"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру";
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру";
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу";
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру", "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу", "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 152 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9320 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 маусымда, "Егемен Қазақстан" газетінде № 121 (28345) болып жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру", "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу", "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 368 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9625 болып тіркелген) "Юридическая газета" 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 145 (2713); "Заң газеті" 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 145 (2539) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына 1-қосымша |
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру
Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру рәсімін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылған.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) бастау үшін негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесімен көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығын және ресімделу дұрыстығын тексереді. Қабылданған өтінішті өтініш бланкісінде тіркеу нөмірін қоя отырып, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш беруші адамдарды есепке алу журналына тіркейді.
7. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес талон беріледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
1) қалалық (аудандық) ішкі істер органдары көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - ҚАІІО);
2) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкері (бұдан әрі – ПД КҚҚБ);
3) Полиция департаментінің (бұдан әрі - ПД) бастығы, бастықтың орынбасары не материалды қарау орны бойынша ҚАІІО.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Әрбір рәсімдер (іс-әрекеттер) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 30 минут ішінде құжаттардың қабылданғаны туралы талонды береді.
2) көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 7 күн ішінде:
қабылданған материалдарды тұрақты сақтау мерзімімен жеке есепке алу ісінде қалыптастырады.
төлем қабілеттілігін растау туралы құжаттардың түпнұсқалылығы мәніне банк мекемесіне сұрау салуды жолдайды;
"Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі арналары арқылы ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды;
тексеруді:
ішкі істер органдарының есептері бойынша;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша жүзеге асырады.
Жолданған материалдарды мемлекеттік органдармен келісуді күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырады;
3) мүдделі органдардан жауаптар алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші күнтізбелік 10 күні ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы қорытынды не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
4) күнтізбелік 7 күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы қорытындыны не бас тарту туралы дәлелденген жауапты ПД не ҚАІІб бастығы немесе оның орынбасарының бекітуі.
5) қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде жолданады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-кесте.
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)
1 | Іс-әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны) | 1 | 2 |
2 | ҚФБ атауы | ІІО | ІІО |
3 | Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру |
1. қабылданған материалдар тұрақты сақтау мерзімімен жеке есепке алу ісінде қалыптастырылады; |
4 | Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) | Құжаттарды қабылдау туралы талон беру | |
5 | Орындау мерзімі | 30 минут | күнтізбелік 7 күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)
1 | 3 | 4 | |
2 | ҰҚКД | банктікмекеме | КҚҚБ |
3 | Материалдарды келісу | төлемқабілеттілігін растау туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау | Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы негізделген қорытынды шығару, ПБ басшылығына жолдау немесе бас тарту туралы негізделген жауап беру |
4 | КҚҚБ-ге "Бүркіт" Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы "Бүркіт-ІІМ" кіші жүйесінде жауап беру | КҚҚБ-ға жауап | |
5 | күнтізбелік 30 күнтізбелік күн | күнтізбелік10 күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)
1 | 5 | 6 | 7 |
2 | ІІД басшылығы | ІІО | ІІО |
3 | Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы негізделген қорытындыны немесе бас тарту туралы негізделген жауаптыбекіту | Көрсетілетінқызметті берушіге шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлау. Теріс шешілген кезде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тартуды жолдау | Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруі/не рұқсат беруден бас тарту |
4 | Күнтізбелік 10 күн | күнтізбелік 3 күн | 20 минут |
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің
Анықтамасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру" мемлекеттік қызметінің регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 26.02.2016 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру" мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде № 11203 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру" мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесi азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттарды қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Қызметті алушының Стардарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесімен қызметті берушіге өтініш білдіруі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет қызметті алушының тұрақты тіркелген жері бойынша көрсетіледі.
Арызды қабылдау:
1) қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
7. Дайын құжаттарды беруді:
1) қызметті беруші жүзеге асырады;
2) Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
1) қалалық (аудандық) ішкі істер органының (бұдан әрі - ҚАІІО) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;
2) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі –ІІД КҚҚБ) қызметкері;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің (бұдан әрі – КҚҚК) қызметкері;
4) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АӨО" РМК).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) бірізділігінің сипаттамасы:
1) құжаттар пакетін қабылдау және тексеру.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген күні көрсетілетін қызметті беруші халықты құжаттандыру және тіркеу жүйесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының бұрын берілген құжаттарының болуын тексеруді жүзеге асырады, содан кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке өзінің қатысуымен көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді және жеке қолтаңбасын қоюды жүзеге асырады, тиісті құжатты дайындау үшін формулярды ресімдейді – 30 минут;
Құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда өтініштерді тіркеу журналында тіркеу және талон немесе құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беру.
