"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11632 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру»;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру»;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу»;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу», «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 152 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9320 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 маусымда, «Егемен Қазақстан» газетінде № 121 (28345) болып жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру», «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу», «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 368 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9625 болып тіркелген) «Юридическая газета» 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 145 (2713); «Заң газеті» 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 145 (2539) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға көшірмелерін жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына   
1-қосымша      

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру рәсімін айқындайды.
      2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылған.
      4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесi Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру (бұдан әрі - рұқсат) және болжанатын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебіне қою не дәлелді бас тарту болып табылады, беруден бас тартуға негіз «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабында көзделген.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің)
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдер (іс-әрекеттер) бастау үшін негіз Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттар тізбесімен көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі болып табылады.
      6. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығын және ресімделу дұрыстығын тексереді. Қабылданған өтінішті өтініш бланкісінде тіркеу нөмірін қоя отырып, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтініш беруші адамдарды есепке алу журналына тіркейді.
      7. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес талон беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністерінің (жұмыскерлерінің) өзара
іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) жұмылдырылған:
      1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасы (бөлімі) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері (бұдан әрі - КҚПб);
      2) облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері (бұдан әрі – КҚПД);
      3) облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті (бұдан әрі - ҰҚКД);
      4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасы (бұдан әрі – ҚСжАЕАКБ).
      9. Әрбір тәртіп (іс-әрекет) ұзақтығын нұсқауымен құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) арасындағы кезекті тәртіп (әрекет) сипаттамасы
      1) қызмет алушымен мемлекеттік қызмет алуына өтініші жүгінген күні тіркеу
      2) тексеру шараларын жүзеге асыру, қызмет алушымен толық құжаттар қамтамасыз ету немесе негізсіз қайтару барысында қайтару
      3) құзіретті органдарымен келістіру мақсатында ІІД КҚПБ-на ілеспе хатын жолдау және ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарымен келістіру үшін ақпаратты «Бүркіт» БАЖ-не 3 жұмыс күнінде енгізу
      4) 30 күн аралығында жолданған құжаттарды мемлекеттік органдарымен келістіру
      5) мүдделі органдарының жауаптарын өңдеу және 7 күн аралығында ІІД (ІІБ)–мен Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруына рұқсат беру туралы немесе негізді бас тарту туралы қорытынды шығару
      6) Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұру рұқсатын беруіне немесе бас тартуына негіз болған барлық құжаттарды қарауынан кейін 10 жұмыс күн арылығында ІІД (ІІБ) басшылығымен қорытынды шығару
      7) ІІД КҚПБ орындаушысымен 3 жұмыс күн аралығында қабылданған шешім туралы қызмет алушыға жолдау
      8) Қорытындының оң шешімін қабылдау барысында «шетелдікті құжаттау және тіркеу» тіркеу бекеті» ақпараттық жүйесі арқылы қызмет алушыны өтініш білдірген күні тіркеу (бұдан әрі – ШҚТ ТБ)
      9) Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұруынан бас тарту туралы қорытынды қабылдау барысында қызмет алушы 3 жұмыс күн аралығында хабардар етіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды 
тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет
логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың
сызбасы

      1-кесте.

Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

Іс-әрекеттің № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

2

ҚФБ атауы

ІІО

ІІО

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)

Журналға тіркеу және алғаны туралы талон беру

Ілеспе хат

5

Орындау мерзімі

30 минут

3 күн

      1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

3

4

5

6

2

КҚПБ

ҰҚКД

ҚСжАЕАКБ

КҚПБ

3

ҰҚКД-де «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы «Бүркіт-ІІМ» және ҚСжАЕАКБ кіші жүйесінде тексеру

материалдарды келісу

Өтініш берушіні арнайы есептер бойынша тексеру

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау

4

Сұрау салуды жолдау

КҚПБ-ге «Бүркіт» Бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы «Бүркіт-ІІМ» кіші жүйесінде жауап беру

КҚПБ-ға жауап

Дәлелді қорытынды

5

3 күн

30 күн

15 күн

7 күн

      1-кестенің жалғасы

Негізгі процестің іс-әрекеті (жұмыс барысы, ағыны)

1

7

8

9

10

2

ІІД басшылығы

КҚПБ

ІІО

ІІО

3

Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мүмкіндігі туралы қорытындыны бекіту

Шығарылған қорытынды нәтижелері туралы хабарлама.
Теріс шешілген кезде өтініш берушіге жазбаша дәлеледі бас тартуды жолдау

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беріледі /не рұқсат беруден бас тартылады

