"Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11132 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу" мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                             Қ.Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Инвистициялар және даму министрі
      ____________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы «___» ______________

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      201 жылғы «___» _________

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      _________________ М. Құсайынов
      201 жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 16 наурыздағы 
№ 237 бұйрығымен бекітілген

«Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекетітік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкімет» веб-порталы:  www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар топтамасын алу сәтінен бастап – 30 жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместік фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық түрде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – «Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы.
      Көрсетілетін қызметті берушінің берген рұқсаттары туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін түскі үзіліспен сағат сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілет қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) барлық құрушылардың (ТАӘ және ЖСН) мәліметтерін көрсете отырып еркін нысанда өтініш;
      2) жарлық көшірмесі;
      3) сабақтарды өткізуге арналған үй-жайдың бар болуын растайтын құжат көшірмесі;
      4) сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың санитарлық нормаларға сәйкестігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
      5) атыс дайындығы сабақтарын өткізуге арналған атыс тирінің бар болуын растайтын құжат:
      заңды тұлғалар үшін - меншік құқығында;
      филиалдар үшін - меншік құқығында не жалға алу келісімшарты;
      6) қызмет берушінің аумақтық бөлінісінің қызмет алушыны оқу бағдарламалары және оқу жоспарларымен көзделген арнайы және техникалық құралдардың бар болуын растайтын тексеру актісі;
      7) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру қабілеті бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар болуын растайтын құжаттар;
      8) оқытушыларда және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандарда тиісті теориялық, практикалық білімінің және өзінің кәсіби құзыреті саласында оқыту қабілеттері бар болуын растайтын құжаттар (еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмелері);
      9) қызмет алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлар;
      10) белгіленген талаптарға жауап беретін қаруды сақтау үшін арналған үй-жайдың бар болуын растайтын құжаттар (не болмаса қаруды сақтауға шарт);
      11) қызмет алушының барлық құрушысына (қатысушысына) психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамасы.
      Қызмет алушының барлық құрушыларының (қатысушылардың) жеке басын растайтын мәліметтерді, сондай-ақ соттылығының болмауы туралы, қылмыстық жауапкершіліктен және ақталмайтын негіздер бойынша жазадан босатылу туралы анықтамаларды; қызмет алушының барлық құрушыларына (қатысушыларына) қозғалған қылмыстық істер, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы мәліметтерді қызмет берушінің қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Министрліктің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым:
      1) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – ӘПК) басшысының атына;
      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не болмаса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

       11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мекенжайы Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны (1414) арқылы ұсынылуы да мүмкін.