Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11127 тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 15 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      2015 жылғы 22 сәуір

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 7-1/68 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, сондай-ақ "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бөлігі;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын сырғалар (аспалы, радиожиілік таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;

      6) процессингтік орталық – функцияларын Заңға сәйкес жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      Ескерту. Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.

      Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:

      бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);

      тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);

      асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

      тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тоғыз айлық жасқа дейінгі жылқылар, тақ тұяқты жануарлар мен торайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он екі символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:

      бірінші екі символ – ІSO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);

      үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);

      төртінші символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;

      бесінші мен он екінші аралығындағы символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жылқының және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірі он символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:

      бірінші екі символ – ІSO–Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);

      үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);

      төртінші символ – жылқының сандық коды (4), тақ тұяқты жануарлардың сандық коды (6);

      бесінші мен оныншы аралығындағы символдар – жылқының, тақ тұяқты жануарлардың реттік нөмірі.

      Құлындарға және тақ тұяқты жануарлар төлдеріне төрт айлық жасына жетуі бойынша таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жүргізілген жағдайында туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) құлындаған құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің реттік нөмірінен тұратын уақытша бірдейлендіру нөмірі беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің уақытша жеке нөмірі жануарлар иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасынан үзінді-көшірме бере отырып слеш (KZF4000155/1) арқылы көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың жеке нөмірі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес шошқаның (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарының ішкі шаруашылық есебіне сәйкес шошқалардың (енесі жағынан ата-енесінің) торайлауында торайдың реттік нөмірінен тұрады.

      5-1. Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарлар басының саны осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі символдарының санынан асқан жағдайда, осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі символдарының санын ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірін бір символға ұлғайту жолымен ұлғайтуға жол беріледі.

      Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлерді беру әр облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін процессингтік орталық жеке өткізетін жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады. Жеке нөмірлердің эмиссиясы тоғыз айлық жасқа дейін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайларға, төрт айлық жасқа жеткенде таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жағдайында құлындар және тақ тұяқты жануарлардың төлдері үшін жүргізілмейді.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсіміне мыналар кіреді:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беру;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес мәліметтерді дерекқорға енгізу;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт беру.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

      1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);

      2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);

      3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:

      электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);

      татуировка;

      таңба басу.

      Бұл ретте, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беру:

      мал бастарын ішкі шаруашылық есепке алуды жүргізу үшін;

      осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір берілгенге дейін, ауыл шаруашылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру үшін жүргізіледі.

      Ауыл шаршылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады.

      Ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беруді жануарлардың иесі жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.07.2016 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Сырғалау ауыл шаруашылығы жануарларының құлақтарының ортасына аспалы сырғаны, көк тамырын зақымдамай бекіту арқылы жүзеге асырылады. Аспалы сырғалар келесі тәсіл арқылы бекітіледі:

      сырғаның бет жағы – ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ішкі жағынан.

      Ірі қара малға және ұсақ малға, түйелерге және шошқаларға оң құлағына бір аспалы сырға бекітіледі. Ірі қара мал және ұсақ малды, түйелерді және шошқаларды бірдейлендіру үшін осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес радиожиілікті белгісі бар сырғаларды ауыл шаруашылығы жануарларының сол жақ құлағына бекіту жолымен пайдалануға жол беріледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарларының сырғалары өмір бойы шешілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.07.2016 № 344 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыны және тақ тұяқты жануарларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына таңба дененің сол жағына жамбас аумағына салынады.

      Жылқыларға және тақ тұяқты жануарларға таңба денесінің сол жағына жауырын (клеймо) және жамбас аумағына (реттік нөмір) немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттік нөмір) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес салынады.

      Таңба ең көбі алты символдан тұрады:

      бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы жануары иесінің клеймосы. Клеймо бір немесе екі латын немесе араб бас әрпі (тері) және/немесе сан(дар), геометриялық фигура(лар) болып табылады. Клеймо бір әріп немесе сан немесе фигурадан құралған жағдайда, таңба төрт символдан құралады. Клеймо ауыл шаруашылығы жануары иесінің қалауы бойынша салынады;

