Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11620 тіркелді.

Жаңартылған

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 37-1 быбының 8-4) тармақшасына және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-1 быбының 5-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың Қосымшасына сәйкес жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару Комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 2 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 шілдегі
№ 495 бұйрығымен
бекітілген

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-3) тармақшасына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мынадай тәртіпті айқындайды:

      1) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру;

      2) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асыру және іске асыруды мониторингтеу;

      3) түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторингті жүзеге асыру.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы – өз кызметін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласында жүзеге асыратын, Қарыз алушыдан бюджеттік кредит алуға үміткер табиғи монополиялар субъектісі;

      2) Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері":

      коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган;

      электр энергетика саласындағы уәкілетті орган;

      3) бюджеттік кредит – мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында тиісті бюджеттерден кредиторлар беретін ақша;

      4) Жұмыс тобы – Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) шарт жасасу негізінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалар үшін бюджеттік кредит беру бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;

      5) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіру, жылу тарату және жылу тұтыну қондырғыларын тұратын кешен;

      6) инвестициялық жоба – бюджеттік кредит беру арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған жоба;

      7) Қарыз алушы – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;

      8) Кредитор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      9) кредиттік шарт – Кредитор, Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен Қарыз алушы арасында жасалатын шарт;

      10) Сенім білдірілген өкіл (агент) – Бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен тапсырма шартын жасасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым;

      11) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және оны әкетуге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

      12) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

      13) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейін мен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар мен іс-шаралардың жиынтығы;

      14) Түпкілікті қарыз алушы – өз кызметін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласында жүзеге асыратын, Қарыз алушыдан бюджеттік кредит алатын табиғи монополиялар субъектісі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.09.2018 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Инвестициялық жобаларды іріктеу үшін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Жұмыс тобын құрады, оның құрамына Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

2. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер беру тәртібі

1-параграф. Кредиттеудің негізгі қағидаттары мен шарттары

1-кіші бөлім. Кредиттеу қағидаттары

      4. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредиттер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының шешіміне беріледі.

      Бюджеттік кредиттерді беру Кодекстің 172-бабына сәйкес мынадай:

      1) бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық;

      2) міндеттемелердің орындалуын Кодекстің 183-бабында белгіленген тәсілдермен қамтамасыз ететін жағдайының болуын көздейтін қамтамасыз етілу;

      3) бюджеттік кредиттің берілгені үшін қарыз алушының сыйақы төлеуін көздейтін ақылылық;

      4) бюджеттік кредитті беру мерзімін белгілеуді көздейтін мерзімділік принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

2-кіші бөлім. Кредиттеу шарттары

      5. Бюджеттік кредиттеу Қарыз алушыға бюджеттік кредит беру, кейін оны Түпкілікті қарыз алушыға беру жолымен жүзеге асырылады

      6. Кредитордың бөлінген кредиттік қаражатты тиімді және орынды пайдалануға, оларды уақытында қайтаруға және кредиттік тәуекелдің туындауын барынша төмендетуге негізделген мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бюджеттік кредиттеудің міндетті шарты болып табылады.

      7. Бюджеттік кредиттеу процесінде:

      1) Кредитор, Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен Қарыз алушының;

      2) Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалады.

      8. Бюджеттік кредит Қарыз алушыға онда бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің алдында берешектер болмаған жағдайда беріледі.

      9. Қарыз алушы бюджеттік кредиттің қаражатын тек бюджеттік бағдарламада және кредиттік шартта көзделген мақсаттарға ғана пайдаланады.

      10. Бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда Қарыз алушыдан Кодекстің 197-бабына сәйкес кредиттік шартта белгіленген мөлшерде айыппұл өндіріп алады.

      11. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсаттарына, Қарыз алушылардың шаруашылық қызметінің залалдарын жабуына, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге берілмейді.

      12. Бюджеттік кредиттер мынадай өлшемдер сақталған жағдайда беріледі:

      1) іс-шараларды бюджеттік кредиттеу арқылы іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;

      2) бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;

      3) қарыз алушының кредиттік қабілеттілігі.

      13. Кредитор, Бюджеттік бағдарлама әкімшісі және Қарыз алушы арасындағы бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу кезінде тараптардың құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім кредиттік шарт болып табылады.

      14. Қарыз алушы кредиттік шарттың бюджеттік кредит алатын тарабы болып табылады, оған кредиттік шартқа сәйкес негізгі қарызды өтеу және сыйақы, сондай-ақ бюджетке басқа да төлемдер төлеу жөніндегі міндеттеме жүктеледі.

      15. Кредиттік шартта бюджеттік кредиттің мынадай негізгі талаптары міндетті түрде болуға тиіс:

      1) берудің мақсаты (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес);

      2) Жұмыс тобының оң шешімімен айқындалған мөлшері;

      3) валютасы;

      4) мерзімі;

      Қарыз алушы бюджеттік кредит алатын, пайдаланатын, оған қызмет көрсететін және оны өтейтін уақыт кезеңі бюджеттік кредиттің мерзімі болып табылады. Бюджеттік кредиттің мерзімі бюджеттік кредиттің қаражатын кредитордың шотынан аударған күннен бастап есептеледі.

      5) игеру кезеңі – бюджеттік кредиттің берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін қарыз алушы бюджеттік кредитті пайдалана алатын уақыт кезеңі;

      6) сыйақы ставкасы.

      Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін Қарыз алушы жүзеге асыратын төлем – сыйақы болып табылады. Жылдық проценттер түрінде көрсетілетін сыйақы шамасы сыйақы ставкасы болып табылады.

      16. Бюджеттік кредиттің негізгі шарты Кредитордың шешімімен белгіленеді.

      17. Кредиттік шартқа:

      1) бюджеттік кредит беру (Қарыз алушының төлем құжаттарына ақы төлеу немесе бір мерзімде не аудару кестесіне сәйкес бөліп-бөліп немесе Қарыз алушының тиісті құжаттар беруіне қарай қарыз алушының банк шотына аудару) тәсілдерін;

      2) бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мерзімдерін, кезеңділігін белгілейтін бюджеттік кредитті өтеу және оған қызмет көрсету кестесін айқындайтын қосымша шарттар да енгізіледі.

      Кредиттік шартта кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспайтын жеңілдік кезеңін беру көзделеді.

      Жеңілдік кезеңі – бюджеттік кредит мерзімінің құрамына кіретін уақыт кезеңі, бұл кезеңде Қарыз алушы кредитті өтеуді жүзеге асырмайды;

      3) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі, осы Қағидалардың 1-ші параграфтің 4-кіші бөліміне сәйкес.

      18. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, Кредитор мен Қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында кредиттік шарт жасалады.

      19. Қарыз алушы оған Кредитор айқындаған шарттармен беретін бюджеттік кредитті соңғы алушы Түпкілікті қарыз алушы болып табылады.

      20. Түпкілікті қарыз алушы жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған бюджеттік кредиттің қаражатын пайдаланады.

