Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырда № 18-02/434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11346 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 13 мамырдағы
№ 18-2/434 бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы

      9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1 тармағының 71) тармақшасына

      (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялау мен реинтродукциялау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      2) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын олардың таралу аймағынан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшiн жаңа орындарға әдейi тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;

      3) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын бұрынғы мекендеу орталарына әдейi ауыстыру.

2. Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау тәртібі

      3. Жануарлар түрлері дарақтарының:

      1) санын көбейту;

      2) жергілікті фаунаға жануардың жаңа түрін енгізу;

      3) пайдалы қасиеттерін пайдалану мақсатында жануарларды таралу аймақтарынан тысқары олар үшін жаңа мекендеу орындарына әдейі тарату немесе кездейсоқ таралу қажеттігі интродукция үшін негіз болып табылады.

      4. Жануарлар түрлерінің дарақтарын:

      1) бұрын мекендеген түрлерді қайтару;

      2) санын қалпына келтіру;

      3) өнімділігін жақсарту мақсатында оларды бұрынғы мекендеу орындарына әдейі көшіру қажеттігі реинтродукция үшін негіз болып табылады.

      5. Сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарлар түрлерін интродукциялау және реинтродукциялау, оларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге биологиялық негіздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаттары бойынша ғана жол берiледi.

      6. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялауға және реинтродукциялау, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның шешiмi бойынша жол берiледi.

      7. Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау жануарлардың саулығына барынша қамқорлық жасалып, арнайы торларда, контейнерлерде және резервуарларда көлік құралымен тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

      8. Жануарларды тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде:

      1) жануарларға зиян келтіруге және қақпақтардың өздігінен ашылып кетуіне жол бермейтін қауіпсіздік шаралары;

      2) ветеринарлық іс-шаралар;

      3) желдету, жем-шөп және ішетін су;

      4) жануарларды тасымалдау кезінде ауру немесе жаралы жануарларды оқшаулау, қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету қамтамасыз етіледі.

      9. Аумақтық бөлімшенің бұйрығымен құрамына аумақтық бөлімшенің, ветеринариялық қызметтің қызметкерлері және өтініш беруші енгізілетін жануарларды қабылдау және табиғи ортаға босату жөніндегі комиссия құрылады.

      10. Жануарлар нысаналы жерге әкелінген соң комиссия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды қабылдау (босату) актісін жасайды.

      11. Бейімделу және карантин мақсатында өтініш беруші босатылатын жерге келген соң биологиялық негіздемеге сәйкес түріне, жасына және табиғи жай-күйіне байланысты жануарларды күтіп-баптау талаптарына сай келетін торларда, қоршауларда және басқа үй-жайларда жануарларды ұстай тұруды жүзеге асырады. Бейімдегеннен кейін комиссия олардың табиғи жай-күйі көрсетілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды босату актісін жасайды.

      12. Аумақтық бөлімшелер жануарлардың жай-күйін және интродукциялау мен реинтродукциялау мақсаттарына қол жеткізілуін есепке алу мен мониторингілеуді жүзеге асырады.

  Жануарларды интродукциялау
және реинтродукциялау
қағидаларына
1-қосымша

Жануарларды қабылдау (босату)
АКТІСІ

      20 ж. " " _________________________

      (толтырылған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ветеринариялық

      қызметтің өкілдері және өтініш беруші:

      ______________________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      Мына жануарларды қабылдап (босатып) алдық:

Жануар түрі

Саны

Жынысы

Жануардың табиғи жай-күйі

еркегі

ұрғашысы

төлі














      Қосымша мәліметтер: ______________________________________________

      __________________________________________________________________

      Акт үш данада жасалды.

      Қолдары:

      1. _______________

      2. _______________

      3. _______________

  Жануарларды интродукциялау
және реинтродукциялау
қағидаларына
2-қосымша

Жануарды қолда ұстағаннан кейін босату
АКТІСІ

      20 ж. " " ___________________

      (толтырылған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ветеринариялық

      қызметтің өкілдері және өтініш беруші:

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      Мына жануарларды қабылдап (босатып) алдық:

Жануар түрі

Саны

Жынысы

Жануардың табиғи жай-күйі

еркегі

ұрғашысы

төлі














      Қосымша мәліметтер: ______________________________________________

      __________________________________________________________________

      Акт үш данада жасалды.

      Қолдары:

      1. _______________

      2. _______________

      3. _______________