Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 93 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11670 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк

Төрағасы

Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 93 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау
және қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру және сатып алу сомасын есептеу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 23 тамызда № 90 (714) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру және сатып алу сомасын есептеу ережесінде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру және сатып алу сомасын есептеу ережесі "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 1-тармағына және 43-бабының 9-3) тармақшасына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және исламдық сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандырушы) сатып алу сомасының шегінде өзінің сақтанушыларына қарыздар беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына қарыздар беру жөніндегі қызметті "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4731 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесінде:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Заң), "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі – Көлік құралдары иелерінің АҚЖ туралы заң), "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегі (бұдан әрі - Тасымалдаушылардың АҚЖ туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы, "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы (бұдан әрі - Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен талаптарын айқындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      Ереже исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына да қолданылады.";

      10-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға Заңның 37-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.

      Ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы өтінішке акционерлердің жалпы жиналысының исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңесті тағайындау туралы шешімін қоса береді.";

      11-3-тармақ алынып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сақтандыру қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар Ережеге 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.

      Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар Ережеге 6-1 және 7-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сақтандыру (қайта сақтандыру қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша және тәртіппен қайта ресімделуге тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны қайта ресімдеген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға Ережеге 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.";

      Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес 6-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын;

      8-1-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      8-1-қосымша Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5770 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда "Заң газеті" газетінің № 150 (1573) санында, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілерінің № 11 жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесінде:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің активтерін және міндеттемелерін бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу ережесі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес әзірленді және банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) соттың банкті мәжбүрлеп тарату жөніндегі шешімінің заңдық күшіне енуіне дейін банктік операцияларды жүргізуге берілген лицензиядан айырылған банктің (бұдан әрі - банк) активтері мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде бір мезгілде басқа банкке (банктерге) беру операциясын жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - операция).";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Активтер мен міндеттемелерді беру бойынша операциялар жүргізу кезінде берілетін активтер мен міндеттемелердің құрамына активтер мен міндеттемелердің мынадай түрлері қосылады:

      1) жеке және заңды тұлғаларға берілген қарыздар, дебиторлық берешек және қамтамасыз ету;

      2) акциялар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі;

      3) өзге де бағалы қағаздар;

      4) ақша;

      5) жылжымалы және жылжымайтын мүлік құқығы;

      6) лицензиялық құқықтар;

      7) өзге де жылжымалы мүлік;

      8) жылжымайтын мүлік;

      9) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері;

      10) банк шотының шарттары, қазынашылық операциялар, РЕПО операциялары бойынша, валютаны және тазартылған бағалы металдарды сатып алу-сату жөніндегі банкаралық мәмілелер бойынша, туынды қаржы құралдары бойынша, шығарылған шартты міндеттемелер (аккредитивтер, кепілдіктер) бойынша міндеттемелер;

      11) өткізу актісінде аударылатын өзге міндеттемелер мен активтер.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті органмен операция келісілгеннен кейін уақытша әкімшілік банктің активтері мен міндеттемелерінің алдағы берілетіндігі туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.";

      8-тармақ алынып тасталсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уақытша әкімшілік Ереженің 11-тармағының талаптарына сәйкес келетін екінші деңгейдегі банктерге бес жұмыс күнінен аспайтын қарау және жауап беру мерзімімен, "Қатаң конфиденциалды" белгісі қойылған операция жүргізуге қатысу туралы ұсыныс хатты жібереді. Хатта банктің активтері мен міндеттемелерінің беруге болжамдалған көлемі көрсетіледі.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың депозиттері бойынша банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде сатып алушы банкке (банктерге) беру өткізу актісімен қоса, уақытша әкімшілік пен сатып алушы банктің (банктердің) арасында екі данада қазақ және орыс тілдерінде жасалған шарттың (шарттардың) негізінде жүзеге асырылады.

      17. Өткізу актісін ресімдеу кезінде операцияны жүзеге асырған күні онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) атауы, түгендеу нөмірі (бар болса), баланстық, бағалау құны (қажет болған кезде), банк активтері ескерілген банк шоттарының нөмірлері (қажет болған кезде), банктің меншік құқығын растайтын құжаттар (қажет болған кезде) көрсетілген банктің беріліп отырған активтерінің мөлшері және тізбесі;

      2) қарыз алушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қарыз алушы заңды тұлғаның атауы, қарыздар бойынша негізгі борышты, банктік қарыз шартының жасалған күні және нөмірі, банктік қарыз шартының қолданылу мерзімі, банктік қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, банктің банктік қарыз бойынша есептеген және алған сыйақы сомалары көрсетілген банктік қарыздар бойынша берілетін талап ету құқықтарының құны және тізбесі;

      3) жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша берілетін міндеттемелердің мөлшері, оның ішінде депозитор жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), депозитор заңды тұлғалардың атауы, депозиттер сомасы есептелген банк шоттарының нөмірлері, депозит сомасы, банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасау күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі, салым бойынша сыйақы ставкасы көрсетілген депозиттер тізбесі;

      4) клиенттер, олардың операциялары және банктің операциялары, бастапқы құжаттар, клиенттермен өзара қарым-қатынастар тарихы туралы ақпараттан және қабылданатын активтер мен міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті ақпараттан тұратын берілетін деректер қорының тізбесі (оның ішінде қағаз нысандағы құжаттардың мұрағаттық қоймалары).";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Уақытша әкімшілік банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасасқан күнінен және өткізу актісіне қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жібереді.

      20. Уақытша әкімшілік сатып алушы банкпен бірлесіп баспасөз конференциясын өткізеді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастыру үшін уәкілетті органға баспасөз-релизін ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:

      "22. Операция жүргізілгеннен кейін банктің уақытша әкімшілігі алушы банкпен (банктермен) жасалған шарттың көшірмесін және өткізу актісін уәкілетті органға ұсынады.".

      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының "Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық - құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында тіркелген, № 12, 2010 жылы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталынсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесінде және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарда:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ағымдағы құн факторындағы аннуитеттік төлемдер құнын анықтау кезінде болжамдық ұлғаю мөлшеріне әрбір қосылғышты түзету арқылы инфляцияның болжанатын деңгейінің орташа мәніне теңбе-тең аннуитеттік төлемді индексациялау ескеріледі.

      5. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу халықтың өлім-жітімі туралы деректер, инфляцияның болжанатын деңгейінің орташа мәні және аннуитет шартының талаптарын ескере отырып кірістіліктің пайыздық мөлшерлемесінің мөлшері негізінде жүргізіледі.".

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы (қатысушылар) банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 наурыздағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7603 тіркелген, 2012 жылы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Депозиттерге кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке заем беру туралы не оған депозит орналастыру туралы шешімнің көшірмесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган), консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке (банктің уақытша басқарушысына), (уақытша әкімшісіне) банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігіне (уақытша басқарушысына) жібереді.".

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 тіркелген, 2013 жылы 5 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 141 (28080) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 8-1-бабы 2-тармағының 4) және 6) тармақшаларын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабының 1-тармағын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 13-тармағын, 30-бабының 13-тармағын, 40-бабының 12-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын, 52-12-бабының 3-тармағын және 60-бабының 7-тармағын, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабының 1-тармағын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 13-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3, 9 және 10-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 47-бабының 2-тармағын, 72-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Банктер туралы заңның 52-12-бабының 3-тармағының мақсаты үшін рейтингті осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі береді.".

      8. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру
қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру ережесіне 1-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру
қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру ережесіне 6-1-қосымша

      Қазақстан Республикасының

      Елтаңбасы

      Уәкілетті органның толық атауы

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "жалпы
сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына
Лицензия

      Лицензияның нөмірі берілген күні ____ жылғы "__" _______

      ____________________________________________________________________

      (ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)

      Осы лицензия:

      1. Сақтандыру қызметін:

      сақтандырудың ерікті нысанында:

      _________________________________________________________________________________________________________________________________________;

      сақтандырудың міндетті нысанында:

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      2. Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын береді.

      Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:

      исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына

      ____________________________________________________________________;

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      _______________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) (қолы)

      Мөр орны

      Алматы қаласы

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру
қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру ережесіне 2-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру
қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру ережесіне 7-1-қосымша

      Қазақстан Республикасының

      Елтаңбасы

      Уәкілетті органның толық атауы

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "өмірді
сақтандыру" саласы бойынша исламдық сақтандыру
(қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына
Лицензия

      Лицензияның нөмірі берілген күні ____ жылғы "__" _______

      _____________________________________________________________________

      (ислам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)

      Осы лицензия:

      1. Сақтандыру қызметін:

      сақтандырудың ерікті нысанында:

      _________________________________________________________________________________________________________________________________________;

      сақтандырудың міндетті нысанында:

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      2. Қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын береді.

      Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:

      исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына

      ____________________________________________________________________;

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға

      ____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      _______________________________________ _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) (қолы)

      Мөр орны

      Алматы қаласы

  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру
қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру ережесіне 3-қосымша
  Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын
құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру
қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру
брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына
лицензия беру ережесіне 8-1-қосымша

      Нысан

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру

      (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің толық атауы)

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      (лицензияны қайта рәсімдеудің себебін көрсету)

      байланысты __________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      _____________________________________________________________________

      Лицензияны қайта рәсімдеуді сұраймын.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы мәліметтер:

      1. Атауы, мекен-жайы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын,

      исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін

      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың

      немесе куәліктің күні және нөмірі)

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру

      (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты

      ашылған банктің атауы және мекен-жайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер

      _____________________________________________________________________

      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, исламдық сақтандыру

      (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша қызметті,

      сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, исламдық сақтандыру (қайта

      сақтандыру) ұйымы. сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары

      (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)

      дәйектілігіне жауапты болады.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр

      қайсысы бойынша парақтар саны:

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, (бар болса)

      әкесінің аты, лауазымы ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ________________

      (қолы)

      20__ жылғы "___" _______________

      Мөр орны (бар болған кезде)

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

      құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру

      қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру

      брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына

      лицензия беру ережесіне 4-қосымша

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын

      құруға рұқсат беру, cондай-ақ сақтандыру

      қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру

      брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына

      лицензия беру ережесіне 9-қосымша

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру (қайта

      сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің толық атауы)

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      (сақтандырудың саласын, нысанын, сыныптарын, қызмет түрін көрсету қажет)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруіңізді сұраймын.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, исламдық сақтандыру (қайта

      сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері туралы мәліметтер:

      1. Атауы, мекен-жайы __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үйінің нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (телефон, факс)

      2. Әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын,

      исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін

      мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың

      немесе куәліктің күні және нөмірі)

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, исламдық сақтандыру

      (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің банктік шоты

      ашылған банктің атауы және мекен-жайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі

      _____________________________________________________________________

      4. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер

      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, исламдық сақтандыру

      (қайта сақтандыру) қызметін, қайта сақтандыру бойынша қызметті,

      сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, исламдық сақтандыру (қайта

      сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және олардың құрылтайшылары

      (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)

      дәйектілігіне жауапты болады.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, даналар саны және әр

      қайсысы бойынша парақтар саны:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, (бар болса)

      әкесінің аты, лауазымы ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________

      (қолы)

      20__ жылғы "___" _______________

      Мөр орны (бар болған кезде)