"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 78 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен
міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы 25 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 62 (1091), 2007 жылғы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Егер банк банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру бойынша операцияны, оның ішінде Заңның 61-2 және 61-4-баптарында көзделген, бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді беру бойынша операцияны жүргізу шеңберінде кредит бойынша талап ету құқығын иеленген жағдайда, банк активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шартқа өткізу актісіне қол қойған күнінен бастап осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделетін кредиттік досьені ашады. Кредиттік досьеге өткізу сәтінде бастапқы кредитордың кредиттік досьесіндегі барлық құжаттардың түпнұсқалары қоса тіркеледі.
Кредиттік досьеде осы Ережеде көзделген құжаттар болмаған жағдайда, кредит бойынша талап ету құқығы берілген банк, сондай-ақ өзінің талап ету құқығын басқаға берген банк (бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға) уәкілетті орган белгілеген мерзімде, бірақ өткізу актісіне қол қойған күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімде кредитті беру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (егер кредитті беру туралы шарттың қолданылу мерзімі бір жыл ішінде аяқталса) оны осы Ереженің талаптарына сәйкес келтіреді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге де операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4718 тіркелген, 2007 жылғы 13 шілдеде "Заң газеті" газетінде № 106 (1135), 2007 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге де операцияларды лицензиялау ережесінде:
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Банк уәкілетті органға банктік немесе өзге де операцияларды жүргізуге және (немесе) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату және (немесе) лицензиядан операциялардың және (немесе) қызметтің жекелеген түрлерін алып тастау туралы ерікті түрде өтініш жасаған кезде, банк акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде операциялардың және (немесе) қызметтің барлық түрлері немесе алып тасталуға тиіс операция және (немесе) қызмет түрі бойынша міндеттемелердің барлығын орындағаннан кейін (банк уәкілетті органға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған жағдайда) күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасауына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтатуға және (немесе) лицензиядан операциялардың және (немесе) қызметтің жекелеген түрлерін алып тастауға өтініш жасайды.
Банктер туралы заңның 61-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, еншілес банк акционерлердің жалпы жиналысы шешімінің негізінде активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға ерікті түрде өтініш жасауына байланысты банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтатуға уәкілетті органға өтініш жасайды.";
30-2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бас банк пен еншілес банк арасында жасалған, активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру туралы шарттың түпнұсқасы қоса берілетін, Банктер туралы заңның 61-4-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банктің операциялардың және (немесе) қызметтің барлық түрлері немесе алып тасталуға тиіс операция және (немесе) қызмет түрі бойынша міндеттемелердің және қолданыстағы шарттардың жоқтығы туралы кепілдік-хаты;";
мынадай мазмұндағы 30-7-тармақпен толықтырылсын:
"30-7. Осы Ереженің 30-1-тармағының, 30-4-тармағы 3) тармақшасының, 30-6-тармағы екінші бөлігінің талаптары Банктер туралы заңның 61-4-бабының 7-тармағына сәйкес банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасаған кезде еншілес банкке қолданылмайды.".
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында да, сол сияқты ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырылуы мүмкін мәмілелерді жасаудың мынадай:
1) Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған (ұсынған), № 358 нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттық ұйымдастырушыларының жүйелерінде айналысқа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздармен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
3) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы" 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысымен белгіленген ең төменгі рейтингі бар шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасау;
4) Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларымен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында "репо" және "кері репо" операцияларын жүргізу;
5) меншікті облигациялармен мәмілелер жасау;
6) "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 27-баптарына сәйкес акционерлік қоғамның (оның ішінде екінші деңгейдегі банктің) өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы;
7) қор биржасы делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды өткізу;
8) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің басқа бағалы қағаздарына айырбастау немесе конвертациялау;
9) басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру;
10) халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысының қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларында айналыстағы акцияларымен (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) мәмілелер жасау;
11) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес заңды тұлғалардың акцияларымен немесе жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерімен мәмілелер, сондай-ақ мемлекеттік емес бағалы қағаздармен "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағына сәйкес мәмілелер жасау;
12) базалық активі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің иемденуіне рұқсат етілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын депозитарлық қолхаттармен мәмілелер жасау;
13) екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалатын бағалы қағаздармен мәмілелер жасау;
14) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау рәсімі жүргізілген бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ бас банк пен ұлттық басқарушы холдинг арасындағы еншілес банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын беру жөніндегі мәмілелерді жасау жағдайларын қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен қайталама нарықта мәмілелер жасайды.".
4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6884 тіркелген, 2011 жылғы 31 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 226-227 (26625), 2011 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 16 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесінде:
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Банк жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің объективті, жан-жақты және уақтылы қаралуын қамтамасыз етеді, клиенттерді олардың өтініштерін қарау қорытындысы және қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.
