Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11127 тіркелді

Қолданыстағы

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі              А.Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ______________Ә. Исекешев
      2015 жылғы 15 сәуір

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________Е. Досаев
      2015 жылғы 22 сәуір

Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы  
№ 7-1/68 бұйрығымен   
бекітілген         

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін айқындайды.
      2. Осы қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілмен бірдейлендіруге Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары жатады.
      Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіріледі:
      бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
      құлындар – төрт айлық жасынан бастап;
      асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және жұртшылық шаруашылықтарында күтіліп-бағылатын торайлар – үш айлық жасынан бастап;
      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
      тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
      3. Тоғыз айлық жасқа дейінгі жылқылар мен торайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он екі символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:
      бірінші екі символ – ISO – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);
      үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);
      төртінші символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;
      бесіншіден он екіншіге дейінгі символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.
      4. Жылқының жеке нөмірі он символдан тұрады, олардың мынадай белгілері бар:
      бірінші екі символ – ISO–Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының кодына сәйкес Қазақстан Республикасының литерлік коды (екі латын бас әрпі);
      үшінші символ – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік коды (латын бас әрпі);
      төртінші символ – жылқының сандық коды (4);
      бесіншіден оныншыға дейінгі символдар–жылқының реттік нөмірі.
      5. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайлардың жеке нөмірі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес шошқаның (енесі жағынан ата-енесінің) жеке нөмірінен және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал бастарының ішкі шаруашылық есебіне сәйкес шошқалардың (енесі жағынан ата-енесінің) торайлауында торайдың реттік нөмірінен тұрады.
      6. Ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлерді беру процессингтік орталық әр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке өткізетін жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады. Жеке нөмірлердің эмиссиясы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайларға жүргізілмейді.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бекітілген Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған сандық кодтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес беріледі.
      7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімі:
      1) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруді;
      2) «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына енгізуді;
      3) ветеринариялық паспорт осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      8. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне байланысты келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:
      1) сырғалау (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге арналған ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, шошқалар және торайлар үшін);
      2) таңба басу немесе чип салу (жылқылар үшін);
      3) татуировка (тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге арналған торайлар үшін).
      9. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:
      1) электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар));
      2) татуировка;
      3) таңба басу.
      10. Сырғалау ауыл шаруашылығы жануарларының құлақтарының ортасына аспалы сырғаны, көк тамырын зақымдамай бекіту арқылы жүзеге асырылады. Аспалы сырғалар келесі тәсіл арқылы бекітіледі:
      сырғаның бет жағы - ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ішкі жағынан.
      Ірі қара мал және түйелердің әр құлағына бір-бірден екі бірдей (бірдей жеке нөмір көрсетілген) аспалы сырға бекітіледі.
