"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11705 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 19 маусым

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 4-1/379 бұйрығымен   
бекітілген        

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.12.2015 № 4-6/1067 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 37 (отыз жеті) жұмыс күні.
      ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:
      көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минуттан артық емес;
      ХҚКО-ға – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:
      көрсетілетін қызметті берушінің – 15 (он бес) минуттан артық емес;
      ХҚКО-да – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      ХҚКО арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, электрондық құжат нысанында субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) ХҚКО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі (қоса алғанда) аралығында түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі, «электрондық» кезек күтуді портал арқылы брондауға болады;
      3) порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген жағдайда өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚКО-ға жүгінген кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға өтінімді;
      нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы екінші денгейдегі банктің не Ұлттық почта операторының анықтамасының көшірмесін бір данада.
      Дәндi және дәнді-бұршақты дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын көрсетілетін қызметті алушылар субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:
      өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) (көрсетілетін қызметті алушы куәландырған және көрсетілетін қызметті берушімен келісілген) көшірмесін;
      ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) (көрсетілетін қызметті алушы куәландырған) көшірмесін ұсынады.
      Қант қызылшасының, шитті мақтаның және майлы дақылдардың 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өтінімде қосымша:
      өңдеуші зауытпен жасалған қант қызылшасын, шитті мақтаны және майлы дақылдарды сатып алу-сату және (немесе) алыс-беріс шикізатын өңдеу жөнінде қызметтер көрсету туралы шарттардың;
      майлы тұқымды меншікті шағын цехтарында өңдеген кезде – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің құрылымдық бөлімшелері арасында олардың басшылары қол қойған майлы тұқымды қабылдап алу-беру актісінің барына қатысты мәліметтерді көрсетеді.
      Көрсетілетін қызметті беруші өтінімдер мен құжаттар топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
      2) порталға жүгінген кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтінімді;
      нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы екінші денгейдегі банктің не Ұлттық почта операторының анықтамасының электрондық көшірмесін бір данада.
      Дәндi және дәнді-бұршақты дақылдарды (күрiштен, дәндiк жүгерiден басқа) өндiрумен айналысатын көрсетілетін қызметті алушылар субсидияларды алушылардың тiзiмiне қосу үшiн қосымша:
      өткен жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) (көрсетілетін қызметті алушы куәландырған және көрсетілетін қызметті берушімен келісілген) электрондық көшірмесін;
      ағымдағы жылғы ауыспалы егісте танаптардың орналасу картасының (схемасының) (көрсетілетін қызметті алушы куәландырған) электрондық көшірмесін ұсынады.
      10. Құжаттарды қабылдаған кезде ХҚКО-ның жұмыскері олардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді, содан соң түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.
      Құжаттар ХҚКО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО-ның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      ХҚКО нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан соң оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, ХҚКО-ның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға жолдайды.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
      11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚКО-ның жұмыскері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) оның
жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жұмыс күндері жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      ХҚКО жұмыскері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі.
      Қолма-қол да, почта арқылы да түскен шағымды шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚКО-да тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚКО-да қолма-қол беріледі.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге талаптар

      14. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО-ның жұмыскері 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне бара отырып жүргізеді.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің және ХҚКО-ның ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жеткізуіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
      2) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде;
      3) ХҚКО-ның www.con.gov.kz. интернет-ресурсында;
      4) порталда орналастырылған.
      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң 
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, 
жанар-жағармай материалдарының және 
көктемгi-егiс пен егiн жинау    
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына  
1-қосымша               

Нысан                 

Хабарлама

Құрметті ____________________________________________________________
                       (көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді _______________________________________________________________
                        (субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидия тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны туралы
хабардар етеміз.
Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуді өтінеміз.
Орындаушы: ____________________________________________ _____________
             (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын           (қолы)
               куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _______________________________________________

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау 
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң 
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, 
жанар-жағармай материалдарының және 
көктемгi-егiс пен егiн жинау    
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына   
2-қосымша               