Құжаттар пакетін толық бермеген жағдайда қайтарылады;
2) ресімделген формулярлар 1 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізу үшін электрондық құжаттандыру кезінде ШҚТ ТП "жұмыс орнының" коды арқылы, қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде тізілім бойынша КҚҚБ-ға жолданады;
3) КҚҚБ кеңсесінің қызметкері тізілімдер келіп түскен күні оларды тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді – 30 минут;
4) КҚҚБ-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде оларды КҚҚК-ға жолдайды, электрондық құжаттандыру кезінде формуляр "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ШҚТ ТП АЖ) орталық торабына, қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде жиынтық тізіліммен жолданады;
5) КҚҚК кеңсесінің қызметкері жиынтық тізілім келіп түскен күні оны тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді – 30 минут;
6) КҚҚД-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде оларды "АӨО" РМК-ға жолдайды;
7) "АӨО" РМК кеңсесінің қызметкері формулярлары бар келіп түскен тізілімдерді тіркейді және оларды құжаттарды дайындау үшін өндіріске береді – 30 мин;
8) дайындалған құжаттар 3 жұмыс күні ішінде КҚҚК-ге қайтарылады;
9) дайын құжаттарды КҚҚК-ның жауапты қызметкері 1 жұмыс күні ішінде КҚПБ-ға жолдайды;
10) КҚҚБ-ның жауапты қызметкері 1 жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша жолдайды;
11) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, ал көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорацияда көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері береді" - 20 минут ("Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және шетелдіктерге тұруға ықтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағы);
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үпроцесіне:
Көрсетілетін қызметті алушы;
КҚПБ қызметкері;
КҚПК қызметкері;
ШҚТ ТП АЖ;
"АӨО" РМК;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қатысады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.12. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | ||
1 | Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) № | 1 |
2 | ҚФБ атауы | ІІО, Мемлекеттік корпорация |
3 | Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы |
Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру |
4 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) |
Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу |
5 | Орындау мерзімдері | 30 минут |
Кестенің жалғасы
1 | 2 | 3 | 4 | ||
2 | ІІО, Мемлекеттік корпорация | КҚҚБ | КҚҚК | ||
3 |
ІІО-ның тізілімін 3 данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – формулярлармен бірге КҚҚБ-ға (қағаз тасымалдағышта) беріледі. | Арызды тіркеу және жауапты орындаушыға беру |
Формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру, қызметті алушыларды іздестіруде жүрген адамдардың деректер базасы бойынша тексеру, 3 данада жиынтық тізілім қалыптастыру, біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге КҚҚК-ға жолданады (қағаз тасымалдағышта). | КҚҚБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚҚБ-данкеліп түскен кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабында тіркеу(қағаз тасымалдағышта) | Жиынтық тізілімге енгізілген формулярларды, оның ішінде қағаз тасымалдағышта толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру |
4 | Тізілім | Кіріс тіркеу нөмірі | Жиынтық тізілім | Кіріс тіркеу нөмірі | Жиынтық тізілімді өз қолымен растау |
5 | 1 жұмыс күн | 30 мин | 2 жұмыс күн | 30 минут |
Кестенің жалғасы
4 | 5 | 6 | 7 | ||
"АӨО" РМК | КҚҚК | КҚҚБ | |||
Аудандық тізілімдері бар жиынтық тізілімнің бірінші данасын номенклатуралық іске тігу, екінші дананы аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге "АӨО" РМК-ға жіберу | Формулярлармен бірге келіп түскен тізілімдерді тіркеу | Құжаттарды дайындау, оларды формулярлар-мен, дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің бір данасымен бірге КҚҚК-ге жіберу | Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен жәнеҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге ҚАІІб-ға жіберу | Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен жәнеҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету орны бойынша ҚАІІб-ға жіберу | |
4 | Ілеспе хат | Кіріс тіркеу нөмірі | Дайын құжаттар | ТізілімдіКҚҚБ-ға жөнелтуге жіберу | Ілеспе хат |
5 | 2 жұмыс күн | 30 мин | 3 жұмыс күн | 1 жұмыс күн | 1 жұмыс күн |
Кестенің жалғасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | |
1 | 9 |
2 | ҚАІІб, Мемлекеттік корпорация |
3 | Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру |
4 | Ілеспе тізілім |
5 | 10 минут |
"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру" мемлекеттік қызметінің регламентіне 2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің
Анықтамасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу
Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды,қалпына келтіруді және одан шығуды ресімдеу рәсімін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі арыз иесіне Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтамалар беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесімен өтініш білдіруі мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттердің) басталуына негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қалалық, аудандық, қаладағы аудандық көші-қон кызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының), ішкі істер органдарының кенттік басқармасының (бөлімінің) қызметкері қатысады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызмет шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, Қазақстан Республикасы азаматының (бұдан әрі – қызметті алушы) тұрақты тіркеу есебі жері бойынша көрсетіледі.
8. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көші-қон қызметі бөліністерінде "терезелер" арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон қызметі инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы көрсетіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы жасау тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімінің) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - ҚАІІО);
2) облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі – ПД КҚҚБ) қызметкері;
3) Полиция департаменті бастығы, бастықтың орынбасары (бұдан әрі - ПД);
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің (бұдан әрі - КҚҚК) қызметкері.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық бірізділігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба және ҚФБ осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының департаменттерінің (бұдан әрі - ПД) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды, қалпына келтіру және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік қызметінің регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-нұсқа. Қазақстан Республикасының заматтығына қабылдау, қалпына келтіру және одан шығу мәселелерін қарастыру
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | |||
1 | Әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны) | 1 | 2 |
2 | ҚФБ атауы | ҚАІІб | ҚАІІб |
3 | Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | Арыз берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру | Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ға жіберу |
4 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) | Журналда тіркеу және алғаны туралы анықтама беру | Ілеспе хат |
5 | Орындау мерзімдері | 30 минут | 30 күнтізбелік күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | ||||
1 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2 | КҚПБ | ҰҚКД | ҚСжАЕКБ | КҚПБ |
3 | Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕКБ-ға сұрау салулар жіберу | Арыз берушіні арнайы есептер бойынша тексеру | Арыз берушіні арнайы есептер бойынша тексеру | Материалдарды қалыптастыру, істі КҚҚК-ге жіберу |
4 | Сұрау салуды жолдау | КҚҚБ-ға жауап | КҚҚБ-ға жауап | Ілеспе хат |
5 | 10 күнтізбелік күн | 30 күнтізбелік күн | 10 күнтізбелік күн | 10 күнтізбелік күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | ||||
1 | 7 | 8 | 9 | 10 |
2 | КҚҚК | ПӘ | КҚҚК | КҚҚБ |
3 | Материалдарды тексеру, іс бойынша қорытынды шығару, істі ПӘ-ге жіберу |
Арызды қарау, Президент | Істі және Президент Жарлығының көшірмесін КҚҚК-ге жіберу | Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтаманы ресімдейді және іспен бірге анықтаманы ҚАІІб-ге жолдау |
4 | Ілеспе хат | Президенттің Жарлығы | Ілеспе хат | Ілеспе хат |
5 | 30 күнтізбелік күн | 30 күнтізбелік күн | 10 күнтізбелік күн | 10 күнтізбелік күн |
1-кестенің жалғасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | ||
1 | 11 | 12 |
2 | ҚАІІб | ҚАІІб |
3 | Арыз иесіне арызды қарау нәтижелері туралы хабарлау | Бір уақытта ұлттық паспортты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын) алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру немесе одан шығару туралы анықтамалар немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлеледі жауап беру |
4 | Өтініш иесіне хабарлау | |
5 | 10 күнтізбелік күн | 10 минут |
2-нұсқа. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау
2-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы. Негізгі процесс.
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері | |||
1 | Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) № | 1 | 2 |
2 | ҚФБ-ның атауы | ҚАІІб | ҚАІІб |
3 | Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы | Арыз иесінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру | Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ға жіберу |
4 | Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) | Журналда тіркеу және алғаны туралы талон беру | Ілеспе хат |
5 | Орындау мерзімдері | 10 минут | 3 күнтізбелік күн |
2-кестенің жалғасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
1 | 3 | 4 | 5 | 6 |
2 | КҚҚБ | ҰҚКД | ҚСжАЕАКБ | КҚҚБ |
3 | Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау | Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру | Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру | Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру туралы дәлелді қортынды шығару, ІІД басшылығына жіберу немесе мемлекеттік қызмет ұсынуда бас тарту туралы дәлеледі жауап енгізу |
4 | Сұрау салуды жолдау | КҚҚБ-ға жауап | КҚҚБ-ға жауап | Дәлелді қорытынды |
5 | 3 күнтізбелік күн | 30 күнтізбелік күн | 15 күнтізбелік күн | 7 күнтізбелік күн |
2-кестенің жалғасы
Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері
1 | 7 | 8 | 9 | 10 |
2 | ІІД басшылығы | КҚҚБ | ҚАІІб | ҚАІІб |
3 | Істің материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қорытындыны бекіту | Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІб-ге жіберу |
Арыз иесіне шығарылған қорытынды туралы хабарлау. | Бір уақытта ұлттық паспортын алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару туралы анықтама беру |
4 | Бекітілген қорытынды | Ілеспе хат | Арыз иесіне хабарлау | |
5 | 10 күн | 2 күнтізбелік күн | 3 күнтізбелік күн | 10 минут |
Пайдалану нұсқалары
1-нұсқа. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару мәселелерін қарау.