      Ұсақ мал және шошқаларға оң құлағына бір аспалы сырға бекітіледі. Ұсақ малды және шошқаларды бірдейлендіру үшін осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес радио жиілікті белгісі бар сырғаларды ауыл шаруашылығы жануарларының сол жақ құлағына бекіту жолымен пайдалануға жол беріледі. Ауыл шаруашылығы жануарларының сырғалары өмір бойы шешілмейді.
      11. Таңба басу ыстық немесе суық тәсілдермен жүзеге асырылады. Жылқыдан басқа ауыл шаруашылығы жануарларына таңба дененің сол жағына жамбас аумағына салынады.
      Жылқыларға таңба денесінің сол жағына жауырын (клеймо), және жамбас аумағына (реттік нөмір), немесе тек жамбас аумағына (клеймо және реттік нөмір) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес салынады.
      Таңба ең көбі алты символдан тұрады:
      бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы жануары иесінің клеймосы. Клеймо бір немесе екі латын немесе араб бас әрпі (тері) және/немесе сан(дар), геометриялық фигура(лар) болып табылады. Клеймо бір әріп немесе сан немесе фигурадан құралған жағдайда, таңба төрт символдан құралады. Клеймо ауыл шаруашылығы жануары иесінің қалауы бойынша салынады;
      үшінші және төртінші символдар (міндетті) осы Қағиданың 3,4 және  5-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының реттік нөмірінің алғашқы сандарының (соңғы екі нөмірден басқа) қорытындысы. Жылқыда бұл біріншіден төртіншіге дейінгі реттік нөмір сандарының қорытындысы, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде біріншіден алтыншыға дейінгі реттік нөмір сандарының қорытындысы. Егер жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандарының сомасында сома бір символды құраса, таңбаға бір символ салынады. Егер символда нөл бар болса, ол таңбаға салынбайды;
      бесінші және алтыншы символдар (міндетті), осы Қағиданың 34және 5-тармақтарына сәйкес берілген жануардың реттік нөмірінің соңғы екі саны. Жылқыларда бұл реттік нөмірдің бесінші және алтыншы сандары, ауыл шаруашылығы жануарларының басқа түрлерінде реттік нөмірдің жетінші және сегізінші сандары.
      12. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электрондық тәсілі (радио жиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және бұйымдар (құралдар) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану (қолдану) жөніндегі тиісті ңұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің электрондық тәсілін жүргізуге арналған бұйымның (құралдың) нөмірі ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірімен сәйкес келуі міндетті емес, бірақ қосымша ветеринариялық паспортта көрсетіліп, дерек қорға енгізілуі керек.
      13. Осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жануарларға татуировканы осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес құлақ қалқанында еркін символдар жинағымен жасайды. Татуировканы құлақтың сыртының төменгі жағына салады.
      14. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейінгі торайларға арналған татуировка ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, фермерлік және шаруа қожалықтарындағы мал басын ішкі шаруашылық тіркеуге сәйкес шошқаның (енесі жағынан ата-енесі) торайлануындағы реттік нөмірден тұрады.
      15. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген нысанға, мөлшерге, сипаттамаларға сәйкес келеді.
      16. Бірдейлендірілген ауыл шаруашылығы жануарларының бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағынан басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған кезде, ветеринариялық паспортқа және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы дерек қорға ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыру туралы мәліметтірді енгізе отырып берілген жеке нөмірлері сақталады.
      17. Шыққан елінде бірдейлендірілген импортталған ауыл шаруашылығы жануарлары бұрын берілген жеке нөмірін сақтап қалады. Карантиндеуден кейін импортталған жануарлар туралы деректер осы Қағидамен бекітілген тәртіппен ветеринариялық паспортты бере отырып, дерек қорға енгізіледі.
      18. Шыққан елінде бірдейлендірілмеген импортталатын ауыл шаруашылығы жануарлары белгіленген межелі орны етті өңдеу кәсіпорны, сою пункттері, сою алаңдары (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары) болса және карантиндеу біткеннен кейін жеті күн тізбелік күннен аспай союға жататын болса, онда ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатпайды.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу тәртібі