Тіркеу есебіне қою

4

Қорытындыны бекіту

Өтініш берушіге хабарлау

Рұқсат беру

«Шетелдіктерді құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу

5

10 күн

3 күн

10 минут

10 минут

«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды 
тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында
тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына   
2-қосымша      

«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ
адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру»
мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2015 жылғы 27 мамырда № 11203 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тұрақты тұруына рұқсат беру рәсімін айқындайды.
      2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекен жайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижесi азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттарды қағаз тасымалдағышта беру болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің
құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері
тәртібінің сипаттамасы

      5. Қызметті алушының Стардарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесімен қызметті берушіге өтініш білдіруі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуы үшін негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет қызметті алушының тұрақты тіркелген жері бойынша көрсетіледі.
      Арызды қабылдау:
      1) қызметті беруші;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – ХҚКО) қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      7. Дайын құжаттарды беруді:
      1) қызметті беруші жүзеге асырады;
      2) ХҚКО арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің
құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімінің) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) (бұдан әрі - КҚПб) қызметкері;
      2) қалалық, аудандық, қаладағы аудандық ХҚКО-ның қызметкері;
      3) облыстың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері көші-қон полициясы басқармасының (бұдан әрі – КҚПБ) қызметкері;
      4) Көші-қон полициясы департаментінің (бұдан әрі – КҚПД) қызметкері;
      5) «\Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «АӨО» РМК).
      9. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөліністердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) бірізділігінің сипаттамасы:
      1) қызметті алушы өтініш білдірген күні қызметті беруші халықты құжаттандыру және тіркеу жүйесі бойынша қызметті алушының бұрын берілген құжаттарының болуын тексеруді жүзеге асырады, содан кейін қызметті алушының жеке өзінің қатысуымен қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді және жеке қолтаңбасын қоюды жүзеге асырады, тиісті құжатты дайындау үшін формулярды ресімдейді;
      2) ресімделген формулярлар электрондық құжаттандыру кезінде ШҚТ ТП «жұмыс орнының» коды арқылы, қағаз тасымалдағышта ресімдеу кезінде тізілім бойынша 2 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізу үшін КҚПБ-ға жолданады;
      3) КҚПБ кеңсесінің қызметкері тізілімдер келіп түскен күні оларды тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді;
      4) КҚПБ-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде оларды КҚПД-ға жолдайды, электрондық құжаттандыру кезінде формуляр «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ШҚТ ТП АЖ) орталық торабына, қағаз тасымалдағышта құжаттандыру кезінде жиынтық тізіліммен жолданады;
      5) КҚПД кеңсесінің қызметкері жиынтық тізілім келіп түскен күні оны тіркейді және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге береді;
      6) КҚПД-ның жауапты қызметкері формулярды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігіне тексеру жүргізгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде оларды «АӨО» РМК-ға жолдайды;
      7) «АӨО» РМК кеңсесінің қызметкері келіп түскен формулярлары бар тізілімдерді тіркейді және оларды құжаттарды дайындау үшін өндіріске береді;
      8) дайындалған құжаттар 7 жұмыс күні ішінде КҚПД-ға қайтарылады;
      9) дайын құжаттарды КҚПД-ның жауапты қызметкері 2 жұмыс күні ішінде КҚПБ-ға жолдайды;
      10) КҚПБ-ның жауапты қызметкері бір күннің ішінде дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету орны бойынша жолдайды;
      11) қызметті беруші мемлекеттік қызметті ХҚКО-да көрсеткен кезде дайын құжаттарды ХҚКО-ның қызметкерлері береді.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне:
      Қызметті алушы;
      КҚПБ қызметкері;
      КҚПД қызметкері;
      ШҚТ ТП АЖ;
      «АӨО» РМК;
      ХҚКО қызметкері қатысады.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік 
қызметінің регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет
логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың
сызбасы

      Кесте

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

2

ҚФБ атауы

ІІО, ХҚКО

ІІО, ХҚКО

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қызметті алушының құжаттарын қабылдау және тексеру

Деректер базасы бойынша тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру, фотоға түсіру, ЭЦҚ растау.
Қағаз формулярды толтыру кезінде дербес кодты, күнін және қол қою

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Арыздарды тіркеу кітабында тіркеу

Қызметті алушыға өтінімді электрондық тіркеу талонын беру.
Қызметті алушыға формулярдың түбіртегін беру

5

Орындау мерзімдері

30 минут

30 минут

      Кестенің жалғасы

1

3

4

5

6

2

ІІО, ХҚКО

КҚПБ

КҚПД

КҚПД

3

ІІО-ның тізілімін 3 данада қалыптастыру, оның біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – формулярлармен бірге КҚПБ-ға (қағаз тасымалдағышта) беріледі. Ресімделген электрондық формуляр тексеру үшін КҚПБ-ға ШҚТ ТП «жұмыс орнының» коды арқылы беріледі.

