Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11211 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

      5) "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

      6) Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      7) "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

      8) "Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _________________Ә. Исекешев

      2015 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 19 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
1-қосымша

"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      1. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      заңды тұлға-лицензиатты бөліп алу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен әрі қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын құжат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсетікішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ 4 (төрт) АЕК-тен аспайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің жүз пайызын құрайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      заңды және жеке тұлғаның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

      қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қортынды;

      қаруды қолдануда қауіпсіздік ережелерін білуін тексеру туралы анықтама.

      Қосымша:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің болуын растайтын құжат;

      қару әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар жиынтығы;

      құрал-жабдық пен аппаратураға меншік немесе жалға алу және өндірістік-техникалық базаны жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілері;

      әзірлеуе жоспарланған қару мен оның патрондарының тактикалық-техникалық сипаттамалары көрсетілген техникалық құжаттама;

      қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар;

      үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің болуын растайтын құжат;

      қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы;

      өндірістік-техникалық базаны жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілері;

      қару мен оның патрондарын өндіруге ниет білдіру туралы хаттама немесе қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен шарт (келісімшарт);

      өндіру жоспарланған қару мен оның патрондарының тактикалық-техникалық сипаттамалары көрсетілген техникалық құжаттама;

      жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамаларды), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау: бөлшектерді, құрастыру бірліктерін және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу жөніндегі құжаттар;

      кірісті және шығысты есепке алу журналы (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөрмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу);

      үшінші тұлғаларға келтірілетін зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шарты;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      қаруды жөндеу жөніндегі арнайы білімінің болуын растайтын құжаттар (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан үзінді);

      мамандандырылған шеберхананы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілері;

      қаруды жөндеуге арналған тиісті құрал-жабдық пен аппаратураның болуын көрсететін құжаттар;

      жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер және нормативтік-техникалық құжаттар;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайларды жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілері;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жайларды жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      күзет сигнализациясын орнату актісі;

      қару сақталатын объектіні (үй-жайды) күзету шарты;

      объектініпайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілері;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      күзет сигнализациясымен, кілтпен жабылатын шыны сөрелермен, сейфтермен немесе металл шкафтармен жабдықталған үй-жайларды жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілері (заңды тұлғалар үшін);

      күзет сигнализациясын орнату актісі;

      қару сақталатын объектіні (үй-жайды) күзету шарты;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде орналасқан құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері;

      заңды тұлға-лицензиантты бөлу нысанында қайта құрған кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияланатын қызметтің тиісті түріне және (немесе) лицензияланатын қызметтің кіші түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған мәліметтер мен құжаттарды ұсынады;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

      еркін нысандағы өтініш;

      бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) порталда:

      лицензия алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтың электрондық көшірмесі;

      қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі;

      қаруды ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білуін тексеру туралы анықтаманыңэлектрондық көшірмесі.

      Қосымша:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      қару әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондар типтеріне конструкторлық құжаттамалар жиынтығының электрондық көшірмесі;

      құрал-жабдық пен аппаратураға меншік немесе жалға алу және өндірістік-техникалық базаны жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі;

      әзірлеу жоспарланған қару мен оның патрондарының тактикалық-техникалық сипаттамалары көрсетілген техникалық құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін қауіпсіз әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың электрондық көшірмесі;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      заңды тұлға басшысының және (немесе) оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      қару мен оның патрондарын жасау мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығының электрондық көшірмесі;

      өндірістік-техникалық базаны жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі;

      қару мен оның патрондарын өндіруге ниет білдіру туралы хаттаманың немесе қаруды сатып алу және пайдалану құқығы бар субъектімен шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі;

      өндіру жоспарланған қару мен оның патрондарының тактикалық-техникалық сипаттамалары көрсетілген техникалық құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамаларды), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау: бөлшектерді, құрастыру бірліктерін және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу жөніндегі құжаттардың электрондық көшірмесі;

      кірісті және шығысты есепке алу журналының (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөрмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) электрондық көшірмесі;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын жөндеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      қаруды жөндеу жөніндегі арнайы білімінің болуын растайтын құжаттардың (диплом, сертификат, еңбек кітапшасынан үзінді) электрондық көшірмесі;

      мамандандырылған шеберхананы жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі;

      қаруды жөндеуге арналған тиісті құрал-жабдық пен аппаратураның болуын көрсететін құжаттардың электрондық көшірмесі;

      жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер және нормативтік-техникалық құжаттардың электрондық көшірмесі;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайларды жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын коллекцияға жинау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      коллекциялық қаруды сақтауға арналған үй-жайларды жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      күзет сигнализациясын орнату актісінің электрондық көшірмесі;

      қару сақталатын объектіні (үй-жайды) күзету шартының электрондық көшірмесі;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі;

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын экспонаттау жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін:

      күзет сигнализациясымен, кілтке жабылатын шыны сөрелермен, сейфтермен немесе металл шкафтармен жабдықталған үй-жайларды жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      объектіні пайдалануға қабылдау және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің өкілі қол қойған өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын қабылдау актілерінің электрондық көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

      жарақат салатын патрондары бар қарудың және электрлік қарудың зақым келтіру факторларының адамға рұқсат етілген әсерінің белгіленген нормаларына сәйкес келуі туралы уәкілетті орган қорытындысының электрондық көшірмесі (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйымдар сатып алуға ниеттенген кезде);

      осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес келісілген қару мен оның патрондарының қолда бары және қажетті саны туралы мәліметтер бланкісінің электрондық көшірмесі;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде орналасқан құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      заңды тұлға-лицензиантты бөлу нысанында қайта құрған кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияланатын қызметтің тиісті түріне және (немесе) лицензияланатын қызметтің кіші түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған мәліметтер мен құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;

      ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат.

      Лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттардың, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу немесе өндіру немесе сату немесе коллекцияға жинау немесе экспонаттау, күзет қызметі, ақшалай қаражатты инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, өндірістік-техникалық базаға, мамандандырылған шеберханаға, қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайларға, коллекццияланатын қаруды сақтауға күзет сигнализациясымен, кілтке жабылатын шыны сөрелермен, сейфтермен немесе металл шкафтармен жабдықталған үй-жайларға меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, соттылығының, әкімшілік құқық бұзушылықтардың жоқтығы туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет "шлюзі" арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші қару сақтауға арналған үй-жайдың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінің (бұдан әрі – 1176 қаулы) 7, 9-тармақтарының қару мен оның патрондарын сақтау тәртібі, сақталуы және есепке алу жөніндегі, сондай-ақ ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша есепке алу жөніндегі талаптарына сәйкестігін өтініш бергеннен кейін тексереді.

