Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 4-6/1067 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12896 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 159 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 15 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 23 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 4-6/1067 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі

      1) Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндеттерін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11432 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5) Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.03.2021 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6) Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 4-1/379 бұйрығымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға өтінімді тапсырған сәттен бастап – 37 (отыз жеті) жұмыс күні.

      ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:

      көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минуттан артық емес;

      ХҚКО-ға – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:

      көрсетілетін қызметті берушінің – 15 (он бес) минуттан артық емес;

      ХҚКО-да – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      ХҚКО арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) ХҚКО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі (қоса алғанда) аралығында түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша "электрондық" кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚКО-ға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидия алуға өтінімді;

      2) нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банк анықтамасының көшірмесін бір данада ұсынады.

      Қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын көрсетілетін қызметті алушылар субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімде мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) бары және оның жұмыс алаңының мөлшері туралы техникалық паспортының барына қатысты мәліметтерді қосымша көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінімнің көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күнін және уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса) көрсете отырып, оны тіркеу туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      10. Құжаттарды қабылдаған кезде ХҚКО-ның жұмыскері олардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді, содан соң түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Құжаттар ХҚКО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО-ның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      ХҚКО нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан соң оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, ХҚКО-ның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға жолдайды.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО-ның жұмыскері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) оның
жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жұмыс күндері жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      ХҚКО жұмыскері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол да, почта арқылы да түскен шағымды шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚКО-да тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚКО-да қолма-қол беріледі.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар

      14. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО-ның жұмыскері 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне бара отырып жүргізеді.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және ХҚКО-ның ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жеткізуіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы "Қолдау және көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде;

      3) ХҚКО-ның www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

  "Ауыл шаруашылығы дақылдарын
қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      Құрметті ____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізді _______________________________________________________________

      (субсидияланатын бағыт)

      бағыты бойынша субсидия тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны туралы хабардар етеміз.

      Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      жүгінуді өтінеміз.

      Орындаушы: ____________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы)

      куәландыратын құжатта бар болса))

      Байланыс телефондары: _______________________________________________

  "Ауыл шаруашылығы дақылдарын
қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      Құрметті ____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сізді _______________________________________________________________

      (субсидияланатын бағыт)

      бағыты бойынша субсидия тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны

      туралы хабардар етеміз.

      Бас тарту себебі:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      жүгінуді өтінеміз.

      Орындаушы: ____________________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын (қолы)

      куәландыратын құжатта бар болса))

      Байланыс телефондары: _______________________________________________

  "Ауыл шаруашылығы дақылдарын
қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

      _______________________

      республикалық маңызы бар

      қаласының (астананың, ауданының,

      облыстық маңызы бар қаласының)

      жергілікті атқарушы органына

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнына субсидия алуға өтінім

      _____________________________________________________________________

      (құрылтай құжаты)

      ________________________негізінде әрекет ететін (заңды тұлғалар үшін)

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      ___________________________атынан бірінші басшы (заңды тұлғалар үшін)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      осы арқылы мынадай алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған

      топырақта өңдеп өсіруге субсидиялар бөлуді сұрайды:

      ______________ гектар _____________ ____________ гектар _____________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

      ______________ гектар _____________ ____________ гектар _____________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

      ______________ гектар _____________ ____________ гектар _____________

      (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта

тіркеу) туралы куәлік**

немесе анықтама – заңды

тұлға үшін

тіркеу нөмірі


тіркеу күні

атауы

орналасқан жері

мемлекеттік тіркеу күні

кім берді

2.

Жеке басын куәландыратын

құжат – жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН

кім берді

берілген күні


Дара кәсіпкерді мемлекеттік

тіркеу туралы куәлік – жеке

тұлға үшін

орналасқан жері


тіркеу күні

кім берді


3.

Жер учаскесіне арналған

сәйкестендіру және (немесе)

құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі


кадастрлық нөмірі

барлық алаңы, гектар

оның ішінде егістік жер

нысаналы мақсаты

сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді

жер пайдаланушының атауы

4.

Жылжымайтын мүлікті

мемлекеттік тіркеу жөніндегі

уәкілетті органның жылыжайдың

бары мен оның жұмыс алқабының

мөлшері туралы техникалық

паспорт (қорғалған топырақта

көкөніс өндірумен айналысатын

ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілер үшін)

мекенжайы


кадастрлық нөмірі

түгендеу нөмірі

нысаналы мақсаты

қор санаты


      Ескертпе:

      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.

      ** "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Басшы __________________ ____________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар болса))

      Мөр (бар болса) орны

      20 __ жылғы "___" ______________

      Өтінім 20__ жылғы "___" ____________ қарауға қабылданды.

      __________ __________________________________________________________

      (қолы) (өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің

      аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

  "Ауыл шаруашылығы дақылдарын
қорғалған топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК филиалының № ___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      ________________________________________;

      ________________________________________;

      ________________________________________;

      ұсынылмауына байланысты, "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат 2 данада, әр тарап үшін бір-бірден жасалды.

      ХҚКО-ның жұмыскері __________ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

      куәландыратын құжатта бар болса))

      Телефон __________

      Алдым ___________ ___________________________________________________

      (қолы) (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің

      аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.