РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін банк қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы, осы қаулыға 1-қосымшаның 1-тармағының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 қаулысына 1-қосымша |
Өзгерістер енгізілетін банк қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 248 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 72 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8409 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 маусымда "Заң газеті" газетінде № 93 (2294) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарда:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Әдістемені банк өз бетінше әзірлейді және қаржылық жай-күйді бағалау тәртібінен, әдісінен, кезеңділігінен, тәсілдерінен, қажетті құжаттардың тізбесінен және қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жай-күйін айқындауға мүмкіндік беретін өзге де ақпараттан тұрады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Бас банк өзінің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иемденетін және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16795 болып тіркелген "Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысының талаптарына сәйкес келетін күмәнді және (немесе) үмітсіз активтер бойынша талаптар құқығы түріндегі қамтамасыз етуге ие еншілес ұйымдарына № 80 қаулыда белгіленген мөлшерден аспайтын барлық банктік қарыздар мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі шегінде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.".
3. "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9948 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аккредитив ашу үшін (Ұлттық Банкте аккредитивтер ашуды қоспағанда) бұйрық беруші қызмет көрсететін банкке (эмитент банкке) банктің (эмитент банктің) iшкi құжаттарында көзделген құжаттарды, сондай-ақ аккредитив ашуға арналған өтінішті ұсынады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Банк (эмитент банк) аккредитив ашу мерзімін белгілейді. Бұл ретте өтелген аккредитивті ашу үшін мерзім 3 (үш) жұмыс күнінен, өтелмеген аккредитив үшін – 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды. Банк (эмитент банк) аккредитивті ашу мерзімін клиент Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап есептейді.".
Өзгерістер енгізілетін банк қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымша |
Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.12.2019 № 248 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 қаулысына 2-қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 болып тіркелген, 2007 жылғы 25 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 62 (1091) жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 209 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4901 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 144 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5369 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5611 болып тіркелген, 2009 жылғы 17 сәуірде "Заң газеті" газетінде № 57 (1480) жарияланған).
5. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 91 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5688 болып тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 241 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5986 болып тіркелген).
7. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 38 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6186 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14 жарияланған).
8. "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14 жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнің 17-тармағы.
9. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қазандағы № 161 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6662 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 35 (26437) жарияланған).
10. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мәселелері бойынша және кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6940 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 299-300 (26694) жарияланған).
11. "Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелер қабылдайтын қатысушы (қатысушылар) банктегі (банктердегі) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның заемдар беру және депозиттерді орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 136 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7603 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған).
12. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 16-тармағы.
13. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттеу жөніндегі құжаттамаға талаптарды белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 145 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9719 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағы.
14. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 242 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10230 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
15. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 28 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10715 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8-тармағы.
16. "Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 70 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11297 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
17. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 78 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11149 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.
18. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 93 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11670 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.
19. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 қазандағы № 200 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12376 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағы.