"Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11030 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі                        Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 27 наурыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________Е. Досаев
      2015 жылғы 2 сәуір

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрінің 
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 254 бұйрығымен    
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты
жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚКО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн.
      ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, ХҚКО-да – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, ХҚКО-да – 15 минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» кодексiнiң (Салық кодексi) 538-бабына сәйкес мемлекеттiк баж төлеу күніне белгiленген  айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінен 100 пайызды құрайды.
      ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет алуға өтінішті берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбiден сенбiге дейін сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті беруші қабылдауды кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырады.
      2) ХҚКО-ның жұмыс кестесі – белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
      ХҚКО-да қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы электронды кезекті брондаумен «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкiлдерi (ата-анасы, қамқоршылары, қорғаншылары) жеке өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар өкілдікке өкілеттікті растайтын құжаттар ұсынады (балалар және сот әрекетсіз деп таныған азаматтар):
      1) өтiнiш-сауалнама осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлiгi, паспорты, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
      3) кететін адамдардан заң бойынша алименттер алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында тұратын адамдардан (ата-анасы және егер бiрлескен некеден кәмелетке толмаған балалары болса, бұрынғы жұбайлары) олардың шығуына қарсылығы жоқ екенi туралы нотариалды куәландырылған өтiнiш. Көрсетілетін қызметті алушы қандай да бiр себептермен мұндай өтiнiштердi ала алмаған жағдайларда мәселе сот тәртiбiнде шешiледi;
      4) әскери есептен шығарылғаны және әскери билетiн тапсырғаны туралы анықтама;
      5) қамқоршылық және қорғаншылық органдарының шығу туралы шешiм қабылдау кезiнде 10 жасқа толған баланың пiкiрiн ата-анасының не өзге де заңды өкiлдердiң есепке алуы туралы қорытынды;
      6) 18 жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (қамқоршысының, қорғаншысының) бiрiмен бiрге тұрақты тұрғылықты тұруға шығуы кезiнде - Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсiнiң нотариалды куәландырылған келiсiмi. Ата-анасының бiрiнiң келiсiмi болмаған кезде кәмелетке толмаған баланың шығуы сот тәртiбiмен шешiлуi мүмкiн;
      7) бюджетке мемлекеттiк баж төлегенiн, ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, растайтын құжаттың көшiрмесі;
      8) көрсетілетін қызметті алушының өтiнiшi бойынша осы тармақтың 3) және 6) тармақшаларында көрсетiлген адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында тiркеуi жоқ екенi туралы ақпаратты «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк деректер базасының мәлiметтерi негiзiнде көрсетілетін қызметті беруші осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      Барлық құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      Жеке басты куәландыратын құжаттар, ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының хабарлама бергені үшін бюджетке мемлекеттік баж сомасын төлеуді растайтын құжат туралы мәліметтерді ХҚКО қызметкері «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ХҚКО қызметкері егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмесе мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен сақталатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
      ХҚКО-да дайын құжаттарды беру қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға келмесе ХҚКО оны үш ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды жою үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді.
      10. Егер:
      1) мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi бiлсе және өзiнiң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу фактiсi туралы тиiстi уәкiлеттi органдарға хабарламаса – осы мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылғанға дейiн;
      2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алынған не күдікті, айыпталушы ретінде жауапқа тартылған болса, не оған қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылса - іс бойынша шешім шығарылғанға немесе сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
      3) қылмыс жасағаны үшiн сотталса – жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;
      4) өзiне сот жүктеген мiндеттердi орындаудан жалтарса – осы мiндеттемелер тоқтатылғанға дейiн;
      5) мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп жатса – осы қызметтi өткеру аяқталғанға дейiн немесе «Әскери қызмет және әскери қызметшiнiң мәртебесi туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес одан босатылғанға дейiн;
      6) Қазақстан Республикасынан шығу үшiн құжаттар ресiмдеу кезiнде өзi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер хабарласа – бас тарту үшiн негiз болған себептердi жойғанға және шынайы мәлiметтер ұсынғанға дейiн;
      7) азаматтық сот iсiн жүргiзуде жауапкер болып табылса – сот шешiмi заңды күшiне енгенге дейiн;
      8) салықтық берешегi болса, оған мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар пакетін ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының,
халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) оның
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның не Министрліктің лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар және телефондар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы 1, мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына телефон: 8 (7172) 71-40-33, 71-40-03 беріледі.
      Шағым жазбаша түрде пошта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма қол беріледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
      жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (еркі бойынша), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), пошталық мекенжайы көрсетіледі;
      заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне қолма қол беріледі.
      ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚКО басшысына жолданады.
      ХҚКО-ға қолма қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш білдіргені туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті пысықтау барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жауап).
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш білдіру арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО қызметкері жүргізеді.
      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде;
      2) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

«Қазақстан Республикасының    
шегінен тыс тұрақты тұрғылықты  
жерге кетуге арналған құжаттарды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша  

нысан

Мемлекеттік органның бланкісі

Хабарлама

      ____________________ тұрақты тұрғылықты жерге шығуына
құжаттарды ресімдеуіне байланысты азамат (ша) _______________________
(шығу елі көрсетілсін) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
көрсетілсін) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері
бойынша 201_ жылғы « »__________ тіркеуден шығарылғанын хабарлаймын.

