"Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 30 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
___________ Н. Әбікаев
2015 жылғы 24 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 22 маусым
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына 1-қосымша |
Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге
асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Р/с № | Мемлекеттік тілдегі атауы | Латын тіліндегі атауы |
1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ, карантиндік маңызы бар, карантиндік зиянды организмдер | ||
---|---|---|
1-параграф. Жәндіктер және кенелер | ||
1. | Батыстық қарабасты жапырақ ширатқыш көбелек | Acleris gloverana (Walsingham) |
2. | Шығыстық қарабасты жапырақ ширатқыш көбелек | Acleris variana (Fernald) |
3. | Қайыңның қола зерқоңызы | Agrilus anxius Gory |
4. | Бақытгүлдің жапырақ үңгі шыбыны | Nemorimyza maculosa (Malloch) |
5. | Қытайлық мұртты қоңыз | Anoplophora chinensis (Forster) |
6. | Азиялық мұртты қоңыз | Anoplophora glabripennis (Motschulsky) |
7. | Африкалық қауын шыбыны | Bactrocera cucurbitae (Coquillett) |
8. | Бидай қандаласы | Blissus leucopterus (Say) |
9. | Callosobruchus тұқымдас дән қоңыздары | Callosobruchus spp. |
10. | Кең тұмсықты қамба бізтұмсығы | Caulophilus latinasus (Say) |
11. | Інжірдің балауызды жалған қалқаншалы сымыры | Ceroplastes rusci (Linnaeus) |
12. | Америкалық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі | Choristoneura fumiferana (Clemens) |
13. | Батыстық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі | Choristoneura occidentalis Freeman |
14. | Жасыл бақша көбелегі | Chrysodeixis eriosoma (Doubleday) |
15. | Жеміс бізтұмсығы | Conotrachelus nenuphar (Herbst) |
16. | Емен шілтершісі | Corythucha arcuata (Say) |
17. | Батыстық қарағай тінжегіші | Dendroctonus brevicomis Le Conte |
18. | Таулық қарағай тінжегіші | Dendroctonus ponderosae Hopkins |
19. | Шырша тінжегіші | Dendroctonus rufipennis (Kirby) |
20. | Қарағайдың сары тінжегіші | Dendroctonus valens Le Conte |
21. | Азиялық жеміс шыбыны | Drosophila suzukii (Matsumura) |
22. | Америкалық эхинотрипс | Echinothrips americanus Morgan |
23. | Картоптың бүрге-қоңызы | Epitrix cucumeris Harris |
24. | Картоптың түйнектік бүрге-қоңызы | Epitrix tuberis Gentner |
25. | Америкалық темекі бітесі | Frankliniella fusca (Hinds) |
26. | Вест-үнділік гүл бітесі | Frankliniella insularis (Franklin) |
27. | Шығыс гүл бітесі | Frankliniella tritici (Fitch) |
28. | Қызанақ бітесі | Frankliniella schultzei (Trybom) |
29. | Жүгері бітесі | Frankliniella williamsi Hood |
30. | Қоңыр-мәрмәр қандала | Halymorpha halys Stål |
31. | Америкалық жүгері көбелегі | Helicoverpa zea (Boddie) |
32. | Шығыстық алты тікенекті қабықжегіш | Ips calligraphus (Germar) |
33. | Шығыстық бес тікенекті қабықжегіш | Ips grandicollis (Eichhoff) |
34. | Орегондық қарағай қабықжегіші | Ips pini (Say) |
35. | Калифорниялық қабықжегіш | Ips plastographus (Le Conte) |
36. | Қарағайдың тұқым қандаласы | Leptoglossus occidentalis Heidemann |
37. | Оңтүстік америкалық жапырақ үңгі шыбыны | Liriomyza huidobrensis Blanchard |
38. | Калифорниялық бұршақтың үңгі шыбыны | Liriomyza langei Frick |
39. | Пияздың үңгі шыбыны | Liriomyza nietzkei Spencer |
40. | Көкөністің жапырақ үңгі шыбыны | Liriomyza sativae Blanchard |
41. | Беденің америкалық үңгі шыбыны | Liriomyza trifolii (Burgess) |
42. | Оңтүстік америкалық жүзім құрты | Margarodes vitis (Philippi) |
43. | Көпқоректі бүкір шыбын | Megaselia scalaris (Loew) |
44. | Қарағайдың жапондық мұртты қоңызы | Monochamus alternatus Hope |
45. | Каролиналық мұртты қоңыз | Monochamus carolinensis (Olivier) |
46. | Қарағайдың теңбіл мұртты қоңызы | Monochamus clamator Le Conte |
47. | Марморатор мұртты қоңызы | Monochamus marmorator Kirby |
48. | Мутатор мұртты қоңызы | Monochamus mutator Le Conte |
49. | Солтүстік-шығыс мұртты қоңызы | Monochamus notatus (Drury) |
50. | Жалпақ қанат қалқанды мұртты қоңыз | Monochamus obtusus Casey |
51. | Ақ теңбіл мұртты қоңыз | Monochamus scutellatus (Say) |
52. | Оңтүстік қарағай мұртты қоңызы | Monochamus titillator (Fabricius) |
53. | Ақ жиекті қоңыз | Pantomorus leucoloma Boheman |
54. | Мақта күйесі | Pectinophora gossypiella (Saunders) |
55. | Андылық картоп бізтұмсығы | Premnotrypes spp. |
56. | Тұт ағашының қалқаншалы сымыры | Pseudaulacaspis pentagona (Targioni-Tozzetti) |
57. | Ақ ұнтақты шығыс құрты | Pseudococcus citriculus Green |
58. | Қаражидектің алақанат шыбыны | Rhagoletis mendax Curran |
59. | Алма шыбыны | Rhagoletis pomonella Walsh |
60. | Бөрітарақ тамырының сымыры | Rhizoecus hibisci Kawai & Takagi |
61. | Алманың домалақ басты шырылдауық мұртты қоңызы | Saperda candida Fabricius |
62. | Цитрус бітесі | Scirtothrips citri (Moulton) |
63. | Үңдіқытайлық гүл бітесі | Scirtothrips dorsalis Hood |
64. | Оңтүстік түн көбелегі | Spodoptera eridania (Cramer) |
65. | Жүгерінің жапырақ көбелегі | Spodoptera frugiperda (Smith) |
66. | Мысырлық мақта көбелегі | Spodoptera littoralis (Boisduval) |
67. | Азиялық мақта көбелегі | Spodoptera litura (Fabricius) |
68. | Гватемалалық картоп күйесі | Tecia solanivora (Povolny) |
69. | Қызанақтың қызыл өрмекші кенесі | Tetranychus evansi Baker and Pritchard |
70. | Гавай бітесі | Thrips hawaiiensis Morgan |
71. | Пальма бітесі | Thrips palmi Karny |
72. | Капр қоңызы | Trogoderma granarium Everts |
73. | Күнбағыс жапырақжегісі | Zygogramma exclamationis (Fabricius) |
74. | Алманың зерқоңызы | Agrilus mali (Motschulsky) |
75. | Темекі аққанаты | Bemisia tabaci Gennadius |
76. | Шабдалы жеміс жемірі | Carposina niponensis Wlsingham |
77. | Жерорта теңізінің жеміс шыбыны | Ceratitis capitata (Wiedemann) |
78. | Жапондық балауызды жалған қалқаншалы сымыр | Ceroplastes japonicus Green |
79. | Қоснүктелі алтын түстес түн көбелегі | Chrysodeixis chalcites (Esper) |
80. | Шынардың шілтерші қандаласы | Corythucha ciliata Say |
81. | Сібір жібек көбелегі | Dendrolimus sibiricus Chetverikov |
82. | Шыршаның үлкен тінжегіші | Dendroctonus micans (Kugelmann) |
83. | Картоптың қанқызыл қоңызы | Epilachna vigintioctomaculata Motschulsky |
84. | Батыс гүл бітесі | Frankliniella occidentalis Pergande |
85. | Таяқша тәріздес жапондық қалқаншалы сымыр | Lopholeucaspis japonica (Cockerell) |
86. | Қара теңбіл мұртты қоңыз | Monochamus impluviatus Motschulsk |
87. | Қара жылтыр мұртты қоңыз | Monochamus nitens Bates |
88. | Қара барқыт-теңбіл мұртты қоңыз | Monochamus saltuarius Gebler |
89. | Шыршаның кіші қара мұртты қоңызы | Monochamus sutor Linnaeus |
90. | Шыршаның үлкен қара мұртты қоңызы | Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim) |
91. | Алмұрттың қанкөбелегі | Numonia pyrivorella (Matsumura) |
92. | Картоп күйесі | Phthorimaea operculella (Zeller) |
93. | Уссуриялық полиграф |
Polygraphus proximus |
94. | Жапон қоңызы | Popillia japonica Newman |
95. | Филлоксера | Viteus vitifoliae Fitch. |
96. | Шағанның көк-жасыл қушық денелі зерқоңызы | Agrilus planipennis Fairmaire |
97. | Батыс жүгері қоңызы | Diabrotica virgifera Le Conte |
98. | Солтүстік жүгері қоңызы | Diabrotica barberi Smith & Lawrence |
2-параграф. Жұмырқұрттар | ||
99. | Қарағай діңінің жұмырқұрты | Bursaphelenchus xylophilus (Steiner & Buhrer) Nickle |
100. | Картоптың бозғылт жұмырқұрты | Globodera pallida (Stone) Behrens |
101. | Картоптың колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты | Meloidogyne chitwoodi Golden, O´Bannon, Santo & Finley |
102. | Жалған колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты | Meloidogyne fallax Karssen |
3-параграф. Саңырауқұлақтар | ||
103. | Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі) | Atropellis pinicola Zeller & Goodding |
104. | Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі) | Atropellis piniphilla (Weir.) Lohman & Cash |
105. | Еменнің түтікшелі микозы | Ceratocystis fagacearum (Bretz.) Hunt |
106. | Шағанның төбе қурауы |
Chalara fraxinea |
107. | Кәмила гүлінің күйігі | Ciborinia camelliae Koch |
108. | Жүгері жапырақтарының теңбілі | Cochliobolus carbonum R.R. Nelson |
109. | Қаражидектің тұтқыр шірігі | Diaporthe vaccinii Shear |
110. | Мақта антракнозы | Glomerella gossypii (South) Edgerton |
111. | Қоңыр монилиоз шірігі | Monilinia fructicola (Winter) Honey |
112. | Қарағай қылқанының қоңыр дақты күйігі | Mycosphaerella dearnessii M.E. Bar |
113. | Техастық тамыр шірігі | Phymatotrichopsis omnivora (Duggar) Hennebert |
114. | Қандағаш фитофторозы | Phytophthora alni Brasier & S.A. Kirk |
115. | Әсемдік және сүректі дақылдар фитофторозы | Phytophthora kernoviae Brasier |
116. | Сүректі және бұта дақылдары фитофторозы | Phytophthora ramorum Weres et al. |
117. | Пеларгонияның тат ауруы | Puccinia pelargonii-zonalis Doidge |
118. | Картоп қаракүйесі | Thecaphora solani Thirum et O'Breien |
119. | Бидайдың үнді (карнал) қаракүйесі | Tilletia indica Mitra |
120. | Жаңғақтың ойық жара ауруы | Sirococcus clavigignenti-juglandacearum Nair, Kostichka & Kunt |
121. | Жүгерінің құрғақ шірігі | Stenocarpella macrospora (Earle) Sutto |
122. | Жүгерінің құрғақ шірігі | Stenocarpella maydis (Berkeley) Sutton |
123. | Қызыл күрең церкоспороз |
Cercospora kikuchii |
124. | Бүлдірген антракнозы |
Colletotrichum acutatum Simmonds |
125. | Күнбағыс фомопсисі |
Diaporthe helianthi |
126. | Бақытгүл аскохитозы |
Didymella ligulicola |
127. | Бүлдірген мен таңқурайдың фитофторозды тамыр шірігі | Phytophthora fragariae Hickman |
128. | Бақытгүлдің ақ таты | Puccinia horiana Henn. |
129. | Картоптың қатерлі ісігі | Synchytrium endobioticum (Schilbersky) Percival |
4-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар | ||
130. | Асқабақ дақылдарының бактериялық теңбілденуі | Acidovorax citrulli (Shaad et al.) |
131. | Бидайдың сары шырышты бактериозы | Rathayibacter tritici (Carlson & Vidaver) Zgurskaya et al. |
132. | Жүгерінің бактериялық солуы | Pantoea stewartii subsp. stewartii (Smith) Mergaert et al. |
133. | Жүзімнің алтындай сарғаю фитоплазмасы | Candidatus Phytoplasma vitis |
134. | Жүзімнің бактериялық солуы | Xylophilus ampelinus (Panagopoulos) Willems et al. |
135. | Пияз жапырағының күйігі | Xanthomonas axonopodis pv. allii (Roumagnac et al., 2004 a) |
136. | Күріштің бактериялық күйігі | Xanthomonas oryzae pv. oryzae (Ishiyama) Swings et al. |
137. | Күріштің бактериялық жолағы | Xanthomonas oryzae pv. oryzicola (Fang et al.) Swings et al. |
138. | Картоптың қоңыр шірігі | Ralstonia solanacearum (Smith) Yabuuchi et al. |
139. | Алма пролиферациясының фитоплазмасы | Candidatus Phytoplasma mali |
140. | Алмұрттың сарқылуы фитоплазмасы | Candidatus Phytoplasma pyri |
5-параграф. Вирустар мен вироидтар | ||
141. | Қызыл шие жапырағын тілімдеуші черавирус | Cherry rasp leaf cheravirus |
142. | Шабдалының латентті теңбілі вироиді | Peach latent mosaic viroid |
143. | Шабдалының ұсақ жапырақтылық теңбілі неповирусы | Peach rosette mosaic nepovirus |
144. | Картоптың андылық латентті тимо-вирусы | Andean potato latent tymovirus |
145. | Картоп теңбілінің андылық комовирусы | Andean potato mottle comovirus |
146. | Картоптың Т теповирусы | Potato T tepovirus |
147. | Картоп сарғаюының альфамовирусы | Potato yellowing alfamovirus |
148. | Қызанақ жапырағының сарғыш бұйралану бегомовирусы | Tomato yellow leaf curl begomovirus |
149. | Қызылша жүйкесінің некротикалық сарғаюы бенивирусы | Beet necrotic yellow vein benyvirus |
150. | Қынагүлдің некротикалық теңбілдігінің тосповирусы | Impatiens necrotic spot tospovirus |
151. | Қараөрік шаркасының (шешегінің)потивирусы | Plum pox potyvirus |
152. | Картоп түйнектерінің ұршық тәріздігінің вироиді | Potato spindle tuber viroid |
153. | Темекінің сақиналы теңбілдігінің неповирусы | Tobacco ringspot nepovirus |
154. | Қызанақтың сақиналы теңбілдігінің неповирусы | Tomato ringspot nepovirus |
6-параграф. Өсімдіктер | ||
155. | Түкті итошаған | Bidens pilosa L. |
156. | Тікенекті сүттіген | Euphorbia dentata Michx. |
157. | Калифорния күнбағысы | Helianthus californicus DC. |
158. | Кірпікті күнбағыс | Helianthus ciliaris DC. |
159. | Масаты тектес шырмауықгүл | Ipomoea hederacea L. |
160. | Шұңқырлы шырмауықгүл | Ipomoea lacunosa L. |
161. | Қолтықты аюбадана | Iva axillaris Pursh. |
162. | Каролина алқасы | Solanum carolinense L. |
163. | Салалы жапырақты алқа | Solanum elaeagnifolium Cav. |
164. | Стригалар | Striga spp. |
165. | Үштармақ ойраншөп | Ambrosia trifida L. |
166. | Ұзын тікенекті ценхрус | Cenchrus longispinus (Hack.) Fern |
167. | Тікенекті алқа | Solanum rostratum Dun. |
168. | Үш гүлді алқа | Solanum triflorum Nutt. |
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянды организмдер | ||
1-параграф. Жәндіктер | ||
169. | Шығыс жеміс жемірі | Grapholita molesta (Busck) |
170. | Америкалық ақ көбелек | Hyphantria cunea Drury |
171. | Қарағайдың қара мұртты қоңызы | Monochamus galloprovincialis (Olivier) |
172. | Қауын шыбыны | Myiopardalis pardalina (Bigot) |
173. | Комсток сымыры | Pseudococcus comstocki (Kuwana) |
174. | Калифорниялық қалқаншалы сымыр | Quadraspidiotus perniciosus Comst. |
175. | Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі | Tuta absoluta (Povolny) |
176. | Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі (Lda) | Lymantria dispar asiatica Vnukovskij |
2-параграф. Жұмырқұрттар | ||
177. | Картоптың алтын түстес жұмырқұрты | Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens |
3-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар | ||
178. | Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі | Erwinia amylovora (Burrill) Winslow et al. |
4-параграф. Өсімдіктер | ||
179. | Жатаған (қызғылт) кекіре | Acroptilon repens DC |
180. | Жусан жапырақты ойраншөп | Ambrosia artemisiifolia L. |
181. | Көп жылдық ойраншөп | Ambrosia psilostachya DC. |
182. | Арам сояулар | Cuscuta spp. |
3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ бөтен текті түрлер | ||
183. | Ерекше жүгері қоңызы | Diabrotica speciosa Germer |
184. | Оңтүстік жүгері қоңызы | Diabrotica undecimpunctata howardi Barber |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2015 жылғы 30
наурыздағы № 4-4/282
бұйрығына
2-қосымша
Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.05.2016 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Өсімдіктер зиянкестері:
1) үйірлі шегіртке тектестер (азиялық, мароккалық және итальяндық прус);
2) зиянды бақашық;
3) астықтың сұр көбелегі;
4) гессен шыбыны;
5) астық қоңыздары;
6) мақта көбелегі;
7) өрмекші кене;
8) саршұнақтар;
9) тышқан тәрізді кеміргіштер;
10) колорадо қоңызы.
2. Дәнді дақылдардың аурулары (тат ауруы, септориоз).