Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен ме

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20571 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11710 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы № 153
бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-3/269 бұйрығымен
бекітілген

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі - машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) иеленуші - меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде машинаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы));

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) тiркеу құжаты - машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт;

      4) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - оператор) - "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне бекітіліп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

      3. Осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған машиналарды қоспағанда иеленушілерге (көрсетілетін қызметті алушыларға) тиесілі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органында (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші)) мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жылына бір рет мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтуі тиіс.

      4. Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерінің тиесілілігін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды (техниканың аталған түріне шығарушы зауыттың берген реттеуші құжаттамаларымен) және ақаулықтарды ескерту мақсатында жүргiзiледi.

      5. Осы Қағидалардың мақсаттарын жүзеге асыру үшін тіркеу пункттері ретінде жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) түсініледі.

2-тарау. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбi

      6. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуді жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      7. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын ескере отырып, машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін (бұдан әрі - кесте) жасайды, онда машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізетін орны, күні және уақыты туралы мәліметтер қамтылады.

      Кестені жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияны жүзеге асырытын құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

      8. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялау жолымен иеленушілерді (көрсетілетін қызметті алушыларды) машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсыну мерзімдері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

      9. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүзеге асыратын машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру осындай жұмыстар басталар алдында машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша кестеге сәйкес жүргізіледі.

      10. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қағаз түрінде не "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және ұсынылуын, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      11. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсе маманы құжаттарды келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде тіркеуді жүзеге асырады және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жолдайды, ол жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты инженер-инспекторын тағайындайды.

      Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері құжаттар келіп түскен жағдайда, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды тіркеу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      12. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты инженер-инспекторы құжаттарды келіп түскен күні "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "Е-лицензиялау" МДБ АЖ) тіркейді, ұсынылған құжаттардың толықтығын, тексереді.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.

      Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда "Е-лицензиялау" МДБ АЖ пайдалана отырып өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама дайындайды.

      13. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы "Е-лицензиялау" МДБ АЖ арқылы жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуге дайын екендігі туралы хабарламаға немесе уәжді бас тартуға қол қояды.

      Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама немесе уәжді бас тарту портал арқылы электрондық құжат түрінде иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетіне" жіберіледі немесе басып шығарылып, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен, тіркеу пунктінің мөртаңбасымен куәландырылады және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      14. Машиналарды техникалық қарап-тексеру машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      15. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде:

      1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, машинаның, шассидің, қозғалтқыштың, рамасының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;

      2) машиналардың техникалық жай-күйінің машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді.

      16. Агрегаттар мен механизмдер ажыратылмай, диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдарын пайдалана отырып тексерiледi. Тiркемелердiң техникалық жай-күйi тракторлық поездың құрамында (тарту-ілу құрылғысы мен тежегішті бұғаттағыштың ақаусыздығын бақылау үшін) тексеріледі.

      17. Машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтiк техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтпеген болып саналады.

      18. Шығарылғанына 5 (бес) жылға дейінгі жаңа машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы 5 (бес) жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйі тексерілмей жүргізіледі.

      19. Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техникалық паспортына) "Ақаусыз" деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға "Ақауы бар" деген жазу жазылады, ол жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.

      20. Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа өңірлерге 2 (екі) және одан да көп айдан астам мерзімге шыққан машиналар олардың уақытша болған жерінде техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсынылады.

      21. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткен жеке тұлғалардың машиналары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеру журналына енгізеді.

      22. Заңды тұлғалардың машиналарын мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу актісін ресімдейді. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу актісі екі данада жасалады, оның біреуі заңды тұлғаның өкіліне беріледі, ал екіншісі тіркеу пунктінде қалады.

      23. Жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      24. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) техникалық ақаулық анықталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы операторды хабардар етеді.

      Туындаған ақаулықты жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) қол қояды.

3-тарау. Шағымдану тәртібі

      25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      26. Иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мыналар қарауы тиіс:

      жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші), уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      27. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге бара отырып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарауға өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      28. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық

      маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлға үшін - аты, әкесінің аты ( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты

      мекенжайы; заңды тұлға үшін - атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің

      мекенжайы (заңды мекенжайы))

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      машинаны/ларды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзуді сұраймын.

      Өтініш берушінің қолы _____________ 20__ _ жылғы " ___ " ________________

      20___ жылғы " ___ " _______ ____сағат____минутта қабылданды.

      Инженер-инспектор _________________________________________ _________

      қолы

      Техникалық қарап-тексеруден_______________20____ жылғы " ___ " _______

      (өтті/өтпеді)

      ________________________________________________________________________________

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
2-қосымша

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жеке және заңды тұлғалардың (көрсетілетін қызметті алушы) өтінімі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Өтініш тіркелген сәттен бастап машинаның тікелей тұрған жерi бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Машинаны тіркеу пунктіне әкелген кезде өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық/қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Тіркеу құжатына (техникалық паспортқа) инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен расталған "Ақауы бар" не "Ақаусыз" деген жазба енгізу

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру - сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) тiркеу құжаты.
портал арқылы жүгінген кезде:
1) электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) тіркеу құжатының электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде - қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі растайды;
портал арқылы тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу журналы

Р/с

Қарап-тексеру жүргiзiлген күнi

Машинаның атауы және маркасы

Нөмiрлерi

Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгiсi

Иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Техникалық жай-күйi туралы қорытынды (ақауы бар, ақаусыз)

Машина иеленушінің қолы

Шассидің немесе жеке сәйкестендіру нөмірінің (VIN коды)

қозғалтқыштың

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу актiсі

      20__ жылғы "___" ________

      Мен, ___________________________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық

      маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы инженер-инспекторының аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі)

      ________________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________ бiрге

      (қарап-тексеруге қатысушы адамдардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      теңгерімінде тұрған машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткiздiм.

      Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу кезiнде мыналар анықтады:

      1. Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге _________ бірлік (саны) мынадай машиналар ұсынылды:

Р/с

Машинаның атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Шығарушы зауыттың реттік нөмірі

Шығарылған жылы

Машиналардың мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткендiгi туралы қорытынды

машинаның (рамасының)

қозғалтқыштың

1

2

3

4

5

6

7

      Техникалық қарап-тексеруден _____________________________ бірлік машина өттi.

      (саны)

      Техникалық қарап-тексеруден_____________________ бірлік машина өтпедi, оның

      (саны)

      iшiнде мынадай себептермен:

      техникалық ақауы бар _____________________________________________ бірлік;

      (саны)

      конструкциясы нормативтiк-техникалық құжаттамаларға сәйкес келмейді

      __________________________________________________________________________ бірлік:

      (саны)

      мемлекеттік тіркеу деректеріне сәйкес келмейді_______________________ бірлік.

      2. ___________ машина мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге ұсынылмады:

      (саны)

Р/с

Машинаның маркасы

Мемлекеттiк тiркеу нөмірі белгiсi

Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге ұсынбау себептерi

1

2

3

4

      Заңды тұлғаның басшысы _________________________________________________________

      (қолы аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бухгалтер (немесе есеп жүргiзушi адам) ______________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Инженер-инспектор ______________________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)

      Машина иеленуші немесе

      оған уәкілеттік берілген адам:

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)