"Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11132 тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қ.Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Инвистициялар және даму министрі

      ____________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "___" ______________

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      201 жылғы "___" _________

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      _________________ М. Құсайынов

      201 жылғы "___" _________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 237 бұйрығымен бекітілген

"Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекетітік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде– 30 жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместік фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық түрде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – "Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті берушінің берген рұқсаттары туралы мәліметтер "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған хабарлама нысанында бұйрықтың электрондық көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы рұқсатты қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда рұқсат бұйрық көшірмесі түрінде беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) барлық құрылтайшылары мен басшыларының (Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және ЖСН) мәліметтерін көрсете отырып еркін нысанда өтініш;

      2) жарлық көшірмесі;

      3) сабақтарды өткізуге арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік құқығындағы атыс тирінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлінісінің көрсетілетін қызметті алушыда оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көзделген арнайы және техникалық құралдардың бар-жоғын растайтын тексеру актісі;

      6) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру дағдысы бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      7) оқытушыларда және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандарда тиісті теориялық, практикалық білімінің және өзінің кәсіби құзыреті саласында оқыту дағдыларының бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелері (еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

      8) көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының көшірмелері;

      9) белгіленген талаптарға жауап беретін қаруды сақтауға арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелері (не қаруды сақтау шарты);

      10) көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылар) мен басшыларына қатысты психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамалары.

      Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) жарлығының электрондық көшірмесі;

      3) сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік құқығындағы атыс тирінің бар-жоғын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлінісінің қызмет алушыда оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларында көзделген арнайы және техникалық құралдардың бар-жоғын растайтын тексеру актісінің электрондық көшірмесі;

      6) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру дағдысы бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      7) оқытушыларда және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандарда тиісті теориялық, практикалық білімінің және өзінің кәсіби құзыреті саласында оқыту дағдыларының бар-жоғын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері);

      8) көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының электрондық көшірмелері;

      9) белгіленген талаптарға жауап беретін қаруды сақтауға арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (не қаруды сақтау шарты);

      10) көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылар) мен басшыларына қатысты психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлер беретін медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларының жеке басын және сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың санитарлық нормаларға сәйкестігін растайтын мәліметтерді, сондай-ақ соттылығының жоқтығы туралы, қылмыстық жауапкершіліктен және ақталмайтын негіздер бойынша жазадан босатылғаны туралы анықтамаларды; көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғандығы туралы мәртебе жолданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      9-1. Мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 10-1-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмейді;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарында деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Министрліктің және (немесе) оның лауазымды тұлағаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым:

      1) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – ӘПК) басшысының атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымдарды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы белгілер) жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағыммен сотқа жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2017 № 189 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мекенжайы Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны (1414) арқылы ұсынылуы да мүмкін.