      Қару сақталатын объектінің орналасқан орны өзгерген кезде көрсетілетін қызметті беруші қару сақтауға арналған үй-жайдың 1176 қаулының 7, 9-тармақтарының қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу жөніндегі тәртібі талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасы қабылданған күн мен уақытты көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      10. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында осы санаттағы жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      6) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның заңды тұлға-лицензаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан құрылған басқа заңды тұлғаға қайта ресімделген болуы;

      7) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы;

      8) өндірістің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ете алмауы, қарудың есебі мен сақталуын не осы шарттарды қамтамасыз етпеуі;

      9) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      10) көрсетілетін қызметті алушыда:

      тұрғылықты тұратын жерінің;

      қаруды сақтау үшін тиісті жағдайдың;

      қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының;

      қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруден өткенін растайтын құжаттың болмауы;

      11) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы немесе қару иесiнің қайтыс болуы;

      12) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;

      13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;

      14) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 453, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталануы;

      15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 436, 453 және 461-баптарына көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

      16) азаматтық және қызметтік қару иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;

      18) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасуы;

      19) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеуі;

      20) егер адам эктремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;

      21) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған материалдары, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      22) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      23) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редкцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына;

      3) Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші жүгінуді өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қоятын шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-43-03, 71-41-36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату,
коллекцияға жинау, экспонаттау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға (қайта ресімдеуге) өтiнiші

      _____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(лер)ін көрсету керек)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз

      жеткізгіште беруiңiздi (қайта ресімдеуге) сұраймын __________________

      (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса Х белгісін қою керек)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      _____________________________________________________________________

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почта ___________________________________________________

      Телефондары __________________ Факс _________________________________

      Банктік шоты ________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лар)ы _______________________________

      (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      _____________________________________________________________________

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ___________________________________________ парақта қоса беріліп отыр

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны

      және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатыны;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және

      (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны; қоса беріліп

      отырған барлық құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды

      болып табылатыны расталады.

      Басшы ________ _________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтырған күні 20__жылғы "____" _________________

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату,
коллекцияға жинау, экспонаттау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға (қайта ресімдеуге) өтiнiші

      _____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрі(лер)ін көрсету керек)

      _____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз

      жеткізгіште беруiңiздi (қайта ресімдеуге) сұраймын __________________

      (егер лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болса Х белгісін қою керек)

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы___________________________________

      (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      _____________________________________________________________________

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почта __________________ Телефондары ____________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банктік шоты ________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы ________________________________

      (почта индексі, облыс, қала, аудан,елді мекен,

      _____________________________________________________________________

      көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      _______________________________________________парақта қоса беріледі.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны

      және оларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын

      түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатыны расталады.

      Басшы ___________ _____________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтырған күні 20____ жылғы "___" ___________

  "Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға
жинау, экспонаттау және сатып алу
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату,
коллекцияға жинау, экспонаттау
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат

      1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________

      (заңды және жеке тұлға)

      2. ЖСН/БСН___________________________________________________________

      3. ЗТ/ЖТ/ЖК атауы ___________________________________________________

      4. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің

      нөмірі____

      Тексеру аяқталған күн _______________________________________________

      Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім _______________________

      5. Объектінің (үй-жайдың) кадастрлық нөмірі _________________________

      Есептік құжаттама____________________________________________________

      6. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн ______

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      7. Сатылымға келіп түскен және сатылған қару мен оның патрондарын

      есепке алу журналын бастаған күн ____________________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      8. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның

      патрондарын есепке алу журналын бастаған күн_________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      9. Қызмет түріне арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, оны

      берген органның атауы _______________________________________________

      10. Соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының нөмірі, берілген

      күні, сертификатты берген органның атауы ____________________________

      Заңды және жеке тұлғаның қызметкері туралы мәліметтер _______________

      Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________

      Өтініш берген күн___________________________________________ ________

      (лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
2-қосымша

"Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      1. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      заңды тұлға-лицензиатты бөліп алу немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастырған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен әрі қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады.

      Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын құжат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды, бірақ төрт АЕК-тен аспайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін:

      заңды тұлғаның осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші;

      бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарға рұқсат алуға үміткер адамда мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтама.

      Қосымша:

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі;

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы;

      техникалық құжаттама, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық база туралы аттестаттың көшірмесі;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіру, сақтау, сату, пайдалану және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы;

      меншік құқығындағы немесе жабдықтар мен аппаратураларды жалға алу, өндірістік-техникалық базаны жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі;

      жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер және нормативтік-техникалық құжаттар;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі;

      пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын немесе жалға алынғанын көрсететін құжаттар;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы құрал-жабдықтың болуын көрсететін, оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану қауіпсіздігін айқындайтын құжаттар;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:

      дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісі;

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар (дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған үй-жайда пиротехникалық бұйымдарды тиесілік нормасынан тыс сақтаған жағдайда);

      пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын немесе жалға алынғанын көрсететін құжаттар;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде орналасқан құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері;

      заңды тұлға-лицензиантты бөлу нысанында қайта құрған кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияланатын қызметтің тиісті түріне және (немесе) лицензияланатын қызметтің кіші түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған мәліметтер мен құжаттарды ұсынады;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

      еркін нысандағы өтініш;

      бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден ол туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

      1) порталда:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

      2) порталға:

      бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарға рұқсат алуға үміткер адамда мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық)жоқтығы туралы медициналық анықтама.

      Қосымша:

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығының электрондық көшірмесі;

      техникалық құжаттаманың, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық база туралы аттестаттың электрондық көшірмесі;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіру, сақтау, сату, пайдалану және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығының электрондық көшірмелері;

      меншік құқығындағы немесе жабдықтар мен аппаратураларды жалға алу, өндірістік-техникалық базаны жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер және нормативтік-техникалық құжаттардың электрондық көшірмелері;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын немесе жалға алынғанын көрсететін құжаттардың электрондық көшірмелері;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы құрал-жабдықтың болуын көрсететін, оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану қауіпсіздігін айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін заңды тұлғаларға:

      дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет өкілі қол қойған осы объектіні пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар (дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған үй-жайда пиротехникалық бұйымдарды тиесілік нормасынан тыс сақтаған жағдайда);

      пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің болуын немесе жалға алынғанын көрсететін құжаттардың электрондық көшірмелері;

      осы көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалғанбұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегіқызметке арналған лицензияға мәліметтер нысаны;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүелерде орналасқан құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      заңды тұлға-лицензиантты бөлу нысанында қайта құрған кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензияланатын қызметтің тиісті түріне және (немесе) лицензияланатын қызметтің кіші түріне лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға арналған мәліметтер мен құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;

      "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден ол туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату,пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қоймаға, өндірістік-техникалық базаға, дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған үй-жайларға меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, соттылығының жоқтығы туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет "шлюзі" арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші қару сақтауға арналған үй-жайдың ішкі істер органдарының пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау тәртібі, сақталуы және есепке алу жөніндегі талаптарына сәйкестігін өтініш берілгеннен кейін тексереді.

      Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерде болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасы қабылданған күні мен уақытты көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      10. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында осы санаттағы жеке және заңды тұлғалар үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      6) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның заңды тұлға-лицензаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандар қатарынан құрылған басқа заңды тұлғаға қайта ресімделген болса;

      7) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот лицензия алуға тыйым салса;

      8) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10353 болып тіркелген) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі;

      9) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумн байланысты арнайы құқықтан айырылса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына;

      3) Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші жүгінуді өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады:

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қоятын шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-43-03, 71-41-36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны 1414.

  "Азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданып
жасалған бұйымдарды әзірлеу,
өндіру, сату, пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет cтандартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны алуға (қайта ресімдеуге) өтiнiші

      ___________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түр(лер)ін көрсету керек)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште беруiңiздi (қайта ресімдеуге) сұраймын ______________________

      (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет

      ___________________________________________________________________

      болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      ___________________________________________________________________

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық почта ___________________Телефондары ____________

      Факс ______________Банктік шоты ____________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы ______________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді

      ___________________________________________________________________

      мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      __________________парақта қоса беріліп отыр.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны

      және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кішітүрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

      қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатыны расталады.

      Басшы __________ ___________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтырылған күні: 20___жылғы " " __________

  "Азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданып
жасалған бұйымдарды әзірлеу,
өндіру, сату, пайдалану
жөніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
  мемлекеттік көрсетілетін
қызмет cтандартына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау
жөніндегі қызмет лицензиясына мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат

      1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________

      (заңды және жеке тұлға)

      2. ЖСН/БСН___________________________________________________________

      3. ЗТ/ЖТ/ЖК атауы ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің

      нөмірі ______________________________________________________________

      Тексеру аяқталған күн _______________________________________________

      Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім _______________________

      5. Объектінің (үй-жайдың) кадастрлық нөмірі _________________________

      6. Лицензиялық алымды төлеу сомасы___________________________________

      Төлеген күні ________________________________________________________

      Төлем банкі (банктің филиалы) _______________________________________

      Есепке алу журналы (кіріс, шығыс) ___________________________________

      7. Журналды бастаған күн_____________________________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      8. Қызмет түріне арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, оны

      берген органның атауы _______________________________________________

      Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________

      Өтініш берген күн_____________________________________________ ______

      (лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақтағы жоғары бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
3-қосымша

"Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 жұмыс күні.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыруы үшін күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 15 минут;

      3) Мемлекеттік копорацияда көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      6. Мемлекетік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық және қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және оның уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      7. Мемлекетік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол:

      заңды тұлғаларға комиссиялық сатуға жолдама берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз пайызын;

      жеке тұлғаларға комиссиялық сатуға жолдама берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын құрайды.

      Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын құжат береді.

      8. Жұмыс кестесі:

      Мемлекеттік корпорацияда - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында түскі асқа үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін, қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілдері) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      жеке тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдама алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші немесе заңды тұлғаның қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші;

      мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжаты;

      жолдама алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы азаматтық және қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге берілген рұқсаттың түпнұсқасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырады.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмесін жасайды, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар қолхат негізінде жүзеге асырылады. Өтініш иесінің өкілі оның өкілеттігін растайтын сенімхатты қосымша ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір айдан кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызмет алушыға тапсыру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      10. Көрсетілетін қызметі алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін негіз:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің 1176 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерістің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым: шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

      Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күн) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, сондай-ақ поштамен келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жолдаған кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны, қаралғаны туралы жауап немесе қараудан бас тартқаны туралы белгілер) барысында жаңартылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, "электрондық үкіметтің" веб порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      13. Ағзаның тыныс-тіршілігін шектейтін функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған көрсетілетін қызметті алушылардан құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметі көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет ресурсында орналастырылған.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 714303, 722188. Мемлекеттік қызметі көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жеке және заңды тұлғаларға
азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын
комиссиялық сатуға жолдама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

Жеке тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдаманы алуға өтініші

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін кызметті берушінің толық атауы)

      Азамат _________________________________________________________________________

                        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      ________________________________________________________________________________

                                    жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдама беруіңізді сұраймын

      ________________________________________________________________________________

                        (қарудың типі, түрі, моделі, нөмірі мен саны көрсетіледі)

      Осыған байланысты_______________________________________________________________

                              (қаруды қажетті сатудың себебін көрсету)

      Жеке тұлғаның мекенжайы_________________________________________________________

      Электрондық поштасы ____________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісімі

      Осы арқылы:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға жолдама алуға

      немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны

      расталады;

      Жеке тұлға ___________                  ____________________________________________

                  (қолы)                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні: 20 жылғы "____" __________

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
комиссиялық сатуға жолдама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Заңды тұлғаның азаматтық қаруды комиссиялық сатуға жолдаманы алуға өтініші

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                        (заңды тұлғаның атауы, (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

                        (қарудың типі, түрі, моделі, нөмірі мен саны)

      қызметтік қаруды комиссиялық сатуға жолдама беруіңізді сұраймын.

      Осыған байланысты_______________________________________________________________

      (қаруды қажетті сатудың себебін көрсету)

      Электрондық поштасы ____________________________________________________________

      Телефоны _______________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Қызметтің жүзеге асырылатын мекенжайы ___________________________________________

                                                (пошталық индексі, облыс, қала, аудан,

      ________________________________________________________________________________

                  елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен күзетілетін құпияларды құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісімі

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға жолдама

      алуға немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны

      расталады.

      Жеке тұлға ___________                  ____________________________________________

                  (қолы)                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      М.О.                                    Толтырылған күні: 20___ жылғы "___" ________

  "Азаматтық және қызметтік
қару мен оның патрондарын
комиссиялық сатуға жолдама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынған жоқсыз, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________________________;

      2) ____________________________________;

      3) ____________________________________.

      Осы қолхат 2 дана жасалды, тараптардың әрқайсысына

      ___________________________                        ______________________________

      Т.А.Ә. (Мемлекеттік                                          (қолы)

      корпорацияның қызметкері)

      Орындаушы. Т.А.Ә. _______________

      Телефон _________________________

      Алдым: Т.А.Ә. / көрсетілетін қызметті алушы

  20___ жылғы "____" ____________________";
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
4-қосымша

"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан
Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының
аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
транзиттеуге қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) электрондық үкіметтің веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      1) жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;

      2) жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.

      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

      Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу қосымша мерзімді қажет етсе, онда өтініш әбден орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекетік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды немесе қорытынды беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен жүгінген жағдайжа мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді және мөрмен және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады, бұл ретте көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолмен (бұдан әрі – ЭЦҚ) кәландырылған көрсетілген қызмет нәтижесін Порталға тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      7. Мемлекетік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол:

      заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз пайызын;

      жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшін мемлекеттік бажды төлеген күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын құрайды.

      Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банкілер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда төленеді.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) портал –жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес арыздарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші (бұдан әрі – заңды тұлғаның өтініші) немесе жеке тұлғаның азаматтық және қызметтік қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші (бұдан әрі – жеке тұлғаның өтініші);

      мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжаты.

      Қосымша:

      азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алу үшін:

      қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған ұйым басшысы бекіткен олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;

      қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;

      Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қару мен оның патрондарына сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;

      сәйкестікті растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрына (бұдан әрі - кадастр) енгізілген жағдайда);

      әкелінетін қарудың түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмесе);

      көрсетілген қарудың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат (жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелген жағдайда);

      экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының көшірмесі (экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты ұсынуы көзделген жағдайда);

      азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкетуге қорытынды алу үшін:

      қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;

      көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) және қорытындының көшірмесі;

      осы қару басқа елдерге кері экспортталмайтыны туралы шетел мемлекетінің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша кепілдік міндеттемесі;

      аңшылыққа қатысу үшін азаматтық және қызметтік қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін:

      аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шартының көшірмесі;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органның шешімі;

      аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға сенімхат;

      жеке тұлғалардың үшінші елде жеке пайдалануы үшін сатып алған азаматтық және қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алу үшін:

      сатып алынған қаруға аумақтық ішкі істер органы берген рұқсаттың телнұсқасы;

      Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қаруға сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;

      жеке тұлғалардың және спорттық ұйымдардың спорттық іс-шараларға қатысуы үшін спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын шекарадан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытынды алу үшін:

      халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырулар;

      жеке тұлғалардың аңшылыққа қатысу үшін азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкетуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуге қорытынды алу үшін:

