"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11705 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 19 маусым

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы   
№ 4-3/423 бұйрығымен    
бекітілген         

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің аяқталу сәтінен бастап – 41 (қырық бір) жұмыс күні;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-дала мен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға өтінімді;
      2) нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар болуы туралы екінші денгейдегі банктің не Ұлттық почта операторының анықтамасын бір данада.
      Дәндi және дәнді-бұршақты дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын көрсетілетін қызметті алушылар субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:
      өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) (көрсетілетін қызметті алушы куәландырған және көрсетілетін қызметті берушімен келісілген) көшірмесін;
      ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) (көрсетілетін қызметті алушы куәландырған) көшірмесін ұсынады.
      Кант қызылшасының, шитті мақтаның және майлы дақылдардың 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімде қосымша:
      қайта өндеуші зауытымен жасалған қант қызылшасын, шитті мақтаны және майлы дақылдарды сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттардың;
      майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында қайта өңдеген кезде – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісінің бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат шағымды/өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, уақыты мен күнін, сондай-ақ берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны және шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау 
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң 
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, 
жанар-жағармай материалдарының және 
көктемгi егiс пен егiн жинау    
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
қосымша              

Нысан

_____________________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың,
республикалық, маңызы бар қаланың,
астананың) ведомствоаралық комиссиясына

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын субсидиялар алуға өтінім

_____________________________________________________________________
                        (құрылтай құжаты)
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
              (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшының атынан _____________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
_____________________________________________________________________
осы арқылы мынадай алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының мынадай
түрлерін өсіру үшін жанар-жағармай материалдары мен көктемгi-дала
және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия бөлуді
сұрайды:

________ га _______________________ _________ га ____________________
(алаңы)             (дақыл)          (алаңы)           (дақыл)
________ га _______________________ _________ га ____________________
(алаңы)             (дақыл)          (алаңы)           (дақыл)
________ га _______________________ _________ га ____________________
(алаңы)             (дақыл)          (алаңы)           (дақыл)

Р/с

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу** (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама - заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке басын куәландыратын құжат - жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - жеке тұлға үшін

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде шабындық


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер пайдаланушының атауы


4.

Тұқымдардың сорттық және егістік сапаларын растайтын құжат.
Өндiрушiлер берген тұқымға аттестат не тұқымға куәлік (тұқым сатып алынған жағдайда), ал себу үшiн өзi өндiрген тұқымды пайдаланған жағдайда–тұқымның кондициялығы туралы куәлік

құжаттың атауы


нөмірі


берілген күні


тұқым өндіруші


сорт


репродукция


5.

Қайта өндеуші зауытымен жасалған қант қызылшасын, (шитті мақтаны, майлы тұқымды) сатып алу-сату шарты (өндірілген қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның 1 тоннасына субсидиялар алу үшін)

нөмірі


өндірушінің атауы


салыстыру актісі


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


6.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарт (1 тонна қант қызылшасына, шитті мақтаға, майлы тұқымға субсидиялар алу үшін)

нөмірі


өндірушінің атауы


салыстыру актісі


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


7.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісі

нөмірі


берілген күні


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


8.

Тұқым сатып алуға арналған лизинг шарты

нөмірі және берілген күні


лизинг беруші


9.

Ауылдық тұтыну кооперативiнiң немесе су пайдаланушылардың ауылдық кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)

нөмірі және берілген күні


кооператив атауы


      Ескертпе:
      * Өтініш иесінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға тыйым салынады.
      ** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалын, өкілеттігін) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.
      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Басшы __________________
_____________________________________________________________________
   (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                                 құжатта бар болса))
МО
20 __ жылғы «___» ______________

Көрсетілетін қызметті алушының зады мекенжайы: ______________________
                                                    (қолы, мөрі)