Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11219 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасына (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      _______________ А. Мұхамедиұлы

      2015 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      2015 жылғы "____" ______________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 365 бұйрығымен бекітілген

Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Осы Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың әрекеті Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының атыс тирлеріне (атыс орындарына) және стендтеріне қолданылмайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) аңшылық әуесқой атыcтар – аңшылық қару иелерінің, аңшылық мақсатында қаруды пайдалану шеберлігін жетілдіру мүмкіндігін беретін бастапқы даярлық бағдарламасынан тыс даярлығы;

      2) атыс аймағы – жандары және үсті қоршалған, нысаналар мен оқ ұстағыштар орналастырылған, оқтармен атылатын кеңістік. Онда сондай-ақ блиндаждар немесе көрсетушілерге және нысананы механикалық түрде орналастыруға арналған арнайы өзге де күркелер болуы мүмкін;

      3) атыс галереясы – атыс позициялары (атыс орындары) орналасатын атыс шебінен және төрешілерге арналған (өту) аймақтан, команда өкілдеріне, бапкерлер мен көрермендерге арналған аймақтан тұратын аймақ;

      4) атыс желісі – атушы одан шығып кетпеуі тиіс тирдің тік осьіне перпендикуляр шартты немесе белгіленген желі. Атыс кезінде қарудың ұңғысы атыс желісінің ар жағында болады;

      5) атыс тирі – тирдің ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы адамдардың жеке және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтік және азаматтық қарудан нысанаға атуға арналған үй-жай (объект);

      6) ашық тир (атыс орындары) – оқ қабылдағыштары, бүйірінде топырақ үйінділері немесе оқ теспейтін қабырғалары мен қажетті қауіпсіздік аймақтары бар ашық жер учаскелерінде орналасқан атыс тирі;

      7) жабық тир - оқ теспейтін қабырғалары, төбесі және оқтың тирден тыс ұшуын болдырмайтын оқ қабылдағышы бар атуға арналған үй-жай;

      8) жартылай ашық тир – оқ теспейтін қабырғалары, оқ теспейтін атыс шебінің төбесі, оқ қабылдағышы және атыс шебінен ату кезінде оқтың тирдің шегінен тыс ұшуын және рикошеттерін болдырмайтын оқ ұстайтын көлденең құрылғылары бар атыс тирі;

      9) оқ шебі – атыс позициялары үшін орналастырылатын атыс желісінің алдындағы шартты немесе белгіленген көлемдегі алаң;

      10) оқтарды ұстауға арналған құрылғы – дұрыс атылмаған немесе оқтың рикошетн ұстауға арналған қорғаныс құрылғы;

      11) спорттың атыс түрлері бойынша (оқ ату, стендті, практикалық) оқу-жаттығу сабақтары – спортшыларды жарыстарға, секциялар мен оқу топтарындағы практикалық сабақтарға дайындау, разрядтық нормаларға тапсыруға дайындау бойынша жаттығу атыcтары;

      12) оқу-жаттығу атысы – азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушылардың бастапқы даярлық бағдарламалары бойынша атыс даярлығы;

      13) стенд – калибрі 12-ден ірі емес бытыра оқтармен тегіс ұңғылы қарудан және үрлемелі қуаты кемінде 7,5 джоуль (бұдан әрі – Дж) және (немесе) калибрі 4,5 миллиметр (бұдан әрі – мм) аса пневматикалық қарудан атуға арналған ашық тир.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Атыс тирлерін (атыс орындары) және стендтерді заңды тұлғалар спорттық атыс түрлері (оқ ату, стендті, практикалық) бойынша жарыстарды немесе оқу-жаттығуларды өткізу үшін, сондай-ақ ату дайындығы бойынша оқу-жаттығуды өткізу, аңшылық-әуесқой атулар кезінде, азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушылары үшін аумақтық полиция органдары берген рұқсаттар бойынша ашады.

      Үрлемелі қуаты 7,5 Дж аспайтын және калибрі 4,5 мм дейінгі пневматикалық қарудан атуға арналған атыс тирлерін ашу және оның жұмыс істеуі үшін аумақтық полиция органдарының рұқсаты талап етілмейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу кезінде заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес болуы қажет.

      Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және оның жұмыс істеуіне рұқсат алу үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес аумақтық полиция органына жүгінеді.

      Рұқсаттың жарамдылық мерзімі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының екінші санаттағы рұқсаттар тізбесінің 83-тармағына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Атыс тирі (атыс орындары) мен стендтің мекенжайы ауысқан кезде, жауапты адам ауысқан, жауапты адамдардың құрамы өзгерген кезде, атыс тирін (атыс орнын) және стендті ашуға жаңа рұқсат беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерінің жұмыс істеу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 19.02.2018 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Спорттың ату түрлері бойынша жарыстарды немесе оқу-жаттығуларды өткізу (оқ ату, стендті, практикалық атыс), ату дайындығы бойынша оқу-жаттығуды өткізу, аңшылық-әуесқой ату кезінде азаматтық және қызметтік иелері мен пайдаланушылары үшін:

      1) жабылған (жабық) тирлер;

      2) жартылай ашық тирлер;

      3) ашық тирлер (атыс орындары);

      4) стендтер пайдаланылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Заңды тұлғалар атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерінің жұмыс істеуін айналасындағылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып жүзеге асырады. Атыс аймағының сыртқы қоршауларының және оқ қабылдау құрылғысының сипатына қарай тирлерді ашуға және жұмыс істеуіне мынадай талаптар:

      1) шағын калибрлі қарудан атуға арналған ашық тирлер елді мекендерден кемінде 2 км қашықтықта, ал ірі калибрлі қарудан атуға арналған тирлер 6 км астам қашықтықта жабдықталады;

      2) калибрі 12 мм-ден аспайтын тегіс ұңғылы қарудан және үрлемелi қуаты 7,5 Дж асатын және калибрі 4,5 мм пневматикалық қарудан спорттық атуға немесе спорттық-аңшылық атуға арналған стендтер өнеркәсіптік-шаруашылық және тұрғын үй мақсатындағы ғимараттардан кемінде 120 метр қашықтықта орналастырылады;

      3) елді мекендер шегінде орналасқан стендттер атыс объектілерінің қоршауымен жабдықталады. Бұл қоршау атыстың бағыттары және секторлары бойынша көрсетілген объектінің жоспар-схмемасына сәйкес атыс шебінен кемінде 120 метр қашықтықта орнатылады және бытыра зарядтарының адамдарға не қандай да бір одан тыс объектілерге тікелей тиюіне жол берілмейді;

      4) елді мекендер шегінде орналасқан жартылай ашық тирлер өнеркәсіптік-шаруашылық және тұрғын үй мақсатындағы ғимараттардан 100 м қашықтықта орналастырылады;

      5) жабық тирлер шектеусіз орналастырылады.

      12. Тегіс ұңғылы атыс қаруынан ату үшін тек № 7, № 8 және № 9 бытырамен оқталған патрондар пайдаланылады, басқа патрондарды пайдалануға жол берілмейді.

      13. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тыйым салынған аудандарда атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін орналастыруға жол берілмейді.

      14. Атыс тирі (атыс орны) мен стендтің пайдалануға жарамдылығы спорт атысы федерациясы (республикалық және облыстық маңызы бар спорттық объектілер үшін) өкілдерінің қатысуымен ішкі істер органдары қызметкерлері жасаған актілермен айқындалады.

      15. Егер атыс галереясы мен қару-жарақ бөлмесі бір ғимаратта орналасқан болса, олар қосалқы үй-жайлардан (оқу сыныптарынан, демалыс бөлмелерінен, жаттықтырушылардың кабинеттері мен шаруашылық үй-жайларынан) болат торлы қалқандармен бөлінеді. Бұл қалқандарда үнемі құлыппен жабық тұратын торлы есіктер жабдықталады және мөрленген немесе пломбаланған күйде болады.

      16. Аңшылық-әуесқой атуға арналған атыс тирлерінде (атыс орындарында) және стендтерде атыс қарулары мен оның патрондарын сақтауға жол берілмейді.

      Оқу-жаттығу атуларға арналған атыс тирлерінде (атыс орындарында) және стендтерде спорт (атыс) ұйымдарында (федерацияларда, дирекцияларда, орталықтарда, мектептерде, атыс және атыс-аңшылық клубтарында) қаруларды сақтауға жол беріледі.

      Сақтау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 120, 121 және 122-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін арнайы жабдықталған қоймаларда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Атыс арасындағы үзіліс кезінде атыс галереяларында, тирлерде атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ қару мен патрондарды атыс шебінде қадағалаусыз қалдыруға жол берілмейді.

      18. Тирге (атыс орнына) және стендтке өткізу режимі кіру мен шығудың, қаруды, патрондарды және басқа материалдық құндылықтарды кіргізудің (әкелудің), алып шығудың (әкетудің) қатаң тәртібін орнатуды көздейді. Объектішілік режим тирдің (атыс орны) және стендтің ішкі күн тәртібін (қызметкерлердің жұмыс уақыты режимін, қаруды, патрондарды беру мен тапсыру тәртібін, тұрақты және бір жолғы материалдық рұқсаттамалар енгізуді) сақтауды қамтамасыз ететін іс-шараларды қамтиды. Өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету мақсатында атыс тиріне (атыс галереясына) кіреберіс есіктер ілмектермен, электр қоңырауымен және көру саңылауымен жабдықталады. Қызметкерлерді, атқыш-спортшыларды және аңшыларды тирге (атыс орнына) және стендке өткізу кілттер мен құжаттама сақтауға арналған қажетті жәшіктермен, рұқсаттамалардың, нұсқаулықтардың, секциялардағы сабақ кестелерінің үлгілері бар стендтермен жарақталатын бақылау-өткізу пункті арқылы жүргізіледі.

      19. Атыс жүргізген әрбір адамға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Атқыш парағы" ресімделеді.

      Спорттық атыс секцияларында айналысатын спортшыларға ұдайы негізде "Атқыш парағы" тоқсанына бір рет ресімделеді.

      20. Ату жүргізу алдында атыс жөніндегі нұсқаушы қаруды ұстау және атыс техникасының ережелері туралы нұсқама өткізеді, ол туралы "Атқыш парағына" тиісті белгі жасалады.

      21. Атыс тирлері (атыс орындары) және стендтер аумағында алкогольге немесе есірткіге мас күйде немесе өзге де түрдегі уланған адамдардың жүруіне жол берілмейді.

  Атыс тирлері (атыс орындары)
мен стендтерін ашу және олардың
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Атыс тирлері (атыс орындары)
мен стендтерін ашу және олардың
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша

Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың
жұмыс істеуіне рұқсат алу үшін
өтініш

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Атыс тирлері (атыс орындары)
мен стендтерін ашу және олардың
жұмыс істеу қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Кадр есебі жөніндегі жеке

ІС ПАРАҒЫ

ЛИЧНЫЙ ЛИСТОК

по учету кадров



Фотосуретке

арналған орын

Место

для

фотокарточки



      1. Тегі _____________________________________________________________

      Фамилия

      Аты _________________________________________________________________

      Имя

      (Болған жағдайда) әкесінің аты ______________________________________

      Отчество (при его наличии)

      2. Жынысы 3. Тұған күні, айы және жылы __________________

      Пол Год, число и месяц рождения

      4. Тұған жері _______________________________________________________

      Место рождения (село, ауыл, қала, облыс, республика)

      (село, деревня, город, район, область, республика)

      5. Ұлты _____________________________________________________________

      Национальность

      6. Білімі ___________________________________________________________

      Образование

Оқу орнынң атауы

және оның тұрған жері

Название учебного заведения и его местонахождение

Түскен жылы

Год поступления

Бітірген немесе шыққан жылы

Год окончания или ухода

Бітірмесе, қай курстан кетті

Если не окончил, то с какого курса ушел

Қандай мамандық бойынша білім алды

По какой специальности обучался

Оқу орнын бітірген соң кім болып шықты, диплом не куәлік нөмерін көрсету керек

Какую квалификацию получил в результате окончания учебного заведения, указать № диплома или удостоверения














      7. Қандай шетел тілдерін және ТМД қалықтарының тілдерін білесіз _____

      Какими иностранными языками владеете

      _____________________________________________________________________

      (читаете и переводите со словарем, читаете и можете объясняться, владеете свободно)

      8. Ғылым дәрежеңіз, атағыңыз ________________________________________

      Ученая степень, звание

      9. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз бар ________________

      Какие имеете научные труды и изобретения

      _____________________________________________________________________

      10. Еңбек жылы (жоғары және орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін қоса жұмысын т.б. қоса есептегенде)

      Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних специальных учебных заведениях, военную службу, работу по совместительству и др.):

      _____________________________________________________________________

      Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар кезінде

      қалай аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызмет лауазымы округімен

      қоса көрсетілсін

      При заполнении данного пункта учреждения, организации и предприятия

      необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную

      службу записывать с указанием должности, округа

      _____________________________________________________________________

Айы және жылы

Месяц и год

Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін

Должность с указанием учреждения, организации, предприятия, а также министерства (ведомства)

Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері

Местонахождение учреждения, организации, предприятия

келген

вступления

кеткен

ухода










      11. Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар ___________________________

      Какие имеете правительственные награды (қашан, немен

      наградталдыңыз)

      (когда и кем награждены)

      12. Әскери қызметке қатысы және әскери атағы ________________________

      Отношение к воинской обязанности и воинское звание

      Құрамы ____________________________ Әскери түрі __________________

      Состав (командалық, саяси, әкімшілік, Род войск

      (командный, политический,

      административный, технический и т.д.)

      13. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы ________________

      Семейное положение в момент заполнения личного листка

      _____________________________________________________________________

      (отбасы мүшелерінің туған жылын, тегін аты мен (болған

      жағдайда) әкесінің атын көрсетіп жазыңыз)

      (перечислить членов семьи с указанием года рождения, фамилии, имени,

      отчества (при его наличии)

      _____________________________________________________________________

      14. Мекен-жайыңыз бен телефоныңыз: __________________________________

      Домашний адрес и телефон:

      "___" ___________ 20__ ж. Өзінің қолы ____________

      (толтырылған мезгілі) Личная подпись

      (дата заполнения)

      _____________________________________________________________________

      (Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы

      (білімі, ғылыми дәреже, атақ алуы т.с.с.) қызмет орнына хабарлауға

      міндетті. Бұл мағлуматтар жеке іс қағазына түсіріледі).

      (Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех последующих

      изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и

      т. п.) сообщить по месту работы для внесения этих изменений в его

      личное дело.)

      _____________________________________________________________________

  Атыс тирлері (атыс орындары)
мен стендтерін ашу және олардың
жұмыс істеу қағидаларына
4-қосымша

      нысан

Халықаралық спорт атысы федерациясының нормалары мен
ережелеріне сәйкестігі туралы "Қазақстан спорт атысы
федерациясы" қоғамдық бірлестігінің № ______ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.02.2021 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Атыс тирлері (атыс орындары)
мен стендтерін ашу және олардың
жұмыс істеу қағидаларына
5-қосымша

АТҚЫШ ПАРАҒЫ № _______

      (сақтау мерзімі 3 жыл)

      _________________________________________________

      (объектінің атауы)

      20 ____ ж "__" _____________

      Атудың басталуы ___ сағат ______минут

      Атудың аяқталуы ___ сағат ______минут

      "Спорттық секциямен айналысу кеспесі"

дс

сс

ср

вс

жм

сн

жкс








      1. __________________________________________________________________

      (атқыштың тегі, аты, (болған жағдайда) әкесінің аты, тұрғылықты мекенжайы)

      2. Нұсқауды алдым ___________________________________________________

      (атқыштың қолы)

      3. __________________________________________________________________

      (қарудың маркасы, моделі, нөмірі, сериясы, калибрі)

      4. __________________________________________________________________

      (Қаруды сақтауға және алып жүруге арналған рұқсаттың №, күні, кім берген,

      _____________________________________________________________________

      жарамдылық мерзімінің аяқталу күні)

      5. __________________________________________________________________

      (атылған патрондардың атауы, маркасы, калибрі, саны)

      6. __________________________________________________________________

      (атысты жүргізген нұсқаушының тегі, аты, (болған жағдайда) әкесінің аты)

      Ескертпе.

      Оқ ату және стендтік ату бойынша республикалық және халықаралық жарыс кезінде "Атқыш парағы" ресімделмейді, атыстарды тіркеу жарыс өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      ______________________________________

      (атқыштың қолы)

      ______________________________________

      (нұсқаушының қолы)