"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11705 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 19 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/423 бұйрығымен
бекітілген

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн
жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.01.2016 № 15 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 11 (он бір) жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) қызметті алушыға қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты қызметті берушіге – 30 (отыз) минуттан артық емес;

      Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      3) қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – қызметті берушімен - 15 (он бес) минуттан артық емес;

      Мемлекеттік корпорацияда – 20 (жиырма) минут;

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2017 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі аралығында түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген орны бойынша "электрондық" кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      3) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттарды береді:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім;

      нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы екінші денгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасының көшірмесі бір данада.

      1 тоннасына субсидиялар алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар өтінімге қосымша:

      қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;

      қайта өңдеу кәсіпорнының жұмсаған шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

      2) порталға жүгінген кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтінім;

      нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы екінші денгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасының электрондық көшірмесі бір данада.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері олардың көшірмелерін тұпнұсқаларымен салыстырып тексереді, содан соң тұпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады. Мемлекеттік корпорацияның және көрсетілетін қызметті алушының жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтінімнің қабылданғанын мыналар растайды:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтінімнің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылуы болып табылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияға – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      3) порталға – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді оның жұмыскері жеке басты куәландыратын құжат ұсынылған кезде (не оның өкіліне – нотариалды расталған сенімхат бойынша, заңдық тұлғаға – өкілеттілігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2017 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      10. Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2017 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтертер көрсету мәселелері бойынша, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша почта арқылы жазбаша нысанда, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысының атына жіберіледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауапты алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Электронды өтінімді портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;

      3) порталда орналастырылған.

      16. Көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.

  "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және
көктемгi-егiс пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      Құрметті___________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізге______________________________________________________________

      (субсидияланатын бағыт)

      бағыты бойынша субсидия тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны туралы

      ескертеміз.

      Бас тарту себебі:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Сұрақтар туындаған жағдайда________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      жүгінуді өтінеміз.

      Орындаушы: _________________________________________ ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы)

      куәландыратын құжатта бар болса))

      Байланыс телефондары: _____________________________________

  "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және
көктемгi-егiс пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      Құрметті___________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізге______________________________________________________________

      (субсидияланатын бағыт)

      бағыты бойынша субсидия тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны

      туралы ескертеміз.

      Бас тарту себебі:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Сұрақтар туындаған жағдайда________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      жүгінуді өтінеміз.

      Орындаушы: ___________________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы)

      куәландыратын құжатта бар болса))

      Байланыс телефондары: _____________________________________

  "Басым дақылдар өндiрудi
субсидиялау
арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен
сапасын арттыруды,
жанар-жағармай
материалдарының және
көктемгi егiс пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін
қажеттi басқа да тауарлық-
материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
Нысан

      _____________________ ауданының (облыстық маңызы
бар қаланың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) Ауыл шаруашылығы бөлімі
     

Басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.07.2017 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі)
      атынан бірінші басшы ____________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
      ________________________________________________________________________________
      мынадай алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының төмендегідей түрлерін өсіру үшін субсидия бөлуді сұрайды:
      ___________________ гектар _____________________ __________ гектар ________________
      (алаң) (дақыл) (алаң) (дақыл)
      ___________________ гектар ____________________ __________ гектар _________________
      (алаң) (дақыл) (алаң) (дақыл)

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік** немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі


тіркелген күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркелген күні


кім берді


2.

Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін

орналасқан жері


тіркелген күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде егістік


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер пайдаланушының атауы


4.

Қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарт

нөмірі


салыстырып тексеру актісі


өнім көлемі, тоннамен


5.

Қайта өңдеу кәсіпорнының жұмсаған шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттары

нөмірі және берілген күні


қайта өңдеу кәсіпорнының атауы


қайта өңдеу кәсіпорнының орналасқан жерінің мекенжайы


6

Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен оның жұмыс алаңы туралы техникалық паспорты (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшін)

мекенжайы


кадастрлық нөмірі


түгендеу нөмірі


нысаналы мақсаты


қор санаты


7

Ауыл шаруашылығы кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)

нөмірі және берілген күні


кооператив атауы


      Ескертпе:

      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге тыйым салынады.

      ** "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы _______________ __________________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

                                    куәландыратын құжатта бар болса))

      Мөр орны

      20 __ жылғы "___" ______________

      Көрсетілетін қызметті

      алушының заңды мекенжайы: ____________________

      (қолы, мөрі)


  "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен сапасын арттыруды,
жанар-жағармай материалдарының және
көктемгi-егiс пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      ________________________________________;

      ________________________________________;

      ________________________________________;

      Осы қолхат 2 данада, әр тарап үшін бір-бірден жасалды.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері

      __________ ________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон __________

      Алдым _________________ ___________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар болса))

      20__ жылғы "___" _________