      аңшылық шаруашылығы ұйымның өзге мемлекеттің аумағында болу мерзімі көрсетілген аң аулау шартының көшірмесі;

      көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары уақытша әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген аңшылық атыс және суық қару мен оның патрондарын уақытша әкелу және әкету құқығына рұқсат құжаты;

      тұрақты тұру үшін шығатын жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары уақытша әкетілетін шетел мемлекетінің уәкідетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын әкелу құқығына рұқсат құжатын ұсынады;

      тұрақты тұру үшін келетін көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуге қорытынды алу үшін:

      алушы жеке тұлғаға шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қарудың есептен шығарылғаны туралы рұқсат құжаты немесе хаты;

      көрмелерге қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алуы үшін:

      ұйымның, мекеменің немесе қабылдаушы тараптың көрмеге қатысуын растайтын құжаты (шақыру);

      көрсетілетін қызметті алушыға көрмеге қатысу үшін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын уақытша әкелу құқығына рұқсат құжат:

      көрмелерге қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алуы үшін:

      ұйымның, мекеменің немесе қабылдаушы тараптың көрмеге қатысуын растайтын құжаты (шақыру);

      сәйкестікті растау мақсатында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау):

      қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) ұйым басшысы куәландырылған көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификатциясы қоса беріледі;

      Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қару мен оның патрондарына сертификаттауды жүргізу шартының көшірмесі;

      әкелінетін қарудың түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізімеген жағдайда);

      жеке тұлғалар үшін азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушыға мөрімен расталған және қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушыға атына берілген рұқсат құжаттарының көшірмелері (егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі);

      "транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясының данасы;

      жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушыға) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

      әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;

      әкелілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі;

      заңды тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының көрсетілетін қызметті алушыға мөрімен және қолымен куаландырылған көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      қаруды жасаған мемлекеттен экспорттаушы заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы мемлекетке импортты жүзеге асыратын заңды тұлғамен қаруды сатып алушы арасындағы шарттың көрсетілетін қызметті алушыға мөрімен және қолымен куаландырылған көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      "транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясының данасы (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімін, сондай-ақ кеден органы растаған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны көрсетілген мәліметтер (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      өнімді әкетуге арналған рұқсаттың бар болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжат (ресми аудармасымен);

      өнім транзитіне байланысты көрсетілетін қызметті алушыға мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты немесе сақтандыру полисі (ресми аудармасымен);

      көрсетілетін қызметті алушыға транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қаматасыз етуін растайтын құжат және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;

      егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжат;

      жеке тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушы мөрімен расталған және қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушы атына берілген рұқсат құжаттарының көшірмелері. Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі;

      "транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының көшірмесі;

      жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушы) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

      әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;

      әкелілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесі немесе сақтандыру полисі;

      2) порталға:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

      Қосымша:

      азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алу үшін:

      қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі, оған ұйым басшысы бекіткен олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;

      Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қару мен оның патрондарына сертификаттауды жүргізу шартының электрондық көшірмесі;

      сәйкестікті растау жөніндегі уәкілетті орган берген сәйкестік сертификатының көшірмесі (егер қару кадастрға енгізілген жағдайда);

      әкелінетін қарудың түрлі-түсті фотосуреті (егер қару кадастрға енгізілмесе);

      көрсетілген қарудың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін әсеріне жол берілетіні туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген құжат (жарақат салатын патрондары бар ұңғысыз атыс қаруын, электр қаруын әкелген жағдайда);

      экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорттық сертификатының электрондық көшірмесі (экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты ұсынуы көзделген жағдайда);

      азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрамдас) бөлшектері мен оның патрондарынҚазақстан Республикасының аумағына әкетуге қорытынды алу үшін:

      қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификациясы қоса беріледі;

      көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) және қорытындының электрондық көшірмесі;

      осы қару басқа елдерге кері экспортталмайтыны туралы шетел мемлекетінің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша кепілдік міндеттемесі;

      аңшылыққа қатысу үшін азаматтық және қызметтік қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін:

      аңшылық шаруашылығы ұйымының шетелдік аңшымен аң аулау шартының электрондық көшірмесі;

      жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстық атқарушы органы шешімінің электрондық көшірмесі;

      аңшылық атыс және суық қаруды әкелуге (әкетуге) қорытынды алуға сенімхаттың электрондық көшірмесі;

      жеке тұлғалардың үшінші елде жеке пайдалануы үшін сатып алған азаматтық және қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алу үшін:

      сатып алынған қаруға аумақтық ішкі істер органы берген рұқсаттың телнұсқасының электрондық көшірмесі;

      Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қаруға сертификаттауды жүргізу шартының электрондық көшірмесі;

      жеке тұлғалардың және спорттық ұйымдардың спорттық іс-шараларға қатысуы үшін спорттық атыс қаруы мен оның патрондарын шекарадан тыс әкетуге және Қазақстан Республикасына әкелуге қорытынды алу үшін:

      халықаралық спорттық жарыстарға немесе оқу-жаттығу жиындарына қатысуға шақырулардың электрондық көшірмесі;

      көрсетілетін қызметті алушыға қатысу үшін азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынаәкетуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуге қорытынды алу үшін:

      аңшылық шаруашылығы ұйымның өзге мемлекеттің аумағында болу мерзімі көрсетілген аң аулау шартының электрондық көшірмесі;

      көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары уақытша әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген аңшылық атыс және суық қару мен оның патрондарын уақытша әкелу және әкету құқығына рұқсат құжатының электрондық көшірмесі;

      тұрақты тұру үшін шығатын жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:

      көрсетілетін қызметті алушыға қару мен оның патрондары уақытша әкетілетін шетел мемлекетінің уәкідетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын әкелу құқығына рұқсат құжатың электрондық көшірмесін ұсынады;

      тұрақты тұру үшін келетін жеке тұлғаларға азаматтық қарудың бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкелуге қорытынды алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушыға шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қарудың есептен шығарылғаны туралы рұқсат құжатының немесе хаттың электрондық көшірмесі;

      көрмелерге қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алуы үшін:

      ұйымның, мекеменің немесе қабылдаушы тараптың көрмеге қатысуын растайтын құжаттың (шақыру) электрондық көшірмесі;

      жеке және заңды тұлғаға көрмеге қатысу үшін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын уақытша әкелу құқығына рұқсат құжаттың электрондық көшірмесі:

      көрмелерге қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды алуы үшін:

      ұйымның, мекеменің немесе қабылдаушы тараптың көрмеге қатысуын растайтын құжаттың (шақыру) электрондық көшірмесі;

      сәйкестікті растау мақсатында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды алу үшін (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау):

      қару мен оның патрондарын жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) электрондық көшірмесі, оған олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген сертификатциясы қоса беріледі;

      Қазақстан Республикасына әкелгеннен кейін қару мен оның патрондарына сертификаттауды жүргізу шартының электрондық көшірмесі;

      әкелінетін қарудың түрлі-түсті фотосуретінің электрондық көшірмесі (егер қару кадастрға енгізімеген жағдайда);

      жеке тұлғалар үшін азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған және қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушының атына берілген рұқсат құжаттарының электрондық көшірмелері (егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі);

      "транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының электрондық көшірмесі;

      жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) жеке басын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      әкелінетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі.

      Құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ нотариалды куәландырылған көшірмелерімен ұсынылады;

      заңды тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қаруды, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының мөрімен және қолымен куаландырылған сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      қаруды жасаған мемлекеттен экспорттаушы заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы мемлекетке импортты жүзеге асыратын заңды тұлғамен қаруды сатып алушы арасындағы өтінім берушінің мөрімен және қолымен куаландырылған шарттың электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      "транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасыныңэлектрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімінің, сондай-ақ кеден органы растаған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны көрсетілген мәліметтердің электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      өнімді әкетуге арналған рұқсаттың бар болуы туралы экспорттаушы елдің уәкілетті органы берген құжаттың электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен);

      өнім транзитіне байланысты көрсетілетін қызметті алушы мемлекетінің заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен және нотариалды куәландырылған);

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі (ресми аудармасымен);

      көрсетілетін қызметті алушының транзитпен тасымалданатын өнімнің физикалық қорғалуын жүзеге асыруды қаматасыз етуін растайтын құжаттың және қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғаның күзет қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      егер оған қатысы жоқ себептер бойынша жүк қабылдаушыға жүкті беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жүк жөнелтушінің жүкті қайта қабылдауға келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      жеке тұлғалар үшін азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрама) бөлшектері мен патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды алу үшін:

      қару мен оның патрондарын әкелетін елдің және әкететін елдің уәкілетті органдары берген, қару мен оның патрондарын сатып алу құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған және қолы қойылған көрсетілетін қызметті алушының атына берілген рұқсат құжаттарының электрондық көшірмелері. Егер әкелу және әкету елдерінің заңнамасында қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат құжаттарын беру көзделмеген жағдайларда, қару мен оның патрондарын сатып алудың заңдылығын көрсететін құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады. Ұсынылған құжат көшірмелерінде қарудың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен нөмірі көрсетіледі;

      "транзит" кеден режимін белгілеу туралы кеден органының белгісі бар кеден декларациясы данасының электрондық көшірмесі;

      жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) жеке басын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      әкетілетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкетуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      әкелінетін елдің уәкілетті органы берген қару мен оның патрондарын әкелуге рұқсаттың бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының немесе сақтандыру полисінің электрондық көшірмесі;

      жеке тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін қоспағанда, барлық құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын немесе сақтандыру полисін қоспағанда, нотариалды куәландырылған көшірмелерімен ұсынылады;

      осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыға мәліметтер нысаны.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктер, экспонаттауға, коллекцияға жинауға, сатуға лицензиялар, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, қару мен оның патрондарын сатып алуға, экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген импортқа лицензиялар, рұқсаттар, экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган берген соңғы пайдаланушының импорт сертификаты туралы мәліметтері электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасы қабылданған күн мен уақытты көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады;

      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына;

      3) Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші жүгінуді өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қоятын шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-43-03, 71-41-36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  "Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын Қазақстан
Республикасы аумағына әкелуге,
Қазақстан Республикасы аумағынан
әкетуге және Қазақстан Республикасы
аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша

Заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрама)
бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге
қорытынды алуға өтініші

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрама) бөлшектері мен

      патрондарын әкелуге (әкетуге) рұқсат беруіңізді сұраймын

      _____________________________________________________________________

      (қарудың түрі, типі, моделі, нөмірі мен саны көрсетіледі,

      керегінің астын сызу)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      (облыс, қала, аудан,елді мекен, көше атауы, үй/ғимараттың нөмірі)

      Әкелуге (әкетуге) жауапты адамның Т.А.Ә. ____________________________

      _____________________________________________________________________

      (паспортының немесе жеке куәлігінің нөмірі)

      Әкелінетін (әкетілетін) мемлекет ____________________________________

      Әкелу (әкету) жүзеге асырылатын кеден бекеті_________________________

      Қару "___" ______ және "____" ______ аралығында әкелінеді (әкетіледі)

      (қаруды уақытша әкелген (әкеткен) кезде толтырылады)

      Телефоны ____________________________________________________________

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны

      және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

      Басшы _____________ ___________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтырған күні: 20__ жылғы " " ____________

  "Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын Қазақстан
Республикасы аумағына әкелуге,
Қазақстан Республикасы аумағынан
әкетуге және Қазақстан Республикасы
аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

Жеке тұлғаның азаматтық және қызметтік қаруды, оның (құрама)
бөлшектері мен патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды
алуға өтініші

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке-сәйкестендіру нөмірі)

      Азаматтық қаруды, оның (құрама) бөлшектері мен патрондарын әкелуге

      (әкетуге) рұқсат беруіңізді сұраймын

      _____________________________________________________________________

      (қарудың түрі, типі, моделі, нөмірі мен саны көрсетіледі,

      керегінің астын сызу)

      Мекенжайы ___________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан,елді мекен, көше атауы, үй/ғимараттың нөмірі)

      Әкелінетін (әкетілетін) мемлекет ____________________________________

      Әкелу (әкету) жүзеге асырылатын кеден бекеті_________________________

      Қару "___" _______ және "___" ______ аралығында әкелінеді (әкетіледі)

      (қаруды уақытша әкелген (әкеткен) кезде толтырылады)

      Телефоны ____________________________________________________________

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны

      және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

      Басшы _____________ ___________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтырған күні: 20__ жылғы " " ____________

      Қару есептен алынды _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қару иесі тұрғылықты тұратын орнына кеткен кезде қару есепте тұрған

      ішкі істер органының азаматтық және қызметтік қарудың айналымын

      бақылау жөніндегі бөлінісінің қызметкері толтырады

  "Азаматтық және қызметтік қару
мен оның патрондарын Қазақстан
Республикасы аумағына әкелуге,
Қазақстан Республикасы аумағынан
әкетуге және Қазақстан Республикасы
аумағы арқылы транзиттеуге қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша

Азаматтық және қызметтік қаруды Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге
және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге
қорытындыға мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат

      1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________

      (заңды және жеке тұлға)

      2. ЖСН/БСН___________________________________________________________

      3. ЗТ/ЖТ/ЖК атауы ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің

      нөмірі ______________________________________________________________

      Тексеру аяқталған күн _______________________________________________

      Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім _______________________

      5. Объектінің (үй-жайдың) кадастрлық нөмірі _________________________

      Есептік құжаттама____________________________________________________

      6. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн ______

      _____________________________________________________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      7. Қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу

      журналын бастаған күн _______________________________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      8. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның

      патрондарын есепке алу журналын бастаған күн_________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      9. Қызмет түріне арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, оны

      берген органның атауы _______________________________________________

      10. Соңғы пайдаланушының импорт серификатының нөмірі, берілген күні,

      оны берген органның атауы ___________________________________________

      11. Қару моделінің (патрондардың типтері) және пайдаланылатын

      патрондардың атауы мен белгіленуі туралы ақпарат, негізгі техникалық

      көрсеткіштері, қаруды дайындаушы ел мен фирманың атауы (қару

      кадастрға енгізілмеген жағдайда) ____________________________________

      12. Қаруды сақтауға, тасымалдауға, бекітуге жауапты адамды тағайындау

      туралы бұйрықтың нөмірі, күні _______________________________________

      (керегінің астын сызу)

      Заңды және жеке тұлғаның қызметкері туралы мәліметтер _______________

      Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________

      Өтініш берген күн____________________________________________ _______

      (лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
5-қосымша

"Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын
сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және оның аумақтық бөлімшелері(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушігеқұжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға жүгінген сәтінен бастап:

      жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;

      жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.

      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

      Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу қосымша мерзімді қажет етсе, онда өтініш әбден орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекетік қызмет көрсету нәтижесі –қару мене оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекттік қызмет көрсетунәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен қуәландырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған көрсетілген қызмет нәтижесін Порталда тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушыға Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекетік қызмет көрсеткені үшін 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының "Салық және өзге бюджеттік міндетті төлемдер туралы" кодексінің 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол:

      заңды тұлғаларға азаматтық және/немесе қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау немесе сақтау мен алып жүру құқығына рұқсатберу үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз пайызын;

      заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз пайызын;

      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын;

      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтау немесе сақтау мен алып жүруқұқығына рұқсат беруүшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу пайызын;

      жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беруүшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он пайызын;

      жеке және заңды тұлғаларға азаматтық, қызметтік қарудың әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу үшін мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он пайызын құрайды.

      Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе колма-қол емес нысанда төленеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      жеке тұлғаның азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші немесе заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініші;

      Қазақстан Республикасының азматтығын растайтын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін);

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қаруды иемденуге қарсы көрсепелердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда);

      қаруды ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білуін тексеру туралы анықтама;

      мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжат.

      Қосымша:

      азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      аңшылық куәлік (аң аулау құқығына мемлекеттiк баждың төленгенi туралы белгiсi бар);

      туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi, сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететiн жағдайда;

      кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);

      азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:

      сатып алынған ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының оқтары мен гильзаларының бақылау атылуы туралы акті;

      кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);

      қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін:

      сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылының белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қызметтік қаруды сатып алуға берілген лицензияның телнұсқасы:

      сақтауға немесе ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін үй-жайды жалға алуға арналған шарттың көшірмесі;

      заңды тұлғаның қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:

      заңды тұлға қызметкерлерінің кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағының (сауалнама) көшірмесі;

      күзетшілерді даярлау (біліктілігін арттыру) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретінде жұмыс істеу үшін даярлықтан өткенін растайтын куәлік (күзеті қызметі субъектілері үшін);

      азаматтық және қызметтік қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін:

      меншік құқығындағы немесе аумақтық көліктік бақылау органы берген қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаты бар жабық автомашинаны жалға алу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қозғалыс бағыты (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      жарыстар немес жиындар өткізу орны бойынша арнайы жабдықталған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      күзет қызметін көрсету жөніндегі шарттың көшірмесі;

      азаматтық қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін (азаматтық қаруды үшінші тұлға тасымалдаған кезде):

      қару иесінің үшінші тұлғаға қаруды тасымалдау құқығына берген нотариалды куәландырылған сенімхаты;

      үшінші тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының)қаруды иемдену құқығын растайтын құжат;

      2) порталда:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген, қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда);

      қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі.

      Қосымша:

      азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      аңшы куәлігінің электрондық көшірмесі (аң аулау құқығына мемлекеттік баждың төленгені туралы белгісі бар);

      туристiк жолдамалар, жеке және қызметтiк iстерi бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi, сатып алған күннен бастап 7 (жетi) күн iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкететiн жағдайда;

      кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiн iшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);

      азаматтық қаруды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін:

      ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруды дүкенде алғашқы сатып алу кезінде және кейіннен әрбір 5 жыл сайын оны қайта тіркеу кезінде сатып алынған ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының оқтары мен гильзаларының бақылау атылуы туралы актінің электрондық көшірмесі;

      кемінде бір жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшiнiшкi iстер органдарында тiркелген шетелдіктерге өздерi сол елдердiң азаматтары болып табылатын мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерінің өтiнiштерi (тегіс ұзын ұңғылыны қоспағанда, өзін-өзі қорғау азаматтық қаруын сатып алуға рұқсат алу үшін);

      қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін:

      сақтауға немесе ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін үй-жайды жалға алуға арналған шарттың электрондық көшірмесі;

      заңды тұлға қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат алуы үшін:

      заңды тұлға қызметкерлерінің кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағының (сауалнама) электрондық көшірмесі;

      күзетшілерді даярлау (біліктілігін арттыру) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретінде жұмыс істеу үшін даярлықтан өткенін растайтын куәліктің электрондық көшірмесі (күзеті қызметі субъектілері үшін);

      азаматтық және қызметтік қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін:

      меншік құқығындағы немесе аумақтық көліктік бақылау органы берген қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаты бар жабық автомашинаны жалға алу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қозғалыс бағытының электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      жарыстар немес жиындар өткізу орны бойынша арнайы жабдықталған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде);

      күзет қызметін көрсету жөніндегі шарттың электрондық көшірмесі;

      азаматтық қаруды тасымалдауға рұқсат алу үшін (азаматтық қаруды үшінші тұлға тасымалдаған кезде):

      қару иесінің үшінші тұлғаға қаруды тасымалдау құқығына берген нотариалды куәландырылған сенімхатының электрондық көшірмесі;

      үшінші тұлғаның (көрсетілетін қызметті алушының) қаруды иемдену құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа мәліметтер нысаны.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін қызметтік қаруды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың меншік құқығын растайтын, ішкі істер органдары берген қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттар, осы тұлғаның аңшылық тегіс ұңғылы қаруды кемінде үш жыл заңды иеленгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылының белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қаруды сатып алуға берілген рұқсаттың телнұсқасы, өлшемі 3х4 см екі фотосуретті және техникалық бақылау үшін қаруды (азаматтық қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат алу үшін), сыртқы бетінде қару саудасы бойынша мамандандырылған дүкеннің: қару маркасы, моделі, сериясы, нөмірі, калибрі және шығарылған жылының белгісі бар, сондай-ақ мөрмен мөрленген және жауапты қызметкердің қолымен куәландырылған қаруды сатып алуға берілген лицензияның телнұсқасы (қызметтік қаруды сақтауға рұқсат алу үшін), заңды тұлға қызметкерлерінің өлшемі 3х4 см екі фотосуретін (заңды тұлға қызметкерлерінің қызметтік қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсат алуы үшін) көрсетілетін қызметті берушіге қолма-қол ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті беруші егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      10. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының дұрыс емес немесе бұрмаланған ақпаратты ұсынуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыда;

      тұрғылықты тұратын жерінің;

      қаруды сақтау үшін тиісті жағдайдың;

      қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының;

      қаруды ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білуін тексеруден өткенін растайтын құжаттың;

      экспонаттау қаруы мен патрондарын сақтауға рұқсаттың (азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат алу үшін) болмауы;

      4) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы немесе қаруиесiнің қайтыс болуы;

      5) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;

      6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;

      7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 111, 111-1, 112, 298, 330, 330-1, 332, 333, 334, 335, 336, 336-1, 336-2, 336-3, 336-4, 338, 340, 341, 341-1, 344, 355, 356, 356-2, 357, 362, 362-1, 363, 365, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 374, 374-1, 375, 377, 378, 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың бір жыл ішінде қайталануы;

      8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436 және 461-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауы;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;

      10) азаматтық немесе қызметтік қару иесініңкөрсетілген қарудыңконструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасуы;

      11) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеуі;

      12) егер оның эктремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұруы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына;

      3) Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымның жауабын алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші жүгінуді өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушініңғ Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-43-03, 71-41-36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны 1414.

