"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11278 тіркелді

Жаңартылған

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 6 мамырда

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 4-1/379 бұйрығымен   
бекітілген        

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.12.2015 № 4-6/1067 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 11 (он бір) жұмыс күні.
      ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:
      көрсетілетін қызметті берушіге – 30 (отыз) минуттан артық емес;
      ХҚКО-ға – 15 (он бес) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:
      көрсетілетін қызметті берушінің – 15 (он бес) минуттан артық емес;
      ХҚКО-да – 20 (жиырма) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
      ХҚКО арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) ХҚКО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі – сенбі (қоса алғанда) аралығында түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша «электрондық» кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚКО-ға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің екінші вегетациясын – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен немесе книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетациясын – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетациясын – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екінші-жетінші (қоса алғанда) вегетациясын – алманың «Апорт» сорты бойынша өсіруге (күтіп-баптауға) субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінім және Министрлік бекіткен нысан бойынша субсидияны пайдалану туралы ақпарат береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қойылғаны немесе почта жөнелтілімдерін беруді жүзеге асыратын почта ұйымының құжаттамасында белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
      10. Құжаттар ХҚКО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО-ның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
      ХҚКО нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан соң оларды әрі қарай сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, ХҚКО-ның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға жолдайды.

3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) оның
жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жұмыс күндері жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      ХҚКО жұмыскері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі.
      Қолма-қол да, почта арқылы да түскен шағымды шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚКО-да тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Мыналардың:
      1) жеке тұлғаның шағымында – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ХҚКО-да қолма-қол беріледі.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жүзеге асыру, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО-ның жұмыскері 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне бара отырып жүргізеді.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің және ХҚКО-ның ғимараты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жеткізуіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
      2) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде;
      3) ХҚКО-ның www.con.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау» мемлекеттік     
көрсетілетін қызмет стандартына     
1-қосымша                 

Нысан                   

Хабарлама

Құрметті ____________________________________________________________
                     (көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді _______________________________________________________________
                        (субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидия тағайындау жөнінде шешім қабылданғаны туралы
хабардар етеміз.
Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуді өтінеміз.
Орындаушы: ____________________________________________ _____________
              (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын         (қолы)
               куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _______________________________________________

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына    
2-қосымша                 

Нысан                   

Хабарлама

Құрметті ____________________________________________________________
                     (көрсетілетін қызметті алушы)
Сізді _______________________________________________________________
                       (субсидияланатын бағыт)
бағыты бойынша субсидия тағайындамау жөнінде шешім қабылданғаны
туралы хабардар етеміз.
Бас тарту себебі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________
_____________________________________________________________________
                   (көрсетілетін қызметті беруші)
жүгінуді өтінеміз.
Орындаушы: ____________________________________________ _____________
              (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын          (қолы)
                куәландыратын құжатта бар болса))

Байланыс телефондары: _______________________________________________

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау» мемлекеттік     
көрсетілетін қызмет стандартына     
3-қосымша                  

Нысан                    

________________________ облысы _____________________________________
      (аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
           (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде
өндірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызуға арналған субсидияларды алуға
өтінім

      Маған 20 __ жылдың күзінде және/немесе 20 __ жылдың көктемінде
_______ гектар алқапта өндірілген жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің
(қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттерін отырғызуға
субсидия төлеуді сұраймын.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін -
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік**
немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын
куәландыратын құжат

нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшін – жеке
кәсіпкерді мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне сәйкестендіру
және (немесе) құқық
белгілейтін құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде егістік жер


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің және жер пайдаланушының атауы


4.

Ағымдағы шоттың бар-жоғы
туралы екінші деңгейдегі
банктiң немесе Ұлттық почта
операторының анықтамасы

ЖСК


Кбе


банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


БСК


К/С


БСН


Кбе


5.

Бақтарды және (немесе)
жидектерді және (немесе)
жүзімді отырғызу үшін
бекітілген жұмыс жобасы

нөмірі


күні


6.

Жұмыс жобасын әзірлеуге
жұмсалған шығындарды
растайтын (өтінім берген
сәтте) бастапқы есеп және
төлем құжаттары
(шот-фактуралар, кіріс және
шығыс кассалық ордерлері және
(немесе) төлем тапсырмалары)

нөмірі


берілген күні


кім әзірледі


әзірлеушінің орналасқан жерінің мекенжайы


әзірлеушінің ЖСК


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық сату құны


7.

Отырғызу материалдарын сатып
алуға жұмсалған шығындарды
растайтын (өтінім берген
сәтте) бастапқы есеп және
төлем құжаттары
(шот-фактуралар, кіріс және
шығыс кассалық ордерлері және
(немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


отырғызу материалын сатушының атауы


отырғызу материалын сатушы орналасқан жердің мекенжайы


отырғызу материалын сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


дақыл, сорты


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық сату құны


8.

Тіреуіш бағаналарды сатып
алуға және орнатуға жұмсалған
шығындарды растайтын (өтінім
берген сәтте) бастапқы есеп
және төлем құжаттары
(шот-фактуралар, кіріс-шығыс
кассалық ордерлері және
(немесе) төлем тапсырмалары)
(тіреуіш бағаналарды сатып
алу қажет болған жағдайда
көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналар атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық сату құны


9.

Тамшылап суару жүйесін салуға
жұмсалған шығындарды
растайтын (өтінім берген
кезде) бастапқы есеп және
төлем құжаттары
(шот-фактуралар, кіріс және
шығыс кассалық ордерлері және
(немесе) төлем тапсырмалары)
(тамшылап суару жүйесін сатып
алу қажет болған жағдайда
көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


жабдық сатушының атауы


жабдық сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


жабдық сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


жабдықтар атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық сату құны


10.

Жүргізілген технологиялық
операцияларды растайтын
құжаттар









11.

Сатып алу-сату және (немесе)
қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


жасалған күні


жабдық, материал сатушының атауы


жабдық, материал сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


жабдық, материал сатушының ЖСК


жабдықтың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


КҚС-пен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


берілген күні


кім берді


12.

Жеміс-жидек дақылдарының және
жүзімнің көшеттерін өндіруші
берген отырғызу материалының
сорттық куәлігі

куәліктің нөмірі


берілген күні


кім берді


      Ескертпе:
      * өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
      ** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін қолданыста болады.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Басшы _______________ _______________________________________________
          (қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                             куәландыратын құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса) ________ __________________________________
                          (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                                   куәландыратын құжатта бар болса))

Мөр (бар болса) орны

20 __ жылғы «___» ______________

Өтінім 20__ жылғы «___» _____________ қарауға қабылданды

__________ __________________________________________________________
  (қолы)       (өтінімді қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты,
           әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының
құнын субсидиялау» мемлекеттік    
көрсетілетін қызмет стандартына    
4-қосымша                 

Нысан                    

_______________________ облысы ______________________________________
      (аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
            (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін өсіруге арналған субсидияны алуға
өтінім

      Маған ________ га алқапта 20__ жылғы күзде және (немесе) 20 __ жылғы көктемде отырғызылған «___» өсу жылындағы жеміс дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидия төлеуді сұраймын.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Ағымдағы шоттың бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе Ұлттық почта операторының анықтамасы

ЖСК


Кбе


банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


БСК


К/С


БСН


Кбе


2.

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу актісі

нөмірі


жасалған күні


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


дақыл


сорты


егу схемасы


алаңы


3.

Алдыңғы жылдары субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттар

нөмірі


берілген күні


сомасы (теңге)


4.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналардың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


5.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









6.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


жасалған күні


жабдық, материал сатушының атауы


жабдық, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдық, материал сатушының ЖСК


жабдықтың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық өткізу құны


      Ескертпе:
      * Өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Басшы _______________ _______________________________________________
          (қолы)          (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                            куәландыратын құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса) ________ __________________________________
                          (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                                    куәландыратын құжатта бар болса))

Мөр (бар болса) орны

20 __ жылғы «___» ______________

Өтінім 20__ жылғы «___» _____________ қарауға қабылданды

__________ __________________________________________________________
      (қолы) (өтінімді қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты,
       әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))