Формулярларды толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру, қызметті алушыларды іздестіруде жүрген адамдардың деректер базасы бойынша тексеру, 3 данада жиынтық тізілім қалыптастыру, біріншісі номенклатуралық іске тігіледі, екіншісі және үшіншісі – аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге КҚПД-ға жолданады (қағаз тасымалдағышта).
Толтырудың дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр ШҚТ ТП орталық торабына (КҚПД) жіберіледі.

КҚПБ-дан алынған жиынтық тізілімдерді ІІД КҚПБ-дан келіп түскен кіріс жиынтық тізілімдерді есепке алу кітабында тіркеу

Жиынтық тізілімге енгізілген формулярларды, оның ішінде қағаз тасымалдағышта толтырудың дұрыстығы мен негізділігін тексеру.

4

Тізілім

Жиынтық тізілім

Кіріс тіркеу нөмірі

Жиынтық тізілімді өз қолымен растау

5

2 күн

5 кун

1 күн

6 күн

      Кестенің жалғасы

1

8

9

10

11

2

КҚПД

«АӨО» РМК

КҚПД

КҚПД

3

Аудандық тізілімдері бар жиынтық тізілімнің бірінші данасын номенклатуралық іске тігу, екінші дананы аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге «АӨО» РМК-ға жіберу

Құжаттар дайындау, оларды формулярлармен, дайындалған құжаттардың тізілімімен және жиынтық тізілімнің данасымен бірге КҚПД-ға жіберу

Дайындалған құжаттардың тізілімдерін тіркеу, тізілімді жіберуге қалыптастыру

Дайындалған құжаттардың тізілімдерімен, дайын құжаттармен, формулярлармен бірге тізілімді және қағаз тасымалдағышта ресімделгендер үшін жиынтық тізілімің данасымен аудандықтармен бірге КҚПБ-ға жөнелтуге жіберу.

4

Ілеспе хат

Дайын құжаттар

Жөнелтуге тізілім

тізілімді КҚПБ-ға жөнелтуге жіберу

5

1 күн

7 күн

2 күн

2 күн

      Кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

11

12

13

14

15

2

КҚПБ

КҚПБ

ҚАІІБ

ҚАІІБ

ХҚКО

3

Келіп түскен тізілімдерді тіркеу және формулярлармен бірге жауапты қызметкерге беру.

Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен және ҚАІІБ тізімінің данасымен бірге ҚАІІБ-ге жіберу

ХҚКО-да ресімделген дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен бірге ХҚКО-ға жіберу.
Формулярларды ҚАІІБ картотекасына енгізу

Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру
 
 

Қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру

4


Ілеспе хат

Ілеспе тізілім

Ілеспе тізілім

Іліеспе тізілім

5

Келіп түскен күні

1 күн

1 күн

10 минут

10 минут

«Қазақстан Республикасында тұрақты
тұратын азаматтығы жоқ адамдарға
куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға
ықтиярхаттар беру» мемлекеттік 
қызметінің регламентіне 3-қосымша

мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына   
3-қосымша      

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және
одан шығуды тiркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тiркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2015 жылғы 27 мамырда № 11203 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына қабылдауды және одан шығуды тіркеу » мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығаруды ресімдеу рәсімін айқындайды.
      2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекен жайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматандырылмаған.
      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi арыз иесіне Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтамалар беру не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің
құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттері
тәртібінің сипаттамасы

      5. Қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесімен өтініш білдіруі мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттердің) басталуына негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.
      7. Мемлекеттік қызмет шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, Қазақстан Республикасы азаматының (бұдан әрі – қызметті алушы) тұрақты тіркеу есебі жері бойынша көрсетіледі.
      8. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көші-қон полициясы бөліністерінде «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон полициясы инспекторының тегі,аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің
құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы
тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатысады:
      1) ҚАІІО – қалалық, аудандық, қаладағы аудандық, кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімінің) көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері;
      2) КҚПБ – облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі – ІІД) көші-қон полициясы басқармасының қызметкері;
      3) ҰҚКД – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс, Алматы және Астана қалалары бойынша департаменті;
      4) ҚСжАЕАКБ – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшесі;
      5) ІІД басшылығы – Ішкі істер департаментінің бастығы, бастығының орынбасары;
      6) КҚПД – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің Азаматтық, иммиграция және босқындармен жұмыс басқармасы;
      7) ПӘ – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық бірізділігінің арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба және ҚФБ осы регламентке 1 қосымшада келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимылының бірізділігінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 9-тармағында көрсетілген және осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

«Қазақстан Республикасының  
азаматтығына қабылдауды және 
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік
қызметінің регламентіне    
1-қосымша          

Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әкімшілік
іс-әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ–ның арасындағы
өзара байланысты сызбасы

      1-нұсқа. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәселелерін қарау.

