Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11710 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 19 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________ Е. Досаев

      2015 жылғы 12 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      __________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 8 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-3/269 бұйрығымен
бекітілген

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2020 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбiн айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) иеленуші - меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде машинаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы));

      2) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) тiркеу құжаты - машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт;

      4) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, оған бекітіліп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған машиналарды қоспағанда иеленушілерге (көрсетілетін қызметті алушыларға) тиесілі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органында (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші)) мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жылына бір рет мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтуі тиіс.

      4. Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерінің тиесілілігін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды (техниканың аталған түріне шығарушы зауыттың берген реттеуші құжаттамаларымен) және ақаулықтарды ескерту мақсатында жүргiзiледi.

      5. Осы Қағидалардың мақсаттарын жүзеге асыру үшін тіркеу пункттері ретінде жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) түсініледі.

2-тарау. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбi

      6. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуді жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      7. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын ескере отырып, машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін (бұдан әрі - кесте) жасайды, онда машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізетін орны, күні және уақыты туралы мәліметтер қамтылады.

      Кестені жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияны жүзеге асырытын құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

      8. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялау жолымен иеленушілерді (көрсетілетін қызметті алушыларды) машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсыну мерзімдері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

      9. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүзеге асыратын машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру осындай жұмыстар басталар алдында машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша кестеге сәйкес жүргізіледі.

      10. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қағаз түрінде не "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсе маманы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде оларды тіркейді және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушіге) жауапты инженер-инспекторын тағайындайтын жергілікті атқарушы органның басшысына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолдайды.

      Құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, оларды тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты инженер-инспекторы құжаттар келіп түскен күні оларды "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) тіркейді, иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығы мен дұрыстығын тексереді.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама дайындайды және жібереді.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама дайындайды.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) тіркеу пунктінде машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды (бұдан әрі – уәжді бас тарту) дайындайды.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) машиналардың орналасқан жері бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауды өткізуге дайындығы туралы хабарламаны не уәжді бас тартуды ресімдейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ арқылы жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуге дайын екендігі туралы хабарламаға немесе уәжді бас тартуға қол қояды.

      Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама немесе уәжді бас тарту портал арқылы электрондық құжат түрінде иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетіне" жіберіледі немесе басып шығарылып, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен, тіркеу пунктінің мөртаңбасымен куәландырылады және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      14. Машиналарды техникалық қарап-тексеру машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      15. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде:

      1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, машинаның, шассидің, қозғалтқыштың, рамасының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;

      2) машиналардың техникалық жай-күйінің машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді.

      16. Агрегаттар мен механизмдер ажыратылмай, диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдарын пайдалана отырып тексерiледi. Тiркемелердiң техникалық жай-күйi тракторлық поездың құрамында (тарту-ілу құрылғысы мен тежегішті бұғаттағыштың ақаусыздығын бақылау үшін) тексеріледі.

      17. Машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтiк техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтпеген болып саналады.

      18. Шығарылғанына 5 (бес) жылға дейінгі жаңа машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы 5 (бес) жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйі тексерілмей жүргізіледі.

      19. Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техникалық паспортына) "Ақаусыз" деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға "Ақауы бар" деген жазу жазылады, ол жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.

      20. Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа өңірлерге 2 (екі) және одан да көп айдан астам мерзімге шыққан машиналар олардың уақытша болған жерінде техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсынылады.

      21. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткен жеке тұлғалардың машиналары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеру журналына енгізеді.

      22. Заңды тұлғалардың машиналарын мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу актісін ресімдейді. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу актісі екі данада жасалады, оның біреуі заңды тұлғаның өкіліне беріледі, ал екіншісі тіркеу пунктінде қалады.

      23. Жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      24. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) техникалық ақаулық анықталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы операторды хабардар етеді.

      Туындаған ақаулықты жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) қол қояды.

3-тарау. Шағымдану тәртібі

      25. Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-қимыл жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:

      жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық

      маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін - аты, әкесінің аты ( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты

      мекенжайы; заңды тұлға үшін - атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің

      мекенжайы (заңды мекенжайы))

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      машинаны/ларды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзуді сұраймын.

      Өтініш берушінің қолы _____________ 20__ _ жылғы " ___ " ________________

      20___ жылғы " ___ " _______ ____сағат____минутта қабылданды.

      Инженер-инспектор _________________________________________ _________

      қолы

      Техникалық қарап-тексеруден_______________20____ жылғы " ___ " _______

      (өтті/өтпеді)

      ________________________________________________________________________________

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиорациялық
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2023 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімдерін қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша өтінім тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Машиналар тіркеу пунктіне берілген жағдайда – өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тіркеу құжатына (техникалық паспортқа) инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған "Ақау бар" не "Ақаусыз" деген жазба енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) тiркеу құжаты.
портал арқылы жүгінген кезде:
1) электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжатының электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, қойылған белгі растайды;
портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жай-күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы телефоны: 1414, 8 800 080 7777
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) мемлекеттік органдардың www.​gov.​kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында;
2) порталда;
3) тиісті қызмет берушінің интернет-ресурсында орналасқан.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті берушілер Қағидалар өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерді алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен", сондай-ақ субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді жіберу немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған, мәліметтері сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, үшінші тұлғалардың электрондық сұранымы.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу журналы

Р/с

Қарап-тексеру жүргiзiлген күнi

Машинаның атауы және маркасы

Нөмiрлерi

Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсi

Иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Техникалық жай-күйi туралы қорытынды (ақауы бар, ақаусыз)

Машина иеленушінің қолы

Шассидің немесе жеке сәйкестендіру нөмірінің (VIN коды)

қозғалтқыштың

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу актiсі

      20__ жылғы "___" ________

      Мен, ___________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық

      маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы инженер-инспекторының аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі)

      ________________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________ бiрге

      (қарап-тексеруге қатысушы адамдардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      теңгерімінде тұрған машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткiздiм.

      Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу кезiнде мыналар анықтады:

      1. Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге _________ бірлік (саны) мынадай машиналар ұсынылды:

Р/с

Машинаның атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Шығарушы зауыттың реттік нөмірі

Шығарылған жылы

Машиналардың мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткендiгi туралы қорытынды

машинаның (рамасының)

қозғалтқыштың

1

2

3

4

5

6

7

      Техникалық қарап-тексеруден _____________________________ бірлік машина өттi.

      (саны)

      Техникалық қарап-тексеруден_____________________ бірлік машина өтпедi, оның

      (саны)

      iшiнде мынадай себептермен:

      техникалық ақауы бар _____________________________________________ бірлік;

      (саны)

      конструкциясы нормативтiк-техникалық құжаттамаларға сәйкес келмейді

      __________________________________________________________________________ бірлік:

      (саны)

      мемлекеттік тіркеу деректеріне сәйкес келмейді_______________________ бірлік.

      2. ___________ машина мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге ұсынылмады:

      (саны)

Р/с

Машинаның маркасы

Мемлекеттiк тiркеу нөмірі белгiсi

Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге ұсынбау себептерi

1

2

3

4

      Заңды тұлғаның басшысы _________________________________________________________

      (қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бухгалтер (немесе есеп жүргiзушi адам) ______________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Инженер-инспектор ______________________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)

      Машина иеленуші немесе

      оған уәкілеттік берілген адам:

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)