Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11739 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесi бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 30 мамыр

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      ___________ Н. Әбікаев
      2015 жылғы 24 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 22 маусым

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы  
№ 4-4/282 бұйрығына    
1-қосымша         

Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар
белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер
мен бөтен текті түрлер тiзбесi


р/с

Мемлекеттік тілдегі атауы

Латын тіліндегі атауы

1. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ, карантиндiк маңызы бар, өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларының қоздырғыштары және арамшөптер

1.1. Өсiмдiктер зиянкестерi

1

Азиялық сүген

Anoplophora glabripennis (Motschulsky)

2

Азиялық көп қоректі дән қоңызы

Callosobruchus analis F.

3

Азиялық мақта көбелегі

Spodoptera litura (Fabricius)

4

Ақ жиекті қоңыз

Pantomorus leucoloma Boheman

5

Ақ ұнтақты шығыс құрты

Pseudococcus citriculus Green

6

Алма шыбыны

Rhagoletis pomonella Walsh

7

Алманың зер қоңызы

Agrilus mali Mats

8

Алмұрт қан көбелегі

Numonia pyrivorella (Matsumura)

9

Андылық картоп бізтұмсығы

Premnotrypes spp.

10

Апельсин қалқаншалы сымыры

Unaspis citri Comst.

11

Беденің америкалық үңгі шыбыны

Liriomyza trifolii Burg et Comst. Or (Burgess)

12

Гүлдің (калифорниялық) батыс трипсі

Frankliniella occidentalis Pergande

13

Жапон қоңызы

Popillia japonica Newman

14

Жапондық балауызды жалған қалқаншалы сымыр

Ceroplastes japonicus Green

15

Жапырақтың оңтүстік америкалық үңгі шыбыны

Liriomyza huidobrensis Blanchard

16

Жеміс бізтұмсығы

Conotrachelus nenuphar (Herbst)

17

Жерорта теңізінің жеміс шыбыны

Ceratitis capitata (Wiedemann)

18

Жүгерінің (диабротика) батыс коңызы

Diabrotica virgifera virgifera Le Conte

19

Жүзім филлоксерасы

Viteus vitifoliae Fitch.

20

Инжірдің балауызды жалған қалқаншалы сымыры

Ceroplastes rusci (Linnaeus)

21

Қарағайлық қара сүген

Monochamus galloprovincialis (Olivier)

22

Капр қоңызы

Trogoderma granarium Everts

23

Картоптың түйнек бүрге-қоңызы

Epitrix tuberis Gentner

24

Картоптың бүрге-қоңызы

Epitrix cucumeris Harris

25

Картоп күйесі

Phthorimaea operculella (Zeller)

26

Кылтан жапырақтылардың қара мұртты (немесе сүген) қоңызы

Monochamus saltuarius Gebler

27

Қызанақтың жапырақ үңгі шыбыны

Liriomyza sativae Blanchard

28

Қытайлық дән қоңызы

Callosobruchus chinensis L.

29

Мақта күйесі

Pectinophora gossypiella (Saunders)

30

Мақтаның мысырлық көбелегі

Spodoptera littoralis (Boisduval)

31

Мандариннің үлкен шыбыны

Tetradacus citri Chen.

32

Пальма трипсі

Thrips palmi Karny

33

Сібір жібек көбелегі

Dendrolimus sibiricus Chetverikov

34

Таяқша тәріздес жапондық қалқаншалы сымыр

Lopholeucaspis (leucaspis) japonica (Cockerell)

35

Темекі аққанаты

Bemisia tabaci Gennadius

36

Төрт нүктелі дән қоңызы

Callosobruchus maculatus F.

37

Тұт ағашының қалқаншалы сымыры

Pseudaulacaspis pentagona (Targioni-Tozzetti)

38

Үнділік үрме бұршақтың дән қоңызы

Callosobruchus phaseoli Gyll.

39

Цитрустық шығыс қалқаншалы сымыры

Unaspis yanonensis Kuw.

40

Цитрус аққанаты

Dialeurodes citri Riley

41

Цитрустың үңгі күйе көбелегі

Phyllocnistis citrella Stainton

42

Цитрустың ақұнтақты сымыры

Pseudococcus gahani Green

43

Шабдалының жеміс жемірі

Carposina niponensis Wlsingham

44

Шыршаның кіші қара мұртты (немесе сүген) қоңызы

Monochamus sutor Linnaeus

45

Шыршаның үлкен тін жегіші

Dendroctonus micans (Kugelann)

46

Шыршаның үлкен қара мұртты (немесе сүген) қоңызы

Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim)

1.2. Өсімдіктер ауруларының қоздырғыштары

Саңырауқұлақты

47

Бидайдың үнділік (карнал) қара күйесі

Tilletia indica Mitra

48

Еменнің жүйке-талшық микозы

Ceratocystis fagacearum (Bretz.) Hunt.

49

Жүгерінің диплодиозы

Diplodia macrospora (Earle) Sutton

50

Жүгерінің диплодиозы

Diplodia frumenti ( Ellet Ev)

51

Жүгері жапырақтарының дағы (теңбілі)

Cochliobolus carbonum R. R. Nelson

52

Жүгерінің оңтүстік гельминтоспориозы Т расасы

Cochliobolus heterostrophus Drech rasa T. (Helminthosporium maydis Nisicado et Miyak.)

53

Қарағай діңгегінің және бұтағының ісігі

Atropellis pinicola Zeller & Goodding

54

Қарағай діңгегінің және бұтағының ісігі

Atropellis piniphilla (Weir.) Lohman & Cash

55

Картоптың (түйнектердің) қара күйесі

Angiosorus solani Thirum. et O, Brien

56

Картоп ісігі

Synchytrium endobioticum (Schilbersky) Percival

57

Күнбағыстың фомопсисі

Phomopsis helianthi Munt. Cvet. et al

58

Мақта антракнозы

Glomerella gossypii Edgerton

59

Таңкурай және бүлдіргеннің фитофторозды тамыр шірігі

Phytophthora fragariae Hickman.

60

Техастық тамыр шірігі

Phymatotrichopsis omnivora (Duggar) Hennebert

61

Хризантема аскохитозы

Didymella chrysanthemi (Tassi) Gar. et Gull.

62

Хризантема гүлінің ақ таты

Puccinia horiana P.Henn.

Бактериялық

63

Сары шырышты бактериоз (масақтың сарғылт шіруі)

Clavibacter tritici (Carlson & Vidaver) Davis

64

Жеміс ағаштарының бактериялы күйігі

Erwinia amylovora (Burrill) Winston et al.

65

Жүгерінің бактериялы солуы (вилт)

Erwinia stewartii (Smith) Dye

66

Жүзімнің бактериялы солуы

Xanthomonas ampelina (Panagopoulos) Willems et al.

67

Картоптың бактериялы сақиналы шірігі

Clavibacter michiganensis michiganehis (Smith) Davis et al. sepedonicus sepedonicum (Spieckermann and Kotthoff) Davis et al.

68

Картоп түйнегінің қоңыр шірігі

Ralstonia solanacearum (Smith) Yabuuchi et al

69

Күріштің бактериялы жолақтануы

Xanthomonas oryzae pv.oryzicola (Fang et al) Swings et al

70

Күріштің бактериялы күйігі

Xanthomonas oryzae pv. oryzae (Ishiyama) Swings et al

Фитоплазмалық және вирустық

71

Алхоры шаркасы (шешек)