      19. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілікті айқындап, облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат береді:
      1) ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін – ағымдағы жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік жөнінде;
      2) ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін – келесі жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік жөнінде;
      3) осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік туындаған кезде.
      20. Осы Қағиданың 19-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде облыстың жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілікті айқындап, процессингтік орталыққа ақпарат береді:
      1) ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін – ағымдағы жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік жөнінде;
      2) ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін – ағымдағы жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік жөнінде;
      3) осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген жағдайлардың туындауына қарай ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға деген қажеттілік туындаған кезде.
      21. Процессингтік орталық осы Қағиданың 20-тармағына сәйкес алынған ақпарат негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізеді. Бұдан кейін процессингтік орталық:
      1) Жүргізілген ауыл шаруашылығы жануарларының эмиссиясы нәтижелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жеткізеді;
      2) ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруін жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдардың (құралдардың) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына тасымалдануын (жеткізуді) жүзеге асырады.
      22. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдарды) процессингтік орталықтаналуына қарай ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына олардың қажеттіліктеріне сәйкес ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдар (құралдар), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың жеке нөмірлерін және ветеринариялық паспорттар бөледі;
      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
      3) дерек қордың үнемі жүргізілуін ұйымдастырады.
      23. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясын жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдар) процессингтік орталықтан алуына қарай, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдар (құралдар), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың жеке нөмірлерін, ветеринариялық паспорттар бөледі;
      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
      3) дерек қордың үнемі жүргізілуін ұйымдастырады.
      24. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:
      1) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар мен бұйымдарды (құралдар), ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясына сәйкес жылқылардың жеке нөмірлерін, ветеринариялық паспорттар береді;
      2) жүргізу мерзімін анықтай отырып тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастырады;
      3) дерек қордың үнемі жүргізілуін ұйымдастырады.
      25. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – ветеринариялық ұйым):
      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу уақытын және орнын анықтайды;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізеді;
      3) осы қағиданың 9-тармағында көрсетілген бірдейлендіру тәсілдерімен жануарға жеке нөмір береді;
      4) дерекқордың жүргізілуін жүзеге асырады (дерекқорға мәлімет енгізу);
      5) осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жануар иесіне ветеринариялық паспорт береді.
      26. Ветеринариялық мекеме осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тәсілдермен бірдейлендіру жүргізу барысында осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жургізу туралы ведомость (бұдан әрі – ведомость) ресімдейді.
      27. Ветеринариялық ұйымға ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа және фермерлік қожалықтардың ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруге жол беріледі:
      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік, шаруа қожалықтарының ветеринариялық дәрігерлерінің сырғалау рәсімін жүргізу үшін еркін нысанда қабылдау-беру актісін ресімдей отырып кейіннен аспалы сырғаларды (осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ірі және ұсақ жануарларға жеке нөмір салынған) беру арқылы;
      ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа, фермерлік қожалықтардың ветеринариялық дәрігерлерінің чип салу және таңба басу ресімдерін жүргізуі үшін жеке нөмірді беру арқылы.
      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, фермерлік, шаруа қожалықтарының ветеринариялық дәрігерлерінің бірдейлендіру рәсімдерін жүргізу қорытындысы бойынша күнтізбелік он күн ішінде ведомость ресімделеді және ветеринариялық ұйымға беріледі.
      28. Ірі жануарлардың аспалы сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған жағдайда) ауыл шаруашылығы жануарының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына аспалы сырғаның түпнұсқасын беру туралы өтініш бере отырып жүгінеді.
      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымға (құралға) деген қажеттілік туралы ақпарат береді.
      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымы аспалы сырғаның түпнұсқасы түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруді жүргізеді.
      29. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйым (құрал) бүлінген (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған кезде) немесе жоғалған кезде: ірі жануарларда екі аспалы сырға және ұсақ жануарларда аспалы сырға, радио жиілікті белгісі бар сырға, болюстер, чиптер және басқа да ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) иесі жануарды шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін жануарлардың ветеринариялық паспорттарымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерек қормен салыстырып тексеру жүргізілгенге дейін сырғасы, болюсі, чиптері және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын басқа да бұйымдары (құралдар) бүлінген немесе жоғалған жануардың жеке нөмірін анықтау үшін оқшаулайды.
      Бірнеше ауыл шаруашылығы жануары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдар) жоғалтқан жағдайда, сырғасы, чиптері, болюстері бүлінген немесе жоғалған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірін белгілеу ветеринариялық паспортта көрсетілетін (жынысы, ауыл шаруашылығы жануарының түсі, қосымша белгілері) қосымша белгілері бойынша жүргізіледі.
      Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Осы тармақта көрсетілген себептерге байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын қайта бірдейлендіру, осы Қағидада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарына отыз күн тізбелі күннен асырмай жаңа жеке нөмір бере отырып жүргізіледі.
      Ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір берілген кезде дерек қорда және ветеринариялық паспортта ауыл шаруашылығы жануарының бұрынғы бірдейлендірілген нөміріне қоса, осы Қағиданың 38-тармағында көзделген шараларды жүргізе және ауыл шаруашылығы жануарын қайта бірдейлендіру себебін көрсете отырып, тиісті ақпарат (қайта бірдейлендірілді) көрсетіледі.
      30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру осы Қағиданың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жасқа жеткенге үш жұмыс күнінен кем емес уақыт қалғанда, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері берген арыздың негізінде жүзеге асырылды.
      Ауыл шаруашылығы құралымдары мен шаруа қожалықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесіне және ветеринариялық ұйымына басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт беру
тәртібі