      Бюджеттік кредит нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушы Кодекстің 197-бабына және кредиттік шарттың талаптарына сәйкес жауапты болады.

      21. Түпкілікті қарыз алушыға бюджеттік кредит беру Түпкілікті қарыз алушыға кредит берудің мынадай негізгі шарттарына сәйкес жүзеге асырылады:

      1) инвестициялық жобаларды іріктеуді Сенім білдірілген өкіл (агент) дайындаған қорытындының негізінде, сондай-ақ бюджеттік кредиттеу критерийлеріне сәйкес Жұмыс тобы жүзеге асырады;

      2) Түпкілікті қарыз алушыны Жұмыс тобының оң шешімінің нәтижесінде Сенім білдірілген өкіл (агент) айқындайды;

      3) бюджеттік кредит осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген мақсаттарға беріледі;

      4) бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындау қамтамасыз етіледі;

      5) кредит беру мерзімі 20 жылға дейін белгіленеді;

      6) сыйақы ставкасы жылына 0,01 % мөлшерінде белгіленеді;

      7) алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.09.2018 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) бірыңғай техникалық саясатты қолданады, оның ішінде энергия тиімділігіне және энергия үнемдеуге бағдарланған жаңа қазіргі заманғы және инновациялық технологияларды енгізеді, сондай-ақ жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартатын технологияларды аспаптандырады және қолданады;

      9) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілер тартылады;

      10) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде түпкілікті тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтердің, цифрлық экономика құралдарының сапасын жақсарту, басқарушы компаниялардың корпоративтік басқаруын жақсарту, мәдениетті дамыту және смарт құрылғыларды пайдалану ретінде бизнес-процестерді оңтайландыру және ашықтығы үшін энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу және интеллектуалды жүйелерді енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      11) кредиттік шарт теңгеде жасалады;

      12) Түпкілікті қарыз алушы Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шарттың талаптарын сақтайды;

      13) инвестициялық жобаның құжаттары осы Қағидалардың 2-параграфтің 1-кіші бөлімінде көзделген тәртіппен Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісіледі.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.09.2018 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.08.2019 № 654 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      22. Кредитік шартқа:

      1) бюджеттік кредитті өтеу мерзімдері мен шарттарын;

      2) кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспайтын бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету жөніндегі жеңілдік кезең беруді;

      3) Түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаны іске асыруға, инвестициялық жобаны қаржыландыруға және Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін Сенім білдірілген өкілге (агентке) ақпарат ұсынуын айқындайтын қосымша шарттар да енгізіледі.

3-кіші бөлім. Инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау

      23. Бюджеттік кредиттер осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген критерийлерді сақтаған кезде беріледі.

      24. Инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеудің орындылығын мыналардың негізінде Жұмыс тобы айқындайды:

      1) Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытындысы;

      2) осы Қағидалардың 2-параграфтің 1, 2-кіші бөлімдерінде көрсетілген құжаттар.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.09.2018 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Сенім білдірілген өкіл (агент) осы Қағидалардың 2-параграфтің 1, 2-кіші бөлімдерінде көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкестігі бойынша қарауды жүзеге асырады.

      26. Бюджеттік кредиттеу арқылы іс-шараларды іске асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі дегеніміз бюджеттік кредиттеу арқылы іске асыруға жоспарланып отырған жобаның есептеулерімен расталған дәлелдемелерің, әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің болуы деп түсіндіріледі.

      27. Бюджеттік кредит есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы дегеніміз есептеулерімен расталған дәлелдемелерің болуы, бюджеттік кредиттің қайтарымдылығы (негізгі қарызды, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын қоса алғанда) деп түсіндіріледі.

      28. Бюджеттік кредиттің қайтарымдылығын бағалау Түпкілікті қарыз алушы ұсынған жобаның қаржылық моделінің және осы Қағидалардың 2-параграфтің 1, 2-кіші бөлімдерінде көрсетілген өзге де құжаттардың негізінде жүргізіледі.

      29. Түпкілікті қарыз алушының төлем қабілеттілігі (кредиттік қабілеттілігі) – Түпкілікті қарыз алушының, жоспарлы кезеңде де қаржылық жағдайын талдауды ескере отырып, оның бюджеттік кредитті қайтару мүмкіндігі.

      Қаржылық жағдайды бағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қаржылық есептілікті, Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалау және өзге қолайлы ақпаратты талдау негізінде жүргізіледі.

      Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалаудың нәтижелері осы Қағидалардың 57-тармағының 6) тармақшасына сәйкес құжаттар топтамасының құрамында Жұмыс тобының қарауына енгізіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.09.2018 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-кіші бөлім. Бюджеттік кредитті қамтамасыз ету

      30. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуы Кодекстің 183-бабына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      31. Жергілікті атқарушы органға республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттер міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етусіз бөлінуі мүмкін.

      32. Кепіл ретінде қамтамасыз ету таңдалған жағдайда Түпкілікті қарыз алушыны бюджеттік кредиттеу кезінде кепілге салынған нәрсе ретінде мыналар ұсынылады:

      1) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және жаңғыртуға бюджеттік кредитті бағыттаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушының реконструкцияланатын жылжымайтын мүлігі;

      2) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға бюджеттік кредитті бағыттаған жағдайда жаңа объект.

      33. Түпкілікті қарыз алушының кепілге салынған нәрсе ретінде ұсынылған реконструкцияланатын немесе жаңғыртылатын жылжымайтын мүлігі қандай да бір ауыртпалықтан бос болуға тиіс.

      34. Кепілдікті қамтамасыз етуді ауыстыруға, бірнеше қарызды бір кепілдікті қамтамасыз етуге ұсынуға рұқсат етілмейді.

      35. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 19.08.2019 № 654 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалауды Түпкілікті қарыз алушы жүргізеді.

5-кіші бөлім. Бюджеттік кредитті өтеу

      37. Бюджеттік кредитті өтеу және сыйақы төлену мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) аннуитетті (теп-теңдік) төлемдер;

      2) өтеу күнінде бюджеттік кредит бойынша негізгі қарыздың сомасын тепе-тең үлестермен және нақты есептелген сыйақының сомасын өтеу;

      3) жеңілдік кезеңнің ішінде негізгі қарызды өтеусіз сыйақы төлеу.

      38. Өтеудің нақты тәсілдері кредиттік шарттарда көрсетіледі.

2-параграф. Бюджеттік кредит беру
1-кіші бөлім. Бюджеттік кредит бойынша консультация беру және
өтінім қабылдау

      39. Бюджеттік кредитке өтінім түскенге дейін:

      1) Қарыз алушы:

      осы Қағидаларға сәйкес Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға қойылатын талаптарды түсіндіреді;

      бюджеттік кредитке өтінім беру үшін қажет мерзімдер мен құжаттардың тізбесі туралы Қарыз алушының ашық көздерінде/ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады;

      өтінімді қарау тәртібін түсіндіреді,

      бюджеттік кредиттеу шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда Түпкілікті қарыз алушының жауапкершілігі мен ықтимал тәуекелдері туралы түсіндірме береді;

      ұсынылған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді;

      Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыда туындаған мәселелер бойынша консультация береді;

      инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады;

      2) Сенім білдірілген өкіл (агент):

      Қарыз алушы ұсынған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаларына алдын ала іріктеу жүргізеді;

      алдын ала іріктелген жобалар бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның техникалық саясатына сәйкестігі бойынша келіседі.

      40. Алдын ала іріктеу жүргізу үшін Қарыз алушы іске асыру қажеттілігін, басымдылығын негіздей отырып, инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастырады және Сенім білдірілген өкілге (агентке) алдағы жоспарланған жылдың 1 наурызына дейін жібереді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      41. Қарыз алушы инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастыруы үшін Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы Қарыз алушыға:

      1) асыру қажеттілігін, басымдылығын негіздей отырып, инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін;

      2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық ерекшелікті (тапсырманы) (болған жағдайда) ұсынады.

      42. Сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынылған инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін мынадай критерийлер бойынша 10 (он) жұмыс күнінің ішінде қарайды:

      1) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің авариялығы;

      2) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің оның жалпы санына проценттік қатысы бойынша тозуы;

      3) әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы, оның ішінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтердің санын тұтынушылардың санына, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша жаңа жүйелер салған кезде іске қосылған объектілердің санына, құрылатын тұрақты жұмыс орындарының санына арттыру.

      43. Сенім білдірілген өкіл (агент) Қарыз алушыға инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша іріктеудің нәтижелері туралы хабарлайды.

      44. Қарыз алушы Сенім білдірілген өкілден (агенттен) жазбаша хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша іріктеудің нәтижелері туралы хабарлайды.

      45. Іріктелген инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесі бойынша Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге техникалық ерекшеліктің жобасын әзірлейді.

      46. Бюджеттік кредит есебінен қаржыландыратын әрбір лот бойынша конкурстық рәсімдердің жалпы бюджеттік құны 50 миллион теңге болған жағдайда Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдаған кезде осы Қағидаларға сәйкес Сенім білдірілген өкілден (агенттен) конкурстық құжаттама шеңберінде әзірленетін техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келіседі.

      Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді Сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық ерекшелік (тапсырма) түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады.

      Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы конкурстық құжаттама бекітілгенге дейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді қамтамасыз етеді.

      Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы әзірлеген техникалық ерекшелік (оның ішінде сатып алынатын тауарлардың/жұмыстардың/қызметтердің талап етілген функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары) объектілерде жұмыстар жүргізу, оларды қабылдау, өлшеу және ақы төлеу жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленуге тиіс, сондай-ақ қолданылатын материалдардың сапасына және орындалған жұмыстардың сапасын бақылауға қойылатын талаптар көрсетіледі.

      Конкурстық құжаттама шеңберінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жеткізушіні таңдау бойынша әзірлеген техникалық ерекшеліктің (тапсырманың)жобалау-сметалық құжаттамада қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерге сәйкес келмеуі Сенім білдірілген өкіл (агент) тарапынан келісуден бас тартуға негіз болап табылады.

      47. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуі немесе келісуден бас тартуы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі болып табылады.

      48. Сенім білдірілген өкіл (агент) Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға келісу/келісуден бас тарту туралы шешімнің бір данасын жіберу арқылы оған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижелері туралы жазбаша хабарлайды.

      49. Техникалық ерекшелік (тапсырма) техникалық-экономикалық негіздемеге және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмегендіктен оны келісуден бас тартылған жағдайда Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы тиісті шешім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) пысықтайды және Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарауына енгізеді.

      50. Осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу рәсімін сақтамау бюджеттік кредит беруден бас тартуға енгіз болып табылады.

      51. Түпкілікті қарыз алушы мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алғанға дейін Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың бірыңғай техникалық саясатқа сәйкестігі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі.

      52. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы бюджеттік кредитке арналған өтінім қалыптастырады және Қарыз алушыға қажетті құжаттардың топтамасын береді. Бюджеттік кредитке арналған өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:

      1) бюджеттік кредит алуға арналған құжаттарды қоса бере отырып, бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойғантитулдық бланкiдегі жеке iлеспе хат;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаның паспорты;

      3) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы және ресурстық смета;

      4) сумен жабдықтау және су бұру схемалары және/немесе сумен жабдықтау және су бұру бойынша инвестициялық негіздемелер;

      5) соңғы үш жылдағы бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептіліктің түсіндірме жазбасы.

      "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - аудиторлық қызмет туралы Заң) сәйкес түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, аудиттелген қаржылық есептілігі ұсынылады. Қаржылық есептілік "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес, оның ішінде басқа ұйымдарда қаржылық қатысуы туралы ақпарат, баланс валютасында 10 % және одан да астам баланс баптарының егжей-тегжейлі таратып жазылуы қоса беріле отырып ұсынылады;

      6) табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды бекіту туралы бірлескен бұйрығының көшірмесі;

      7) "Бухгалтерлік балансты", "Кірістер мен шығындар туралы есепті", "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті (тікелей немесе жанама тәсілдер)" қоса алғанда, "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, нысандар бойынша жасалған Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық көрсеткіштерінің болжамы бар қаржылық модель;

      8) бюджеттік кредитті пайдалану кезінде энергия тиімділік пен энергия үнемдеудің экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің есептеулермен расталған негіздеме;

      9) өтінім берген сәтте мемлекеттік кірістер органдарында есепке алынатын субсидия алушының берешегі жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiмет;

      10) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;

      11) жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

      12) Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін техникалық саясат бөлігінде келісімі.

      Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      53. Қарыз алушы бюджеттік кредит алуға арналған өтінімнің құжаттарын толықтығы мен дұрыстығына тексереді, тіркейді және Бюджеттік бағдарлама әкімшісіне осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын жібереді.

      54. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Сенім білдірілген өкілге (агентке) Қарыз алушы ұсынған құжаттар топтамасын қоса бере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қараудың қажеттілігі туралы хат жібереді.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      55. Құжаттардың топтамасымен бірге бюджеттік кредит алуға арналған өтінім түскеннен кейін Сенім білдірілген өкіл (агент) өтінімді тіркейді.

      Өтінімге тіркелген күні және тіркеу нөмірі қойылады.

      56. Сенім білдірілген өкіл (агент) құжаттардың, ұсынылған ақпаратың ділдігін, толықтығын және дұрыстығын тексереді.

      57. Құжаттардың және өзге де растайтын көздерден (ресми статистика, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, өңірлерді дамытудың бекітілген жоспарлары және т.б.) алынған ақпараттың негізінде Сенім білдірілген өкіл (агент) бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған, мөрмен расталған Бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды жасайды.

      Бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы қорытынды мыналарды қамтиды:

      1) жобаның экономикалық және әлеуметтік маңызын бағалау, оны іске асыру үшін бекітілген критерийлер (100 км үшін авариялар санын және желілердің тозуын төмендету, жылу және су ысырыптарын қысқарту, коммуналдық қызметтер көрсету сапасын жақсарту, орталық жылу магистральдарына қосылған тұрғын үйлер мен әлеуметтік объектілердің шаршы метрлерінің саны және т.б.) бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінім ұсынылады;

      2) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар (қажет болған жағдайда) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған жобалау алдындағы (ТЭН) және/немесе жобалау-сметалық құжаттаманы, жобалауға арналған техникалық тапсырманы Сенім білдірілген өкілмен (агентпен) келісу туралы ақпарат;

      3) қазіргі заманғы технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдану және оларды бағалау нәтижелері бойынша инвестициялық жобаның техникалық тапсырмасын бағалау;

      4) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;

      5) мынадай іс-шаралар өткізу туралы ақпарат:

      жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде түпкілікті тұтынушылардың энергия тиімділігі бойынша;

      жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде түпкілікті тұтынушылардың ресурс үнемдеуі бойынша;

      6) мыналарды қамтитын өтемділік (қайтарымдылық), қамтамасыз етілу, ақылылық және мерзімділік критерийлері бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді бағалау:

      өтінімнің бюджеттік қаражатты пайдаланудың нысаналы мақсатына сәйкестігінің нәтижелері (сәйкес келеді/сәйкес келмейді);

      кредиттеу мерзімінің бюджеттік кредиттер берудің қолданыстағы шарттарына сәйкестігінің нәтижелері (сәйкес келеді/сәйкес келмейді);

      кредит сомасы мен ол бойынша ұсынылған қамтамасыз ету сәйкестігінің нәтижелері. Бюджеттік кредиттің сомасы кепілдің құнын ескере отырып айқындалады және кепілдің құнынан асап кетпеуге тиіс;

      Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша ұсынылған қаржылық есептілікті және болжамды қаржылық модельді ескере отырып, бюджеттік кредиттің өтемділігін (қайтарымдылығын) және ақылылығын тексеру нәтижелері;

      7) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылардан төлемдердің түсуі туралы ақпарат;

      8) инвестициялық бағдарламаның жобасын ол бекітілгенге дейін бірыңғай техникалық саясат бөлігінде келісу.

      58. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      59. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қарау және оны Жұмыс тобының қарауына енгізу мерзімі бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      60. Бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қарау мерзімі Сенім білдірілген өкіл (агент) тиісті құжаттарды/ақпараттарды алған күнінен бастап қайта басталады, алған күні құжатқа жазылады.

      61. Кепіл нысанының жай-күйіне, қайтарымдылығына немесе қажетті құжаттарға қатысты елеулі күмәнді жою үшін Қарыз алушы 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қосымша ақпарат ұсынбаған жағдайда, Сенім білдірілген өкіл (агент) келесі жұмыс күні қарыз алушыға құжаттардың топтамасын қайтарады.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      62. Қарыз алушының/Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының анықталған сәйкессіздіктерді жоюын ескере отырып, бюджеттік кредит алуға арналған өтінімді қолдану мерзімі ол берілген жылдың 15 сәуірінде аяқталады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-кіші бөлім. Кредиттік өтінімді Жұмыс тобының қарау

      63. Жұмыс тобы Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қорытындысы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалар үшін бюджеттік кредит беру туралы ұсыныс жасайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      Жұмыс тобының функциялары мыналар бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады:

      1) инвестициялық жобаларды сапалы және уақытысында іріктелуін қамтамасыз ету;

      2) бюджеттік несие иелену үшін ұсынылған құжаттарды жан-жақты және шынайы түрде бағалау;

      3) инвестициялық жобаларды қарау қорытындысы бойынша шешім жасау.

      64. Сенім білдірілген өкіл (агент) бюджеттік кредит алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күн өткеннен кейін келесі жұмыс күнінде Жұмыс тобының хатшысына Жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жобаның жалпы құнына бюджеттік кредит беру мүмкіндігі (беруден бас тарту) туралы қорытынды ұсынады.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.09.2018 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Жұмыс тобының шешімін қабылдау және ресімдеу тәртібі осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша Жұмыс тобы отырысының хаттамасы ресімделеді, оған Жұмыс тобының барлық мүшелері қол қояды. Бұл ретте, Жұмыс тобы отырысының хаттамасынан үзінді хаттамаға Жұмыс тобының төрағасы мен мүшелері қол қойған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады және Жұмыс тобының хатшысы Сенім білдірілген өкілге (агентке) береді.

      66. Жұмыс тобы бюджеттік кредит беру туралы алдын ала шешім қабылдаған жағдайда Сенім білдірілген өкіл (агент) 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Қарыз алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.

      Бюджеттік кредит беру туралы алдын ала шешім болғанда Жұмыс тобының хаттамасында бюджеттік кредит берудің шарттарын (бюджеттік кредиттің сомасы, беру мерзімі, сыйақы ставкасы, жеңілдік кезеңі, негізгі қарызды өтеу шарттары және сыйақы төлемдері, қамтамасыз ету түрі) көрсете отырып, оны беру туралы ұсыным көрсетіледі.

      67. Қарыз алушы Сенім білдірілген өкілден (агенттен) Жұмыс тобының алдын ала шешімі туралы хабарлама алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға Жұмыс тобының бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы алдын ала шешімі туралы хабарлама жібереді.

      68. Жұмыс тобы бюджеттік кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Сенім білдірілген өкіл (агент):

      1) Жұмыс тобы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Қарыз алушыға Жұмыс тобы отырысының хаттамасына үзіндісі бар бюджеттік кредит беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді;

      2) Қарыз алушының/Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының жазбаша талабы бойынша бюджеттік кредит алуға арналған өтінішті қоспағанда, олар ұсынған құжаттарды қайтарады. Бұл ретте, Сенім білдірілген өкіл (агент) ресімдеген материалдар (есептер, сауалдарға жауаптар) Қарыз алушыға/Әлеуетті түпкілікті қарыз алушыға берілмейді. Қайтарылған құжаттардан көшірмелер жасалуға және бюджеттік кредит алуға арналған өтінім жөніндегі құжаттар жинағына тігілуге тиіс.

      69. Жұмыс тобының бюджеттік кредит беру мүмкіндігі туралы алдын ала шешімінің негізінде бюджеттік кредит беру үшін іріктелген инвестициялық жобалардың тізбесі Кодекстің 68-бабына сәйкес өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына енгізіледі.

      70. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, Қарыз алушыға бюджеттік кредит беруге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясы шешім қабылдауы үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      71. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушы осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес Қарыз алушы болады және Қарыз алушымен кредиттік шарттың көшірмесін Сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.

      71-1. Толық көлемде қаржыландырылмаған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік кредитті одан әрі бөлу Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бұрын жобаның жалпы құнына берген қорытындысы бойынша жүзеге асырылатын болады.

      Ескерту. 2-кіші бөлім 71-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.09.2018 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-кіші бөлім. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды
іріктеу жөніндегі конкурстық құжаттамалардың шеңберінде
техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу

      72. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды іріктеу жөніндегі конкурстық құжаттамалардың шеңберінде техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді Сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық ерекшелік (тапсырма) түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде жүзеге асырады.

      73. Түпкілікті қарыз алушы конкурстық құжаттама бекітілгенге дейін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымды іріктеу жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді қамтамасы етеді.

      74. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуі немесе келісуден бас тартуы техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі болып табылады, ол екі данада ресімделеді.

      75. Сенім білдірілген өкіл (агент) Түпкілікті қарыз алушыға келісу/келісуден бас тарту туралы шешімнің бір данасын жіберу арқылы оған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қараудың нәтижесі туралы жазбаша хабарлама береді.

      76. Техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуден бас тартылған жағдайда Түпкілікті қарыз алушы тиісті шешім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ескертулеріне сәйкес техникалық ерекшелікті (тапсырманы) пысықтайды және оны Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарауына қайта енгізеді.

      Егер Түпкілікті қарыз алушы осы Қағидалардың аталған тармағында көрсетілген мерзімде пысықталған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қайта қарауға енгізбеген жағдайда, Сенім білдірілген өкіл (агент) Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне Қарыз алушымен пысықтау және кейін Жұмыс тобында қарау үшін осы Түпкілікті қарыз алушымен кредиттік шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы ұсыныс енгізеді.

      77. Осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу рәсімін сақтамау бюджеттік кредит беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3-параграф. Бюджеттік кредиттеу шеңберінде Түпкілікті қарыз
алушының инвестициялық жобаларды іске асыруға, қаржыландыруға
мониторингті жүзеге асыру тәртібі
1-кіші бөлім. Инвестициялық жобаларды іске асыруға
мониторингті жүзеге асыру тәртібі

      78. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту мен дамыту саласында бюджеттік кредиттеу кезінде инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингті Сенім білдірілген өкіл (агент) мамандандырылған инжинирингтік компанияны тарту мүмкіндігімен (қажет болған кезде) тапсырма шартының шеңберінде жүргізеді.

      79. Осы Қағидаларға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингті Түпкілікті қарыз алушы жүргізеді.

      80. Сенім білдірілген өкіл (агент) пен Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің немесе оның уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің арасында тапсырма шарты жасалады.

      81. Тапсырма шартында бюджеттік кредит беру шарттарына сәйкес Сенім білдірілген өкілге (агентке) Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен жүзеге асыратын өкілеттіктер айқындалады.

      Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметіне ақы төлеу Кодекстің 179-бабына және Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызмет құнының есебіне сәйкес осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2015 № 817 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      82. Түпкілікті қарыз алушы инвестициялық жобаларды іске асырудың барысына мониторинг жүргізу үшін Сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынады.

      83. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салудың, реконструкциялаудың және жаңғыртудың барысы туралы ақпаратты техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйым жыл сайын қалыптастырады және инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп түрінде Сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынады.

      84. Инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы есеп есепті кезеңнен кейінгі айдың 6 (алты) күнінен кешіктірмей ұсынылады.

      85. Осы есеп әрбір кезеңде инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сәйкес фото/бейнематериалдардан, сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы жазбаша есептен тұруға тиіс.

      86. Егер Сенім білдірілген өкілге (агентке) есеп ұсынбаған немесе уақытында ұсынбаған кезінде, соңғы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы туралы ақпарат жолдайды.

      87. Инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты Түпкілікті қарыз алушы ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз жеткізгіште мынадай мерзімдерде ұсынады:

      есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей.

      88. Сенім білдірілген өкіл (агент) Түпкілікті қарыз алушы ұсынған инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, жинақтауды және талдауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаны іске асырудың барысы туралы жиынтық есеп қалыптастырады және оны мынадай мерзімдерде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады:

      есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей.

      89. Сенім білдірілген өкіл (агент) техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымнан инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратады.

      90. Егер инвестициялық жобалады іске асыруға мониторинг жүргізудің барысында Сенім білдірілген өкіл (агент) инвестициялық жобаларды іске асырған кезде жол берілген бұзушылықтар/ауытқулар, не Түпкілікті қарыз алушының жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту объектілеріне қол жеткізуге кедергі келтіру фактілерін анықтайтын болса, онда Сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есеппен бірге бұзушылықтар/ауытқулар фактілері туралы хабарлама жасайды және оны Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді. Анықталған бұзушылықтар/ауытқулар фактілері туралы хабарламада осы бұзушылықтар/ауытқулар фактілерімен бірге Сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынған проблемаларды жою мен шешу жөніндегі ұсынымдар мен шаралар болуға тиіс.

      91. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жиынтық есебі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне электрондық форматта және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қағаз жеткізгіште ұсынылған жиынтық есебіне Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоюға және ұйымның мөрімен расталуға тиіс.

      92. Сенім білдірілген өкіл (агент) объектілерді көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру мақсатында жартыжылда бір реттен сиретпей объектілерге шығуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      93. Объектілерге көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру міндетті түрде фото және бейнетүсірілім құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      94. Егер инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторингтің қорытындылары бойынша ұйымның – орындаушының өз міндеттемелерін тиісті орындамау/орындамау мүмкіндігі бар екеніне негіз болатын фактілер анықталатын болса, Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) объектілерге көзбен тексеру жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру мақсатында объектіге жоспардан тыс баруды жүзеге асырады.

      95. Объектілерді көзбен тексеру жүргізудің және инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тексеру қорытындылары бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде растайтын фото және бейнематериалдарды қоса бере отырып, объектіні нақты тексеру (байқау) туралы есеп жасайды және Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-кіші бөлім. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру тәртібі

      96. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг Түпкілікті қарыз алушының инвестициялық жобаларын Қарыз алушының қаржыландырудың барысы туралы ақпаратты ұдайы жинауды, жүйеге келтіруді, талдауды және қорытындылауды қамтиды.

      97. Мониторинг инвестициялық жобаларды қаржыландырудың барысы туралы жиынтық есеп қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

      98. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті Сенім білдірілген өкіл (агент) жүргізеді.

      99. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру мақсатында Сенім білдірілген өкіл (агент) Түпкілікті қарыз алушыдан мониторинг жүргізуге қажетті ақпаратты, мәліметті және құжаттаманы сұрайды және алады.

      Түпкілікті қарыз алушы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дұрыс және әділ мониторинг жүргізуге қажетті барлық ақпаратты осы Қағидаларда, сондай-ақ Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шарттың талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімдерде Сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынады.

      100. Түпкілікті қарыз алушының мониторинг жүргізуге қажетті ақпаратты Сенім білдірілген өкілге (агентке) ұсынуы жөніндегі міндеті Қарыз алушы мен Түпкілікті қарыз алушының арасында жасалған кредиттік шартта міндетті түрде көзделеді.

      101. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторинг мынадай іс-шараларды ұдайы жүргізуді болжайды:

      1) бюджеттік кредит қаражатының Кредитордан Қарыз алушыға және Қарыз алушыдан Түпкілікті қарыз алушыға түсу кестелерінің сақталуына мониторинг;

      2) бюджеттік кредиттің қаражатын Түпкілікті қарыз алушының игеруіне мониторинг;

      3) бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету кестелерін Түпкілікті қарыз алушының сақтауына мониторинг.

      102. Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға мониторингті жүзеге асыру үшін Түпкілікті қарыз алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты Сенім білдірілген өкілге (агентке) жібереді.

      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      103. Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат Түпкілікті қарыз алушыға ай сайын және жылдың қорытындысы бойынша электрондық форматта және қағаз тасығышта мынадай мерзімдерде ұсынады:

      есепті ай үшін – есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      104. Егер Түпкілікті қарыз алушы Сенім білдірілген өкілге (агентке) белгіленген нысан бойынша белгіленген мерзімдерде бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат ұсынбайтын болса, Сенім білдірілген өкіл (агент) есепте тиісті ақпарат көрсету арқылы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне хабарлайды.

      105. Сенім білдірілген өкіл (агент) Қарыз алушы ұсынған бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпаратты жинауды, жинақтауды және талдауды жүзеге асырады. Жүргізілген талдаудың қорытындылары бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) жиынтық есеп қалыптастырады және оны мынадай мерзімдерде Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады:

      есепті тоқсан үшін – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей;

      есепті жыл үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей.

      106. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) жиынтық есебі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне электрондық форматта және қағаз жеткізгіште ұсынылады. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қағаз жеткізгіште ұсынылған жиынтық есебіне Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды және ұйымның мөрімен расталады.

3-кіші бөлім. Түпкілікті қарыз алушының
қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу

      107. Осы Қағидаларға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бюджеттік кредит алған Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.

      108. Мониторинг базалық (заңды тұлғаның басшылығы, қызметінің, саласының түрлері, бәсекелестері мен нарықтары, нормативтік құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпаратты талдаудан (қаржылық есептіліктің) тұратын Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйін талдауды қамтиды.

      109. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйін талдау Түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігін деңгейлес және сатылай талдау арқылы жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша Түпкілікті қарыз алушының қаржы-экономикалық қызметінің жай-күйі туралы тұжырым жасалады.

      110. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін Сенім білдірілген өкілге (агентке) "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бекітілген өткен екі жыл үшін және есепті кезең үшін жедел аудиттелген жылдық қаржылық eceптіліктің (жеке және шоғырландырылған) мынадай түпнұсқасы ұсынылады:

      1) бухгалтерлiк баланс;

      2) кірістер мен шығыстар туралы есеп;

      3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

      4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;

      5) қаржылық есептілікке түсiндiрме жазба;

      6) дебиторлық және кредиторлық берешекті толық ашып көрсету (дебитордың/кредитордың атауын, соманы, мақсатын, төлем мерзімдерін көрсете отырып);

      7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді толық жазып көрсету (негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді топтар бойынша бөліп көрсете отырып);

      8) тауар-материалдық қорларды толық ашып көрсету (сатыларға бөле отырып: жылдық өнім, шикізат және материалдар, атауын, бағасын және ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, аяқталмаған даму);

      8-1) қызмет түрлері, тұтынушылар топтары және осы тарифтер бойынша көрсетілген қызметтердің көлемі бойынша бөліп көрсете отырып, тарифтердің барлық түрлерін қамтитын операциялық көрсеткіштер;

      9) өткен кезең үшін Түпкілікті қарыз алушының аудиторлық есебі және аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі (егер Түпкілікті қарыз алушы "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудит жүргізуге жататын болса).

      Ескерту. 110-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      111. Есепті кезең үшін жедел жылдық есептілікке тұтынушылардан жылумен, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлемдердің түсуі туралы ақпарат қосымша ұсынылады.

      112. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг Түпкілікті қарыз алушының қаржылық коэффициенттерін осындай кредиттер алған басқа Түпкілікті қарыз алушының осындай көрсеткіштерімен және жалпы салалар бойынша деректермен салыстыру жолымен жүргізіледі.

      113. Қаржылық коэффициенттер Түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің арақатынасын қамтиды.

      114. Қаржылық коэффициенттерді Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйінің көрсеткіштерін негізге ала отырып, Сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет есептейді. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізген кезде Сенім білдірілген өкіл (агент) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қаржылық коэффициенттерді қолданады.

      115. Түпкілікті қарыз алушының төлем қабілетін талдау ұсынылған көрсеткіштердің негізінде анықталған қаржылық коэффициенттерді осы субъектілердің, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттер бойынша Түпкілікті қарыз алушылардың өткен кезеңдегі ұқсас коэффициенттерімен, сондай-ақ осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы жүргізіледі.

      116. Сенім білдірілген өкіл (агент) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 30-ыншы маусымынан кешіктірмей түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелерін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және Кредиторға ұсынады.

      Аудиторлық қызмет туралы Заңына сәйкес түпкілікті қарыз алушы міндетті аудитке жатқан жағдайда, Түпкілікті қарыз алушының аудиттелген қаржылық жай-күйі мониторингінің нәтижелері ұсынылады.

      Ескерту. 116-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      117. Әлеуетті төлем қабілеті жоқ Түпкілікті қарыз қалушы анықталған жағдайда Сенім білдірілген өкіл (агент) бұл туралы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне және Кредиторға хабарлайды және бюджеттік кредитті қайтармау жағдайының алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.

      118. Сенім білдірілген өкіл (агент) кредитордың (сенім білдірушінің) тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берешекті өндіріп алуды орындауы мүмкін.

      Ескерту. Қағида 118-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

Қаржылық есептілікті, Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалауды және өзге қолайлы ақпаратты талдау

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 05.09.2018 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қаржылық есептілікті деңгейлес және сатылай талдаудың мақсаты бухгалтерлік баланстың негізгі баптарында, кірістер мен шығыстар есебінде, ақша қаражаттың қозғалысы туралы есепте болған өзгерістерді ұсынуға негізделген.

      Деңгейлес (уақытша) талдау соңғы үш есептік кезеңде Компанияның деректерін салыстырма және абсолютті түрде салыстыруға және есептіліктің жекелеген баптарының өзгеру үрдістерін немесе олардың топтарын анықтауға негізделген. Деңгейлес талдау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен (бұдан әрі – Қаржы министрлігінің бұйрығы) бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімiнде № 15384 болып тіркелген), қаржылық есептіліктің мынадай нысандары: "Бухгалтерлік баланс", "Пайдалар мен зияндар туралы есеп" және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп" бойынша жүргізіледі.