  "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық
қару мен оның патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып жүруге,
тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Жеке тұлғаның азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсат алуға
өтініші

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Кімнен_______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (қарудың түрі, типі, нөмірі және саны көрсетіледі)

      __________________________________________________________ байланысты

      (қажеттілігі себебін көрсету)

      Азаматтық қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат

      беруіңізді (керегінің асты сызылады)

      _____________________________________________________________________

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, қаруды сақтауға жағдайдың

      бар-жоғы ____________________________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,

      үйдің/ғимараттың нөмірі, қаруды сақтауға арналған сейфтің бар-жоғы)

      __________________________ дан ________________________________ дейін

      (қаруды тасымалдау кезінде қаруды жөнелту және жеткізу пунктін

      көрсету)

      Электрондық почтасы _________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      _________________ парақ қоса беріледі.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны

      және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

      Жеке тұлға ___________ __________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтырған күні: 20__жылғы " "____________

  "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық
қару мен оның патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып жүруге,
тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Заңды тұлғаның азаматтық және қызметтік қару мен оның
патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға
рұқсат алуға өтініші

      _____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________ байланысты

      (рұқсат алу себебін көрсету)

      Қызметтік қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат

      беруіңізді сұраймын

      _____________________________________________________________________

      (қарудың түрін, типін, моделін, нөмірін және санын көрсету, керегінін

      астын сызу)

      ____________________________-дан ______________________________ дейін

      (қаруды тасымалдау кезінде қаруды жөнелту және жеткізу пунктін

      көрсету)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      _____________________________________________________________________

      көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі, қаруды сақтауға арналған сейфтің

      бар-жоғы)

      _____________________________________________________________________

      Электрондық поштасы _________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _____________________________________

      (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      _____________________________________________________________________

      көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі, қаруды сақтауға арналған

      сейфтің бар-жоғы)

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Осы арқылы:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны

      және оларға рұқсат беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша

      кез келген ақпаратты жіберуге болатыны расталады.

      Жеке тұлға ___________ __________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтырған күні: 20__жылғы " "____________

  "Жеке және заңды тұлғаларға азаматтық
қару мен оның патрондарын сатып алуға,
сақтауға, сақтау мен алып жүруге,
тасымалдауға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып
алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа
мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат

      1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________

      (заңды және жеке тұлға)

      2. ЖСН/БСН___________________________________________________________

      3. ЗТ/ЖТ/ЖК атауы ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің

      нөмірі ______________________________________________________________

      Тексеру аяқталған күн _______________________________________________

      Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім _______________________

      5. Объектінің (үй-жайдың) кадастрлық нөмірі _________________________

      Есептік құжаттама____________________________________________________

      6. Қаруды қабылдау тапсыруды есепке алу жураналын бастаған күн ______

      _____________________________________________________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      7. Қаруды сақтауға, тасымалдауға, бекітуге жауапты адамды тағайындау

      туралы бұйрықтың нөмірі, күні _______________________________________

      (керегінің астын сызу)

      8. Кәсіпорындарда, мекемелер мен оқу орындарында қару мен оның

      патрондарын есепке алу журналын бастаған күн ________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Журналдың түгендеу нөмірі ___________________________________________

      9. Қызмет түріне арналған лицензияның нөмірі, берілген күні, оны

      берген органның атауы _______________________________________________

      Заңды және жеке тұлғаның қызметкері туралы мәліметтер _______________

      Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________

      Өтініш берген күн____________________________________________ ______

      (лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
6-қосымша

"Жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
7-қосымша

"Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      1. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға жүгінген сәттен бастап:

      жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;

      жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.

      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

      Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу қосымша мерзімді қажет етсе, онда өтініш әбден орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол, почта байланысы немесе портал арқылы хабарланады;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сақтауға берілген рұқсат.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайдакөрсетілетін мемлекттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады,бұл ретте көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолмен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған көрсетілген қызмет нәтижесін порталға тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат алу үшін заңды тұлғаның өтініші;

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарға қолжетімділікке үміткер адамда мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы көрсетпелердің (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтама;

      Қосымша:

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      пиротехнткалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға жауапты адамдарды (адамды) тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      ерекшілігімен қоса бере отырып, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды жеткізу шартының (келісімшарт) көшірмесі.

      пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсат алу үшін:

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттар;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      пиротехникалық заттар мен бұйымдарға қолжетімділікке үміткер адамда мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы көрсетпелердің (психикалық ауру, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      Қосымша:

      азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат алу үшін:

      пиротехнткалық заттар мен бұйымдарды сатып алуға жауапты адамдарды (адамды) тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      ерекшілігімен қоса бере отырып, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды жеткізу шартының (келісімшарт) электрондық көшірмесі.

      пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсат алу үшін:

      дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған қойманы жалға алу құқығын растайтын құжаттардық электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған рұқсатқа мәліметтер нысаны.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі лицензияның, дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған арнайы жабдықталған үй-жайлардың және сақтауға арналған қойманың меншіктік құқығын, соттылығының жоқтығын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкімет "шлюзі" арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау үшін үй-жайдың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11193 болып тіркелген) (бұдан әрі – 319 Бұйрық) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларының талаптарына сәйкес келуін ішкі істер органдарының қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өтініш бергеннен кейін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмесе көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

      9-1. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің 319 Бұйрықпен бекітілген талаптарына сәйкес келуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына;

      3) Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау оныкөрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта бойынша жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды Портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қоятын шағымда:

      1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-43-03, 71-41-36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: (1414).

  Азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданылып
жасаған бұйымдарды сатып
алуға, сақтауға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

Заңды тұлғаның азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға рұқсат алуға өтініші

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызмет берушінің толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

                  (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды сатып сатып

      алуға, сақтауға рұқсат беруіңізді сұраймын ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                              (атауын, санын, салмағын, өлшемін көрсету)

      Электрондық пошта_______________________________________________________________

      Телефондар _____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Қызметін жүзеге асыратын мекенжайы ______________________________________________

                                                (пошталық индексі, облыс, қала,

      ________________________________________________________________________________

      аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат, (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Осы арқылы: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және

      оларға рұқсат беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты

      жіберуге болатыны расталады.

      Басшы ___________                  __________________________________________________

            (қолы)                        (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны                        Толтырған күні: 20__жылғы " "____________

  "Азаматтық пиротехникалық заттар
мен олар қолданылып жасаған бұйымдарды
сақтауға рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып
алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа
мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат

      1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________

      (заңды тұлға)

      2. ЖСН/БСН___________________________________________________________

      3. ЗТ атауы _________________________________________________________

      4. Пиротехникалық заттар мен бұйымдарға рұқсат алуға үміткердің тегі,

      аты әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН _____________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің объектісін тексеру актісінің

      нөмірі ______________________________________________________________

      Тексеру аяқталған күн _______________________________________________

      Тексеру қорытындысы бойынша қабылданған шешім _______________________

      6. Объектінің (үй-жайдың) кадастрлық нөмірі _________________________

      Есептік құжаттама____________________________________________________

      7. Пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың

      және олардың құрамдас бөлшектерінің дайын өнімін есепке алу кітабының

      басталған күні ______________________________________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Кітаптың түгендеу нөмірі ____________________________________________

      8. Пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың

      дайын өнімін көтерме тұтынушыларға босатуды есепке алу кітабының

      басталған күні ______________________________________________________

      (лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің мөрі басылған)

      Кітаптың түгендеу нөмірі ____________________________________________

      9. Қызмет түріне лицензия берген органның атауы, оның нөмірі,

      берілген күні________________________________________________________

      10. Сақтауға жататын пиротехникалық заттар мен бұйымдардың атауы және

      саны (салмағы, өлшемі)_______________________________________________

      11. Қаруды сақтауға, тасымалдауға, бекітуге жауапты адамды тағайындау

      туралы бұйрықтың нөмірі, күні _______________________________________

      (керегінің астын сызу)

      Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі_________________

      Өтініш берген күн___________________________________________ _______

      (лауазымды адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 395 бұйрығына
8-қосымша

"Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және
олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ Порталға өтініш берілген сәттен бастап:

      жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болмаса – күнтізбелік он бес күн;

      жүгіну кезінде оны қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу немесе жергілікті жерге шыға отырып, тексеру қажет болса – күнтізбелік отыз күн.

      Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларла қарау мерзімі кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартылады, ол туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма қол, пошта байланысы немесе портал арқылы хабарланады.

      Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу қосымша мерзімді қажет етсе, онда өтініш әбден орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, ол туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қолма қол, пошта байланысы немесе портал арқылы хабарланады;

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тартады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт – 30 (отыз) минут;

      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекетік қызмет көрсету нәтижесі – атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда көрсетілетін мемлекттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады,бұл ретте көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолмен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған көрсетілген қызмет нәтижесін порталға тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден бастап 17-30-ға дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы, көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы өтініш;

      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтың көшірмесі;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қортындылар;

      қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтамалар, атыс жөніндегі нұсқаушының арнайы даярлығынан өткенін растайтын құжат;

      мыналарды:

      ашық атыс тирлеріне (атыс орындарына) арналған аумақтардың;

      мамандандырылған ғимараттардың (атыс тирлері (атыс орындары), стендтер үшін) орналасқан жердің;

      үй-жайлар орналасқан жердің схемасын қамтитын меншік нысаны көрсетілген материалдық-техникалық базасы жоспарының көшірмесі;

      Халықаралық спорт атысы федерациясының нормалары мен ережелеріне сәйкестігі туралы "Қазақстан спорт атысы федерациясы" қоғамдық бірлестігінің қорытындысы (атыс тирлерін (атыс орындарын) және оқу-жаттығуға арналған стендтерді ашқан жағдайда).

      Құжаттардың көшірмелері ұйымның бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның мөрімен (бар болса) және қолымен куәландырылады.

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақтың электрондық көшірмесі;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қортындылардың электрондық көшірмесі;

      қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтаманың, атыс бойынша нұсқаушының арнайы даярлығынан өткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      мыналарды:

      ашық атыс тирлеріне (атыс орындарына) арналған аумақтардың;

      мамандандырылған ғимараттардың (атыс тирлері (атыс орындары), стендтер үшін) орналасқан жерінің;

      үй-жайлардың орналасқан жерінің схемасын қамтитын меншік нысаны көрсетілген материалдық-техникалық базасы жоспарының электрондық көшірмесі;

      Халықаралық спорт атысы федерациясының нормалары мен ережелеріне сәйкестігі туралы "Қазақстан спорт атысы федерациясы" қоғамдық бірлестігі қорытындысының электрондық көшірмесі (атыс тирлерін (атыс орындарын) және оқу-жаттығуға арналған стендтерді ашқан жағдайда);

      осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеуіне берілген рұқсатқа мәліметтер нысаны.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгенін (қайта тірлгенін) растайтын, тұрғылықты мекен жайы, соттылығының жоқтығы туралы анықтама туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет "шлюзі" арқылы алады.

      Егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      9-1. Мыналар:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыда:

      тұрғылықты тұратын жерінің;

      қаруды сақтау үшін тиісті жағдайдың;

      қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының;

      қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуі бойынша тексеруден өткенін растайтын құжаттың болмауы;

      4) рұқсаттан ерікті түрде бас тартуы немесе қару иесiнің қайтыс болуы;

      5) жасаған қылмысы үшін өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған соттылығының болуы;

      6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасының ең төменгі мерзімі аяқталғанға дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босауы;

      7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 128, 131, 382, 434, 437, 438, 440, 443, 444, 448, 450, 453, 462, 476, 477, 478, 481, 482, 484, 485, 485-1, 486, 487, 489, 490, 492, 493, 506-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың бір жыл ішінде қайталануы;

      8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109, 287 (бірінші бөлігінде), 288 (төртінші бөлігінде), 289, 296 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 346 (бірінші бөлігінде), 379 (бірінші бөлігінде), 389 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген қылмыстық теріс қылық және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73, 436, 453 және 461-баптарына көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

      9) азаматтық және қызметтік қарудың иесін немесе пайдаланушысын қаруды қауіпсіз қолдану қағидаларын білуін тексеруге жолдау туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде қаруды қауіпсіз қолдану бойынша білімін тексеру үшін емтихан тапсырмауы;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рұқсаттар алу мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлардың пайда болуы;

      11) азаматтық немесе қызметтік қару иесінің көрсетілген қарудың конструкциясын оның баллистикалық және басқа да техникалық сипаттамаларының өзгеруіне әкеп соғатындай етіп қайта жасауы;

      12) азаматтық және қызметтiк қарудың азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерге, сондай-ақ криминалистикалық талаптарға сәйкес келмеуі;

      13) егер адам эктремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарының есебінде тұрса;

      14) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11219 болып тіркелген) Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      15) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      16) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2017 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым:

      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына;

      3) Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші жүгінуді өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы қол қоятын шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушініңғ Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау және қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-43-03, 71-41-36. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414.

  Атыс тирлері (атыс орындары) мен
стендтерін ашу және олардың жұмыс
істеуіне рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға рұқсат алуға
өтініш

      _____________________________________________________________________

      (ішкі істер органының толық атауы)

      Кімнен ______________________________________________________________

      (жеке және заңды тұлғаның толық атауы, ЖСН, БСН)

      _____________________________________________________________________

      (атыс тирлері (атыс орындары) немесе стендтерді көрсету)

      ашуға және оның жұмыс істеуіне рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Заңды немесе жеке тұлғаның мекенжайы ________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан,

      _____________________________________________________________________

      елді мекен, көшенің атауы,үйдің /ғимараттың (стационарлық үй-жай)

      нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондар___________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банктік есепшоты ____________________________________________________

      (есеп шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Қызметті жүзеге асыратын мекенжайы __________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан,

      _____________________________________________________________________

      елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай)

      нөмірі)

      ____________ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыстар болып табылатыны және

      оларға атыс тирлерін (атыс орындарын) немесе стендтерді ашу және

      олардың жұмыс істеу құқығына рұқсат беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;

      көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берілген қызмет түрімен

      айналысуға соттың тыйым салмағаны;

      қоса берілген құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні және жарамды

      болып табылатыны расталады.

      Басшы ________ ___________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" ________________

      бар болса

  Атыс тирлері (атыс орындары) мен
стендтерін ашу және олардың жұмыс
істеуіне рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға рұқсатқа
мәліметтер нысаны
Жалпы ақпарат

      1. Көрсетілетін қызметті алушы_______________________________________

      (заңды тұлға)

      2. БСН_______________________________________________________________

      3. ЗТ атауы _________________________________________________________

      4. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерінің жұмыс істеуіне

      жауапты және қаруға рұқсаты бар адамдардың тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), ЖСН ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі, қол

      қойған күні _________________________________________________________

      6. Техникалық нығайтылуын, күзет және өрт сигнализациясының

      бар-жоғын, өткізу режимін, қару мен оның патрондарын сақтау

      жағдайларын сипаттау;