      1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

№ действия (хода, потока работ)

1

2

2

ҚФБ атауы

ҚАІІО

ҚАІІО

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Арыз берушінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жіберу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Журналда тіркеу және алғаны туралы анықтама беру

Ілеспе хат

5

Орындау мерзімдері

30 минут

15 күн

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

      1-кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

3

4

5

6

2

КҚПБ

ҰҚКД

ҚСжАЕКБ

КҚПБ

3

Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕКБ-ға сұрау салулар жіберу

Арыз берушіні арнайы есептер бойынша тексеру

Арыз берушіні арнайы есептер бойынша тексеру

Материалдарды қалыптастыру, істі КҚПД-ға жіберу

4

Сұрау салуды жолдау

КҚПБ-ға жауап

КҚПБ-ға жауап

Ілеспе хат

5

15 күн

30 күн

30 күн

30 күн

6

4,5

6

6

7

      1-кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

7

8

9

10

2

КҚПД

ПӘ

КҚПД

КҚПБ

3

Материалдарды тексеру, іс бойынша қорытынды шығару, істі ПӘ-ге жіберу

Арызды қарау, Президенттің Жарлығының жобасын дайындау

Істі және Президент Жарлығының көшірмесін КҚПБ-ға жіберу

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтаманы ресімдейді және іспен бірге анықтаманы ҚАІІО-ға жолдау

4

Ілеспе хат

Президенттің Жарлығы

Ілеспе хат

Ілеспе хат

5

30 күн

30 күн

10 күн

10 күн

6

8

13

10

11

      1-кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

11

12





2

ҚАІІО

ҚАІІО





3

Арыз иесіне арызды қарау нәтижелері туралы хабарлау

Бір уақытта ұлттық паспортты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын) алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтамалар немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлеледі жауап беру



4

Өтініш иесіне хабарлау




5

10 күн

10 минут



6

12





      2-нұсқа. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау

      2-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы. Негізгі үдеріс.

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

Іс-әрекеттің (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

2

ҚФБ-ның атауы

ҚАІІО

ҚАІІО

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Арыз иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жіберу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Журналда тіркеу және алғаны туралы талон беру

Ілеспе хат

5

Орындау мерзімдері

10 минут

3 күн

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

      2-кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

3

4

5

6

2

КҚПБ

ҰҚКД

ҚСжАЕАКБ

КҚПБ

3

Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау

Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру

Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы дәлелді қортынды шығару, ІІД басшылығына жіберу немесе мемлекеттік қызмет ұсынуда бас тарту туралы дәлеледі жауап енгізу

4

Сұрау салуды жолдау

КҚПБ-ға жауап

КҚПБ-ға жауап

Дәлелді қорытынды

5

3 күн

30 күн

15 күн

7 күн

6

4,5

6

6

7

      2-кестенің жалғасы

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

7

8

9

10

2

ІІД басшылығы

КҚПБ

ҚАІІО

ҚАІІО

3

Істің материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қорытындыны бекіту

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІО-ға жіберу

Арыз иесіне шығарылған қорытынды туралы хабарлау.
Шешім теріс шешілген кезде өтініш иесіне жазбаша түрде дәлелді бас тарту жолдау

Бір уақытта ұлттық паспортын алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және одан шығару туралы анықтама беру

4

Бекітілген қорытынды

Ілеспе хат

Арыз иесіне хабарлау


5

10 күн

2 күн

3 күн

10 минут

6

8

9

10



      Пайдалану нсұқалары
      1-нұсқа. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару мәселелерін қарау.
      3-кесте. Негізгі үдеріс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару мәселесі бойынша оң шешім қабылдау

Негізгі үдерістің (жұмыс барысы, ағыны)

ҚАІІО

КҚПБ

1. Арыз иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау

2. Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

6. Істің материалдарын қалыптастыру және оны КҚПД-ға жіберу

11. Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы арыз иесіне хабарлау

10. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтаманы ресімдеу және анықтаманы іспен бірге ҚАІІО-ға жолдау

Бір уақытта ұлттық паспортты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын) алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе одан шығару туралы анықтама беру


Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

ҰҚКД

ҚСжАЕАКБ

4. Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру

5. Өтініш иесін арнайы есептер бойынша тексеру

Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

КҚПД

ПӘ

7.Материалдарды тексеру, іс бойынша қорытынды шығару, істі ПӘ жолдау

8. Арызды қарау, Президент Жарлығының жобасын дайындау

9. Істі және Президент Жарлығының көшірмесін КҚПБ-ға жолдау


      2-нұсқа. Азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының азаматтарын және оралмандарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау
      4-кесте. Негізгі үдеріс- жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау мәселесі бойынша оң шешім қабылдау

Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

ҚАІІО

КҚПБ

ІІД басшылығы

1. 1. Арыз иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ға сұрау салулар жолдау

7. Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қорытындыны бекіту

2. Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау


9. Шығарылған қорытындының нәтижелері туралы арыз иесіне хабарлау

8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІО-ға жолдау


10. Бір уақытта ұлттық паспортты алып қоя отырып, арыз иесіне Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама беру



Негізгі үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

ҰҚКД

ҚСжАЕКБ

4.Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру

5.Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру

      5-кесте. Балама процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы теріс шешім қабылдау

Балама үдеріс (жұмыс барысы, ағыны)

ҚАІІО

КҚПБ

ІІД басшылығы

1. Арыз иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСжАЕАКБ-ге сұрау салулар жолдау

7. Істің материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту туралы қорытындыны бекіту

2. Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жіберу

6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді қортынды шығару, ІІД басшылығына жіберу


9. Арыз иесіне шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлау.

8. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы істі ҚАІІО-ға жіберу


10. Арыз иесіне жазбаша түрде дәлелді бас тарту жіберу



Негізгі үдеріс (жұмыс ағыны, барысы)

ҰҚКД

ҚСжАЕАКБ

4. Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру

5. Арыз иесін арнайы есептер бойынша тексеру

«Қазақстан Республикасының  
азаматтығына қабылдауды және 
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік
қызметінің регламентіне    
2-қосымша          

мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 495 бұйрығына   
4-қосымша      

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Ішкі істер министрлігі www.mvd.gov.kz интернет-ресурсының «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасында шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет ұсынуда босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру, босқынның мәртебесін ұзарту беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2.  Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің)
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы «терезе» арқылы жүргізіледі, онда көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін қызметті алушының қағаз тасымалдағышта көрсетілетін қызметті берушіге берген Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) бар болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) он минут ішінде орындаушының өтініште көрсетілген мәліметтердің шынайлығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келуін тексеруі;
      2) он минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі;
      3) он минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының жауапты орындаушыны таңдауы;
      4) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды бес күн ішінде  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөліністерімен (бұдан әрі – ҰҚКД) келісу үшін орындаушының өтінішті жолдауы;
      5) 1 жұмыс күні ішінде тиісті санаттағы визаны жапсыру не  ҰҚКД жауабының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің бір жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлануы;
      7) босқынның куәлігін төрт күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) жұмыс күнін құрайды.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл жасасуының сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші мен мемлекеттік органдар құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
      3) сұрау салуды қарайтын және ҰҚКД-ге жолдайтын жауапты орындаушы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бастығы;
      5) ҰҚКД қызметкерлері.
      10. Құрылымдық бөліністер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімдердің (әрекеттердің) ұзақтығын көрсететін рәсімдер (әрекеттер) кезектілігінің сипаттамасы:
      1) мемлекеттік қызмет алуға қағаз тасымалдағышта келіп түскен өтінішті келіп түскен күні тіркеу;
      2) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен шынайлығын көрсетілетін  қызметті алушының құжаттарын алған күні тексеру;
      3) көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда оларды қабылдаған күні келісу үшін ҰҚКД-ге сұрау салу жолдау;
      4) орындаушының істерді Комиссия қарауына өңдеуі;
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністері (қызметкерлері) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, оларды толтыру үлгілері туралы толық ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Министрліктің www.mvd.gov.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.

«Қазақстан Республикасында  
босқын мәртебесін беру және 
ұзарту» мемлекеттік қызметінің
регламентіне 1-қосымша   

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет
логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың
сызбасы

      1. Қызметті алушының құжаттарды жинауы
      2. Құжаттарды қабылдау (көші-қон полициясы қызметкері) --- иә
      3. Арнайы есептер бойынша тексеру (көші-қон полициясы қызметкері)
      4. Комиссияда қарау
      5. Босқын мәртебесін беру туралы қорытынды шығару
      6. Қабылданған шешім туралы хабарлау
      7. Босқын мәртебесін беруде бас тарту туралы уәкілетті органның шешіміне шағымдану

«Қазақстан Республикасында  
босқын мәртебесін беру және 
ұзарту» мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша   

мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы