Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қыркүйекте № 14211 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауіпті зиянды организмдер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11913 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық нормативтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық есепке алу нысандары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына тіркелген бұйрықты алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 1 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      Комитетінің торағасы

      ___________ В. Жұмақанов

      2016 жылғы 4 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 1 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 19 мамырдағы.
№ 225 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы 30
наурыздағы № 4-4/282
бұйрығына
2-қосымша

Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі

      1. Өсімдіктер зиянкестері:

      1) үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус);

      2) зиянды бақашық;

      3) астықтың сұр көбелегі;

      4) гессен шыбыны;

      5) астық қоңыздары;

      6) мақта көбелегі;

      7) өрмекші кене;

      8) саршұнақтар;

      9) тышқан тәрізді кеміргіштер;

      10) колорадо қоңызы.

      2. Дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз).

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 19 мамырдағы.
№ 225 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 15-02/584 бұйрығына
1-қосымша

Фитосанитариялық нормативтер

1-Тарау. Дәнді дақылдар егісіндегі басым арамшөп өсімдіктерінің түрлері бойынша фитосанитариялық нормативтер

Атауы

Зияндылық шегі, бір шаршы метрге дана

Біржылдық біржарнақты

Қара сұлы

15

Түкті тары

25

Күрмек тары

40

Көкшіл және жасыл мысыққұйрық

60

Біржылдық қосжарнақты

Егістік қыша

12

Шырмауық таран

6

Татар қарақұмығы

7

Қызылша гүлтәжі

23

Ақ алабұта

25

Егістік қанатжеміс

18

Көпжылдық біржарнақты

Жауқияқ

3

Жатаған бидайық

2

Көпжылдық қосжарнақты

Егістік сарықалуені

2

Дала шырмауығы

4

Далалық қалуен

3

2-Тарау. Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық нормативтер

Аса қауіпті зиянды организмдердің атауы

Аса қауіпті зиянды организм-нің даму сатысы

Дақыл және (немесе) алқаптар

Дақылдың даму фазасы

Зияндылық шегі

1

2

3

4

5

Үйірлі шегіртке тектестер; итальяндық прус

дернәсіл-дер

ауыл шаруашылығы алқаптары
 

өсіп-өну кезеңі

1 шаршы метрге 5 және одан көп дана

марокколық шегіртке

дернәсіл-дер

ауыл шаруашылығы алқаптары

өсіп-өну кезеңі

1 шаршы метрге
5 және одан көп дана

азиялық шегіртке

дернәсіл-дер

ауыл шаруашылығы алқаптары

өсіп-өну кезеңі

1 шаршы метрге
5 және одан көп дана

Астықтың сұр көбелегі

жұлдыз-құрттар

жаздық бидай (тауарлық егістер)

сүттеніп пісу

салқын ауа райында 100 масаққа
15 жұлдызқұрттан артық, қоныржай ауа райында 20-дан артық және құрғақшылық ауа райында 30-дан артық
 

жұлдыз-құрттар

жаздық бидай (тұқымдық егістер)

сүттеніп пісу

жоғарыда көрсетілген өлшемшарттар 2 есеге төмен

Зиянды бақашық

қыстаған қандалалар

күздік (жаздық) бидай

түптену

1 шаршы метрге
1-2 қыстаған қандала, құрғақшылық жылдары бұл көрсеткіш 2 есеге (0,5-1,0) төмендейді

дернәсіл-дер

жаздық бидай

гүлдеу-дән толысудың басы

1 шаршы метрге
5 дернәсіл

дернәсіл-дер

жаздық бидай

сүттеніп пісу

1 шаршы метрге
2 дернәсіл
 

Астық қоңыздары: кузька қоңызы, әдемі қоңыз, айқышты қоңыз

имаго

жаздық бидай

гүлдеу-дән толысудың басы

1 шаршы метрге
3 қоңыздан артық

Гессен шыбыны

пупарий

бидай болған танаптар (аңыз)

