БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінің № 269-273 (27347) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нөмірлі кеуде белгісі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жеке нөмірі бар кеуде белгісі ретінде тиісті нысанды киімге тағып жүруге арналады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың жеке нөмірі төрт символдан тұрады:
1) бірінші символ – латын әліпбиімен белгіленген, Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанаға бекітілген литерлік код;
2) соңғы үш символ – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен және берген ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жеке нөмірі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шегінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жеке нөмірлерін беру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес рет-ретімен жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібі";
көрсетілген Қағидаларға қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 232 (28455) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережеде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген объектілерде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық ілеспе құжаттарды қарауды қоса алғанда, тексеріс және профилактикалық бақылау және қадағалау түрінде жүзеге асырады.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Кодекске және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарында;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу тәртібі";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Арнайы комиссияның құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік ветеринариялық ұйымның, кәсіпкерлік субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
Арнайы комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағалары облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдері немесе олардың орынбасарлары болып табылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу кезіндегі құнын өтеудің шарттары";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектілерді Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Орны ауыстырылатын (тасылатын) объектіні импорттау кезінде оның соңғы межелі пунктінде сынамаларды іріктеп алу және оның ветеринариялық-санитариялық сараптамасы жүзеге асырылады.
Мәліметтер мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен расталады.".
3. "Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10466 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өтініштерді қабылдау және өндіріс объектісіне есепке алу нөмірлерінің нәтижелерін беру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелерінің кеңселері немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру тәртібі";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Ведомство алынған растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылатын тізілімге енгізеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 98 (28576) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі:
бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
тақ тұяқты жануарлардың төлі (есектер, қашырлар, пони, зебра, құлан және басқа жануарлар) – төрт айлық жасынан бастап (таңбалау кезінде), туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін (чиптеу кезінде);
асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және халықтың шаруашылықтарында күтіп-бағылатын торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
3. Тоғыз айлық жасқа дейінгі жылқылар, тақ тұяқты жануарлар мен торайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он екі символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:
бірінші екі символ – ІSO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);
үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);
төртінші символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;
бесінші мен он екінші аралығындағы символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.
4. Жылқының және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірі он символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:
бірінші екі символ – ІSO–Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);
үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);
төртінші символ – жылқының сандық коды (4), тақ тұяқты жануарлардың сандық коды (6);
бесінші мен оныншы аралығындағы символдар – жылқының, тақ тұяқты жануарлардың реттік нөмірі.
Құлындарға және тақ тұяқты жануарлар төлдеріне төрт айлық жасына жетуі бойынша таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жүргізілген жағдайында туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында жылқылар мен тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың (енесі жағынан ата-енесінің) құлындаған құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің реттік нөмірінен тұратын уақытша бірдейлендіру нөмірі беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында құлындардың және тақ тұяқты жануарлар төлдерінің уақытша жеке нөмірі жануарлар иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасынан үзінді-көшірме бере отырып слеш (KZF4000155/1) арқылы көрсетіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлерді беру әр облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін процессингтік орталық жеке өткізетін жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады. Жеке нөмірлердің эмиссиясы тоғыз айлық жасқа дейін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайларға, төрт айлық жасқа жеткенде таңбалау әдісімен кейіннен бірдейлендіру жағдайында құлындар және тақ тұяқты жануарлардың төлдері үшін жүргізілмейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітіліп берілген Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес беріледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);
2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);
3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін).";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
11. Таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыны және тақ тұяқты жануарларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына таңба дененің сол жағына жамбас аумағына салынады.
Жылқыларға және тақ тұяқты жануарларға таңба денесінің сол жағына жауырын (клеймо) және жамбас аумағына (реттік нөмір) немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттік нөмір) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес салынады.
Таңба ең көбі алты символдан тұрады:
бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы жануары иесінің клеймосы. Клеймо бір немесе екі латын немесе араб бас әрпі (тері) және/немесе сан(дар), геометриялық фигура(лар) болып табылады. Клеймо бір әріп немесе сан немесе фигурадан құралған жағдайда, таңба төрт символдан құралады. Клеймо ауыл шаруашылығы жануары иесінің қалауы бойынша салынады;
үшінші және төртінші символдар (міндетті) осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірінің алғашқы сандарының (соңғы екі санды қоспағанда) жиыны. Жылқыда және тақ тұяқты жануарларда бұл біріншіден төртіншіге дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде біріншіден алтыншыға дейінгі реттік нөмір сандарының жиыны. Егер жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандарының жиынтығында жиынтық бір символды құраса, онда таңбаға бір символ салынады. Егер символда нөл бар болса, онда ол таңбаға салынбайды;
бесінші және алтыншы символдар (міндетті), осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес берілген жануардың реттік нөмірінің соңғы екі саны. Жылқыларда және тақ тұяқты жануарларда бұл реттік нөмірдің бесінші және алтыншы сандары, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде реттік нөмірдің жетінші және сегізінші сандары.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі";
22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) процессингтік орталықтан алынуына қарай аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына олардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды бөледі;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.
23. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) процессингтік орталықтан алынуына қарай, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттарды береді;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.
24. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
1) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың және тақ тұяқты жануарлардың жеке нөмірлерін, ветеринариялық паспорттарды береді;
2) жүргізу мерзімін анықтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
3) дерекқордың тұрақты негізде жүргізілуін ұйымдастырады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру тәртібі";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын.
5. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 24.05.2024 № 178 (08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. "Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 7-1/848 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12243 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымның әкімшіліктері (бұдан әрі - ұйым) Заңның 24-бабы 4-тармағына сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерін құрады.
Өндірістік бақылау бөлімшелеріне жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау үшін 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген мемлекеттік зертханаларды (орталықтарды) тартуға жол беріледі.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Ветеринариялық препараттарды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіретін ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар".
Қазақстан Республикасының облыстарына және республикалық маңызы бар қалаларына, астанасына бекітіліп берілген латын әліпбиінің әріптерімен белгіленген литерлік кодтар
Р/с № | Атауы | Бекітіліп берілген әріп символы |
1 | Астана қаласы | Z |
2 | Алматы қаласы | A |
3 | Шымкент қаласы | Y |
4 | Ақмола облысы | C |
5 | Алматы облысы | B |
6 | Ақтөбе облысы | D |
7 | Атырау облысы | E |
8 | Шығыс Қазақстан облысы | F |
9 | Жамбыл облысы | H |
10 | Батыс Қазақстан облысы | L |
11 | Қарағанды облысы | M |
12 | Қызылорда облысы | N |
13 | Қостанай облысы | P |
14 | Маңғыстау облысы | R |
15 | Павлодар облысы | S |
16 | Солтүстік Қазақстан облысы | T |
17 | Түркістан облысы | X |
Қызмет түрін және өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұратын есептік нөмір Өндіріс объектілерінің қызметі түрлерінің кодтары
р/с № | Қызмет түрі | Коды |
1 | Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері | K |
2 | Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: | |
ет өңдеуші кәсіпорындар; | U1 | |
сою пункттері; | U2 | |
сою алаңдары; | U3 | |
құс өңдеуші кәсіпорындар | U4 | |
3 | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: | |
ет; | G1 | |
балық және балық өнімдері; | G2 | |
бал және балара шаруашылығы өнімдері; | G3 | |
жануарлардан алынатын шикізат | G4 | |
сүт және сүт өнімдері | G5 | |
4 | Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | Y |
5 | Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | V |
6 | Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | W |
7 | Азық және азықтық қоспаларды өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер | O |
Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруге арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодтары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі
р/с № | Код | Атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | KZ | Қазақстан Республикасы |
2 | C | Ақмола облысы |
3 | 01 | Ақкөл ауданы |
4 | 02 | Аршалы ауданы |
5 | 03 | Астрахан ауданы |
6 | 04 | Атбасар ауданы |
7 | 05 | Бұланды ауданы |
8 | 06 | Көкшетау қаласы |
9 | 07 | Степногорск қаласы |
10 | 08 | Егіндікөл ауданы |
11 | 09 | Біржан сал ауданы |
12 | 10 | Ерейментау ауданы |
13 | 11 | Есіл ауданы |
14 | 12 | Жақсы ауданы |
15 | 13 | Жарқайың ауданы |
16 | 14 | Зеренді ауданы |
17 | 15 | Қорғалжын ауданы |
18 | 16 | Сандықтау ауданы |
19 | 17 | Целиноград ауданы |
20 | 18 | Шортанды ауданы |
21 | 19 | Щучье ауданы |
22 | B | Алматы облысы |
23 | 01 | Ақсу ауданы |
24 | 02 | Алакөл ауданы |
25 | 03 | Балқаш ауданы |
26 | 04 | Еңбекшіқазақ ауданы |
27 | 05 | Ескелді ауданы |
28 | 06 | Жамбыл ауданы |
29 | 07 | Іле ауданы |
30 | 08 | Қарасай ауданы |
31 | 09 | Қаратал ауданы |
32 | 10 | Кербұлақ ауданы |
33 | 11 | Көксу ауданы |
34 | 12 | Панфилов ауданы |
35 | 13 | Райымбек ауданы |
36 | 14 | Сарқант ауданы |
37 | 15 | Талғар ауданы |
38 | 16 | Ұйғыр ауданы |
39 | 17 | Қапшағай қаласы |
40 | 18 | Талдықорған қаласы |
41 | 19 | Текелі қаласы |
42 | 20 | Кеген ауданы |
43 | D | Ақтөбе облысы |
44 | 01 | Әйтеке би ауданы |
45 | 02 | Алға ауданы |
46 | 03 | Байғанин ауданы |
47 | 04 | Ақтөбе қаласы |
48 | 05 | Ырғыз ауданы |
49 | 06 | Қарғалы ауданы |
50 | 07 | Мәртөк ауданы |
51 | 08 | Мұғалжар ауданы |
52 | 09 | Темір ауданы |
53 | 10 | Ойыл ауданы |
54 | 11 | Қобда ауданы |
55 | 12 | Хромтау ауданы |
56 | 13 | Шалқар ауданы |
57 | E | Атырау облысы |
58 | 01 | Атырау қаласы |
59 | 02 | Жылыой ауданы |
60 | 03 | Индер ауданы |
61 | 04 | Исатай ауданы |
62 | 05 | Қызылқоға ауданы |
63 | 06 | Құрманғазы ауданы |
64 | 07 | Мақат ауданы |
65 | 08 | Махамбет ауданы |
66 | F | Шығыс Қазақстан облысы |
67 | 01 | Өскемен қаласы |
68 | 02 | Аягөз қаласы |
69 | 03 | Алтай қаласы |
70 | 04 | Курчатов қаласы |
71 | 05 | Семей қаласы |
72 | 06 | Риддер қаласы |
73 | 07 | Абай ауданы |
74 | 08 | Аягөз ауданы |
75 | 09 | Бесқарағай ауданы |
76 | 10 | Бородулиха ауданы |
77 | 11 | Глубокое ауданы |
78 | 12 | Жарма ауданы |
79 | 13 | Зайсан ауданы |
80 | 14 | Алтай ауданы |
81 | 15 | Катон-Қарағай ауданы |
82 | 16 | Көкпекті ауданы |
83 | 17 | Күршім ауданы |
84 | 18 | Тарбағатай ауданы |
85 | 19 | Ұлан ауданы |
86 | 20 | Үржар ауданы |
87 | 21 | Шемонаиха ауданы |
88 | H | Жамбыл облысы |
89 | 01 | Байзақ ауданы |
90 | 02 | Жамбыл ауданы |
91 | 03 | Жуалы ауданы |
92 | 04 | Қордай ауданы |
93 | 05 | Мерке ауданы |
94 | 06 | Мойынқұм ауданы |
95 | 07 | Т.Рысқұлов ауданы |
96 | 08 | Сарысу ауданы |
97 | 09 | Талас ауданы |
98 | 10 | Шу ауданы |
99 | 11 | Тараз қаласы |
100 | L | Батыс Қазақстан облысы |
101 | 01 | Ақжайық ауданы |
102 | 02 | Бекейорда ауданы |
103 | 03 | Бөрлі ауданы |
104 | 04 | Жаңақала ауданы |
105 | 05 | Жәнібек ауданы |
106 | 06 | Зеленов ауданы |
107 | 07 | Қазталов ауданы |
108 | 08 | Қаратөбе ауданы |
109 | 09 | Сырым ауданы |
110 | 10 | Тасқала ауданы |
111 | 11 | Теректі ауданы |
112 | 12 | Шыңғырлау ауданы |
113 | 13 | Орал қаласы |
114 | P | Қостанай облысы |
115 | 01 | Алтынсарин ауданы |
116 | 02 | Аманкелді ауданы |
117 | 03 | Әулиекөл ауданы |
118 | 04 | Денисовка ауданы |
119 | 05 | Жангелді ауданы |
120 | 06 | Жітіқара ауданы |
121 | 07 | Қамысты ауданы |
122 | 08 | Қарабалық ауданы |
123 | 09 | Қарасу ауданы |
124 | 10 | Қостанай ауданы |
125 | 11 | Меңдіқара ауданы |
126 | 12 | Наурызым ауданы |
127 | 13 | Сарыкөл ауданы |
128 | 14 | Таранов ауданы |
129 | 15 | Ұзынкөл ауданы |
130 | 16 | Федоров ауданы |
131 | 17 | Қостанай қаласы |
132 | 18 | Арқалық қаласы |
133 | 19 | Лисаковск қаласы |
134 | 20 | Рудный қаласы |
135 | M | Қарағанды облысы |
136 | 01 | Абай ауданы |
137 | 02 | Ақтоғай ауданы |
138 | 03 | Бұхар жырау ауданы |
139 | 04 | Жаңаарқа ауданы |
140 | 05 | Қарқаралы ауданы |
141 | 06 | Нұра ауданы |
142 | 07 | Осакаров ауданы |
143 | 08 | Ұлытау ауданы |
144 | 09 | Шет ауданы |
145 | 10 | Қарағанды қаласы |
146 | 11 | Балқаш қаласы |
147 | 12 | Жезқазған қаласы |
148 | 13 | Қаражал қаласы |
149 | 14 | Приозерск қаласы |
150 | 15 | Саран қаласы |
151 | 16 | Сәтпаев қаласы |
152 | 17 | Теміртау қаласы |
153 | 18 | Шахтинск қаласы |
154 | N | Қызылорда облысы |
155 | 01 | Арал ауданы |
156 | 02 | Қазалы ауданы |
157 | 03 | Қармақшы ауданы |
158 | 04 | Жалағаш ауданы |
159 | 05 | Сырдария ауданы |
160 | 06 | Шиелі ауданы |
161 | 07 | Жаңақорған ауданы |
162 | 08 | Қызылорда қаласы |
163 | 09 | Байқоңыр қаласы |
164 | R | Маңғыстау облысы |
165 | 01 | Бейнеу ауданы |
166 | 02 | Қарақия ауданы |
167 | 03 | Маңғыстау ауданы |
168 | 04 | Түпқараған ауданы |
169 | 05 | Ақтау қаласы |
170 | 06 | Жаңаөзен қаласы |
171 | 07 | Мұнайлы ауданы |
172 | S | Павлодар облысы |
173 | 01 | Павлодар қаласы |
174 | 02 | Ақсу қаласы |
175 | 03 | Екібастұз қаласы |
176 | 04 | Ақтоғай ауданы |
177 | 05 | Баянауыл ауданы |
178 | 06 | Железинка ауданы |
179 | 07 | Ертіс ауданы |
180 | 08 | Тереңкөл ауданы |
181 | 09 | Аққулы ауданы |
182 | 10 | Май ауданы |
183 | 11 | Павлодар ауданы |
184 | 12 | Успен ауданы |
185 | 13 | Шарбақты ауданы |
186 | T | Солтүстік Қазақстан облысы |
187 | 01 | Айыртау ауданы |
188 | 02 | Ақжар ауданы |
189 | 03 | Аққайың ауданы |
190 | 04 | Есіл ауданы |
191 | 05 | Жамбыл ауданы |
192 | 06 | М. Жұмабаев ауданы |
193 | 07 | Қызылжар ауданы |
194 | 08 | Мамлют ауданы |
195 | 09 | Ғ. Мүсірепов ауданы |
196 | 10 | Тайынша ауданы |
197 | 11 | Тимирязев ауданы |
198 | 12 | Уәлиханов ауданы |
199 | 13 | Шал ақын ауданы |
200 | 14 | Петропавл қаласы |
201 | X | Түркістан облысы |
202 | 01 | Арыс ауданы |
203 | 02 | Бәйдібек ауданы |
204 | 03 | Қазығұрт ауданы |
205 | 04 | Мақтаарал ауданы |
206 | 05 | Ордабасы ауданы |
207 | 06 | Отырар ауданы |
208 | 07 | Сайрам ауданы |
209 | 08 | Сарыағаш ауданы |
210 | 09 | Созақ ауданы |
211 | 10 | Төлеби ауданы |
212 | 11 | Түлкібас ауданы |
213 | 12 | Шардара ауданы |
214 | 13 | Арыс қаласы |
215 | 14 | Түркістан қаласы |
216 | 15 | Кентау қаласы |
217 | 16 | Жетісай ауданы |
218 | 17 | Келес ауданы |
219 | А | Алматы қаласы |
220 | 01 | Алатау ауданы |
221 | 02 | Алмалы ауданы |
222 | 03 | Әуезов ауданы |
223 | 04 | Бостандық ауданы |
224 | 05 | Жетісу ауданы |
225 | 06 | Медеу ауданы |
226 | 07 | Түркісіб ауданы |
227 | 08 | Наурызбай ауданы |
228 | Z | Астана қаласы |
229 | 01 | Алматы ауданы |
230 | 02 | Есіл ауданы |
231 | 03 | Сарыарқа ауданы |
232 | 04 | Байқоңыр ауданы |
233 | Ү | Шымкент қаласы |
234 | 01 | Абай ауданы |
235 | 02 | Әл-Фараби ауданы |
236 | 03 | Еңбекші ауданы |
237 | 04 | Қаратау ауданы |
Ескертпе:
Есептік нөмір символдардан тұрады және құрылымы мынадай:
бірінші символ - елдің коды - КZ;
екінші символ – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
үшінші символ – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
төртінші символ - өндіріс объектісінің қызметі түрінің коды;
бесінші символ - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы символ - Е (экспорттаушылар үшін).
Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е;
КZ - елдің коды
С - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
01 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е - экспорттаушы.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымша |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 1-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және саңдық кодтары
Р/с № | Литерлік код | Штрих-кодқа арналған сандық код | Атауы |
1. | KZ | 398 | Қазақстан Республикасы |
2. | С | 01 | Ақмола облысы |
3. | B | 02 | Алматы облысы |
4. | D | 03 | Ақтөбе облысы |
5. | E | 04 | Атырау облысы |
6. | F | 05 | Шығыс Қазақстан облысы |
7. | H | 06 | Жамбыл облысы |
8. | L | 07 | Батыс Қазақстан облысы |
9. | P | 08 | Қостанай облысы |
10. | M | 09 | Қарағанды облысы |
11. | N | 10 | Қызылорда облысы |
12. | R | 11 | Маңғыстау облысы |
13. | S | 12 | Павлодар облысы |
14. | T | 13 | Солтүстік Қазақстан облысы |
15. | Х | 14 | Түркістан облысы |
16. | A | 15 | Алматы қаласы |
17. | Z | 16 | Астана қаласы |
18. | Ү | 17 | Шымкент қаласы |
Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды
1 – ірі қара мал
2 – ұсақ мал
3 – шошқалар
4 – жылқылар
5 – түйелер
6 – тақ тұяқты жануарлар
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымша |
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына 3-1-қосымша |
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың бірдейлендіру нөмірі:
Мысалы:
Жануардың жеке нөмірі:
мұнда:
KZC3000000012 – торайдың енесінің бірдейлендіру нөмірі;
17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны;
12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың татуировкасы:
17/12
мұнда:
17 – торайдың туған жылының соңғы екі саны;
12 – ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарын шаруашылық ішіндегі есепке алуға сәйкес торайдың реттік нөмірі.