Клиентке өтінішті қарау қорытындысы туралы жазбаша жауабы мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі және онда клиент жазған әрбір өтінішіне, талабына, ұсынымына және өзге де сұрағына қабылданған шешім бойынша шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының, банктің ішкі құжаттарының, қаралатын мәселеге қатысы бар шарттардың тиісті нормаларына, сондай-ақ қаралатын мәселенің іс жүзіндегі жағдайларына сілтеме жасалған негізделген және уәжделген дәлелдері қамтылады.
Клиенттің өтініші Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау рәсімі жүргізілген бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беруді жүзеге асырған бас банкке немесе еншілес банкке келіп түскен жағдайларда, клиенттің өтініші келіп түскен, осындай беру нәтижесінде тиісті активті немесе міндеттемені алған банк (бұрын еншілес банк болып табылған заңды тұлға) жауапты дайындайды және оны клиентке жібереді.".
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
"70-1. Осы тарауда белгіленген, клиенттердің активтерін жаңа кастодианға беру тәртібі Қағидалардың 60-тармағында, 61-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 62-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, 64, 69 және 70-тармақтарында көзделген талаптарды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген бас банк (бұдан әрі – бас банк – жаңа кастодиан) пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру бойынша операцияны жүргізу шеңберінде кастодианның инвестициялық қордың активтерін жаңа кастодианға беруіне қолданылмайды.
Көрсетілген жағдайда еншілес банк - кастодиан клиенттің еншілес банкпен кастодиандық шартты бұзбай және клиенттің бас банкпен - жаңа кастодианмен кастодиандық шартты жасамай клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде инвестициялы қордың активтерін бас банкке - жаңа кастодианға береді.
Клиенттің еншілес банктің - кастодианның активтерін есептен шығару және бас банкте - жаңа кастодианда есепке алу жөніндегі операцияларды кастодиандар клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде клиенттің жеке шоттардан (шоттарға), ағымдағы шоттардан/шоттарға есептен шығару (есепке алу) бойынша операцияларды жүргізуге арналған бұйрықтарды ұсынбай жүргізеді. Бас банктің - жаңа кастодианның клиентке жеке, ағымдағы шоттарды ашуы жеке, ағымдағы шоттарды ашуға арналған бұйрықтарды ұсынбай жүзеге асырылады.
Клиенттің активтерін қабылдау-өткізу актісі төрт данада жасалады, инвестициялық қордың (бар болса) инвестициялық портфелін басқарушыға, еншілес банк - кастодианға, бас банк - жаңа кастодианға, уәкілетті органға бір-бір данадан, оған инвестициялық қордың (бар болса) инвестициялық портфелін басқарушының, еншілес банк - кастодианның, бас банк - жаңа кастодианның бірінші басшылары және бас бухгалтерлері қол қояды және олардың мөр таңбаларымен расталады.
Бас банк - жаңа кастодиан мен еншілес банк - кастодиан арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру бойынша операцияны жүргізу кезінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде клиенттерден жазбаша қарсылықтың болмауы клиенттің инвестициялық қордың активтерін бас банкке - жаңа кастодианға беруге келісімі ретінде қаралады.".
Нысан
Берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілетін
сақтандыру шарттарының тізімі
р/с № | Сақтандыру шартының (сақтандыру полисінің) нөмірі | Сақтандыру шартының жасалған күні | Сақтанушының атауы не тегі, аты,әкесінің аты (бар болса) | Сақтандыру сыныбы | Сақтандыру шартының күшіне енген және қолданылуының аяқталған күні | Сақтандыру сомасының мөлшері | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және төленген күні | Сақтандыру жағдайы туралы өтініштің түскен күні | Сақтандыру жағдайының басталған күні | Сақтандыру төлемі (төлемдері) жүргізілген күн (күндер) | Жүргізілген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері) | Жүргізілмеген сақтандыру төлемін (төлемдерін) төлеу мерзімдері | Жүргізілмеген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері) | Сақтандыру төлемінен (төлемдерінен) бас тартқан күн (күндер) | Сақтандыру шарты бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервінің мөлшері (мөлшерлері): | Сақтандыру портфелін беруге келісім алу туралы мәліметтер (заңнамамен белгіленген жағдайларда) | ||
еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві | орын алған, бірақ мәлімделмеген шығындардың резерві | мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындардың резерві | |||||||||||||||||
Сақтандыру портфелін беру
сәтінде сақтандыру ұйымына
басшылық ететін тұлғаның қолы _________ _____________________
(қойылған қолды ашып жазу)
Қол қойылған күн 20___жылғы "___"_____________.
Мөрдің орны (бар болса)
Ескерту:
Осы Тізімнің 10-16-бағандары бойынша ақпарат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап берілетін, сақтандыру портфеліне кіретін сақтандыру шарттары бойынша толтырылмайды."