егіске дейін

1 шаршы метрге
5-10 және одан артық тіршілікке икемді пупарий

1

2

3

4

5

Гессен шыбыны

жұмыртқа

жаздық бидай

толық өскін- түптену

30 %-дан астам жұмыртқалар жайлаған өсімдіктер

Дәнді дақылдардың аурулары:
септориоз

уредокезең

бидай (күздік, жаздық)

өсіп-өнудің бірінші жартысы

орта қабаттағы жапырақтардың
10-25-ке дейін, жоғарыдағы –
-5-тен көп емес септориозбен, қоңыр татпен тиісінше
-10 және 1 % залалданған жағдайда.
Аурулар одан ерте пайда болса (түтіктенуге дейін) және қолайлы ауа-райы жағдайында бұл көрсеткіштер
2-3 есе түсуі,
ал кеш пайда болса (сүттеніп пісу), керісінше, көтерілуі мүмкін

қоңыр тат

уредокезең

бидай (күздік, жаздық)

өсіп-өнудің бірінші жартысы

орта қабаттағы жапырақтардың
10-25-ке дейін, жоғарыдағы –
1-5-тен көп емес септориозбен, қоңыр татпен тиісінше
5-10 және 1 % залалданған жағдайда.
Аурулар одан ерте пайда болса (түтіктенуге дейін) және қолайлы ауа-райы жағдайында бұл көрсеткіштер
2-3 есе түсуі,
ал кеш пайда болса (сүттеніп пісу), керісінше, көтерілуі мүмкін

сары тат

уредокезең

бидай (күздік)

гүлдеу

аурудың
30 % дамуы

1

2

3

4

5

Мақтадағы өрмекші кене

жұмыртқа, дернәсіл-дер, имаго

мақта

шанақтанудың басы-пісудің басы

танапта өсімдіктердің залалдануы
10 %-дан артық, бір жапыраққа 1,5 кене (100 жапыраққа
150 дарақ)

Соядағы өрмекші кене

жұмыртқа, дернәсіл-дер, имаго

соя

өсіп-өну кезеңі

өсімдіктердің кенемен залалдануы 10 %-дан жоғары, оның саны
1 жапыраққа
10 дарақтан артық

Мақтадағы мақта көбелегі

жұмыртқа, жұлдыз-құрт

мақта

шанақтану-дың басы – пісудің басы

100 өсімдікке
8-12 жұмыртқа мен жұлдызқұрт

Жүгерідегі мақта көбелегі

көбелек, жұлдыз-құрт

жүгері

өсіп-өну кезеңі

бір торға тәулігіне
8-10 көбелек,
бұл танаптағы зиянкестің шекті санына сәйкес келеді

Сарышұнақтар


дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер

өсіп-өну кезеңі

егістерде және егістен 300 метрлік аймақта – 1 гектарға 5 аң, ал 2 км
аймақта – 1 гектарға
15-20 аңнан артық

Тышқан тәрізді кеміргіштер


дәнді дақылдар, көпжылдық шөптер

өсіп-өну кезеңі

25 қыспаға
3 кеміргіш ұстау (100 қыспаға шаққанда – 12 %), сондай-ақ учаскеде жапалақтардың топталуы, ал солтүстік аймақта – сұр тышқандардың қысқы қар асты ұяларының болуы

Колорадо қоңызы

қоңыздар

картоп

өсімдіктің өсу фазасын-да биіктігі 15-25 см дейін

картоп түптерінің 0,5-2 %-ына қоныстанған


қыстап шыққан қоңыздар- мен дернәсіл-дер

картоп

шанақтану фазасы – гүлдену

1 өсімдікке
20 дернәсіл санымен түптердің 5-8 %-ына қоныстанған

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 19 мамырдағы.
№ 225 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 15-02/584 бұйрығына
2-қосымша

Фитосанитариялық есепке алу нысандары

      Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп

      Есептік кезең: жартыжылдық

      Индекс: ФУ – 1

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

      Нысан қайда ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ААИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ОАИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет).

      Ұсыну мерзімдері:

      ААИ-ға, жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін және бір рет 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға, жылына екі рет, бір рет 25 шілдеге дейін және бір рет 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке, жылына екі рет, бір рет 30 шілдеге дейін және бір рет 30 қаңтарға дейін.

      литр

Пестицид-тің (улы химикат-тың), биопрепа-раттың, энтомофаг-тың атауы

Есепті кезең-нің басын-дағы қалдық

Есепті кезең-де өнді-рілгені

Есепті кезеңде сатып алынғаны

Есепті кезең-де өткі-зілгені

Пестицидтер (улы химикаттар), биопрепарат-тар және энтомофагтар өткізілген субъектінің атауы

Есепті кезеңнің соңын-дағы қалдық

барлығы

оның ішінде

им-порт бой-ынша

ел-дің ішінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















      Мөр орны (бар болса)

      Басшы      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Орындаушы____________ ___________________________________________________

      (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон ________________ _____ жылғы "___" _________________________________

      "Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есеп" фитосанитариялық есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Фитосанитариялық есепке алудың толтырылған нысаны:

      ААИ-ға жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін және бір рет 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға жылына екі рет, бір рет 25 шілдеге дейін және бір рет 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке жылына екі рет, бір рет 30 шілдеге дейін және бір рет 30 қаңтарға дейін ұсынылады.

      2. Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есеп нысанында мыналар көрсетіледі:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың, энтомофагтың атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің басындағы пестицид (улы химикат) қалдығы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында есепті кезеңде өндірілген пестицидтің (улы химикаттың) литрлік саны көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында есепті кезеңде, оның ішінде импорт бойынша және ел ішінде сатып алынған пестицидтердің (улы химикаттың) жалпы саны көрсетіледі (нысанның 5-бағанының мәні 6-7-бағандар мәндерінің қосындысына тең);

      6) нысанның 8-бағанында есепті кезеңде өткізілген пестицидтердің (улы химикаттардың) саны көрсетіледі;

      7) нысанның 9-бағанында пестицидтер (улы химикаттар), биопрепараттар және энтомофагтар өткізілген субъектінің атауы көрсетіледі;

      8) нысанның 10-бағанында есепті кезеңнің соңындағы пестицидтер (улы химикаттар) қалдығының саны көрсетіледі.

      3. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      Пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есеп

      Есепті кезең: жартыжылдық

      Индекс: ФУ – 2

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

      Нысан қайда ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ААИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ОАИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет).

      Ұсыну мерзімдері:

      ААИ-ға, жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін және бір рет 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға, жылына екі рет, бір рет 25 шілдеге дейін және бір рет 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке, жылына екі рет, бір рет 30 шілдеге дейін және бір рет 30 қаңтарға дейін.

      литр

Пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың, энтомофагтың атауы

Есепті кезеңнің басында-ғы бар-жоғы

Есепті кезеңде түскені

Есепті кезеңде жұмсалғаны

Өткізілгені (өзге облыстарға берілгені)

Есепті кезеңнің соңында-ғы қалдық

1

2

3

4

5

6

7






















      Мөр орны (бар болса)

      Басшы      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Орындаушы____________ ___________________________________________________

      (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон ________________ _____ жылғы "___" _________________________________

      "Пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есеп" фитосанитариялық есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Фитосанитариялық есепке алудың толтырылған нысаны:

      ААИ-ға жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін және бір рет 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға жылына екі рет, бір рет 25 шілдеге дейін және бір рет 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке жылына екі рет, бір рет 30 шілдеге дейін және бір рет 30 қаңтарға дейін ұсынылады.

      2. Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есеп нысанында мыналар көрсетіледі:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың, энтомофагтың атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің басындағы пестицидтің (улы химикаттың) бар-жоғы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында есепті кезеңде сатып алынған пестицидтің (улы химикаттың) литрлік саны көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында есепті кезеңде жұмсалған пестицидтердің (улы химикаттардың) жалпы саны көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында есепті кезеңде өткізілген, не өзге облыстарға берілген пестицидтердің (улы химикаттардың) саны көрсетіледі;

      7) нысанның 7-бағанында есепті кезеңнің соңындағы пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдығы көрсетіледі.

      3. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есеп

      Есепті кезең: жылдық

      Индекс: ФУ – 3

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

      Нысан қайда ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ААИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ОАИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет).

      Ұсыну мерзімдері:

      ААИ-ға, жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға, жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке, жыл сайын, 30 қаңтарға дейін.

      литр

Пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың, энтомофагтың атауы

Есепті кезеңнің басындағы бар-жоғы

Есепті кезеңде түскені

Есепті кезеңде жіберілгені

Есепті кезеңнің соңындағы қалдық

1

2

3

4

5

6













      Мөр орны (бар болса)

      Басшы      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Орындаушы____________ ___________________________________________________

      (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон ________________ _____ жылғы "___" _________________________________

      "Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есеп" фитосанитариялық есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Фитосанитариялық есепке алудың толтырылған нысаны:

      ААИ-ға жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке жыл сайын, 30 қаңтарға дейін ұсынылады.

      2. Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есеп нысанында мыналар көрсетіледі:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында пестицидтің (улы химикаттың), биопрепараттың, энтомофагтың атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында пестицидтің (улы химикаттың) есепті кезеңнің басындағы бар-жоғы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында есепті кезеңде түскен пестицидтің (улы химикаттың) саны көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында есепті кезеңде жіберілген пестицидтердің (улы химикаттардың) жалпы саны көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында есепті кезеңнің соңындағы пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдығы көрсетіледі.

      3. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы
есеп

      Есепті кезең: жылдық

      Индекс: ФУ – 4

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

      Нысан қайда ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ААИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ОАИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет).

      Ұсыну мерзімдері:

      ААИ-ға, жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға, жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке, жыл сайын, 30 қаңтарға дейін.

      дана (бірлік)

Бүріккіш және дәрілегіш техниканың атауы

Есепті кезеңнің басындағы бар-жоғы

Олардың ішінде ақаусызы

Есепті кезеңде түскені

Есепті кезеңде есептен шығарылғаны

Есепті кезеңнің соңындағы бар-жоғы

1

2

3

4

5

6

7






















      Мөр орны (бар болса)

      Басшы      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Орындаушы____________ ___________________________________________________

      (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон ________________ _____ жылғы "___" _________________________________

      "Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есеп" фитосанитариялық есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Фитосанитариялық есепке алудың толтырылған нысаны:

      ААИ-ға ұсыну мерзімі жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға ұсыну мерзімі жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке ұсыну мерзімі жыл сайын, 30 қаңтарға дейін ұсынылады.

      2. Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есеп нысанында мыналар көрсетіледі:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында бүріккіш және дәрілегіш техниканың атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында есепті кезеңнің басындағы техниканың бар-жоғы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында есепті кезеңнің басындағы (нысанның 3-бағанынан) техниканың санынан ақаусыз техниканың саны көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында есепті кезеңде келіп түскен техниканың саны көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында есепті кезеңде есептен шығарылған техниканың саны көрсетіледі;

      7) нысанның 7-бағанында есеп беру кезеңнің соңындағы техниканың саны көрсетіледі.

      3. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп

      Есепті кезең: айлық

      Индекс: ФУ – 5

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

      Нысан қайда ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ААИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ОАИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет).

      Ұсыну мерзімдері:

      ААИ-ға, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін;

      ОАИ-ға, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 25-іне дейін;

      Комитетке, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 30-ына дейін.

