"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Респу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2016 жылғы 26 ақпандағы № 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 7 сәуірде № 13578 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тіркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11632 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
М. Демеуов



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 182 бұйрығына
қосымшасы

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.