      үшінші және төртінші символдар (міндетті) осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірінің алғашқы сандарының (соңғы екі санды қоспағанда) жиыны. Жылқыда және тақ тұяқты жануарларда бұл біріншіден төртіншіге дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде біріншіден алтыншыға дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны. Егер жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандарының жиынтығында жиынтық бір символды құраса, онда таңбаға бір символ салынады. Егер символда нөл бар болса, онда ол таңбаға салынбайды;

      бесінші және алтыншы символдар (міндетті), осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес берілген жануардың реттік нөмірінің соңғы екі саны. Жылқыларда және тақ тұяқты жануарларда бұл реттік нөмірдің бесінші және алтыншы сандары, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде реттік нөмірдің жетінші және сегізінші сандары.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электрондық тәсілі (радио жиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және бұйымдар (құралдар) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану (қолдану) жөніндегі тиісті ңұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электрондық тәсілін жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірімен сәйкес келуі міндетті емес, бірақ қосымша ветеринариялық паспортта көрсетіліп, дерек қорға енгізілуі керек.

      13. Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарларға татуировканы осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес құлақ қалқанында еркін символдар жинағымен жасайды. Татуировканы құлақтың сыртының төменгі жағына салады.

      14. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайларға арналған татуировка ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, фермерлік және шаруа қожалықтарындағы мал басын ішкі шаруашылық тіркеуге сәйкес шошқаның (енесі жағынан ата-енесі) торайлануындағы реттік нөмірден тұрады.

      15. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген нысанға, мөлшерге, сипаттамаларға сәйкес келеді.

      16. Бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларының бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағынан басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған кезде, ветеринариялық паспортқа және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы дерек қорға ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыру туралы мәліметтірді енгізе отырып берілген жеке нөмірлері сақталады.

      17. Шыққан елінде бірдейлендірілген импортталған ауыл шаруашылығы жануарлары бұрын берілген жеке нөмірін сақтап қалады. Карантиндеуден кейін импортталған жануарлар туралы деректер осы Қағидамен бекітілген тәртіппен ветеринариялық паспортты бере отырып, дерек қорға енгізіледі.

      18. Шыққан елінде бірдейлендірілмеген импортталатын ауыл шаруашылығы жануарлары белгіленген межелі орны етті өңдеу кәсіпорны, сою пункттері, сою алаңдары (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары) болса және карантиндеу біткеннен кейін жеті күн тізбелік күннен аспай союға жататын болса, онда ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатпайды.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындайды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган):

      1) ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейін – ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;

      2) ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін – келесі жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;

      3) осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктің туындауына қарай ақпарат береді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік туралы ақпаратты айқындайды және процессингтік орталыққа:

      1) ағымдағы жылғы 15 ақпанға дейін – ағымдағы жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;

      2) ағымдағы жылғы 15 наурызға дейін – келесі жылға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілік бойынша;

      3) осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттіліктің туындауына қарай ақпарат береді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізеді:

      1) жеке нөмірлердің жүргізілген эмиссиясының нәтижелерін жергілікті атқарушы органдарға жеткізеді;

      2) ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдауды (жеткізуді) және жергілікті атқарушы органдарға беруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Облыстың жергілікті атқарушы органы:

      1) процессингтік орталықтан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың алынуына қарай ветеринариялық ұйымдарға олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды бөледі;

      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;

      3) тұрақты негізде дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы:

      1) процессингтік орталықтан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, жеке нөмірлердің эмиссиясын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың алынуына қарай ветеринариялық ұйымға олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды береді;

      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;

      3) тұрақты негізде дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      24. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Ветеринариялық ұйым:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу уақыты мен орнын айқындайды;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;

      3) жануарға осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген сәйкестендіру тәсілдерімен жеке нөмір береді;

      4) дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады (дерекқорға деректерді енгізу);

      5) жануар иесіне осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес ветеринариялық паспорт береді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Ветеринариялық мекеме осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілдермен бірдейлендіру жүргізу барысында осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жургізу туралы ведомость (бұдан әрі – ведомость) ресімдейді.

      27. Ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа және фермерлік қожалықтардың ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруге жол беріледі:

      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік, шаруа қожалықтарының ветеринариялық дәрігерлерінің сырғалау рәсімін жүргізу үшін еркін нысанда қабылдау-беру актісін ресімдей отырып кейіннен аспалы сырғаларды (осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ірі және ұсақ жануарларға жеке нөмір салынған) беру арқылы;

      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың ветеринариялық дәрігерлерінің чип салу және таңба басу ресімдерін жүргізуі үшін жеке нөмірді беру арқылы.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік, шаруа қожалықтарының ветеринариялық дәрігерлерінің бірдейлендіру рәсімдерін жүргізу қорытындысы бойынша күнтізбелік он күн ішінде ведомость ресімделеді және ветеринариялық ұйымға беріледі.

      28. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бүлінген немесе жоғалған кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) жануар иесі басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ветеринариялық паспорттармен және дерекқормен салыстырып тексергенге дейін жануарды оқшаулайды.

      Егер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бірнеше ауыл шаруашылығы жануарларынан жоғалған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін анықтау ветеринариялық паспортта (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, қосымша белгілері) көрсетілетін қосымша деректер бойынша жүргізіледі.

      Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін белгілеу ауыл шаруашылығы жануарларының иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Осы тармақта көрсетілген себептер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын қайта бірдейлендіру жануар иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір бере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір беру кезінде дерекқорда және ветеринариялық паспортта ауыл шаруашылығы жануарын қайта бірдейлендіру себептерін көрсете отырып және осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген шараларды қабылдай отырып, ауыл шаруашылығы жануарының алдыңғы жеке нөміріне байланыстыра отырып, тиісті ақпарат (қайта бірдейлендірілді) көрсетіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлін бірдейлендіру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.

      Ауыл шаруашылығы құралымдары мен шаруа қожалықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесіне және ветеринариялық ұйымға басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Мемлекеттік қызметті ветеринариялық ұйымдар көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді ветеринариялық ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31-1. Ветеринариялық ұйымның жұмыскері өтініш түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады және оны жауапты ветеринариялық дәрігерді тағайындайтын ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ветеринариялық ұйымда қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы белгі қою болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Ескерту. Қағидалар 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31-2. Жауапты ветеринариялық дәрігер өтініш тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, жауапты ветеринариялық дәрігер өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Ескерту. Қағидалар 31-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31-3. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты ветеринариялық дәрігер дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

      Ветеринариялық паспорт қағаз нысанында ресімделеді. Ветеринариялық паспортқа мәліметтерді ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері енгізеді, ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігерінің қолымен және мөрімен бекемделеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ветеринариялық паспортты алу орны, күні және уақыты туралы ақпарат не ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. Қағидалар 31-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.

      Паспорт нөмірі осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес келеді.

      33. Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі. Ұсақ малдың, шошқалардың тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берген кезде, ветеринариялық паспорт нөмірінде осы Қағиданың 3, 4 және 5 тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрінің жеке нөмірінің төрт символы көрсетіледі. Ветеринариялық паспортқа топтың (отардың) әрбір ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі енгізіледі.

      34. Ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық дауалау және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерекқорға енгізіледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Ветеринариялық паспорт деректерін кейіннен жаңарту ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, иесін ауыстыру, ауыл шаруашылығы жануарын бір әкімшілік-аумақтық бірліктен екінші әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған және басқа жағдайларда жүзеге асырылады.

      36. Ірі ауыл шаруашылығы жануарлар шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) ветеринариялық паспорт ондағы тиісті белгісімен ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі.

      Ұсақ ауыл шаруашылығы жануарлары тобының (отарының) бір бөлігі қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беріледі. Ұсақ ауыл шаруашылығы жануары межелі пунктке келгеннен кейін, ауыл шаруашылығы жануарында бар жеке нөмірді өзгертпей ветеринариялық паспорт ресімделеді.

      Тиісті мәліметтер дерек қорға енгізіледі.

      37. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында (сою бойынша алаң), сою пунктінде және етті қайта өндіру кәсіпорнында сойғаннан кейін сою алаңының (сою бойынша алаң), сою пунктері мен етті өңдеу кәсіпорындарының ветеринариялық дәрігерлері, ветеринариялық паспорттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйымдарға тізімдеме бойынша береді, ал жеке тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде – иелері тапсырады.

      38. Жануар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде ветеринариялық паспорттарды және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдарды) жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне тиісті ақпаратты жолдай отырып, ветеринариялық ұйымдар жояды.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру ол жоғалған немесе бүлінген кезде жүргізіледі.

      Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Жоғалған, бүлінген ветеринариялық паспорттар ауыл шаруашылығы жануарларының иелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.

      Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын алуға өтініш келіп түскен кезде ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді, жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазумен және ветеринариялық паспорттың бастапқы берілген күні мен оны қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, ветеринариялық паспорттың телнұсқасын ресімдейді не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме алу қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйым арқылы не портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері отыз минут ішінде өтінішті қарайды және ветеринариялық паспорттан үзінді көшірмені береді не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартады.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ветеринариялық паспорт алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық паспорт алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

      Ескерту. Қағидалар 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40-2. Ветеринариялық ұйым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағидалар 40-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ветеринариялық ұйымдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. Қағидалар 4-тараумен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ветеринариялық ұйымның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ветеринариялық ұйым, жергілікті атқарушы орган басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      42. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      ветеринариялық ұйым, жергілікті атқарушы орган – оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      43. Ветеринариялық ұйымның, жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      44. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына 1-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және саңдық кодтары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.08.2019 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р/с

Литерлік код

Штрих-кодқа арналған сандық код

Атауы

1.

KZ

398

Қазақстан Республикасы

2.

С

01

Ақмола облысы

3.

B

02

Алматы облысы

4.

D

03

Ақтөбе облысы

5.

E

04

Атырау облысы

6.

F

05

Шығыс Қазақстан облысы

7.

H

06

Жамбыл облысы

8.

L

07

Батыс Қазақстан облысы

9.

P

08

Қостанай облысы

10.

M

09

Қарағанды облысы

11.

N

10

Қызылорда облысы

12.

R

11

Маңғыстау облысы

13.

S

12

Павлодар облысы

14.

T

13

Солтүстік Қазақстан облысы

15.

Х

14

Түркістан облысы

16.

A

15

Алматы қаласы

17.

Z

16

Нұр-Сұлтан қаласы

18.

Ү

17

Шымкент қаласы

      Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды

      1 – ірі қара мал

      2 – ұсақ мал

      3 – шошқалар

      4 – жылқылар

      5 – түйелер

      6 – тақ тұяқты жануарлар

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      (1-бет)/(страница 1)

Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________ село/аудан/район (қала/город)

      _____________________ облыс/область

  (2-бет)/(страница 2)

      Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: ____*

      Жануар туралы деректер / Данные о животном:

      Tүpi / Вид __________________________________________________________

      Жынысы / Пол ______________________________________________________

      Аты / Кличка ________________________________________________________

      Жасы (туған күні) / Возраст (дата рождения) _____________________________

      Бiрдейлендiру әдici / Способ идентификации ____________________________

      Малдың ата-енелері туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін) /

      Данные о родителях (для племенного животного) ________________________

Ауыл шаруашылығы жануарлары тиесілі иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы/ фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца или наименование юридического лица, которому принадлежат сельскохозяйственные животные

Иесiнiң немесе заңды тұлғаның мекенжайы /Адрес владельца или юридического лица

Топқа (отарға) паспорт берген кезде ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру нөмірі / Идентификационный номер сельскохозяйственных животных при выдаче паспорта на группу (отару)

Ауыл шаруашылығы жануарларының иесi ауыстырылған күн/ Дата смены владельца сельскохозяйственных животных

Ауыл шаруашылығы жануарлары иесiнiң ауыстырылуын растайтын, жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігерінің қолы мен мөpi/ Подпись и печать ветеринарного врача государственной ветеринарной организации, созданной местным исполнительным органом, подтверждающего смену владельца сельскохозяйственных животных




































      Берiлген күнi 20 __ жылғы __ ________ / Дата выдачи __ ________ 20 __ год

      (ветеринариялық паспорт берген,

      жергілікті атқарушы орган

      құрған мемлекеттік ветеринариялық

      ұйымның ветеринариялық дәрігерінің мөpi/

      печать ветеринарного врача государственной ветеринарной

      организации, созданной местным

      исполнительным органом, выдавшей

      ветеринарный паспорт) __________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы / фамилия, имя,

      отчество (при наличии), подпись)

      Ескертпе: *ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмiрiне сәйкес келедi. Паспортты ауыл шаруашылығы жануарларының тобына (отарына) берген кезде төртінші жеті сан (бірдейлендіру нөмipiнiң жеке тасымалдаушысы) көрсетілмейді. Бұл сандар жануарлар паспорты кecтeciнiң 3-бағанында көрсетіледі/Примечание: *номер ветеринарного паспорта соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственных животных. При выдаче паспорта на группу (отару) сельскохозяйственных животных четвертые семь цифр (индивидуальный носитель идентификационного номера) не указывается. Эти цифры указываются в 3 графе таблицы паспорта животного.

  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
3-қосымша



      Талдануы

      Таңба ең көбі алты символдан тұрады

      Мысалы:

      Жануардың жеке нөмірі

      KZC4111111



      4 11

      в–бірінші және екінші символдар (міндітті емес) – жануар иесінің

      клеймосы;

      1111 = 4 – жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандары сомасы (соңғы

      екі санды қоспанда);

      11 – жануардың реттік санының соңғы екі саны.

      Таңба: в 411

      Келесі мысалдар:

      Жануардың жеке нөмірі

      KZC4999910



      36 10

      в - бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы

      жануары иесінің таңбасы;

      9999 = 36 – жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандары сомасы (соңғы екі санды қоспанда);

      10 – жануардың реттік санының соңғы екі саны.

      Таңба: в 3610

Жануардың жеке нөмірі
KZC4000010


0 10
Таңба: в 10
Жануардың жеке нөмірі
KZC4100000


1 00
Таңба: в 100
Жануардың жеке нөмірі
KZC4000100


1 00
Таңба: в 100

Жануардың жеке нөмірі
KZC4000101


1 01
Таңба: в 101
Жануардың жеке нөмірі
KZC4000100


1 00
Таңба: в 100
Жануардың жеке нөмірі
KZC4100100


2 00
Таңба: в 200

Жануардың жеке нөмірі
KZC4000200


2 00
Таңба: в 200
Жануардың жеке нөмірі
KZC4100200


3 00
Таңба: в 300
Жануардың жеке нөмірі
KZC4999999


36 99
Таңба: в 3699

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына 3-1-қосымша

      Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың бірдейлендіру нөмірі:

      Мысалы:

      Жануардың жеке нөмірі:



      мұнда:

      KZC3000000012 – торайдың енесінің бірдейлендіру нөмірі;

      17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны;

      12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың татуировкасы:

      17/12

      мұнда:

      17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны;

      12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.

  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
4-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) нысандары, мөлшерлері және сипаттамасы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 22.04.2016 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған сырғалардың нысандары мен мөлшері



Беткі бөлігі Артқы бөлігі
Сыртқы жағы Сыртқы жағы

Беткі бөлігі Артқы бөлігі Сыртқы жағы Сыртқы жағы


1-сурет. Ірі жануарларға (ірі қара мал, түйе) арналған құлаққа ілетін аспалы сырға
 

2-сурет. Ұсақ жануарларға (ұсақ мал, шошқа) арналған құлаққа ілетін аспалы сырға

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) сипаттамасы

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) сертификатталған өнімі Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитеттің (ICAR) интернет ресурсында көрсетілген өндірушілер дайындайды:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған сатып алынатын бұйымдар (құралдар) үлгілері – ірі жануарларға (ірі қара мал, түйелер) және ұсақ жануарларға (ұсақ қара мал, шошқалар) арналған аспалы сырғалар www.icar.org сайтында жануарлардың тиісті түрлері үшін ICAR сертификатталған машина оқитын аспалы сырғалардың кестесінде жарияланады;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) үлгілері – радио жиілікті белгісі бар сырғалар, чиптер, болюстар www.icar.org сайтында ISO 11784 және ISO 11785 стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған ICAR құрылғыларының RFID кестесінде жарияланады.

      Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларының құлағына ілінетін аспалы сырғалар мына сипаттамаларға ие:

      аспалы сырғаның конструкциясы жануарлардың құлағына бекіткеннен кейін, оған зиян келтірмейді;

      оларды қайта қолдануға болмайды;

      сырғаның артқы бөлігінің ішкі жағында қатты сақина тәріздес кертіктің ұшы және сырғаның беткі бөлігінің ішкі жағында құлақ сырғасын шешкен кезде оның бұзылуын қамтамасыз ететін тығыздағыш сақина болады;

      полимерлі материалдан жасалған және сыртқы әсерлерге төзімді;

      өшпейтін жазулары бар және жануардың бүкіл өмірі бойы оқылады;

      сары түсті.

      Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларының құлағына ілінетін аспалы сырғаларға мыналар жазылады:

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 3, 4-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі аспалы сырғаның беткі бөлігінің сыртқы жағында, ауыл шаруашылығы жануарларының реттік нөмірі артқы бөліктің ішкі жағында;

      штрих-код аспалы сырғаның беткі бөлігінің сыртқы жағында. Штрих-кодта осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес сандық кодты пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он төрт символмен* кодталған. Жеке және реттік нөмірдің, штрих-кодтың орналасуы осы қосымшаның 1 және 2-суретерде көрсетілген;

      сырғаның әрбір бөлігінде өндірушінің сауда маркасы (сауда белгісі) және өндірілген күні (айы, жылы).

      Ескертпе: * ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірінің он төрт символы мыналардан тұрады:

      алғашқы үш символ – Қазақстан Республикасының сандық коды (ISO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымға сәйкес Қазақстан Республикасының коды - 398);

      төртінші және бесінші символдар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сандық коды;

      алтыншы символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;

      жетіден он төртіншіге дейінгі символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.

      Сырғалардағы радиожиіліктің белгілері, чиптер мен болюстер ISO 11784 және ISO 11785 халықаралық стандтарттарына сәйкес келеді.

      Таңбалардың мөлшері: ересек ауыл шаруашылығы жануары үшін – биіктігі 8 см-ден, ені 5 см-ден; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см-ден, ені 3 см-ден аспайды. Ыстық таңбалауға арналған таңбаны ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм беті тегіс жалпақ темірден дайындайды. Суықпен таңбалау кезінде сандардың стандартты мөлшері пайдаланылады.

  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы
ведомость

Р/с

Ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)немесе ауыл шаруашылығы жануары тиесілі заңды тұлғаның атауы

Меншік иесінің мекен-жайы немесе заңды тұлғаның атауы

Жануарлар өсіруді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің есептік нөмірі

Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы деректер

Қайталап бірдейлендіру

Ескертпе

Бірдейлендіру жүргізілген күн

Бірдейлендіру нөмірі

Енесінің бірдейлендіру нөмірі

Бірдейлендіру әдісі

Түрі

Жынысы

Малдың түсі

Аты

Жасы

Алдыңғы бірдейлендіру нөмірі

Қайталап бірдейлендіру себебі

















      Ведомость жасалған күн 20__ жылы____ ___________

      Ветеринариялық дәрігер_______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

      Мөрдің орны

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы
құрған ветеринариялық
ұйымның атауы)
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы _________________
_______________________

Өтініш

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу нәтижелері бойынша ветеринариялық паспорт беруді сұраймын.

      Жануардың түрі _____________________________________________

      Жануардың саны _______________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________

      Бірдейлендіру тәсілі (сырғалау, таңба басу, чип салу, татуировка) (керегінің астын сызу).

      Байланыс телефондары _________ Электронды мекенжайы _________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Қолы/ Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      _______________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні __________________

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
6-1-қосымша

"Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Қағидалар 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www. egov. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) ветеринариялық паспорт беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
3) ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беру кезінде – 30 (отыз) минут ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ветеринариялық паспортты, ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Ветеринариялық паспорт қағаз нысанында беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринариялық паспортты алу орны, күні және уақыты туралы ақпарат жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақытынан тыс құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақытының кестесіне сәйкес белгілейді;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында орналастырылған: www. gov. kz.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Ветеринариялық ұйымға жүгінген кезде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталда:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының ветеринариялық паспорт алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық паспорт алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
6-2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Ескерту. Қағидалар 6-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

________________________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринариялық ұйымның атауы)

      Сіздің 20 ___ жылғы ________ № __________ өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлайды.

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (бас тартуға негіздеме)

      __________________________________________________________________________

      (қол қоюшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы / электрондық цифрлық қолтаңба)

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы
құрған ветеринариялық
ұйымның атауы)
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты( бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы _________________

Өтініш

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беруді сұраймын.

      Себебі _____________________________________________

      Жануардың түрі _____________________________________________

      Жануардың саны _______________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________

      Байланыс телефондары _________ Электронды мекенжайы _________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Қолы/Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні __________

  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

      ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы
құрған ветеринариялық
ұйымның атауы)
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты( бар болса), тегі, жеке
сәйкестендіру нөмірі/заңды
тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы ________________

Өтініш

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беруді сұраймын.

      Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі __________

      Байланыс телефондары ____________ Электрондық мекенжайы_________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      Қолы/ Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      ____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні ___________________