Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырда № 18-02/434 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 маусымда № 11346 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 13 мамырдағы
№ 18-2/434 бұйрығымен
бекітілген

Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 71) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің немесе Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      2) жануарларды будандастыру – шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу мақсатында жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру;

      3) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын таралу ареалынан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшiн жаңа мекендеу орындарына әдейi немесе кездейсоқ тарату;

      4) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын бұрынғы мекендеу орталарына әдейi ауыстыру.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 03.05.2023 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру тәртібі

      3. Жануарлар түрлері дарақтарын:

      1) санын көбейту;

      2) жергілікті фаунаға жануардың жаңа түрін енгізу;

      3) жануардың пайдалы қасиеттерін пайдалану мақсатында таралу ареалынан тысқары, олар үшін жаңа мекендеу орындарына әдейі тарату қажеттігі интродукция үшін негіз болып табылады.

      4. Жануарлар түрлерінің дарақтарын:

      1) бұрын мекендеген түрлерді қайтару;

      2) санын қалпына келтіру;

      3) репродуктивтігін жақсарту мақсатында оларды бұрынғы мекендеу орындарына әдейі ауыстыру қажеттігі реинтродукция үшін негіз болып табылады.

      5. Жануарлардың алуан түрлерінің немесе тұқымдарының дара нұсқаларын шағылыстыру арқылы шаруашылықта пайдалы озық белгілері немесе қасиеттері бар дара нұсқаларды алу қажеттігі будандастыру үшін негіз болып табылады.

      6. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 249 және 250-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 20.09.2022 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау жануарлардың саулығына барынша қамқорлық жасалып, арнайы торларда, контейнерлерде және резервуарларда көлік құралымен тасымалдау арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жануарларды тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде:

      1) жануарларға зиян келтіруге және қақпақтардың өздігінен ашылып кетуіне жол бермейтін қауіпсіздік шаралары;

      2) ветеринариялық іс-шаралар;

      3) желдету, азық және ішетін су;

      4) жануарларды тасымалдау кезінде ауру немесе жаралы жануарларды оқшаулау, қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету қамтамасыз етіледі.

      9. Аумақтық бөлімшенің бұйрығымен құрамына аумақтық бөлімшенің, ветеринариялық қызметтің қызметкерлері және өтініш беруші енгізілетін жануарларды қабылдап алу және табиғи ортаға жіберу жөніндегі комиссия құрылады.

      10. Жануарлар межелі орынға әкелінген соң комиссия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды қабылдап алу (жіберу) актісін жасайды.

      11. Бейімделу және карантин мақсатында өтініш беруші жіберілетін жерге келген соң биологиялық негіздемеге сәйкес түріне, жасына және табиғи физиологиялық жай-күйіне байланысты жануарларды күтіп-бағу талаптарына сай келетін торларда, қоршауларда және басқа үй-жайларда жануарларды ұстай тұруды жүзеге асырады. Бейімдегеннен кейін комиссия олардың табиғи жай-күйі көрсетілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды жіберу актісін жасайды.

      12. Аумақтық бөлімшелер жануарлардың жай-күйіне және интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсаттарына қол жеткізуді есепке алу мен мониторингілеуді жүзеге асырады.

  Жануарларды интродукциялау,
реинтродукциялау және
будандастыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жануарларды қабылдап алу (жіберу) АКТІСІ

      20 жылы "_____" ___________________________________________________________

      (жасалған орны)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ветеринариялық қызметтің өкілдері және өтініш беруші:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі лауазымы)

      Жануарларды қабылдап алуды (жіберуді) жүргізді:

Жануар түрі

Саны

Жынысы

Жануардың табиғи жай-күйі



еркегі

ұрғашысы

төлі














      Қосымша мәліметтер: _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Акт үш данада жасалды.

      Қолдары:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________

  Жануарларды интродукциялау,
реинтродукциялау және
будандастыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жануарды қолда ұстағаннан кейін жіберу АКТІСІ

      20 жылы "_____" ________ __________________________________________________

      (жасалған орны)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ветеринариялық қызметтің өкілдері және өтініш беруші:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі лауазымы)

      Жануарларды жіберуді жүргізді:

Жануар түрі

Саны

Жынысы

Жануардың табиғи жай-күйі



еркегі

ұрғашысы

төлі














      Қосымша мәліметтер: _______________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Акт үш данада жасалды.

      Қолдары:

      1. ________________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      3. ________________________________________________________________________