      31. Ветеринариялық ұйымдардың ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарына жеке нөмір берген сәттен бастап үш жұмыс күнінің ішінде жануардың иесіне ветеринариялық паспорт береді.
      32. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
      Паспорт нөмірі осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес келеді.
      33. Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі. Ұсақ малдың, шошқалардың тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берген кезде, ветеринариялық паспорт нөмірінде осы Қағиданың 34 және 5 тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрінің жеке нөмірінің төрт символы көрсетіледі. Ветеринариялық паспортқа топтың (отардың) әрбір ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі енгізіледі.
      34. Ветеринариялық паспортқа деректерді ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері қолымен және мөрімен бекітіледі.
      Бұл ретте ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық өңдеулер және диагностикалық зерттеулер және ауыл шаруашылығы жануары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарларының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) дерек қорға енгізіледі.
      35. Ветеринариялық паспорт деректерін кейіннен жаңарту ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, иесін ауыстыру, ауыл шаруашылығы жануарын бір әкімшілік-аумақтық бірліктен екінші әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына орнын ауыстырған және басқа жағдайларда жүзеге асырылады.
      36. Ірі ауыл шаруашылығы жануарлар шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) ветеринариялық паспорт ондағы тиісті белгісімен ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі.
      Ұсақ ауыл шаруашылығы жануарлары тобының (отарының) бір бөлігі қатардан шыққан кезде (ұдайы өндіріске өткізу) жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беріледі. Ұсақ ауыл шаруашылығы жануары межелі пунктке келгеннен кейін, ауыл шаруашылығы жануарында бар жеке нөмірді өзгертпей ветеринариялық паспорт ресімделеді.
      Тиісті мәліметтер дерек қорға енгізіледі.
      37. Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында (сою бойынша алаң), сою пунктінде және етті қайта өндіру кәсіпорнында сойғаннан кейін сою алаңының (сою бойынша алаң), сою пунктері мен етті өңдеу кәсіпорындарының ветеринариялық дәрігерлері, ветеринариялық паспорттар мен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйымдарға тізімдеме бойынша береді, ал жеке тұтынуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сойған кезде – иелері тапсырады.
      38. Жануар өлген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында қарастырылған жағдайлар туындаған жағдайда ветеринариялық ұйымдар ветеринариялық паспорт және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруге арналған бұйымдарды (құралдар) жойып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелеріне тиісті ақпарат жібереді.
      39. Ветеринариялық паспорттың түпнұқасы ол жоғалған немесе ескірген кезде беріледі.
      Жоғалған немесе бүлінген ветеринариялық паспортты ауыл шаруашылығы жануарының иесі ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігеріне осы Қағидада көрсетілген 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еркін нысанда жазбаша өтініш (ветеринариялық паспорттың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
      Ветеринариялық дәрігерге өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ветеринариялық паспортты алғашқы беру күнін және оны қайта ресімдеу күнін көрсете отырып жоғары оң жақ бұрышында «дубликаты» деген жазуы бар ветеринариялық паспорт беріледі.
      40. Ветеринариялық паспорттың үзінді көшірмесін алу керек болған жағдайда, ветеринариялық ұйымның кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және осы Қағидада көрсетілген 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттың үзінді көшірмесін алуға арыз қабылданып тиісті үзінді көшірме беріледі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына 
1-қосымша         

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi
жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлiк және
саңдық кодтары

Р/с

Литерлiк код

Штрих-кодқа арналған
сандық код,

Атауы

1.

KZ

398

Қазақстан Республикасы

2.

С

01

Ақмола облысы

3.

B

02

Алматы облысы

4.

D

03

Ақтөбе облысы

5.

E

04

Атырау облысы

6.

F

05

Шығыс Қазақстан облысы

7.

H

06

Жамбыл облысы

8.

L

07

Батыс Қазақстан облысы

9.

P

08

Қостанай облысы

10.

M

09

Қарағанды облысы

11.

N

10

Қызылорда облысы

12.

R

11

Маңғыстау облысы

13.

S

12

Павлодар облысы

14.

T

13

Солтүстiк Қазақстан облысы

15.

Х

14

Оңтүстiк Қазақстан облысы

16.

A

15

Алматы қаласы

17.

Z

16

Астана қаласы

Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды

      1 – iрi қара мал
      2 – ұсақ мал
      3 - шошқалар
      4 - жылқылар
      5 - түйелер

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына 
2-қосымша         

Нысан

(1-бет)/(страница 1)

Ветеринариялық паспорт
Ветеринарный паспорт

_____________________ село/аудан/район (қала/город)
_____________________ облыс/область

(2-бет)/(страница 2)

Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: №____*
Жануар туралы деректер /Данные о животном:
Tүpi /Вид ___________________________________________________________
Жынысы /Пол _________________________________________________________
Малдың түci /Масть __________________________________________________
Аты / Кличка ________________________________________________________
Жасы (туған күні) / Возраст (дата рождения)__________________________
Бiрдейлендiру әдici / Способ идентификации___________________________
Малдың тегi туралы деректер (егер асыл тұқымды жануар болса) /
Данные о родителях (для племенного животного)________________________

Ауыл шаруашылығы жануарлары иесiнiң тегі, аты, әкесінің (аты болған кезде) немесе
заңды тұлғаның атауы/ фамилия, имя, отчество (при наличии). владельца или наименование юридического лица, которому принадлежит сельскохозяйст- венные животные

Иесiнiң немесе заңды тұлғаның мекен-жайы / Адрес владельца или юридического лица

Ауыл шаруашылығы жануарларының тобына (отарына) паспорт берген кезде бірдейлендіру нөмірі / Идентификационный номер сельскохозяйственных животных при выдаче паспорта на группу (отару)

Ауыл шаруашылығы жануарларының иесi ауыстырылған күн/ Дата смены владельца сельскохозяйствен- ных животных

Ауыл шаруашылығы жануарлары иесiнiң ауыстырылуын растайтын жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымының ветеринариялық дәрігерінің қолы мен мөpi/ Подпись и печать ветеринарного врача государственной ветеринарной организации, созданной местным исполнительным органом, подтверждающего смену владельца сельскохозяйственных животных




































Берiлген күнi 20 __ жылғы ___ ______ / Дата выдачи ___ ____ 20 __ год

Мөрдің орны /Место печати

(жануардың паспортын берген
жергілікті атқарушы орган
құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның
мөpi / печать государственной ветеринарной
организации, созданной местным исполнительным
органом, выдавшей ветеринарный паспорт)
(тегі, аты, әкесінің (аты болған кезде), қолы / фамилия, имя,
отчество (при наличии), подпись)

      Ескертпе: *ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы
жануарларының жеке нөмiрiне сәйкес келедi. Паспортты ауыл шаруашылығы
жануарларының тобына (отарына) берген кезде төртінші жеті сан
(бірдейлендіру нөмipiнiң жеке тасымалдаушысы) көрсетілмейді. Бұл
сандар жануарлар паспортының кecтeciнiң 3-бағанында көрсетіледі

      Примечание: *номер ветеринарного паспорта соответствует
индивидуальному номеру сельскохозяйственных животных.
При выдаче паспорта на группу (отару) сельскохозяйственных животных
четвертые семь цифр (индивидуальный носитель идентификационного
номера) не указывается. Эти цифры указываются в 3 графе таблицы
паспорта животного.

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына 
3-қосымша          

Талдануы

Таңба ең көбі алты символдан тұрады
Мысалы:

Жануардың жеке нөмірі
KZC4111111

      4 11

в–бірінші және екінші символдар (міндітті емес) – жануар иесінің
клеймосы;
1111 = 4 – жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандары сомасы (соңғы
екі санды қоспанда);
11 – жануардың реттік санының соңғы екі саны.

Таңба: в 411

Келесі мысалдар:
Жануардың жеке нөмірі
KZC4999910

      36 10
в - бірінші және екінші символдар (міндетті емес), ауыл шаруашылығы
жануары иесінің таңбасы;
9999 = 36 – жануардың реттік нөмірінің алғашқы сандары сомасы (соңғы екі санды қоспанда);
10 – жануардың реттік санының соңғы екі саны.
Таңба: в 3610

Жануардың жеке нөмірі
KZC4000010

0 10

Таңба: в 10

Жануардың жеке нөмірі

KZC4100000

1 00

Таңба: в 100

Жануардың жеке нөмірі
KZC4000100

1 00

Таңба: в 100

Жануардың жеке нөмірі
KZC4000101

1 01

Таңба: в 101

Жануардың жеке нөмірі
KZC4000100

1 00

Таңба: в 100

Жануардың жеке нөмірі
KZC4100100

2 00

Таңба: в 200

Жануардың жеке нөмірі
KZC4000200

2 00

Таңба: в 200

Жануардың жеке нөмірі
KZC4100200

3 00

Таңба: в 300

Жануардың жеке нөмірі
KZC4999999

36 99

Таңба: в 3699

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына 
4-қосымша          

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған
бұйымдардың (құралдардың) нысандары, мөлшерлері және сипаттамасы

1. Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге
арналған сырғалардың нысандарымен мөлшері

1-сурет. Ірі жануарларға (ірі
қара мал, түйе) арналған құлаққа
аспалы сырға

2-сурет.Ұ сақ жануарларға (ұсақ
мал, шошқа) арналған құлаққа
аспалы сырға

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге
арналған бұйымдардың (құралдардың) сипаттамасы