Plum pox potyvirus

72

Жүзімнің алтын тәріздес сарғаюы

Grapevine flavescence doree phytoplasma

73

Картоптың андылық секпілді комовирусы

Andean potato mottle comovirus

74

Картоптың андылық латентті тимо-вирусы

Andean potato latent tymovirus

75

Картоп жапырағының сарғаюы

Potato yellowing alfamovirus

76

Картоптың Т вирусы

Potato T trichovirus

77

Кызыл шие жапырағын тілімдеуші неповирус

Cherry rasp leaf nepovirus

78

Шабдалының жасырын мозайкасы

Peach latent mosaic viroid

79

Шабдалының ұсак жапрақтылық мозаикасы

Peach rosette mosaic nepovirus

Нематодалық

80

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты

Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens

81

Картоптың бозғылт жұмырқұрты

Globodera pallida (Stone) Behrens

82

Карағай діңінің жұмырқұрты

Bursaphelenchus xylophilus (Steiner et Buhrer)

83

Картоптың колумбиялық беріш жұмырқұрты

Meloidogyne chitwoodi Golden et al

1.3. Арамшөптер

84

Калифорниялық күнбағыс

Helianthus californicus DC.

85

Каролин алқасы

Solanum carolinense L.

86

Кірпікті күнбағыс

Helianthus ciliaris DC.

87

Қолтықты аюбадана

Iva axillaris Pursh.

88

Масаты тектес шырмауық гул

Ipomoea hederacea (L) Jacg.

89

Салалы жапырақты алқа

Solanum elaeagnifolium Cav.

90

Сирек гүлді ценхрус

Cenchrus pauciflorus Benth.

91

Стригалар (барлық түрлері)

Striga sp.sp

92

Үшбөлікті ойраншөп

Ambrosia trifida L.

93

Шұңқырлы шырмауық гүл

Ipomoea lacunosa L.

94

Түкті итошаған

Bidens pilosa L.

95

Үш гүлді алқа

Solanum triflorum Nutt.

2. Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантинді объектілер

2.1. Өсiмдiктер зиянкестерi

96

Америкалық ақ көбелек

Hyphantria cunea Drury.

97

Жемістің шығыс жемірі

Grapholita molesta (Busck)

98

Жұпсыз жібек көбелек

Lymantria dispar L. (asian race).

99

Калифорниялық қалқаншалы сымыр

Quadraspidiotus perniciosus Comst.

100

Комсток сымыры (құрты)

Pseudococcus comstocki Kuw.

101

Қауын шыбыны

Myiopardalis pardalina (Bigot)

2.2. Арамшөптер

102

Арам сояулар

Cuscuta sp.sp

103

Жатаған (қызғылт) укекіре

Acroptilon repens D.C.

104

Жусан жапрақты ойраншөп

Ambrosia artemisiifolia L.

105

Көп жылдық ойраншөп

Ambrosia psilostachya D.C.

106

Тікенекті алқа (мүкжидек тәріздес)

Solanum rostratum Dun.

2.3. Бөтен текті түрлер

107

Ерекше жүгері қоңызы

Diabrotica speciosa Germer

108

Жақұтты қушық денелі шаған зер қоңызы

Agrilus planipennis Fairmaire

109

Жүгері тамырының батыс қоныз

Diabrotica virgifera Le Conte

110

Онтүстік жүгері қоңызы

Diabrotica undecimpunctata howardi Barber

111

Солтүстік жүгері қоңызы

Diabrotica barberi Smith & Lawrence

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы  
№ 4-4/282 бұйрығына    
2-қосымша         

Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі

      1. Өсімдіктер зиянкестері:
      1) шегіртке тектес (азиялық, мароккалық және италияндық прус);
      2) бақашық қандала;
      3) астық сұр көбелегі;
      4) гессен шыбыны;
      5) астық қоңызы;
      6) мақта көбелегі;
      7) өрмекше кене;
      8) сарышұнақтар;
      9) тышқан тәрізді кеміргіштер;
      10) колорадо картоп қоңызы.
      1. Дәнді дақылдардың аурулары:
      1) астықтың тат ауруы;
      2) дәнді дақылдардың септориозы.