"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен м

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31738 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11710 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбiн айқындайды.";

      2-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, оған бекітіліп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;";

      10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қағаз түрінде не "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      11. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсе маманы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде оларды тіркейді және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушіге) жауапты инженер-инспекторын тағайындайтын жергілікті атқарушы органның басшысына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолдайды.

      Құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, оларды тіркеу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      12. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты инженер-инспекторы құжаттар келіп түскен күні оларды "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) тіркейді, иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығы мен дұрыстығын тексереді.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып, құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама дайындайды және жібереді.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама дайындайды.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) тіркеу пунктінде машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды (бұдан әрі – уәжді бас тарту) дайындайды.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) машиналардың орналасқан жері бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауды өткізуге дайындығы туралы хабарламаны не уәжді бас тартуды ресімдейді.";

      25, 26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-қимыл жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) жібермейді.

      26. Иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:

      жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      27. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      28. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 13 бұйрығына
қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиорациялық
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімдерін қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша өтінім тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Машиналар тіркеу пунктіне берілген жағдайда – өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тіркеу құжатына (техникалық паспортқа) инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған "Ақау бар" не "Ақаусыз" деген жазба енгізу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) тiркеу құжаты.
портал арқылы жүгінген кезде:
1) электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжатының электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, қойылған белгі растайды;
портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жай-күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы телефоны: 1414, 8 800 080 7777
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) мемлекеттік органдардың www.​gov.​kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында;
2) порталда;
3) тиісті қызмет берушінің интернет-ресурсында орналасқан.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті берушілер Қағидалар өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерді алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен", сондай-ақ субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді жіберу немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған, мәліметтері сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, үшінші тұлғалардың электрондық сұранымы.