      Сертификатталған өнімі ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдар) жануарлар туралы жазбаны енгізу ауыл шаруашылығы Жануарлар туралы жазбалар жүргізу бойынша халықаралық комитетінің (ICAR) интернет ресурсында көрсетілген өндірушілер әзірлеуі қажет:
      1. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған сатып алынатын бұйымдар (құралдар) үлгілері – ірі жануарларға (ірі қара мал, түйелер) арналған аспалы сырғалар www.icar.org сайтында жарияланады. «ICAR certified «Permanent plastic eartags» for cattle with machine readability certified» таблицасында «ICAR Certifications» бөлімінде орналасқан,« Animal identification devices certified by ICAR» бөлімшесінде, «ICAR Certified permanent plastics eartags» қосымша бетінде, немесе «ICAR certified «Permanent plastic eartags» for cattle with machine readability certified» таблицасына сілтеме бойынша htt://www.icar.org/pages/certified_eartags.htm немесе мына сайттан өтуде www.service-icar.com «Homepage» қосымшасында мына сілтеме бойынша «SERVICE-ICAR S.R.L Homepage SERVICE-ICAR S.R.L is the service society of International Committee for Animal Recording (ICAR)» мына сайтқа www.icar.org «ICAR certified «Permanent plastic eartags» for cattle machine readable» кестесінде «ICAR Certifications» бөлімінде, «Animal identification» бөлімшесінде, «Permanent plastic eartags» қосымшасында;
      2. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірді жүргізуге арналған сатып алынатын бұйымдар (құралдар) үлгілері – ұсақ жануарларғ (ұсақ қара мал, шошқалар) арналған аспалы сырғалар мына www.icar.org сайтында жарияланады «ICAR certified «Permanent plastic eartags» for sheep, goats and swine with machine readability certified» таблицасында «ICAR Certifications» бөлімінде орналасқан, «Animal identification devices certified by ICAR» бөлімшесінде, «ICAR Certified permanent plastics eartags» қосымша бетінде, немесе «ICAR certified «Permanent plastic eartags» for sheep, goats and swine with machine readability certified» таблицасына мына сілтеме бойынша htt://www.icar.org/pages/certified_eartags.htm немесе мына сайттан өтуде www.service-icar.com «Homepage» қосымшасында мына сілтеме бойынша «SERVICE-ICAR S.R.L Homepage SERVICE-ICAR S.R.L is the service society of International Committee for Animal Recording (ICAR)» мына сайтқа www.icar.org «ICAR certified «Permanent plastic eartags» for sheep, goats and swine with machine readable certified» кестесінде «ICAR Certifications» бөлімінде, «Animal identification devices certified by ICAR» бөлімшесінде, «ICAR Certified permanent plastics eartags» қосымша бетінде.
      3. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірді жүргізуге арналған сатып алынатын бұйымдар (құралдар) үлгілері – радио жиілікті белгісі бар сырғалар, чиптар, болюстар www.service-icar.com сайтында жарияланады «List of ICAR certified RFID devices in conformance with ISO11874 and ISO11785 and ICAR standard for composition and environmental performance of external RFID diveces (ICAR certification valid for five years from the last date of issuance)» таблицасында, «ICAR certified RFID devices» бөлімінде орналасқан «ICAR certified RFIDs» немесе мына сілтеме htt://www.service-icar.com/tables/Tabella1/php немесе www.icar.org сайтына көшкенде «ICAR Certifications», «Animal identification» бөлімшесінде, car.org/pages/certified_eartags.htm «Permanent plastic eartags» for cattle machine readable» бөлімінде орналасқан «ICAR Certifications», «Animal identification» бөлімшесінде, «ICAR certified RFIDs» қосымшасында.
      Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларының құлағына аспалы сырғалар мына сипаттамаларға сәйкес келуі керек:
      жануарлардың құлағына аспалы сырғаны бекітікенде, оған зиян келмеуі керек;
      оларды қайта қолдануға болмайды;
      сырғаның сыртқы бөлігінің ішкі жағында қатты сақина тәріздес кертіктің ұшы және сырғаның беткі бөлігінің ішкі жағында құлақ сырғасын шешкен кезде оның бұзылуын қамтамасыз ететін тығыздағыш сақина;
      полимерлі материалдан жасалған және сыртқы әсерлерге төзімді;
      өшпейтін жазулары бар және жануардың бүкіл өмірі бойы оқылады;
      сары түсті.
      Ірі және ұсақ ауыл шаруашылығы жануарларының құлағына аспалы сырғаларға мыналар салынуы тиіс:
      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 3, 4-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі аспалы сырғаның беткі бөлігінің сыртқы жағында, ауыл шаруашылығы жануарларының реттік нөмірі сыртқы бөліктің сырт жағында;
      штрих код аспалы сырғаның беткі бөлігінің сырт жағында. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес сандық кодты қолдана отырып ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі он төрт символмен* құпияландырылған. Штрих-кодтың, жеке нөмірдің және реттік нөмірдің орналасуы осы Қағиданың 1 және 2 суретінде көрсетілген;
      сырғаның әрбір бөлігінде өндірушінің сауда маркасы (сауда белгісі) және шығу күні (айы, жылы).
      *ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірінің он төрт символы мыналардан тұрады:
      алғашқы үш символ – Қазақстан Республикасының сандық коды (ISO – стандартау бойынша халықаралық ұйымына сәйкес Қазақстан Республикасының коды - 398);
      төртінші және бесінші символдар – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сандық коды;
      алтыншы символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;
      жетіден он төртіншіге дейінгі символдар – ауыл шаруашылығы жануарының реттік нөмірі.
      биркалардағы радиожиіліктің белгілері, чиптері мен болюстері ISO 11784 және ISO 11785 халықаралық стандтарттарына сәйкес келеді.
      Таңбалардың мөлшері: ересек ауыл шаруашылығы жануары үшін – биіктігі 8 см-ден, ені 5 см-ден; жас төлдер үшін биіктігі - 5 см-ден, ені 3 см-ден аспайды. Ыстық таңбалауға арналған таңбаны ені 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм беті тегіс жалпақ темірден дайындайды. Суық таңбалау кезінде сандардың стандартты мөлшері пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына 
5-қосымша         

Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы
ведомость

Р/с

Ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)немесе ауыл шаруашылығы жануары тиесілі заңды тұлғаның атауы

Меншік иесінің мекен-жайы немесе заңды тұлғаның атауы

Жануарлар өсіруді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің есептік нөмірі

Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы деректер

Қайталап бірдейлендіру

Ескертпе

Бірдейлендіру жүргізілген күн

Бірдейлендіру нөмірі

Енесінің  бірдейлендіру нөмірі

Бірдейлендіру әдісі

Түрі

Жынысы

Малдың түсі

Аты

Жасы

Алдыңғы бірдейлендіру  нөмірі

Қайталап бірдейлендіру себебі
















Ведомость жасалған күн 20__ жылы____ ___________

Ветеринариялық дәрігер_______________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

Мөрдің орны

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына 
6-қосымша         

Нысан

Қайда_____________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)     
Кімнен ___________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты
(болған кезде) ЖСН,/заңды тұлғаның аты БСН)
Мекен-жайы _______________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

      Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған
бұйымдары (құралдары) бүлінгенде, жоғалғанда, алынған төлге, тағы
басқа кездерде* (қажеттісінің астын сызыңыз) ауыл шаруашылығы
жануарын бірдейлендіруіңзді және аспалы сырғаның дубликатын (дуликат
алу үшін көрсетіледі) беруіңізді сұраймын.
жануар түрі ____________________________________________________;
жануарлар саны ________________________________________________;
      Ауыл шаруашылығы жануарының бірдейлендіру номері (аспалы
сырғаның көшірмесін берген кезде)____________________________________
      Бірдейлендіру тәсілдері (сырғалау, таңбалау, чиптеу,
татуировкалау) (қажеттісінің астын сызыңыз);
      Қоса беріліп отырған құжаттар:
       Чиптің құнын төлеу түбіртегі;
       Ауыл шаруашылық жануарының паспорты:
       Өзгеде құжаттар (көрсету керек)

Байланыс телефондары _____________________ E-mail ___________________
20 __ жылғы ____________ _________________________
                         (өтініш берушінің қолы)
Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________
Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды
__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

Ескерту*себебі ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру қажетті шара
екенін көрсету

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына 
7-қосымша         

Нысан

Қайда_____________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)    
Кімнен ___________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты
(болған кезде) ЖСН,/заңды тұлғаның аты БСН)
Мекен-жайы _______________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

Ветеринариялық паспорттан көшірмесінің (дуликтын) беруді сұраймын.
_____________________________________________________________________
____________________________________________________себебі бойынша
Жануарың түрі ______________________________________________________
Жануарлар саны _____________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі:___________________________
_________________________
ветеринариялық паспорттың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын
құжаттармен қоса:___________________________________________________

Байланыс телефондары _____________________ E-mail __________________
20 __ жылғы ____________ _________________________
                          (өтініш берушінің қолы)
Қосымша: _____ парақ 1 данада __________________________
Құжаттар 20 __ жылғы _____________ қабылданды
__________________________ (құжаттарды қабылдаған адамның қолы)

Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына 
8-қосымша          

Нысан

Қайда_____________________________________
(ветеринариялық ұйымның атауы)    
Кімнен ___________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты
(болған кезде) ЖСН,/заңды тұлғаның аты БСН)
Мекен-жайы _______________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

Ветеринариялық паспорттың үзінді көшірмесін беруді сұраймын

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі:_________________________
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде мазмұндалған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
______________________________________________20__жылғы___________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)