3-кесте. Негізгі процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару мәселесі бойынша оң шешім қабылдау
Негізгі процестің (жұмыс барысы, ағыны) | |
ҚАІІб | КҚҚБ |
1. Арыз иесінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру | 3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау |
2. Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ға жолдау | 6. Істің материалдарын қалыптастыру және оны КҚҚК-ге жіберу |
11. Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы арыз иесіне хабарлау | 10. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтаманы ресімдеу және анықтаманы іспен бірге ҚАІІб-ге жолдау |
Бір уақытта ұлттық паспортты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын) алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтама беру | |
Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны) | |
ҰҚКД | ҚСжАЕАКБ |
4. Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру | 5. Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру |
Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны) | |
КҚПД | ПӘ |
7. Материалдарды тексеру, іс бойынша қорытынды шығару, істі ПӘ жолдау | 8. Арызды қарау, Президент Жарлығының жобасын дайындау |
9. Істі және Президент Жарлығының көшірмесін КҚҚБ-ге жолдау |
2-нұсқа. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау
4-кесте. Негізгі процесс- жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау мәселесі бойынша оң шешім қабылдау
Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны)
ҚАІІб | КҚҚБ | ПД басшылығы | |
1. 1. Арыз иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру | 3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау | 7. Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қорытындыны бекіту | |
2. Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ге жолдау | 6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау | ||
9. Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы арыз иесіне хабарлау | 8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІб-ге жолдау | ||
10. Бір уақытта ұлттық паспортты алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама беру | |||
Негізгі процесс (жұмыс барысы, ағыны) | |||
ҰҚКД | ҚСжАЕКБ | ||
4.Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру | 5.Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру |
5-кесте. Балама процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, қалпына келтіру туралы теріс шешім қабылдау
Балама процесс (жұмыс барысы, ағыны) | |||
ҚАІІб | КҚҚБ | ІІД басшылығы | |
1. Арыз иесінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру | 3. Іс материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ге сұрау салулар жолдау | 7. Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту туралы қорытындыны бекіту | |
2. Істі қалыптастыру және оны КҚҚБ-ге жіберу | 6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді қортынды шығару, ІІД басшылығына жіберу | ||
9. Арыз иесіне шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлау. | 8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІб-ге жіберу | ||
10. Арыз иесіне жазбаша түрде дәлелді бас тарту жіберу | |||
Негізгі процесс (жұмыс ағыны, барысы) | |||
ҰҚКД | ҚСжАЕАКБ |
"Қазақстан Республикасының азаматтығына алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасының азаматтығына алуды,қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің
Анықтамасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бірінші нұсқа: Қазақстан Республикасының азаматтығына алуды,қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу
Екінші нұсқа нұсқа: Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды тіркеу
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына 4-қосымша |
"Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік қызметінің регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасында шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет ұсынуда босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру, босқынның мәртебесін ұзарту беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы "терезе" арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті алушының қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге берген Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) он минут ішінде орындаушының өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайлығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексеруі;
2) он минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі;
3) он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны таңдауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністерімен (бұдан әрі – ҰҚКД) келісу үшін орындаушының өтінішті жолдауы;
5) 1 жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы визаны жапсыру не ҰҚКД жауабының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
6) көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлануы;
7) босқынның куәлігін төрт күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) жұмыс күнін құрайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік органдар құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
3) сұрау салуды қарайтын және ҰҚКД-ге жолдайтын жауапты орындаушы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің бастығы;
5) ҰҚКД қызметкерлері.
10. Құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсететін рәсімдер (әрекеттер) кезектілігінің сипаттамасы:
1) мемлекеттік қызмет алуға қағаз тасымалдағышта келіп түскен өтінішті келіп түскен күні тіркеу;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайлығын көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күні тексеру;
3) көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда оларды қабылдаған күні келісу үшін ҰҚКД-ге сұрау салу жолдау;
4) орындаушының істерді Комиссия қарауына өңдеуі;
11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz "Министрлік туралы" бөлімде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары" кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2019 № 136 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік қызметінің регламентіне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік қызметінің регламентіне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2018 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.