"Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 30 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
___________ Н. Әбікаев
2015 жылғы 24 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 22 маусым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына 1-қосымша |
Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар
белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер
мен бөтен текті түрлер тiзбесi
№ | Мемлекеттік тілдегі атауы | Латын тіліндегі атауы | ||
1. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ, карантиндiк маңызы бар, өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларының қоздырғыштары және арамшөптер | ||||
1.1. Өсiмдiктер зиянкестерi | ||||
1 | Азиялық сүген | Anoplophora glabripennis (Motschulsky) | ||
2 | Азиялық көп қоректі дән қоңызы | Callosobruchus analis F. | ||
3 | Азиялық мақта көбелегі | Spodoptera litura (Fabricius) | ||
4 | Ақ жиекті қоңыз | Pantomorus leucoloma Boheman | ||
5 | Ақ ұнтақты шығыс құрты | Pseudococcus citriculus Green | ||
6 | Алма шыбыны | Rhagoletis pomonella Walsh | ||
7 | Алманың зер қоңызы | Agrilus mali Mats | ||
8 | Алмұрт қан көбелегі | Numonia pyrivorella (Matsumura) | ||
9 | Андылық картоп бізтұмсығы | Premnotrypes spp. | ||
10 | Апельсин қалқаншалы сымыры | Unaspis citri Comst. | ||
11 | Беденің америкалық үңгі шыбыны | Liriomyza trifolii Burg et Comst. Or (Burgess) | ||
12 | Гүлдің (калифорниялық) батыс трипсі | Frankliniella occidentalis Pergande | ||
13 | Жапон қоңызы | Popillia japonica Newman | ||
14 | Жапондық балауызды жалған қалқаншалы сымыр | Ceroplastes japonicus Green | ||
15 | Жапырақтың оңтүстік америкалық үңгі шыбыны | Liriomyza huidobrensis Blanchard | ||
16 | Жеміс бізтұмсығы | Conotrachelus nenuphar (Herbst) | ||
17 | Жерорта теңізінің жеміс шыбыны | Ceratitis capitata (Wiedemann) | ||
18 | Жүгерінің (диабротика) батыс коңызы | Diabrotica virgifera virgifera Le Conte | ||
19 | Жүзім филлоксерасы | Viteus vitifoliae Fitch. | ||
20 | Инжірдің балауызды жалған қалқаншалы сымыры | Ceroplastes rusci (Linnaeus) | ||
21 | Қарағайлық қара сүген | Monochamus galloprovincialis (Olivier) | ||
22 | Капр қоңызы | Trogoderma granarium Everts | ||
23 | Картоптың түйнек бүрге-қоңызы | Epitrix tuberis Gentner | ||
24 | Картоптың бүрге-қоңызы | Epitrix cucumeris Harris | ||
25 | Картоп күйесі | Phthorimaea operculella (Zeller) | ||
26 | Кылтан жапырақтылардың қара мұртты (немесе сүген) қоңызы | Monochamus saltuarius Gebler | ||
27 | Қызанақтың жапырақ үңгі шыбыны | Liriomyza sativae Blanchard | ||
28 | Қытайлық дән қоңызы | Callosobruchus chinensis L. | ||
29 | Мақта күйесі | Pectinophora gossypiella (Saunders) | ||
30 | Мақтаның мысырлық көбелегі | Spodoptera littoralis (Boisduval) | ||
31 | Мандариннің үлкен шыбыны | Tetradacus citri Chen. | ||
32 | Пальма трипсі | Thrips palmi Karny | ||
33 | Сібір жібек көбелегі | Dendrolimus sibiricus Chetverikov | ||
34 | Таяқша тәріздес жапондық қалқаншалы сымыр | Lopholeucaspis (leucaspis) japonica (Cockerell) | ||
35 | Темекі аққанаты | Bemisia tabaci Gennadius | ||
36 | Төрт нүктелі дән қоңызы | Callosobruchus maculatus F. | ||
37 | Тұт ағашының қалқаншалы сымыры | Pseudaulacaspis pentagona (Targioni-Tozzetti) | ||