Онымен бірге балалары: ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні көрсетілсін)
барады.

Ескертпе: Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жері
бойынша тіркеуден шығарған сәттен бастап шығуды 3 ай ішінде жүзеге
асыруы қажет. Кері жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің 492-бабына сәйкес тіркеусіз тұрғаны үшін
жауапкершілік басталады. Көрсетілген мерзімде шығу мүмкін болмаған
жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркеуді қалпына келтіру қажет.
_____________________________________________________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көші-қон полициясы
                бөлінісі лауазымды адамының қолы)

                                                                 М.О.

Орындаушы: __________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны __________
Алдым: ______________________________________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін
                          қызметті алушының қолы)

20__ жылғы «___» _________

«Қазақстан Республикасының    
шегінен тыс тұрақты тұрғылықты  
жерге кетуге арналған құжаттарды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша  

нысан

САУАЛНАМА–ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
егер басқа тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) болса, оларды
                               көрсетіңіз
_____________________________________________________________________
                   туған күні, айы, жылы және жері
_____________________________________________________________________
                       тұрақты тұрғылықты жері)

Паспорт № _______ ___________________ 20 ж. __________
Жеке куәлік № _____________ 20 ж. ____________________
ЖСН __________________________________________________
Телефондары: үй. ____________ жұмыс ____________ ұялы _______________
Маған_______________________________________________________мекенжайы
       (тұрғылықты жерінің тіркелген мекенжайы көрсетілсін)
бойынша тіркеуден ала отырып,
_____________________________________________________________________
тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығу үшін құжаттар ресімдеуді сұраймын.

      Біруақытта менің кәмелетке толмаған балаларыма шығуға
құжаттарды ресімдеуді сұраймын.

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Паспорт №




ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
(ата-анасы, туған аға-інілері мен апа-қарындастары, жұбайлары
(оның ішінде бұрынғы), балалары)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туыстық дәрежесі

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны

Болған елі және тұрғылықты жерінің мекенжайы






      Сауалнама-өтініште көрінеу жалған деректер көрсеткен үшін
жауапкершілік туралы ескертілдім.

20 ____ жылғы «_____»                      __________________________
                                            (қызметті алушының қолы)

      Ақпараттың жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

20_____ жылғы «_____»                      __________________________
                                            (қызметті алушының қолы)

Сауалнама-өтініш 20 ____ жылғы «______»____________ қабылданды.
_____________________________________________________________________
    (сауалнама-өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты
                         (ол болған жағдайда)

«Қазақстан Республикасының    
шегінен тыс тұрақты тұрғылықты  
жерге кетуге арналған құжаттарды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша  

нысан

___________________________________________
(ішкі істер органдарының атауы көрсетілсін)
азамат (ша)________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты    
(ол болған жағдайда) көрсетілсін)
____________________________________________
(тұрғылықты жерінің тіркелген мекенжайы  
көрсетілсін)               

Өтініш

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге
кетуге арналған құжаттарды ресімдеуге байланысты «Жеке тұлғалар»
Мемлекеттік деректер базасының мәліметтері негізінде азамат (ша) ____
_____________________________________________________________________
   (толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туыстық
                         байланысы көрсетілсін)
Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу туралы ақпаратты
хабарлауды сұраймын.

20____жылғы «______» __________                ______________________
                                                         қолы

«Қазақстан Республикасының    
шегінен тыс тұрақты тұрғылықты  
жерге кетуге арналған құжаттарды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-қосымша  

нысан

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды
қабылдау туралы қолхат

      Осы қолхат ____________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
берілді және «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты
тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартымен бекітілген тізбеге сәйкес Қазақстан
Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған
құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдағанын растайды.
      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

Орындаған: __________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны ___________________
Алдым:. _____________________________________________________________
        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін
                          қызметті алушының қолы)

20___ жылғы «_____»__________

Қазақстан Республикасының    
шегінен тыс тұрақты тұрғылықты  
жерге кетуге арналған құжаттарды
ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 5-қосымша  

нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ____ бөлімі
_____________________________________________________________________
                        (мекенжайы көрсетілсін)

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге
сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты
«Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге
кетуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _____________________________________;
      2) _____________________________________;
      3) _____________________________________.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________________
  (ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Орындаушы: __________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны _______________________________
Алдым: ______________________________________________________________
        (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/көрсетілетін
                         қызметті алушының қолы)

20__ жылғы «___» _________________