Нысан                  

Хабарлама

Құрметті ____________________________________________________________
                      (көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді _______________________________________________________________
                        (субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидия тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны
туралы хабардар етеміз.
Бас тарту себебі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуді өтінеміз.
Орындаушы: ____________________________________________ _____________
             (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын           (қолы)
              куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _______________________________________________

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау 
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң 
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, 
жанар-жағармай материалдарының және 
көктемгi-егiс пен егiн жинау    
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына   
3-қосымша               

Нысан                  

_____________________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың,
республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) ведомствоаралық комиссиясына

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы
өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнына субсидиялар алуға өтінім

_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
            (құрылтай құжаты)
______________________________________________________________ атынан
          (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)
бірінші басшы _______________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                           құжатта бар болса), лауазымы)
осы арқылы мынадай алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарының мынадай
түрлерін өсіру үшін жанар-жағармай материалдары мен көктемгi-егіс
және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия бөлуді
сұрайды:
________ га _______________________ _________ га ____________________
(алаңы)             (дақыл)           (алаңы)           (дақыл)
________ га _______________________ _________ га ____________________
(алаңы)             (дақыл)           (алаңы)           (дақыл)
________ га _______________________ _________ га ____________________
(алаңы)             (дақыл)           (алаңы)           (дақыл)

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу** (қайта
тіркеу) туралы куәлік немесе
анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке басын куәландыратын
құжат – жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Дара кәсіпкерді мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік – жеке
тұлға үшін

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне арналған
сәйкестендіру және (немесе)
құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаң, гектар


оның ішінде егістік жер


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер пайдаланушының атауы


4.

Тұқымдардың сорттық және
егістік сапаларын растайтын
құжат.
Өндiрушiлер берген тұқымға
аттестат не тұқымға куәлік
(тұқым сатып алынған
жағдайда), ал себу үшiн өзi
өндiрген тұқымды пайдаланған
жағдайда–тұқымның
кондициялығы туралы куәлік

құжаттың атауы


нөмірі


берілген күні


тұқым өндіруші


сорт


репродукция


5.

Өңдеуші зауытпен жасалған
қант қызылшасын, (шитті
мақтаны, майлы тұқымды)
сатып алу-сату шарты
(өндірілген қант
қызылшасының, шитті
мақтаның, майлы тұқымның 1
тоннасына субсидиялар алу
үшін)

нөмірі


өндірушінің атауы


салыстыру актісі


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


6.

Алыс-беріс шикізатын қайта
өңдеу жөнінде қызметтер
көрсету туралы шарт (1 тонна
қант қызылшасына, шитті
мақтаға, майлы тұқымға
субсидиялар алу үшін)

нөмірі


өндірушінің атауы


салыстыру актісі


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


7.

Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушінің құрылымдық
бөлімшелері арасындағы майлы
тұқымды қабылдап алу-беру
актісі

нөмірі


берілген күні


қант қызылшасының, шитті мақтаның, майлы тұқымның көлемі, тоннамен


8.

Тұқым сатып алуға арналған
лизинг шарты

лизинг беруші


нөмірі және берілген күні


9.

Ауылдық тұтыну
кооперативiнiң немесе су
пайдаланушылардың ауылдық
кооперативiнiң анықтамасы
(бар болса)

нөмірі және берілген күні


кооператив атауы


      Ескертпе:
      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге тыйым салынады.
      ** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Басшы __________________ ____________________________________________
            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                                куәландыратын құжатта бар болса))

Мөр (бар болса) орны

20 __ жылғы «___» ______________

Көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайы: _____________________
                                                     (қолы, мөрі)

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау 
арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң 
шығымдылығы мен сапасын арттыруды, 
жанар-жағармай материалдарының және 
көктемгi-егiс пен егiн жинау    
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа
да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына   
4-қосымша               

Нысан                  

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының № ___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      ________________________________________;
      ________________________________________;
      ________________________________________;
ұсынылмауына байланысты «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат 2 данада, әр тарап үшін бір-бірден жасалды.

ХҚКО-ның жұмыскері __________ _______________________________________
                    (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                                 куәландыратын құжатта бар болса))

Телефон __________

Алдым ___________ ___________________________________________________
       (қолы)   (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
                   аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

20__ жылғы «___» _________