Зиянды организм-нің атауы

Ауыл шаруашы-лығы да-қылының (алқаптың) атауы

Өңдеу алаңы, мың га

Орындау-шылар-дың атауы (оларды тартқан жағдайда)

Бүріккіш (дәрілегіш) техниканың атауы

Пестицидтердің (улы химикаттардың) жұмсалғаны

түрі

мар-касы

саны, дана

атауы

литр

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10





















      Мөр орны (бар болса)

      Басшы      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Орындаушы____________ ___________________________________________________

      (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон ________________ _____ жылғы "___" _________________________________

      "Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп" фитосанитариялық есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Фитосанитариялық есепке алудың толтырылған нысаны:

      ААИ-ға, ұсыну мерзімі ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін;

      ОАИ-ға, ұсыну мерзімі ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 25-іне дейін;

      Комитетке, ұсыну мерзімі ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 30-ына дейін ұсынылады.

      2. Химиялық өңдеулер жүргізу туралы есеп нысанында мыналар көрсетіледі:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында оған қарсы химиялық өңдеу жүргізілген зиянды организмнің атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында химиялық өңдеулер жүргізілген ауыл шаруашылығы дақылының, алқаптың атауы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында зиянды организмге қарсы өңдеу алаңы көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында орындаушылардың атауы көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында химиялық өңдеулерді жүргізген техниканың түрі көрсетіледі;

      7) нысанның 7-бағанында химиялық өңдеулерді жүргізген техниканың маркасы көрсетіледі;

      8) нысанның 8-бағанында химиялық өңдеулерді жүргізген техника саны көрсетіледі;

      9) нысанның 9-бағанында химиялық өңдеулер жүргізілген пестицидтердің (улы химикаттардың) атауы көрсетіледі;

      10) нысанның 10-бағанында химиялық өңдеулер жүргізу кезінде жұмсалған пестицидтердің (улы химикаттардың) саны көрсетіледі.

      3. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есеп

      Есепті кезең: айлық

      Индекс: ФУ – 6

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

      Нысан қайда ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ААИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ОАИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет).

      Ұсыну мерзімдері:

      ААИ-ға, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін;

      ОАИ-ға, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 25-іне дейін;

      Комитетке, ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 30-ына дейін.

Зиянды организмнің атауы

Ауыл шаруашылығы дақылының (алқаптың) атауы

Өңдеу алаңы (көлемі),
мың га,
мың тонна

Қызмет көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың атауы

Бүріккіш (дәрілегіш) техниканың атауы

түрі

маркасы

саны, дана

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Мөр орны (бар болса)

      Басшы      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Орындаушы____________ ___________________________________________________

      (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон ________________ _____ жылғы "___" _________________________________

      "Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есеп" фитосанитариялық есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Фитосанитариялық есепке алудың толтырылған нысаны:

      ААИ-ға, ұсыну мерзімі ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін;

      ОАИ-ға, ұсыну мерзімі ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 25-іне дейін;

      Комитетке, ұсыну мерзімі ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 30-ына дейін ұсынылады.

      2. Химиялық өңдеулер жүргізу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есеп нысанында мыналар көрсетіледі:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында оған қарсы химиялық өңдеулер жүргізген зиянды организмнің атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында химиялық өңдеулер жүргізілген ауыл шаруашылығы дақылының, алқаптың атауы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында зиянды организмге қарсы өңдеу алаңы, көлемі көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында химиялық өңдеулерді жүргізген техниканың түрі көрсетіледі;

      7) нысанның 7-бағанында химиялық өңдеулерді жүргізген техниканың маркасы көрсетіледі;

      8) нысанның 8-бағанында химиялық өңдеулерді жүргізген техниканың саны көрсетіледі.

      3. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және
олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі есеп

      Есепті кезең: жылдық

      Индекс: ФУ – 7

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

      Нысан қайда ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ААИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ОАИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет).

      Ұсыну мерзімдері:

      ААИ-ға, жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға, жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке, жыл сайын, 30 қаңтарға дейін.