38 | Үнділік үрме бұршақтың дән қоңызы | Callosobruchus phaseoli Gyll. | ||
39 | Цитрустық шығыс қалқаншалы сымыры | Unaspis yanonensis Kuw. | ||
40 | Цитрус аққанаты | Dialeurodes citri Riley | ||
41 | Цитрустың үңгі күйе көбелегі | Phyllocnistis citrella Stainton | ||
42 | Цитрустың ақұнтақты сымыры | Pseudococcus gahani Green | ||
43 | Шабдалының жеміс жемірі | Carposina niponensis Wlsingham | ||
44 | Шыршаның кіші қара мұртты (немесе сүген) қоңызы | Monochamus sutor Linnaeus | ||
45 | Шыршаның үлкен тін жегіші | Dendroctonus micans (Kugelann) | ||
46 | Шыршаның үлкен қара мұртты (немесе сүген) қоңызы | Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) | ||
1.2. Өсімдіктер ауруларының қоздырғыштары | ||||
Саңырауқұлақты | ||||
47 | Бидайдың үнділік (карнал) қара күйесі | Tilletia indica Mitra | ||
48 | Еменнің жүйке-талшық микозы | Ceratocystis fagacearum (Bretz.) Hunt. | ||
49 | Жүгерінің диплодиозы | Diplodia macrospora (Earle) Sutton | ||
50 | Жүгерінің диплодиозы | Diplodia frumenti ( Ellet Ev) | ||
51 | Жүгері жапырақтарының дағы (теңбілі) | Cochliobolus carbonum R. R. Nelson | ||
52 | Жүгерінің оңтүстік гельминтоспориозы Т расасы | Cochliobolus heterostrophus Drech rasa T. (Helminthosporium maydis Nisicado et Miyak.) | ||
53 | Қарағай діңгегінің және бұтағының ісігі | Atropellis pinicola Zeller & Goodding | ||
54 | Қарағай діңгегінің және бұтағының ісігі | Atropellis piniphilla (Weir.) Lohman & Cash | ||
55 | Картоптың (түйнектердің) қара күйесі | Angiosorus solani Thirum. et O, Brien | ||
56 | Картоп ісігі | Synchytrium endobioticum (Schilbersky) Percival | ||
57 | Күнбағыстың фомопсисі | Phomopsis helianthi Munt. Cvet. et al | ||
58 | Мақта антракнозы | Glomerella gossypii Edgerton | ||
59 | Таңкурай және бүлдіргеннің фитофторозды тамыр шірігі | Phytophthora fragariae Hickman. | ||
60 | Техастық тамыр шірігі | Phymatotrichopsis omnivora (Duggar) Hennebert | ||
61 | Хризантема аскохитозы | Didymella chrysanthemi (Tassi) Gar. et Gull. | ||
62 | Хризантема гүлінің ақ таты | Puccinia horiana P.Henn. | ||
Бактериялық | ||||
63 | Сары шырышты бактериоз (масақтың сарғылт шіруі) | Clavibacter tritici (Carlson & Vidaver) Davis | ||
64 | Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі | Erwinia amylovora (Burrill) Winston et al. | ||
65 | Жүгерінің бактериялы солуы (вилт) | Erwinia stewartii (Smith) Dye | ||
66 | Жүзімнің бактериялы солуы | Xanthomonas ampelina (Panagopoulos) Willems et al. | ||
67 | Картоптың бактериялы сақиналы шірігі | Clavibacter michiganensis michiganehis (Smith) Davis et al. sepedonicus sepedonicum (Spieckermann and Kotthoff) Davis et al. | ||
68 | Картоп түйнегінің қоңыр шірігі | Ralstonia solanacearum (Smith) Yabuuchi et al | ||
69 | Күріштің бактериялы жолақтануы | Xanthomonas oryzae pv.oryzicola (Fang et al) Swings et al | ||
70 | Күріштің бактериялы күйігі | Xanthomonas oryzae pv. oryzae (Ishiyama) Swings et al | ||
Фитоплазмалық және вирустық | ||||
71 | Алхоры шаркасы (шешек) | Plum pox potyvirus | ||
72 | Жүзімнің алтын тәріздес сарғаюы | Grapevine flavescence doree phytoplasma | ||
73 | Картоптың андылық секпілді комовирусы | Andean potato mottle comovirus | ||
74 | Картоптың андылық латентті тимо-вирусы | Andean potato latent tymovirus | ||
75 | Картоп жапырағының сарғаюы | Potato yellowing alfamovirus | ||
76 | Картоптың Т вирусы | Potato T trichovirus | ||
77 | Кызыл шие жапырағын тілімдеуші неповирус | Cherry rasp leaf nepovirus | ||
78 | Шабдалының жасырын мозайкасы | Peach latent mosaic viroid | ||
79 | Шабдалының ұсак жапрақтылық мозаикасы | Peach rosette mosaic nepovirus | ||
Нематодалық | ||||
80 | Картоптың алтын түстес жұмырқұрты | Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens | ||
81 | Картоптың бозғылт жұмырқұрты | Globodera pallida (Stone) Behrens | ||
82 | Карағай діңінің жұмырқұрты | Bursaphelenchus xylophilus (Steiner et Buhrer) | ||
83 | Картоптың колумбиялық беріш жұмырқұрты | Meloidogyne chitwoodi Golden et al | ||
1.3. Арамшөптер | ||||
84 | Калифорниялық күнбағыс | Helianthus californicus DC. | ||
85 | Каролин алқасы | Solanum carolinense L. | ||
86 | Кірпікті күнбағыс | Helianthus ciliaris DC. | ||
87 | Қолтықты аюбадана | Iva axillaris Pursh. | ||
88 | Масаты тектес шырмауық гул | Ipomoea hederacea (L) Jacg. | ||
89 | Салалы жапырақты алқа | Solanum elaeagnifolium Cav. | ||
90 | Сирек гүлді ценхрус | Cenchrus pauciflorus Benth. | ||
91 | Стригалар (барлық түрлері) | Striga sp.sp | ||
92 | Үшбөлікті ойраншөп | Ambrosia trifida L. | ||
93 | Шұңқырлы шырмауық гүл | Ipomoea lacunosa L. | ||
94 | Түкті итошаған | Bidens pilosa L. | ||
95 | Үш гүлді алқа | Solanum triflorum Nutt. | ||
2. Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантинді объектілер | ||||
2.1. Өсiмдiктер зиянкестерi | ||||
96 | Америкалық ақ көбелек | Hyphantria cunea Drury. | ||
97 | Жемістің шығыс жемірі | Grapholita molesta (Busck) | ||
98 | Жұпсыз жібек көбелек | Lymantria dispar L. (asian race). | ||
99 | Калифорниялық қалқаншалы сымыр | Quadraspidiotus perniciosus Comst. | ||
100 | Комсток сымыры (құрты) | Pseudococcus comstocki Kuw. | ||
101 | Қауын шыбыны | Myiopardalis pardalina (Bigot) | ||
2.2. Арамшөптер | ||||
102 | Арам сояулар | Cuscuta sp.sp | ||
103 | Жатаған (қызғылт) укекіре | Acroptilon repens D.C. | ||
104 | Жусан жапрақты ойраншөп | Ambrosia artemisiifolia L. | ||
105 | Көп жылдық ойраншөп | Ambrosia psilostachya D.C. | ||
106 | Тікенекті алқа (мүкжидек тәріздес) | Solanum rostratum Dun. | ||
2.3. Бөтен текті түрлер | ||||
107 | Ерекше жүгері қоңызы | Diabrotica speciosa Germer | ||
108 | Жақұтты қушық денелі шаған зер қоңызы | Agrilus planipennis Fairmaire | ||
109 | Жүгері тамырының батыс қоныз | Diabrotica virgifera Le Conte | ||
110 | Онтүстік жүгері қоңызы | Diabrotica undecimpunctata howardi Barber | ||
111 | Солтүстік жүгері қоңызы | Diabrotica barberi Smith & Lawrence |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы 30
наурыздағы № 4-4/282
бұйрығына
2-қосымша
Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Өсімдіктер зиянкестері:
1) үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус);
2) зиянды бақашық;
3) астықтың сұр көбелегі;
4) гессен шыбыны;
5) астық қоңыздары;
6) мақта көбелегі;
7) өрмекші кене;
8) саршұнақтар;
9) тышқан тәрізді кеміргіштер;
10) колорадо қоңызы.
2. Дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз).