"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 13 қыркүйекте № 14228 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 98 (28576) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру рәсімі:
      1) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірімен ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір беруді;
      2) "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 6321 болып тіркелген) бекітілген тәртіппен мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасына енгізуді;
      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорт беруді қамтиды.";
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түріне қосымша келесі тәсілдермен жеке нөмір беруге жол беріледі:
      электрондық бірдейлендіру тәсілі (ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын радиожиілікті белгісі бар сырғалар, болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);
      татуировка;
      таңба басу.
      Бұл ретте, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беру:
      мал бастарын ішкі шаруашылық есепке алуды жүргізу үшін;
      осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір берілгенге дейін, ауыл шаруашылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру үшін жүргізіледі.
      Ауыл шаршылығы жануарларына уақытша жеке нөмір беру осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес жүргізілген жеке нөмірлердің эмиссиясына сәйкес кезектілікпен жүзеге асырылады.
      Ауыл шаруашылығы жануарларына осы тармақта көрсетілген тәсілдермен жеке нөмір беруді жануарлардың иесі жүзеге асырады.
      10. Сырғалау ауыл шаруашылығы жануарларының құлақтарының ортасына аспалы сырғаны, көк тамырын зақымдамай бекіту арқылы жүзеге асырылады. Аспалы сырғалар келесі тәсіл арқылы бекітіледі:
      сырғаның бет жағы – ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ішкі жағынан.
      Ірі қара малға және ұсақ малға, түйелерге және шошқаларға оң құлағына бір аспалы сырға бекітіледі. Ірі қара мал және ұсақ малды, түйелерді және шошқаларды бірдейлендіру үшін осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес радиожиілікті белгісі бар сырғаларды ауыл шаруашылығы жануарларының сол жақ құлағына бекіту жолымен пайдалануға жол беріледі.
      Ауыл шаруашылығы жануарларының сырғалары өмір бойы шешілмейді.".
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасы


      Премьер-Министрінің орынбасары –


      Қазақстан Республикасының


      Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"


      Қазақстан Республикасының


      Ақпарат және коммуникациялар министрі


      _________________Д. Абаев


      2016 жылғы "____" ___________


      "КЕЛІСІЛГЕН"


      Қазақстан Республикасының


      Ұлттық экономика министрі


      _________________Қ. Бишімбаев


      "____" ___________ 2016 жыл


      "КЕЛІСІЛГЕН"


      Қазақстан Республикасының


      Ақпарат және коммуникациялар


      министрінің міндетін атқарушы


      _________________С. Сарсенов


      2016 жылғы "10" тамыз


      "КЕЛІСІЛГЕН"


      Қазақстан Республикасының


      Ұлттық экономика министрінің


      міндетін атқарушы


      _________________М. Құсайынов


      2016 жылғы "5" тамыз