Тыйым салынған, жарамсыз пестицидтер-дің (улы химикаттар-дың) және олардан босаған ыдыстардың атауы

Тыйым салынған, жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдысты залалсызданды-руға жеткізген жеке және заңды тұлғалардың атауы

Тыйым салынған, жарамсыз пестицидтер-дің (улы химикаттар-дың) және олардан босаған ыдыстардың саны, тонна

Залал-сыз-дан-дыру күні

Бункердің нөмірі, орналасқан жері
 

Ыдыс-тың жай-күйі

Пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған
ыдысты залалсыздан-дыруды
жүзеге асыратын адамдардың тізімі

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Мөр орны (бар болса)

      Басшы      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Орындаушы____________ ___________________________________________________

      (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон ________________ _____ жылғы "___" _________________________________

      "Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі есеп" фитосанитариялық есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Фитосанитариялық есепке алудың толтырылған нысаны:

      ААИ-ға, ұсыну мерзімі жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға, ұсыну мерзімі жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке, ұсыну мерзімі жыл сайын, 30 қаңтарға дейін ұсынылады.

      2. Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі есеп нысанында мыналар көрсетіледі:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында тыйым салынған, жарамсыз пестицидтердің (улы химикаттардың) және олардан босаған ыдыстардың атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында тыйым салынған, жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдысты залалсыздандыруға жеткізген жеке және заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында тыйым салынған, жарамсыз пестицидтердің (улы химикаттардың) тоннасы мен олардан босаған ыдыстың саны көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында залалсыздандыру күні көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында бункердің нөмірі, орналасқан жері көрсетіледі;

      7) нысанның 7-бағанында ыдыстың жай-күйі көрсетіледі;

      8) нысанның 8-бағанында пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыруды жүзеге асыратын адамдардың тізімі көрсетіледі.

      3. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп

      Есепті кезең: жылдық

      Индекс: ФУ – 8

      Ұсынатын тұлғалар тобы:

      қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар.

      Нысан қайда ұсынылады:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ААИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – ОАИ);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – Комитет).

      Ұсыну мерзімдері:

      ААИ-ға, жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға, жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке, жыл сайын, 30 қаңтарға дейін.


Жеке және заңды тұлғалардың – қоймалық
үй-жайлар иелерінің атауы

Орналас-қан жері

Санитария-лық паспорттың бар-жоғы, №, берілген мерзімі мен күні

Қойма-лардың алаңы, шаршы метр

Есепті кезеңнің басындағы қоймалар-дың
бар-жоғы, дана

Есепті кезеңнің соңындағы қоймалар-дың
бар-жоғы, дана

Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау
кезіндегі қалдық,
литр

1

2

3

4

5

6

7

8









      Мөр орны (бар болса)

      Басшы      ____________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Орындаушы____________ ___________________________________________________

      (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон ________________ _____ жылғы "___" _________________________________

      "Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп" фитосанитариялық есепке алу нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Фитосанитариялық есепке алудың толтырылған нысаны:

      ААИ-ға, ұсыну мерзімі жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      ОАИ-ға, ұсыну мерзімі жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      Комитетке ұсыну мерзімі жыл сайын, 30 қаңтарға дейін ұсынылады.

      2. Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есеп нысанында мыналар көрсетіледі:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында қоймалық үй-жайлардың иелері – жеке және заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында қоймалық үй-жайлардың орналасқан жері көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында санитариялық паспорттың бар-жоғы, нөмірі, мерзімі және берілген күні көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында қоймалық үй-жайлардың алаңы көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында есептік кезеңнің басындағы қоймалық үй-жайлардың саны көрсетіледі;

      7) нысанның 7-бағанында есептік кезеңнің соңындағы қоймалық үй-жайлардың саны көрсетіледі;

      8) нысанның 8-бағанында сақтау кезіндегі пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдығы көрсетіледі.

      3. Нысанға бірінші басшы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 19 мамырдағы.
№ 225 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 15-02/584 бұйрығына
3-қосымша

Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын:

      1) қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар;

      2) өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;

      3) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар ұсынады.

2-Тарау. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну тәртібі

      3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – фитосанитариялық есепке алу субъектілері):

      1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу;

      2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы;

      3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау;

      4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы;

      5) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын химиялық өңдеулер жүргізу;

      6) химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету;

      7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру;

      8) қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы жөніндегі фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді.

      4. Фитосанитариялық есепке алу субъектілері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің осы бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аудандық инспекция) фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсынады.

      5. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын фитосанитариялық есепке алу субъектілері аудандық инспекцияға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:

      1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды), сатып алуды және өткізуді, энтомофагтарды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін, бір рет 20 қаңтарға дейін;

      2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті жылына екі рет, бір рет 20 шілдеге дейін, бір рет 20 қаңтарға дейін;

      3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті қолында бүріккіш және дәрілегіш техника мен жабдық (ауыл шаруашылығы авиациясы, аэрозольдік генераторлар, атомайзерлік, штангалық, вентиляторлық бүріккіштер, бүріккіш және дәрілегіш техниканың өзге түрлері) бар фитосанитариялық есепке алу субъектілері жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті меншікті өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды қолдануды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін;

      6) химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы есепті химиялық өңдеулер жөніндегі қызметті көрсететін фитосанитариялық есепке алу субъектілері ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 20-сына дейін;

      7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру туралы есепті тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыруды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері жыл сайын, 20 қаңтарға дейін;

      8) қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы есепті пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтауды жүзеге асыратын фитосанитариялық есепке алу субъектілері жыл сайын, 20 қаңтарға дейін.

      6. Аудандық инспекция фитосанитариялық есепке алу субъектілері ұсынған фитосанитариялық есептер негізінде фитосанитарлық есепке алуды жүргізеді, кейіннен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің осы бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – облыстық инспекция) ұсынады.

      7. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын аудандық инспекцияның мемлекеттік инспекторы облыстық инспекцияға есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:

      1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және өткізу туралы есепті жылына екі рет, бір рет 25 шілдеге дейін, бір рет 25 қаңтарға дейін;

      2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті жылына екі рет, бір рет 25 шілдеге дейін, бір рет 25 қаңтарға дейін;

      3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 25-іне дейін;

      6) химиялық өңдеулер жөніндегі қызметтер көрсету туралы есепті ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 25-іне дейін;

      7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру туралы есепті жыл сайын, 25 қаңтарға дейін;

      8) қоймалық үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті жыл сайын, 25 қаңтарға дейін.

      8. Облыстық аумақтық инспекцияның өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы ұсынылған фитосанитариялық есептер негізінде фитосанитариялық есепке алуды жүргізеді, оны кейіннен өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.

      9. Фитосанитариялық есепке алу нысандарын облыстық инспекцияның мемлекеттік инспекторы өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына есептердің мынадай түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады:

      1) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу туралы есепті жылына екі рет, бір рет 30 шілдеге дейін, бір рет 30 қаңтарға дейін;

      2) пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы есепті жылына екі рет, бір рет 30 шілдеге дейін, бір рет 30 қаңтарға дейін;

      3) пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы есепті жыл сайын, 30 қаңтарға дейін;

      4) бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы есепті жыл сайын, 30 қаңтарға дейін;

      5) химиялық өңдеулер жүргізу туралы есепті ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 30-ына дейін;

      6) химиялық өңдеулер бойынша қызмет көрсету туралы есепті ай сайын, наурыздан қыркүйекке дейін, әр айдың 30-ына дейін;

      7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру туралы есепті жыл сайын, 30 қаңтарға дейін;

      8) қоймалық үй-жайларының бар-жоғы туралы есепті жыл сайын, 30 қаңтарға дейін.

      10. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар есепке алуды жүргізеді және өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына фитосанитариялық есепке алу нысандарын осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген есеп түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынады.