"Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу турал

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 817 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 ақпанда № 13053 болып тіркелді

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-4) тармақшасына және «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11620 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларында:
      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «81. Тапсырма шартында бюджеттік кредит беру шарттарына сәйкес Сенім білдірілген өкілге (агентке) Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен жүзеге асыратын өкілеттіктер айқындалады.
      Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметіне ақы төлеу Кодекстің 179-бабына және Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызмет құнының есебіне сәйкес осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әділет департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ________________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 13 қаңтар

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 817 бұйрығына қосымша   

Жылумен, сумен жабдықтау және  
су бұру жүйелері салуды,     
реконструкциялауды және жаңғыртуды
кредиттеу қағидаларына     
2-1-қосымша          

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеген кезде
Сенім білдірілген өкіл (агент) қызметінің құнын есептеу

      1. Сенім білдірілген өкіл (агент) қызметінің құны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымның бекітілген тиісті жылға арналған даму жоспарының негізінде жыл сайын немесе оның қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлауды қамтамасыз ететін басқа қаржы құжатында қайта қаралады.

Қызмет құнын анықтаудың тәртібі

      2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым көрсеткен қызметінің құны мынадай негіздерге сәйкес айқындалады:
      1) жоспарлы шығындарға негізделген бір адам-сағат құны;
      2) қызмет құнының есебі үшін анықталған табыс нормалары;
      3) еңбек шығынының нормалары;
      4) Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде тікелей қызмет көрсететін жұмыскерлердің саны.
      3. Жоспарлы бір адам-күн құны мынадай формула негізінде есептеледі:

      мұнда:
      ЖШ – көрсетілген қызметке байланысты жоспарланған шығындар, мың теңге;
      САНЫ – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту ұйымының өндірістік және әкімшілік персоналының жинақ штат саны, адам;
      КК – жоспарланған кезеңде жыл ішіндегі күнтізбелік күндер саны, күндер (жұмыс уақыты теңгеріміне сәйкес, аптасына 40 сағат бойынша);
      ТН – табыс нормасы, пайыз.
      4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымының жоспарланған табыс нормасы лайықты кезең құрады.
      5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымының жоспарлы бір адам-сағат құны бір адам-сағатқа 3 098 теңгені құрайды.

Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) көрсеткен
қызметінің еңбек шығын нормалары

Р/с

Қызмет түрлері

Адам-сағат қызмет көрсетудің еңбек шығыны

1.

Инвестициялық жобаларды іріктеу және қорытындыларды қалыптастыру

4975

2.

Инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг

992

3.

Инвестициялық жобалардың қаржыландырылуына мониторинг

528

4.

Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг

1472


БАРЛЫҒЫ

7 967

Сенім білдірілген өкіл (агент) қызметінің құнын айқындау

      6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымының Сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде қызмет көрсету құны төменде келтірілген формула бойынша анықталады:

ҚҚ = ЖҚбірхСхУН,

      мұнда:
      ҚҚ – қызмет құны, мың теңге;
      ЖҚбір – жоспарлы бір адам-сағат құны, мың теңге;
      С – осы қызметті көрсетуге қатысатын қызметкерлердің саны;
      УН – уақыт нормасы, адам-сағат.