"Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11278 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 6 мамырда

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 4-1/379       
бұйрығымен бекітілген 

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсырған сәттен бастап – 11 (он бірінші) жұмыс күнінде;
      2) өтінімді тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем құжаттарын ұсыну.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтінімдерді қабылдау сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың көктемінде өсірілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерінің екінші вегетациясын – аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен және книп-баум көшеттерімен отырызылғандар үшін, екінші-үшінші вегетациясын – жартылай аласа бойлы телітушілердің көшеттерімен отырғызылғандар үшін, екінші-үшінші-төртінші вегетациясын – биік бойлы телітушілердің көшеттерімен отырығызылғандар үшін, екіншіден бастап жетінші вегетацияны қоса алғанда – алманың «Апорт» сорты бойынша өсіру бойынша субсидияларды алу үшін тиісті жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінім және Министрлік бекіткен нысан бойынша субсидияны пайдалану туралы ақпарат береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде қағаз тасығышта өтінімнің қабылданғанын растауға оның көшірмесінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі немесе пошта жөнелтілімдерін беруді жүргізетін пошта ұйымының құжаттамасындағы белгі дәлел болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат шағымды/өтінішті қабылдаған адамның аты жөні мен тегі, уақыты мен күнін, сондай-ақ берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны және шағымды қарастыру барысын білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру      
(оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының   
құнын субсидиялау» мемлекеттік      
көрсетілетін қызмет стандартына     
1-қосымша                  

Нысан

________________________ облысы _____________________________________
      (аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
           (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Алдыңғы жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылдың
көктемінде жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көпжылдық көшеттерін отырғызуға
арналған субсидияларды алуға
өтінім

      Маған 20 __ жылдың күзінде және/немесе 20 __ жылдың көктемінде _______ гектар алқапқа отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттеріне субсидия төлеуді сұраймын.

Р/с

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін -
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік**
немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


Жеке тұлға үшін – жеке
кәсіпкерді мемлекеттік
тіркеу туралы куәлік

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


3.

Жер учаскесіне бірдейлендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

актінің нөмірі


кадастрлық нөмірі


барлық алқап, гектар


оның ішінде егіндік


нысаналы мақсаты


бірдейлендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесінің меншік иесінің және жер пайдаланушының атауы


4.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе Ұлттық пошта операторының анықтамасы

ЖСК


Кбе


Банктің немесе Ұлттық пошта операторының деректемелері:
Банктің немесе Ұлттық пошта операторының атауы:


БСК


К/С


БСН


Кбе


5.

Бақтарды және (немесе) жидектерді және (немесе) жүзімді отырғызу үшін бекітілген жұмыс жобасы

нөмірі


күні




6.

Жұмыс жобасын әзірлеуге жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

нөмірі


берілген күні


кім әзірледі


Әзірлеушінің орналасқан мекенжайы


әзірлеушінің ЖСК


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық сату бағасы


7.

Отырғызу материалдарын сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


отырғызу материалын сатушының атауы


отырғызу материалын сатушы орналасқан жердің мекенжайы


отырғызу материалын сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


дақыл, сорты


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық сату бағасы


8.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тіреуіш бағаналарды сатып алуға қажеттілігінде көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушының орналасқан мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналар атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық сату бағасы


9.

Тамшылап суару жүйесінің құрылысына жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген кезде) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс және шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары) (тамшылап суару жүйесін сатып алуға қажеттілігінде көрсетіледі)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


құрал-жабдықтар сатушының атауы


құрал-жабдықтар сатушының орналасқан мекенжайы


құрал-жабдықтар сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


құрал-жабдықтар атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық сату бағасы


10.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









11.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизингі шарттары

нөмірі


жасалған күні


жабдықтар, материал сатушының атауы


жабдықтар, материал сатушының орналасқан мекенжайы


жабдықтар, материал сатушының ЖСК


жабдықтардың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


КҚС-пен бағасы (теңге)


өткізу бағасы, барлығы


берілген күні


кім берді


12.

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көшеттерін өндіруші берген отырғызу материалының сорттық куәлігі

куәліктің нөмірі


берілген күні


кім берді


      Ескертпе:
      * Өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.
      ** «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және нақты емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.

Басшы _______________ _______________________________________________
         (қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                            куәландыратын құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса) ________ __________________________________
                           (қолы)  (тегі, аты, әкесінің аты (жеке
                              басын куәландыратын құжатта бар болса))

МО
20 __ жылғы «___» ______________

Өтініш 20__ жылғы «___» _____________ қарауға қабылданды

__________ __________________________________________________________
  (қолы)    (өтінішті қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты,
           әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

«Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру      
(оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының   
құнын субсидиялау» мемлекеттік      
көрсетілетін қызмет стандартына     
2-қосымша                  

Нысан

_______________________ облысы ______________________________________
    (аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
           (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық
көшеттерін өсіруге арналған субсидияны алуға
өтінім

      Маған ________ га алқапта 20__ жылғы күзде және (немесе) 20 __ жылғы көктемде отырғызылған «___» өсу жылындағы жеміс дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көпжылдық көшеттерін өсіруге субсидия төлеуді сұраймын.

Р/с

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе поштаның Ұлттық операторының анықтамасы

ЖСК


Кбе


Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
Банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


БСК


К/С


БСН


Кбе


2.

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қараудың актісі

нөмірі


жасау мерзімі


дақыл


сорты


егу схемасы


алқап


дақыл


сорты


егу схемасы


алқап


дақыл


сорты


егу схемасы


алқап


3.

Алдыңғы жылдары субсидияларды алғаны туралы куәландыратын құжаттар

нөмірі


берілген күні


сомасы (теңге)


4.

Тіреуіш бағаналарды сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) бастапқы есеп және төлем құжаттары (шот-фактуралар, кіріс-шығыс кассалық ордерлері және (немесе) төлем тапсырмалары)

шот-фактура нөмірі


берілген күні


тіреуіш бағаналар сатушының атауы


тіреуіш бағаналар сатушы орналасқан жердің мекенжайы


тіреуіш бағаналар сатушының ЖСК


тауар-көліктік жүкқұжаттың нөмірі


тіреуіш бағаналардың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


5.

Жүргізілген технологиялық операцияларды растайтын құжаттар









6.

Сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизинг шарттары

нөмірі


жасасу күні


жабдықтар, материал сатушының атауы


жабдықтар, материал сатушы орналасқан жердің мекенжайы


жабдықтар, материал сатушының ЖСК


жабдықтардың, материалдың атауы


өлшем бірлігі


саны (көлемі)


ҚҚС-пен бағасы (теңге)


барлық өткізу бағасы


      Ескертпе:
      * Өтініш несінен көрсетілген құжаттардың тұпнұсқаларын және көшірмелерін сұратып алуға жол берілмейді.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және нақты емес
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.

Басшы _______________ ______________________________________________
         (қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                           куәландыратын құжатта бар болса))

Бас бухгалтер (бар болса) ________ __________________________________
                           (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке
                              басын куәландыратын құжатта бар болса))

МО
20__ жылғы «___» ______________

Өтінім 20__ жылғы «___» _____________ қарауға алынды

______ ______________________________________________________________
(қолы) (өтінішті қабылдап алған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
             аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

                     ___________________________