      Сатылай (құрылымдық) талдау жалпы жиынтық көрсеткіште есептіліктің жекелеген баптарының үлестік салмағы анықтауға және алынған деректерді өткен кезеңдегі деректермен салыстыруға негізделген. Сатылай талдау Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген қаржылық есептіліктің мынадай нысандары бойынша: "Бухгалтерлік баланс" және "Пайдалар мен зияндар туралы есеп".

      2. Коэффициенттік талдау Компанияның қаржылық есептілігін осындай коэффициенттің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) тұрғысынан қаржылық көрсеткіштерді (коэффициенттерді) жинақтаудың көмегімен зерделеуге және олардың серпінінің өзгеруіне негізделген.

      Коэффициенттік талдау жүргізу үшін Компанияның қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан деректер алынады.

      3. Өтімділік коэффициенттері – Компанияның қолда бар ағымдағы (айналымдағы) активтердің есебінен ағымдағы берешектерін өтеу қабілеттігін айқындау үшін есептелетін қаржылық көрсеткіштер. Бұл ретте Компанияның ағымдағы берешектерінің және осы берешектерді өтеуді қамтамасыз етуі тиіс оның айналымдағы қаражатының мөлшерін салыстыру жүргізіледі.

      Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Сurrent ratio, CR) Компанияның қолда бар айналымдағы қаражаты есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы орындау қабілеттігін сипаттайды. Мынандай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      CA – ағымдағы активтер;

      CL – ағымдағы міндеттемелер.

      CR мәні: Жоғары> 0,25. Мәні< 0,25 болса,төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін екендігін куәландырады.

      4. Қаржылық тәуелсіздік қабілеті (Equity to total assets, EtTA) авансталған қаражаттың жалпы сомасындағы меншікті капиталдың үлесін сипаттайды. Коэффициенттің мәні артық болған сайын қаржылық жағынан неғұрлым тұрақты және сыртқы кредиторлардан тәуелсіз кәсіпорын. Мынандай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      EC – меншікті капитал;

      TA – активтер сомасы.

      Осы көрсеткіштің мәні 0,5 кем емес.

      5. Дебиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (Receivablescollectionperiod) – қарызды жинау үшін талап етілген күннің ішінде орташа есеппен дебиторлық берешектің неше рет айналғандығын көрсетеді.



      мұндағы:

      RCP – дебиторлық берешекті жинау кезеңі;

      Осы көрсеткіштің мәні 60 күннен аспауға тиіс.

      6. Кредиторлық берешектің қайтарымдылық коэффициенті (Payablescollectionperiod) – компания өзінің қарызын төлейтін күннің ішінде орташа есеппен кредиторлық берешектің неше рет айналғандығын көрсетеді.



      мұндағы:

      PCP – кредиторлық берешекті жинау кезеңі;

      Осы көрсеткіштің мәні 180 күннен аспауға тиіс.

      7. Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын балдық бағалау:

Көрсеткіштің атауы

Бағалау

Ұсынылатын балдар

Ескертпе

Жалпы пайданың нормасы

0≥-20%

10

Жалпы пайданың нормасы = жалпы пайда (шығын)/өткізгеннен түскен түсім*100%.

0≥-30%

7

0≥-45%

5

0≥-60%

0

Таза пайданың нормасы

0≥-20%

10

Таза пайданың нормасы = таза пайда(шығын)/өткізгеннен түскен түсім*100%.

0≥-30%

7

0≥-45%

5

0≥-60%

0

Төлемдердің жиналуы

0≤90%

15

Төлемдердің жиналуы кәсіпорын қызметіне әсер етеді.

0≤80%

10

0≤70%

5

0≤60%

0

Әлеуметтік-экономикалық негіздеме

Әлеуметтік маңызы және экономикалық тиімділігі көрсетілген негіздеме

10

Көп пәтерлік және жеке тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, тұтынушылардың болуы.

10

Ақшалай мәндегі экономикалық тиімділік.

5

Нақты мәндегі экономикалық тиімділік (м3, Гкал, кВт/сағ).

ЕДБ бойынша кредиттік тарихы

Берешектің болмауы туралы банктен анықтама

20


Нұрлы жол бойынша кредиттік тарихы

Мерзімі өтуінің және берешектің болмауы

20


      Ескертпе: Әлеуетті түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау бойынша жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша балдық бағалау қаралатын болады, оның негізінде бюджеттік кредитті беру (бас тарту) мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.

      Өту баллы – кемінде 70.

  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Жоба паспорты

Жобаның атауы


Бюджеттік кредитке арналған өтінім бойынша ілеспе хаттың деректемелері(тіркелген күні және тіркеу нөмірі, өтінімге қол қойған Қарыз алушының уәкілетті тұлғасының Т.А.Ә.)


Бюджеттік кредиттің сомасы, мың теңге


Бюджеттік бағдарлама

Қарыз алушы


Нөмірі


Атауы


Шығыстардың жалпы сомасы, мың теңге


Түпкілікті қарыз алушы (табиғи монополиялар субъектісінің атауы)


Жоба бойынша ақпарат

№ р/с

Іс-шараның атауы

Құны, барлығы, мың теңге

оның ішінде іске асыру жылдары бойынша

20ХХ

20ХХ+1

...

20ХХ+n

1







...













Бюджеттік кредиттің мерзімі


Бюджеттік кредит бойынша сыйақы ставкасы


Бюджеттік кредит бойынша қамтамасыз ету


Объектіні салу және/немесе реуконструкциялау және/немесе жаңғырту орны


Жоба бойынша қосымша ақпарат, оның ішінде инвестициялық жобаны іске асырудан күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділік


Қарыз алушының өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Қарыз алушының құрылымдық бөлімшесінің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

Ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Түпкілікті қарыз алушының (табиғи монополиялар субъектісінің) өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болған жағдайда)


Құрылымдық бөлімшенің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Қосымша ақпарат


  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
2-1-қосымша

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын есептеу

      Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2015 № 817 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

      1. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген тиісті жылға арналған даму жоспарының негізінде жыл сайын қайта қаралады.

      2. Көрсетілетін қызмет құнын айқындау тәртібі:

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның көрсетілетін қызметінің құны:

      1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағатқа алғандағы құны;

      2) көрсетілетін қызмет құнының есебі үшін айқындалған табыс нормалары;

      3) еңбек шығынының нормалары;

      4) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны негізінде айқындалады.

      3. Бір адам-күнге алғандағы жоспарлы құны мына формуланың негізінде есептеледі:



      мұнда:

      ЖҚбір –бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-күнге мың теңге;

      ЖШ – қызмет көрсетуге байланысты жоспарлы шығын, мың теңге;

      саны – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту ұйымының өндірістік және әкімшілік персоналының жиынтық штат саны, адам;

      КК – жоспарланған кезеңдегі жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндермен алғанда (жұмыс уақыты баламасына сәйкес 40 сағаттық апта кезінде);

      ТН – табыс нормасы, пайызбен алғанда.

      4. Тиісті кезеңдегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымындағы табыстың жоспарлы нормасы.

      5. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсетілетін қызметінің құнын айқындау:

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту ұйымының Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде көрсетілетін қызметінің құны төменде келтірілген формулаға сәйкес айқындалады:



      мұнда:

      ҚҚ – көрсетілетін қызмет құны, мың теңге;

      ЖҚбір – бір адам-сағаттың жоспарлы құны, адам-сағатқа мың теңге;

      С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны;

      УН – уақыт нормасы, адам-сағатпен алғанда.

  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат
Есептік кезең 20___ жыл ____________

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Индексі: 1-ИЖІ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент)

      Қайда ұсынылады: Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

      Тапсыру мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

Жобаның атауы

ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге

Жобаны іске асыру кезеңі

ТЭН/ЖСҚ сәйкес нақты алғанда жұмыстың көлемі (іс-шаралар, құрауыштар)

жұмысты бастау мерзімі

жұмысты аяқтау мерзімі

Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері

іс-шараның атауы

ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы

Өспелі қорытын дысымен нақты орындау

ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар

факт

ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар

факт

1












      Орындаушы: ___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) байланыс телефоны

      Басшы:___________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) байланыс телефоны

      Мөр орны

      Ескерту: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанның қосымшасында көрсетілген.

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат"

      1. "Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны (бұдан әрі - Нысан) "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы сапалы ақпаратты ұсыну мақсатында әзірленеді.

      2. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір тәртіппен көрсетіледі. Келесі ақпарат ретімен нөмірленуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік/ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша жобаның жалпы құны, мың теңге" 3-бағанында жобаның жалпы құны жобалау-сметалық құжаттама бойынша (жобалық-іздестіру жұмыстарын ескере отырып) мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;

      "Жобаны іске асыру кезеңі" 4 бағанында әр жылдары жұмыстары кезеңі мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес құжаттамаға арналған құрылыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейін жобалау-сметалық құрылыс-монтаж көрсетіледі;

      "іс-шараның атауы" 5-бағанында жоба бойынша жұмыстардың атауы жобалау-сметалық құжаттама арналған (реконструкция/салу) мемлекеттік/ведомстводан тыс сараптамаға сәйкес көрсетіледі;

      "ЖСҚ бойынша құрауыштың атауы" 6-бағанында желілер мен құрылыстарды реконструкциялау/салу бойынша жоспарланған жұмыстар, атап айтқанда: жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы, кәріздік-тазалау құрылысының саны, су тазарту қондырғылары, қазандықтар, сорғы станциялары, ірі резервуарлар, орталықтандырылған жылу пункттерінің саны, су қабылдағыш мұнаралар саны көрсетіледі;

      "Өспелі қорытындысымен нақты орындау" 7-бағанында көрсетіледі, 6-бағанда көрсетілген іс жүзінде орындалған жұмыстар көрсетіледі;

      "жұмысты бастау мерзімі", "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", "факт" 8-бағанында жұмысты бастаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі;

      "жұмысты аяқтау мерзімі", "ҚМЖ кестесіне сәйкес жоспар", "факт" 9-бағанында жұмыстың іс жүзінде аяқтаудың мерзімі көрсетіледі;

      "Орындалған жұмыстардың қысқаша сипаттамасы, жұмыстарды орындалмау себептері" 10-бағанында есепті айда орындалған жұмыстың көлемі, сондай-ақ сот талқылауы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты қайтадан жариялау, құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеге сәйкес сияқты проблемалық мәселелер (орын алған жағдайда) көрсетіледі.

  Жылумен, сумен жабдықтау
және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және
жаңғыртуды кредиттеу
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат Есептік кезең 20___ жыл ____________

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 13.11.2017 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      Индексі: 1-БКТИ

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: Қарыз алушы, Түпкілікті қарыз алушы, Сенім білдірілген өкіл (агент)

      Қайда ұсынылады: Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері

      Тапсыру мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 20-шы күнінен кешіктірмей

Жобаның атауы

Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы

Бюджеттік кредит қаражатының нақты келіп түсімі

Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені

Бюджеттік кредит қаражатын өтеу

Қарыздың қалғаны

Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек

% игерілгені (өсу қорытындысымен)

Орындалмаған сомасы (мың. теңге) (өсу қорытындысымен)

Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу

Ескерту

өспелі қорытындысымен

есепті ай үшін

өспелі қорытындысымен

есепті ай үшін

Өтелуі тиіс

Нақты өтелгені

Есептік кезеңнің басталуы

Есептік кезеңнің аяқталуы

мерзімі

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

мерзімі

сома
(мың теңге)

мерзімі

сома
(мың теңге)

сома (мың тенге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

сома
(мың теңге)

1

Облыстардың атауы





-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1

Табиғи монополиялар субъектілерінің атауы





-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-


1 - жоба


















  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат"

      1. "Бюджеттік кредиттердің келіп түсуі, игерілуі және өтелуі туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі - нысан) "Нұрлы жол" Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық жобаларды іске асыру туралы сапалы ақпаратты ұсыну қамтамасыз ету үшін әзірленген.

      2. Нысан мынадай ретпен толтырылады:

      "№" 1-бағанында нөмір ретпен көрсетіледі. Келесі ақпарат тәртіп бойынша нөмірлеуді үзбеуі керек;

      "Жобаның атауы" 2-бағанында жобалық-сметалық құжаттамаға арналған мемлекеттік/ведомствадан тыс сараптамаға сәйкес жобаның атауы көрсетіледі;

      "Ұлттық қордан қаржыландырудың жоспарланып отырған сомасы" республикалық бюджеттен бөлінген 3 бағанында жобаның сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты келіп түсімі" 4-бағанында жобаның іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен келіп түскен сома көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатының нақты игерілгені" 5-бағанында жобаны іске асыруға бөлінген республикалық бюджеттен игерілген ақша сомасы көрсетіледі;

      "Бюджеттік кредит қаражатын өтеу" 6-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес өтелуі тиіс кредит сомасы көрсетіледі;

      "Қарыздың қалғаны" 7-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша берешек сомасы көрсетіледі;

      "Негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек" 8-бағанында кредиттік шарттың талаптарына сәйкес кредит бойынша мерзімі өткен борыштың сомасы көрсетіледі;

      "% игерілгені (өсу қорытындысымен)" 9-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген игеру процент көрсетіледі;

      "Орындалмаған сомасы (мың.теңге) (өсу қорытындысымен)" 10-бағанында республикалық бюджеттен бөлінген кредит бойынша пайдаланылмаған ақшаның сомасы көрсетіледі;

      "Мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша үнемдеу" 11-бағанында құрылыс-монтаждау жұмыстары мен сатып алған материалдар сатып алуға жүргізілген конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша үнемдеу сомасы көрсетіледі;

      "Ескерту" 12-бағанында жоба бойынша қосымша ақпаратпен ескерту көрсетіледі.