыми қорытынды ғылыми ұйымның фирмалық бланкісінде ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және ғылыми ұйымның мөрі басылады.

      6. Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алу үшін өтінім беруші "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы әкімшілік органға электрондық нысанда мыналарды жібереді:

      1) өтінім берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) әкелуді және (немесе) әкетуді жеке мақсаттары үшін жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкелуді және (немесе) әкетуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарттың немесе шарттың электрондық көшірмесі;

      3) үлгілерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде, егер, үлгі Конвенцияның 1, 2, 3-қосымшаларына енгізілген болса, экспорттауға арналған рұқсаттың немесе кері экспорттауға арналған сертификаттың электрондық көшірмесі;

      4) ғылыми ұйым қорытындысының электрондық көшірмесі;

      5) ЭҮТШ арқылы төлем жасауды қоспағанда, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 2) тармақшасына сәйкес сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекіре тұқымдас балық түрлерін, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат берілгені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) жануарлар түрлері, олардың бөлiктерi мен дериваттары Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи мекендеу ортасынан алынған жағдайда, аң аулауға арналған рұқсаттың электрондық көшірмесі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Әкімшілік орган үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға келіп түскен өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды порталда бір жұмыс күні ішінде тіркейді (егер, өтiнiш сағат 18.00-ден кейiн немесе сенбi күнi қабылданса, онда өтінім беруші үшiн мерзiмдi есептеу келесi жұмыс күнi басталады) және құжаттарды келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, шешім дайындайды. Әкімшілік орган құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартады.

      Әкімшілік орган өтінішті одан әрі қараудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдарың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты рұқсат алуды қажет ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш берушінің рұқсат алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі және оған уәкілетті лауазымды адам қол қояды және әкімшілік органның мөрі басылады.

      9. Үш данадағы (түпнұсқа және екі көшірме) рұқсат өтініш берушіге немесе өтініш берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.

      10. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 тіркелген) бекітілген "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Рұқсаттың түпнұсқасы үлгiмен бiрге жүредi, рұқсаттың екiншi данасын өтiнiш беруші кеден органына тапсырады, рұқсаттың үшiншi данасы өтiнiш берушіде қалады.

      12. Рұқсат осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ақпаратты қамтиды және үлгілерді әкелу мен әкету үшін қолданылу кезеңі берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана.

      13. Әкімшілік орган берген рұқсаттың барлық көшірмелерінде олардың тек қана көшірме болып табылатыны және құжатта атап өтілген жағдайларды қоспағанда, мұндай көшірменің бірде-біреуі түпнұсқаның орнына пайдаланыла алмайтыны анық көрсетілуге тиіс.

  Құрып кету қаупі төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенцияның күші
қолданылатын жануарлар
түрлерін
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік
органның рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенция жөніндегі әкiмшiлiк
органның ғылыми ұйымы
кімнен _____________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның (дара кәcіпкердің)
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мекенжайы__________________
(индекс, облыс, қала, аудан,
көше, үй №, пәтер № (бар
болса), телефоны)
деректемелері________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды алуға арналған өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2017 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Үлгілерді әкелуге, әкетуге ғылыми қорытынды беруіңізді сұраймын

      __________________________________________________________________________

                              (қажеттісінің астын сызу)

1.

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке берулер)


2.

Мемлекеттік, орыс және латын тілдеріндегі атауы көрсетілген үлгі


3.

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістері, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсастық белгілерінің бар-жоғы)


4.

Үлгілердің саны және (немесе) салмағы


5.

Үлгілердің шығу тегі (табиғаттан алынды, жасанды жолмен шығарылды немесе өсірілді немесе басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сый немесе мұра ретінде алынды)


6.

Түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (тің) нөмірі және күні (бар болса)


7.

Үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында қолдан өсірілген болса, түрлері Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (лардың) нөмірі және күні (бар болса)


8.

Егер жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары табиғи ортасынан Қазақстан Республикасы аумағындағы жануарлар түрлерінің санын реттеу арқылы алынса, саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға берілетін рұқсат қағазының нөмірі мен күні


9.

Экспорттаушының және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін – үйінің мекенжайы, паспорттық деректері)


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн "___"________________20____жыл.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрдің (болған жағдайда) орны)


  Құрып кету қаупі төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы
конвенцияның күші
қолданылатын жануарлар
түрлерін Қазақстан
Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан
Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік
органның рұқсаттар беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
(кімнен)_____________________
(заңды тұлғаның толық
атауы, жеке тұлғаның
(дара кәcіпкердің) аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
мекенжайы__________________
(индекс, облыс, қала,
аудан, көше, үй №,
пәтер № (бар болса),
телефоны)
деректемелері________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)

Үлгілерді әкелуге, әкетуге рұқсат алуға арналған өтініш Үлгілерді _______________________________________________ әкелуге,
(қажеттісінің астын сызу керек)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 № 166 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      әкетуге рұқсат беруді сұраймын.

1

Әкелу, әкету мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, өсiмдi молайту мақсаттары, цирктерде өнер көрсету немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар бақтары, ботаникалық бақтар және мұражайлар арасындағы алмасу, сондай-ақ жеке басына беру)


2

Мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде атауы көрсетілген үлгі


3

Үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздер, азу тістер, қан, уылдырық, сондай-ақ бұйымдар және басқалар, тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, сәйкестендіру белгілерінің бар-жоғы)


4

Үлгілердің саны және (немесе) салмағы (уылдырықты әкету кезінде сыйымдылықтың саны мен көлемін қосымша көрсету қажет)


5

Үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, басқа елден қандай құжаттардың негізінде импортталды, тәркіленді, сатып алынды, сыйға немесе мұраға алынды және тағы басқалар)


6

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу туралы куәліктердің (-тің) нөмірі және күні (бар болса)


7

Егер, үлгілер Қазақстан Республикасы аумағында жасанды жағдайларда өсірілген болса, Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның (-лардың) нөмірі және күні (бар болса)


8

Егер, жануарлардың түрлері, олардың бөліктері мен дериваттары Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар санын реттеу арқылы табиғи ортадан алынса, саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға арналған рұқсаттың нөмірі мен күні


9

Экспорттаушы мен импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекенжайы, олардың телефондары немесе факстары (жеке тұлғалар үшін - үйінің мекенжайы, төлқұжат деректері)


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініштің берілген күні 20____жылғы "___"________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Құрып кету қаупі төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенцияның күші
қолданылатын жануарлар түрлерін
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік органның
рұқсаттар беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын
жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге
және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік
органның рұқсаттар

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция (СИТЕС)

ТҮПНҰСҚA

Original

Convention on International Trade

in Endangered Species of Wild Fauna

and Flora (CITES)

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі

Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan





Экспорт

Export

Қазақстан Республикасындағы СИТЕС

әкімшілік органы

Административный орган СИТЕС в

Республике Казахстан

Management Authorities for CITES in

the Republic of Kazakhstan






010000,

Ministry House,

Orynbor 8,

Astana city,

Republic of

Kazakhstan

Tel.: (+7172)

749935 Fax:

(+7172) 749926




Импорт

Import



Реэкспорт

Reexport



Прочие

Other

Экспорттаушы / Реэкспорттаушы:

Exporter / Re-exporter:

Рұқсат №:

Permit №:

Дейін жарамды:

Valid until:

Импорттаушы:

Importer:

Ерекше шарттар:

Special conditions:

Тірі жануарлар үшін бұл рұқсат тасымалдау шарттары СИТЕС ұсынымдарына, ал авиатасымалы жағдайында ИAТA қағидаларына сәйкес келгенде ғана жарамды

For live animals this permit is only valid if the transport conditions conform to the

CITES Guidelines for Transport of Live or, in the case of air transport, to the IATA

Live Animal Regulations

Жануардың орысша және латынша атауы

Russian and scientific name of animal

Салынған енді қоса алғанда, үлгінің сипаттамасы

Description of specimens, including identifying marks or numbers

Қосымша

Appendix

Көзі

Sourc

е

Мақсаты

Purpos

е

Даналар саны немесе салмағы

Quantity: number of

specimens or weight

А






Шыққан елі

Country of origin

Рұқсаттың нөмірі және күні

Permit № and date

В






Шыққан елі

Country of origin

Рұқсаттың нөмірі және күні

Permit № and date

Осы рұқсат берілді:

This permit was issued on: ______________ ___________________________________________

Күні/ Date Қорғаныш маркасы, қолы және мөрі

Қазақстан / Kazakhstan Security stamp, signature and official seal

Экспортты / реэкспортты растау

Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өту бекетінде толтырылады

Өткізу бекеті _____________

Күні ______________________

Лауазымды адамның қолы және

мөр: _______________________

Коносаменттің/авиақұжаттың нөмірі: _____________________

Үлгінің атауы

Үлгінің атауы

А


В



CITES PERMIT/CERTIFICATE №








  Құрып кету қаупі төнген жабайы
фауна мен флора түрлерімен халықаралық
сауда туралы конвенцияның күші
қолданылатын жануарлар түрлерін
Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік органның
рұқсаттар беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын
жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру журналы

Р/с

Кімге берілді

Үлгінің атауы

Саны

Қайда/қайдан

Рұқсат берілген күні және нөмірі

Алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

жағдайда) сенімхат

Алушының қолы

1








2








3